Ахметов А., Ахметова Г



жүктеу 3,68 Mb.
Pdf просмотр
бет17/134
Дата20.11.2017
өлшемі3,68 Mb.
#1196
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   134

келісімімен  бұл  қатынастар  жалғасады,  яғни,  еңбек  ұжымы  да 

сақталады. 



Еңбек  ұжымының  функциялары  жəне  өкілеттіктері. 

Функциялар – бұл  еңбек  ұжымы  қызметінің  негізгі  бағыттары. 

Олардың қатарынан мына функцияларды атауға болады: 

-  бірлескен  еңбекті  ұйымдастыру,  еңбек  жағдайы  мен 

қызметкерлердің тұрмыс жағдайын жақсарту; 

- кəсіпорынды басқаруға қатысу; 

- мемлекеттік-саяси өмірге араласу; 

-  өз  мүшелерін  еңбек  жəне  өнегелік  тұрғысынан  тəрбиелеу, 

еңбек тəртібін нығайту. 

Еңбек  ұжымы  мен  ұйымның  құқықтық  мəртебесі  тең  болады. 

Кəсіпорынның, ұйымның құқықтық мəртебесі азаматтық құқықпен 

анықталса,  еңбек  ұжымының  құқықтық  мəртебесі  еңбек 

құқығының 

ережелерімен  анықталады. 

Еңбек 

ұжымының 



өкілеттіктері  жəне  өзін-өзі  басқаруы  оның  құқықтық  мəртебесін 

құрайды. 

Өкілеттіктер – бұл еңбек ұжымының құқықтарына қарағанда əлдеқайда кең 

түсінік. Өкілеттіктер еңбек  ұжымының құқықтарын да, міндеттерін де, оның 

қызмет ету саласын да, функцияларын да қамтиды. 

Еңбек  ұжымының  өкілеттіктері  ретінде  олардың  өз  құқықтары 

мен  міндеттерін  орындауына  байланысты  заңда  бекітілген 

əрекеттері танылады. 

Еңбек ұжымының міндеттері: 

- жоғары өнімділікті қамтамасыз ету; 

- ҚР заңдары мен ҚР Үкіметінің қаулыларын орындау; 

- шарттық міндеттемелерді орындау; 

- еңбектің тиімділігі мен сапасын арттыру; 

- еңбек тəртібін нығайту. 

Мемлекеттік-саяси сипаттағы өкілеттіктерге мыналар жатады: 

- жергілікті органдардың шешімдерінің жобаларын қарастыруға 

жəне талдауға құқылы; 

- билік органдарына үміткерлерді ұсынуға құқылы; 

- олардың есептерін тыңдауға құқылы жəне т.б. 

Əлеуметтік-экономикалық  сипаттағы  өкілеттіктерге  мыналар 

жатады: 

-  құрылтайшылармен  бірлесе  отырып,  жарғыға  енгізілген 

өзгертулер мен толықтыруларды қарастыру жəне талқылау; 

- меншік нысанын өзгерту жөнінде шешім қабылдау; 




-  еңбек  тиімділігін  арттыру,  материалдық-техникалық  базаны 

нығайту,  өндірістік  ақауларды  болдырмау,  машиналарды, 

жабдықтарды  тиімді  пайдалануға  жəне  т.б.  қатысты  шараларды 

бекіту жəне жүзеге асыру. 

Еңбек ұжымының еңбек саласындағы өкілеттіктері: 

- ұжымдық шартты бекіту; 

- басшылықпен бірлесе отырып, ішкі тəртіп ережелерін бекіту; 

- еңбек жəне тұрмыс жағдайын жақсартуға қатысты шараларды 

ұйымдастыру жəне жүзеге асыру; 

-  ереуілдерге  шығуға  жəне  ұжымдық  еңбек  дауларын  шешуге 

қатысты  тиісті органдарға шағымдануға құқылы. 

Əлеуметтік даму жəне тұрмыс жағдайына қатысты өкілеттіктер: 

-  қызметкерлердің  коммуналдық,  тұрмыс  жағдайы  мен 

медициналық  қызмет  көрсетілу  жағдайын,  қоғамдық  тамақтану, 

көлік жəне т.б. мəселелерді талқылау; 

-  зейнеткерлердің  жəне  Ұлы  Отан  соғысына  қатысқан 

ардагерлердің жағдайына көңіл бөлу. 

Кəсіптік  одақ  ұйымдары  еңбек  құқығының  субъектілері 

ретінде.  Олар  еңбек  құқығының  ерекше  субъектілері  болып 

табылады.  Кəсіптік  одақ  ұйымдарының  мəртебесі  белгіленген 

заңнамада 

кəсіптік 

одақтардың 

жалпы 


құқықтары 

мен 


əрекетқабілеттігі,  олардың  негізгі  (статуттық)  құқықтары  мен 

міндеттері,  сонымен  қатар,  оларды  жүзеге  асырудың  кепілдіктері 

бекітілген.

 

 



Мемлекеттік  органдар  еңбек  құқығының  субъектілері 

ретінде.  Мемлекеттік  басқару  мен  бақылау  функцияларын 

орындайтын  мекемелер  мемлекеттік  органдар  деп  аталады.  Олар 

белгіленген тəртіп бойынша құрылады. 

Мемлекеттік  органдар  республикалық,  аймақтық  жəне 

жергілікті болуы мүмкін. Республикалық органдарға қызметі жəне 

өкілеттіктері  бүкіл  республиканың  аумағына  таралатын  органдар 

жатады.  Аймақтық  органдарға  қызметі  жəне  өкілеттіктері  екі 

немесе  одан  да  көп  облыстарға  таралатын  органдар  жатады. 

Жергілікті  мемлекеттік  органдарға  (облыстық,  республикалық 

маңызы бар қалалар жəне астананың жəне т.б. органдары) қызметі 

жəне  өкілеттіктері  тиісті  əкімшілік-аумақтық  бірліктің  аумағына 

таралатын  органдар  жатады.  Мұндай  органдардың  құрылтай 

құжаттары  болып  осы  органдарды  құру  туралы  актілер  жəне  осы 

органдар туралы ережелер табылады. 




Бірінші  басшы  мемлекеттік  органдарға  жүктелген  міндеттерді 

орындауға  жəне  өз  функцияларын  жүзеге  асыруға  қатысты  жеке 

жауапкершілікте болады.  

Бұл жүйеде мемлекеттік қызметшілер ерекше орынды иеленген. 

Олардың  құқықтық  жағдайы  тиісті  заңдарда  анықталған. 

Мемлекеттік  қызметшілердің  лауазымдары  саяси  жəне  əкімшілік 

деп бөлінеді. 

Саяси  мемлекеттік  қызметшілерге  қызметі  саяси  сипатқа  ие 

жəне саяси міндеттерді жүзеге асырушы мемлекеттік қызметшілер 

жатады.  Бұл  санатты  саяси  мемлекеттік  қызметшілердің 

лауазымдары  жəне  ҚР  Президенті  тағайындайтын  мемлекеттік 

қызметшілер  мен  олардың  орынбасарлары,  ҚР  Парламенті  жəне 

оның 

Палаталары 



тағайындайтын 

жəне 


сайлайтын, 

ҚР 


Конституциясына  сəйкес  ҚР  Президентінің  жəне  ҚР  Үкіметінің 

өкілі  болып  табылатын  мемлекеттік  қызметшілер,  орталық 

атқарушы  органдарды  басқаратын  басшылар  мен  олардың 

орынбасарлары құрайды. 

Əкімшілік 

мемлекеттік 

қызметшілер 

үшін 


лауазымдар 

санаттары  белгіленеді.  Əкімшілік  мемлекеттік  қызметшілердің 

санаттар  бойынша  лауазымдарының  тізімін  уəкілетті  органның 

ұсынуымен ҚР Президенті бекітеді. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 




жүктеу 3,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   134




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау