Ахметов А., Ахметова Г



жүктеу 3,68 Mb.
Pdf просмотр
бет7/134
Дата20.11.2017
өлшемі3,68 Mb.
#1196
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   134

·  олардың  мазмұнына  ортақтық  тəн,  себебі,  қағидалар 

əрқашанда  құқықтың  бір  ғана  емес,  бірқатар  нормалар  тобының 

мəнін көрсетеді; 

· мемлекеттік норматвитілікке ие, себебі, қағидаларды мемлекет 

құқық  нормаларында  бекітеді  жəне  санкциялайды,  қағидалар  

ортақтық пен міндеттілікке, реттеушілік сипатқа ие бастамашылық 

идеялар болып табылады; 

· олардың жиынтығы жүйе болып табылады, себебі, олар құқық 

нормасының  белгілі  бір  құқық  жүйесінің  шегіндегі  өзге 

нормалармен арақатынасы жағдайындағы мəнін ашады; 

· 

мақсаттылыққа 



ие, 

себебі, 


құқық 

нормаларының 

динамикадағы,  қозғалыстағы,  белгілі  бір  мəселелерді  шешудегі 

мəнін көрсетеді; 

·  тұрақтылыққа  ие,  себебі,  құқық  қағидалары  ұзақ  уақыт  бойы 

əрекет  етеді  жəне  өзінің  табиғаты  бойынша  құқық  нормаларына 

қарағанда өзгеріссіз сипатқа ие. 

Ұзақ  уақыт  бойы  оқу  əдебиеттерінде  еңбек  құқығы  саласының 

қағидалары  өте  қарапайым  тұрғыда  түсіндірілді.  Оларды,  ең 

алдымен,  ҚР  Еңбек  туралы  заңдар  кодексінің 2-бабының 

мазмұнымен  байланыстырды,  бұл  бапта  қызметкердің  негізгі 

құқықтары  мен  міндеттері  анықталған  болатын.  Алайда, 

қағидаларды еңбек құқығының бір субъектісі – қызметкердің ғана 

құқықтары  мен  міндеттерімен  байланыстыруға  болмайды. 

Қағидалардың мазмұны бұған қарағанда əлдеқайда кеңірек, себебі, 

олар  өздерінің  реттеушілік  əсерімен  еңбек  құқығының  барлық 

субъектілерін  (қызметкерлерді,  жұмыс  берушілерді,  еңбек 

ұжымдарын  жəне  олардың  өкілдік    органдарын)  қамтиды.  Бұл 

жерде ескеріп өтетін бір жайт, қағидалар субъектілердің құқықтары 

мен  міндеттерін  жариялап  қана  қоймауы  тиіс,  сонымен  қатар, 

олардың  шын  мəнінде  жүзеге  асырылуын  да  қаматамасыз  етуі 

қажет. 


Еңбек құқығының негізгі қағидаларының мəні мынада: 

1) олар біріккен түрде еңбек құқығының барлық нормаларының 

басты  мазмұнын  көрсетеді,  сол  арқылы  еңбек  заңанамасының 

мəнін  жəне  оның  экономикамен,  саясатпен,  қоғамдық  моральмен 

байланысын түсінуге көмек береді; 

2)  еңбек  заңнамасының  одан  əрі  дамуына,  жетілуіне  бағыт 

береді; 



3)  еңбек  құқығының  нормаларын  қолдануға  көмек  береді, 

себебі, қандай да бір күмəн туған жағдайда тиісті негізгі қағиданы 

басшылыққа алуға болады; 

4)  жекелеген  нормаларды  еңбек  құқығының  жүйесіне 

біріктіруге, оларды осы құқық саласының жекелеген институттары 

бойынша топтастыруға мүмкіндік береді; 

5) еңбек құқығы субъетілерінің жағдайын, құқықтық мəртебесін 

анықтайды,  олардың  еңбекке  қатысты  негізгі  құқықтары  мен 

міндеттерін жəне олардың кепілдіктерін көрсетеді. 

 

Əрекет ету саласы бойынша барлық құқықтық қағидаларды үш 

түрге бөлуге болады: 

·  барлық  құқық  салаларына,  соның  ішінде,  еңбек  құқығына  да 

тəн  жалпы  құқықтық  қағидалар  (заңдылық,  теңдік,  демократизм 

қағидалары жəне т.б.); 

·  құқық  саласының  нормаларының  ерекшеліктерін,  олардың 

бағыттылығын көрсететін салалық қағидалар; 

·  тек  белгілі  бір  құқық  саласына  тəн  сала  ішіндегі  қағидалар 

(мысалы,  халықты  жұмыспен  қамту,  еңбек  дауларын  қарастыру 

қағидалары жəне т.б.). 

Кейбір  салалық  қағидалар  өзінің  сипаты  бойынша  салааралық 

та,  яғни,  екі  немесе  одан  да  көп  құқық  салаларына  тəн  қағида 

болуы  мүмкін.  Мысалы,  еңбекті  қорғауды,  еңбектің  қауіпсіз 

жағдайларын қамтамасыз ету қағидалары тек еңбек құқығына ғана 

емес,  сонымен  қатар,  жер,  азаматтық,  қылмыстық  атқару 

құқықтарына  да  тəн,  себебі,  аталған  құқық  салалары  да  еңбекті 

қолдануды  (фермерлік  қызмет,  мердігерлік  шарттары  бойынша 

жұмыс  жасау,  жазаны  өтеу  мекемелеріндегі  жұмыс  жəне  т.б.) 

реттейді. 

Жалпы  (салааралық)  қағидалар  еңбекті  құқықтық  реттеуде 

басты 


рөлге 

ие. 


Олар 

Қазақстан 

Республикасының 

Конституциясында  бекітілген  жəне  бұл  жайт  олардың  жалпылық 

сипатын  дəлелдейді.  Мұндай  қағидалардың  қатарынан мыналарды 

атауға  болады:  заңдылық  қағидасы;  азаматтардың  құқықтары, 

бостандықтары мен заңды мүдделерінің мемлекеттің мүдделерінен 

үстемдігі  қағидасы;  мемлекеттік  қызметке  кірудегі  тең  құқық; 

қоғамдық  көзқарасты  ескеру  жəне  жариялық;  ұлтаралық 

одақтастық қағидасы. 




Заңдылық  қағидасы  мемлекеттік  органдардың,  қоғамдық 

бірлестіктердің  жəне  азаматтардың  ҚР  Конституциясын  жəне 

заңдарын сақтау, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, 

абыройы мен ар-намысын құрметтеу міндетінен көрініс табады. ҚР 

Конституциясында  заң  мен  сот  алдында  жұрттың  бəрінің 

тең  екендігі,  тегіне,  əлеуметтік,  лауазымдық  жəне 

мүліктік  жағдайына,  жынысына,  нəсіліне,  ұлтына,  тіліне, 

дінге  көзқарасына,  нанымына,  тұрғылықты  жеріне  байланысты 

немесе  кез  келген  өзге  жағдаяттар  бойынша  ешкімді  ешқандай 

кемсітуге  болмайтыны  көзделген.  Алайда,  əлеуметтік  немесе 

құқықтық қорғауды қажет ететін тұлғаларды жұмысқа алу кезіндегі 

ерекшеліктер,  таңдау  мен  шектеулер  кемсіту  деп  саналмайды. 

Мысалы,  əйел  адамдарға,  кəмелетке  толмаған  қызметкерлерге, 

мүгедектерге  жəне  қорғауды  қажет  ететін  өзге  де  тұлғаларға 

қызметіне қатысты жеңілдіктер беру. 

              

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



жүктеу 3,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   134




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау