Ахметов А., Ахметова Г


  бап.  Жеке  еңбек  шартын  қызметкердің  бастамасы



жүктеу 3,68 Mb.
Pdf просмотр
бет93/134
Дата20.11.2017
өлшемі3,68 Mb.
#1196
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   134

 

28  бап.  Жеке  еңбек  шартын  қызметкердің  бастамасы 

бойынша бұзудың негіздері 

1.  Қызметкер  жеке  еңбек  шартын  жұмыс  берушіге  бұл  туралы 

бір ай бұрын жазбаша түрде ескертіп тоқтатуға құқылы. 

2.  Тараптардың  келісімі  бойынша  жеке  еңбек  шарты  ескерту 

мерзімі біткенге дейін тоқтатылуы мүмкін. 

3.  Жұмысты  жалғастыруды  жоққа  шығаратын  немесе  едəуір 

қиындататын  мəн-жайлар  (денсаулық  жағдайы,  зейнеткерлік  жас, 

басқа  жерге көшу,  жалақыны  мерзімінде  төлемеу  жəне  өзге  де  жағдайлар) 

болған  кезде  жеке  еңбек  шартын  бұзу  қызметкердің  өтінішінде 

көрсетілген мерзімде жүргізіледі. 

 

29 бап. Жұмысқа қайта алу 

Жеке  еңбек  шарты  заңсыз  негізде  бұзылған  не  басқа  жұмысқа 

заңсыз  ауыстырылған  жағдайда  еңбек  дауын  қарайтын  орган 

қызметкерді бұрынғы жұмысына алғызуға тиіс. 

Жеке еңбек шартының заңсыз бұзылуына байланысты бұрынғы 

жұмысына  қайта  алынған  қызметкерге  амалсыздан  жұмыссыз 

жүрген  барлық  уақыты,  бірақ  үш  айдан  аспайтын  уақыт  үшін 

орташа табысы төленеді. 

 

30  бап.  Жеке  еңбек  шартын  тараптардың  еркіне 

байланысты емес мəн-жайлар бойынша тоқтату 

Жеке  еңбек  шарты  тараптардың  еркіне  байланысты  емес 

мынадай мəн-жайлар бойынша: 

1)  қызметкерді  əскери  қызметке  шақырған  кезде  құжатын 

көрсеткенде үш күн мерзімде; 

2)  қызметкер  жазаға  тартылған  сот  əкімі  заңды  күшіне  енген 

жағдайда бұрынғы жұмысты жалғастыру мүмкіндігі болмағанда; 

3)  қызметкер  қайтыс  болған  жағдайда,  сондай-ақ  сот 

қызметкерді  қайтыс  болған  немесе  хабар-ошарсыз  кетті  деп 

таныған жағдайда; 

4)  сот  қызметкерді  əрекетке  қабілетсіз  немесе  əрекет  қабілеті 

шектеулі,  соның  салдарынан  қызметкердің  бұрынғы  жұмысын 

жалғастыруға  мүмкіндігі  жоқ  деп  таныған  жағдайда  тоқтатылуға 

тиіс. 



Соттың үкімі, шешімі заңды күшіне енген күн немесе қайтыс болған күн 

осы  баптың 2)-4) тармақшаларында  көзделген  негіздер  бойынша 

еңбек шартының бұзылған күні болып табылады. 

 

31 бап. Жұмыстан шеттету 

1.  Нормативтік  құқықтық  актілерде  көзделген  жағдайларда 

уəкілетті  мемлекеттік  органдардың  талап  етуі  бойынша  жұмыс 

беруші  қызметкерді  өз  құзыреті  шегінде  сол  органдар  жасаған 

қаулылар мен шешімдер негізінде жұмыстан шеттетуге міндетті. 

2.  Жұмыс  беруші  заң  актілерінде  көзделген  жағдайларды 

қоспағанда: 

1)  алкогольдік,  нашақорлық  масаңдық  немесе  өзге  де  түрдегі 

улану жағдайында жұмысқа келген; 

2) еңбек қорғау ережелері бойынша емтихандар тапсырмаған; 

3)  жеке  басын  қорғаудың  жұмыс  беруші  берген  керекті 

құралдарын пайдаланбаған; 

4)  егер  ол  заңдарға  сəйкес  міндетті  болса,  медициналық 

тексеруден өтпеген қызметкерді жұмыстан шеттетуге міндетті. 

3. Жұмыстан шеттету кезеңінде жалақы сақталмайды. 

4.  Қызметкерді  жұмыстан  шеттету  оған  негіз  болған  себептер 

анықталғанға дейінгі мерзімге жүзеге асырылуы мүмкін. 

 

 



3  Т А Р А У 

  

ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ

 

 

32  бап.  Ұжымдық  шарт  жасасу  туралы  шешім  қабылдау 



құқығы 

1.  Бір  немесе  бірнеше  жұмыс  берушілер  (олардың  өкілдері) 

жəне  бір  немесе  бірнеше  кəсіптік  одақтар  не  кəсіптік  одақтардың 

мүшесі  емес,  өз  ұйымын  құрған  қызметкерлер  ұжымдық  шарттар 

жасасу мақсатымен келіссөздер жүргізе алады. 

2.  Жұмыс  беруші  ұжымдық  шарттар  жасасатын  тараптардың 

барлық өкілдерімен келіссөздер жүргізеді. 

3.  Ұжымдық  шарттың  күші  ұжымдық  шартқа  атынан  қол  қойылған 

қызметкерлерге қолданылады. 



4.  Келіссөздер  жүргізілетін  уақытқа  келіссөздер  жөнінде  екі 

жақты  комиссия  құрылады,  оған  екі  жақтан  да  тең  мөлшерде 

өкілдер енеді. 

 

33 бап. Ұжымдық шарттың мазмұны жəне міндеттері 

1.  Ұжымдық  шарттың  мазмұнын  келіссөздер  жөніндегі  екі 

жақты комиссияда тараптар белгілейді. 

2. Ұжымдық шарт: 

оның қолданылу мерзімі туралы; 

орындалуын бақылау тəртібі туралы; 

шарт  талаптарының  орындалмағаны  үшін  жауапкершілік 

туралы; 

өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  тəртібі  туралы  ережелерді 

қамтиды. 

3.  Ұжымдық  шарттардың  ережелері  қызметкерлердің  құқығын 

шектемеуі,  еңбек  жағдайларын  нашарлатпауы  жəне  заңдарға 

белгіленген кепілдіктерді бұзбауы керек. 

 

34 бап. Ұжымдық шартты əзірлеу жəне жасасу тəртібі 

1. Ұжымдық шарттың жобасын дайындау мен оны комиссияның 

қарауына  енгізуге  тараптардың  кез  келгені  бастамашы  болуы 

мүмкін. 


Жобаны  ұйымның  қызметкерлері  міндетті  түрде  талқылауға 

тиіс.  Жобаны  талқылау  нысанын  қызметкерлердің  өздері 

анықтайды. 

Жобаны  комиссия  келіп  түскен  ескертпелер  мен  ұсыныстарды 

ескере отырып пысықтайды. 

2.  Тараптардың  келісіміне  қол  жеткізілген  жағдайда  ұжымдық 

шарт  кемінде  екі  дана  етіп  жасалады  жəне  оларға  тараптардың 

өкілдері қол қояды. 

 

35 бап. Ұжымдық шарттың қолданылу мерзімдері мен аясы 

1. Ұжымдық шарт тараптар белгілейтін мерзімге жасалады. 

2. Егер ұжымдық шарттың ережелерінде өзгеше көзделмесе, ол 

қол  қойылған  кезден  бастап  күшіне  енеді  жəне  тараптардың 

орындауы үшін міндетті болады. 

3.  Ұжымдық  шарт  ұйымды  басқару  органының  құрылымы, 

құрамы өзгерген жағдайда күшінде қалады жəне қолданыла береді. 



жүктеу 3,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   134




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау