23 бап. Денсаулық жағдайы бойынша басқа жұмысқа
уақытша ауыстыру
1. Белгілі бір жұмыс берушіде еңбек міндеттерін орындауға
байланысты еңбекте мүгедек болуына, кəсіптік ауруына немесе
денсаулығына өзге де зақым келуіне байланысты, қызметкерді
жұмыс беруші еңбек қабілеттілігін қалпына келтіргенше немесе
мүгедектігі айқындалғанша бұрынғы жалақысы мен жаңа
жұмыстағы жалақысының айырмасын қосымша төлей отырып,
неғұрлым жеңіл жұмысқа ауыстыруға міндетті.
2. Қызметкер неғұрлым жеңіл басқа жұмысқа ауыстырудан бас
тартқан жағдайда онымен еңбек шарты бас тартқан кезден бастап
бұзылады.
3. Жүкті əйелдер медициналық қорытындыға сəйкес ауыр жəне
қолайсыз өндірістік факторлардың əсері болмайтын басқа
жұмысқа, бұрынғы жұмысындағы орташа айлық жалақысы сақтала
отырып, ауыстырылады.
24 бап. Меншік иесі ауысқан немесе ұйым қайта
ұйымдастырылған жағдайдағы еңбек қатынастары
Меншік иесінің ауысы немесе ұйымның қайта ұйымдастырылуы
(бірігуі, қосылуы, бөлінуі, бөлініп шығуы, қайта құрылуы) еңбек
шарттарының қолданылуын тоқтатпайды.
25 бап. Жеке еңбек шартын тоқтату мен бұзу негіздері
1. Жеке еңбек шарты:
1) мерзімінің бітуі бойынша;
2) талаптардың еркіне байланысты емес мəн-жайлар бойынша
тоқтатылуы мүмкін.
2. Жеке еңбек шарты:
1) тараптардың келісімі бойынша;
2) тараптардың бірінің бастамасы бойынша;
3) заң актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша бұзылуы
мүмкін.
3. Тараптар жасасқан жеке еңбек шарты тараптардың келісімі
бойынша бұзылуы мүмкін. Қызметкер мен жұмыс берушінің
жазбаша келісуі жеке еңбек шартын тараптардың келісімі бойынша
бұзудың негізі болып табылады.
4. Жеке еңбек шарты тараптардың бірінің бастамасымен, егер
бұл тарап екінші тарапқа жеке еңбек шартында келісілген мерзімде
жазбаша есертсе, бұзылуы мүмкін. Бір тараптың екінші тарапқа
ескерту мерзімі жеке еңбек шарты бұзылған кезге дейін бір айдан
кем болмауы керек.
5. Жеке еңбек шартын бұзу жəне тоқтату жұмыс берушінің
бұйрығымен ресімделеді.
26 бап. Жеке еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы
бойынша бұзудың негіздері
1. Жеке еңбек шарты:
1) ұйым (заңды тұлға) таратылған, жұмыс берушінің (жеке
адамның) қызметі тоқтаған;
2) қызметкерлердің саны немесе штаты қысқартылған;
3) жеке еңбек шартының қолданылу мерзімі ішінде
қызметкердің жеткілікті біліктілігінің болмауы не белгілі бір
жұмысты жалғастыруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайы
салдарынан атқаратын қызметіне немесе орындайтын жұмысына
сəйкессіздік аңғарылған;
4) жүктілігі жəне бала тууы бойынша демалыста болу уақытын
есептемегенде, еңбекке уақытша жарамсыздығы салдарынан,
сондай-ақ заңдарда сол ауру бойынша еңбекке жарамсыздықтың
неғұрлым ұзақ мерзімі белгіленбесе, жұмысқа екі айдан астам
уақыт бойы келмеген жағдайда бұзылуы мүмкін. Аурулар
түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Еңбек қабілетін еңбекте мертігуіне немесе кəсіптік ауруға
байланысты жоғалтқан қызметкердің жұмыс орны (қызмет) еңбек
қабілеті қалпына келген немесе мүгедектік анықталғанға дейін
сақталады;
5) қызметкер ұйыммен бірге басқа ауысудан бас тартқан;
6) осы Заңның 23 бабының 2 тармағына сəйкес неғұрлым жеңіл
жұмысқа ауыстырудан бас тартқан;
7) еңбек жағдайларындағы өзгеріске байланысты жұмысты жалғастырудан
бас тартқан,
8) егер қызметкер тəртіптік жаза алған болса, ол еңбек
міндеттерін дəлелді себептерсіз қайталап орындамаған;
9) қызметкер еңбек міндеттерін бір рет өрескел бұзған жағдайда
бұзылуы мүмкін.
Қызметкердің еңбек міндеттерін бір рет өрескел бұзуына: бір жұмыс
күнінде дəлелді себептерсіз жұмыста үш сағат бойы болмауы; жұмысқа
алкогольдік немесе нашақорлық масаң күйде немесе өзге де түрдегі
уыттық улану жағдайында келуі; жұмыс күні ішінде алкогольдік,
нашақорлық масаңдық немесе өзге де жағынан улану жағдайын
туғызатын заттарды пайдалану; қызметкердің еңбек қорғау немесе
өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзып, оның жарақат алу мен
аварияларды қоса алғанда, ауыр зардаптарға əкеп соққан немесе
əкеп соғу мүмкіндігі; жұмыс орны бойынша соттың заңды күшіне
енген үкімімен немесе қаулысымен белгіленген мүлікті (соның
ішінде ұсақ заттарды) ұрлауы жатады;
10) егер іс-əрекеті оған жұмыс беруші тарапынан сенімінің
жоғалуына негіз болса, ақшалай немесе тауарлық құндылықтармен
тікелей қызмет ететін қызметкер кінəлі іс-əрекет жасаған;
11) білім беру саласында тəрбиешілік міндетті атқарушы
қызметкер аталған жұмысты жалғастыруға сыйымсыз, моральға
жат қылық жасаған;
12) жеке еңбек шартына сəйкес өзіне сеніп тапсырылған
мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық жəне заңмен қорғалатын
өзге де құпияларды құрайтын мəліметтерді жария еткен;
13) осы Заңның 21 бабына жəне осы баптың 5) тармақшасына
сəйкес басқа жұмысқа уақытша ауыстырған жағдайда қызметкер
жұмыстан бас тартқан;
14) бұрын осы жұмысты орындап келген қызметкер сот
шешімімен жұмысына қайта алынған жағдайда жұмыс берушінің
бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін.
27 бап. Жұмыс берушінің бастамасымен жеке еңбек шартын
бұзу мүмкіндігін шектеу
1. 26 баптың 1) жəне 2) тармақшаларында көзделген негіздер
бойынша жұмыс беруші жеке еңбек шартының алдағы уақытта
бұзылатыны туралы оның бұзылуынан кемінде бір ай бұрын
жазбаша түрде ескертуге міндетті.
2. Осы Заңның 26 баптың 1) жəне 2) тармақшаларында жəне 30
бабының 1) тармақшасында көзделген негіздер бойынша жеке
еңбек шарты бұзылған жағдайда жұмыс беруші қызметкерге
орташа айлық жалақысы мөлшерінде өтемақы төлейді.
3. Жеке еңбек, ұжымдық шарттарда өтемақылық төлемдердің
басқа да жағдайлары мен мөлшері белгіленуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |