Ахметов А., Ахметова Г



жүктеу 3,68 Mb.
Pdf просмотр
бет60/134
Дата20.11.2017
өлшемі3,68 Mb.
#1196
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   134

жұмыс  беруші  өз  есебінен  қамтамасыз  етуге  тиіс  (ҚР  «ҚР  еңбек 

туралы» заңының 77-бабы). 

        

Тақырып бойынша сұрақтар: 

 

1. Жалақының түсінігі. 

2. Жалақының айрықша белгілері. 

3. Жалақыны төлеу тəртібі жəне орны. 

4. Еңбекке ақы төлеуді құқықтық реттеудің қандай əдістері бар? 

5.  Сіз  Қазақстан  Республикасында  жалақыны  мемлекеттік 

нормалауды қалай түсінесіз? 

6. Жалақы жүйесіне анықтама беріңіз. 

7. Еңбекке ақы төлеудің негізгі жүйелері туралы айтыңыз. 

8. Еңбекті нормалауға жалпы сипаттама беріңіз. 

9. Еңбектің қалыпты жағдайынан ауытқыған кезде еңбекке ақы 

төлеу қандай жағдайларда орын алады? 

10.  Еңбектің  қалыпты  жағдайынан  ауытқыған  кездегі    еңбекке 

ақы төлеу туралы айтыңыз. 

11. Қандай жағдайларда жалақыдан ұстап қалуға  қызметкердің 

келісімі қажет емес? 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


12  Т А Р А У 

 

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ КЕПІЛДІКТЕР  



БЕРУ МЕН ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕУ

 

 

Кепілдік  төлемдер  мен  қосымша  ақылардың  түсінігі  жəне 

түрлері.  Жалақы  жұмыс  берушінің  қызметкер  алдындағы  жалғыз 

ақшалай  міндеттемесі  емес.  Қазақстан  Республикасының  еңбек 

заңдары  бірқатар  жағдайларда  қызметкердің  еңбек  шығынымен 

байланысты  емес,  алайда  кепілдік  сипатқа  ие  төлемдерді  төлеуді 

көздейді.  Кепілдік  төлемдер  қызметкерлердің  материалдық 

мүдделерін  қорғау  мақсаттарында  көзделген  жəне  олардың 

жалақысын төмендетуге жол бермейді. Мұндай төлемдердің басты 

мақсаты – қызметкердің қалыпты өмір сүруіне жағдай жасау. 



Кепілдік  төлемдер  ретінде  заңда  көзделген  себепті 

жағдайларда  қызметкердің  өз  еңбек  міндеттерін  іс  жүзінде 

орындамаған  уақытында  төленетін  төлемдер  танылады. 

Олардың  жалақыдан  айырмашылығы  мынада:  жалақы  еңбектің 

нəтижесінде  төленсе,  кепілдік  төлемдер  еңбек  жəне  оның 

нəтижелері  үшін  төленбейді,  заңдарда  көзделген  жағдайларда 

еңбекке  ақы  төлеуді  кепілдейді.  Кепілдік  төлемдер  мынадай 

жағдайдарда белгіленеді: 



 

1. Қызметкердің мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді 

орындау кезіндегі кепілдіктері 

 

«ҚР еңбек туралы» заңының 80-бабы 



 

Жұмыс беруші қызметкерді оның жұмыс орнын (қызметін) 

сақтай  отырып,  мемлекеттік  жəне  қоғамдық  міндеттерді 

орындау уақытына жұмыстан босата алады. 

Мерзімді  əскери  қызметін  өтеп  қайтқан  қызметкердің  нақ 

сол  əскерге  шақырылған  кəсіпорынға  жұмысқа  қабылдау  

кезінде басым құқығы болады. 

Байқап отырғанымыздай, ҚР «Еңбек туралы» заңына (80-бабы) 

сəйкес, жұмыс беруші қызметкерді оның жұмыс орнын (қызметін) 

сақтай  отырып,  мемлекеттік  жəне  қоғамдық  міндеттерді  орындау 

уақытына  жұмыстан  босата  алады.  Бұл  депуттарды  сайлау  жəне 

олардың мəртебесі туралы заңдарға сəйкес депутаттық міндеттерді 




орындауына қатысты  орын  алуы  мүмкін.  Президентке  үміткерлер, 

Парламент  жəне  мəслихаттардың  депутаттары    өздері  тіркелген 

күннен бастап жəне сайлаудың қорытындысы жарияланғанға дейін 

жұмыстан  (əскери  қызметтен,  əскери  жиындардан)  босатылады. 

Бұл  кездегі  орташа  айлық  жалақы  мөлшеріндегі  шығындар 

республикалық  бюджеттің  сайлауды  жүргізуге  бөлінген  қаражаты 

есебінен  өтеледі.  Үміткерлердің  сайлауға  қатысқан  уақыты  олар 

өздері тіркелген күнге дейінгі мамандығы бойынша еңбек стажына 

есептеледі.  Жалпы  əскери  міндет  туралы  заңда  көзделген 

міндеттерді  орындауға  тартылған  қызметкерлерге  осы  заңда 

көзделген  кепілдіктер  мен  жеңілдіктер  беріледі.  Мерзімді  əскери 

қызметін  өтеп  қайтқан  қызметкердің  нақ  сол  əскерге  шақырылған 

кəсіпорынға жұмысқа қабылдау кезінде басым құқығы болады (ҚР 

«ҚР еңбек туралы» заңының 80-бабы).                  

Жұмыс  уақытында  мемлекетттік  міндеттерді  орындаудың  өзге 

де жағдайларына мыналарды жатқызуға болады: анықтама, алдын-

ала  тергеу  органдарының,  прокурордың  жəне  соттың  шақыруы 

бойынша  осы  органдарға  куə,  жəбірленуші,  сарапшы,  маман, 

аудармашы,  куəгер  жəне  т.б.  ретінде  келу.  Бұл  жағдайда 

қызметкердің  орташа  жалақысын  оны  жұмыс  уақытында  осы 

міндеттерге тартқан орган төлейді. 

Мерзімді  əскери  қызметін  өтеп  қайтқан  қызметкердің  нақ  сол 

əскерге шақырылған кəсіпорынға жұмысқа қабылдау кезінде басым 

құқығы  болады  (ҚР  «ҚР  еңбек  туралы»  заңының 80-бабы).  Оған 

бұрынғы  жұмысы  немесе  осы  ұйымдағы  басқа  жұмыс  ұсынылуы 

мүмкін. 


Сайланбалы кəсіподақ органдарының мүшелері өз мүшелерінің 

мүдделерін қорғау мақсатында қоғамдық міндеттерді орындау үшін 

кəсіподақтық білім алу, съездердің, пленумдардың, төралқалардың, 

конверециялардың  жұмысына  қатысу  кезінде  жұмысынан 

босатылады. Жұмыстан босату жағдайлары жəне еңбекке ақы төлеу 

тəртібі  ұжымдық  шарттарда  жəне  келісімдерде  көзделеді  (ҚР 

«Кəсіптік одақтар туралы» заңының 19-бабы). 

 

2.  Медициналық тексеруден өту кезіндегі кепілдіктер

ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 81-бабы 

Мерзімді  медициналық  тексеруден  өту  кезінде  жұмыс 

берушінің  есебінен  осындай  тексеруден  өтуге  міндетті 

қызметкердің  жұмыс  орны  (қызметі)  мен  орташа  жалақысы 



жүктеу 3,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   134




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау