Ахметов А., Ахметова Г


Жеке еңбек шартының түсінігі жəне белгілері



жүктеу 3,68 Mb.
Pdf просмотр
бет30/134
Дата20.11.2017
өлшемі3,68 Mb.
#1196
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   134

Жеке еңбек шартының түсінігі жəне белгілері.    

Жеке  еңбек  шарты  дегеніміз  бұл  қызметкердің  ішкі  еңбек 

тəртібіне  бағына  отырып,  белгілі  бір  еңбек  функциясын  (белгілі 

бір мамандық, біліктілік жəне кəсіп бойынша жұмысты) орындау 

міндетін, ал жұмыс берушінің қызметкерге уақтылы жəне толық 

көлемде жалақы төлеп отыру жəне қалыпты еңбек жағдайларын 

қамтамасыз  ету  міндетін  көздейтін  қызметкер  мен  жұмыс 

берушінің арасындағы жазбаша келісім. 

Қазіргі  кезде  азаматттардың  еңбекке  қатысты  өз  құқықтарын 

жүзеге асыру нысандарының арасынан еңбек шартын ерекше атап 

өтсе  болады.  Себебі,  еңбек  шарты  ғана  еңбектің  жалдау 

сипатындағы  негізі  ретінде  нарықтық  еңбек  қатынастарының 

талаптарына анағұрлым толық жауап береді.  

Сонымен  қатар,  жеке  еңбек  шарты  ұғымымен  қоса  «контракт» 

ұғымы  да  теңдей  танылды.  Кең  мағынада  контракт  дегеніміз  кез 

келген  шарт,  яғни  тең  құқылы  тараптардың  (субъектілердің) 

арасындағы келісім. Бұл мағынада контракт кəсіпкерлік жəне басқа 

да  қызмет  саласында  жаппай  пайдаланылады  жəне  де  əр  түрлі 

құқық салаларының нормаларымен байланысты болып келеді.    

Еңбек  қатынастары  саласында  «контракт»  ұғымы  анағұрлым 

тар,  ерекше    мағынада  қолданылады  жəне  еңбек  шартының 

айрықша  нысаны  ретінде  қарастырылады.  Қарапайым  еңбек 

шартына  қарағанда  контракттың  өзгешелігі  болады.  Жеке  еңбек 

шартының  ережелері  заңның  шеңберінен  шыға  алмайды.  Ал 

контракттың мазмұнында заңмен көзделмеген жағдайлар да көрініс 

табуы мүмкін. Мысалы, контракт бойынша келісілген жағдайларға 

қол  жеткізілгенде  қызметкерге  пəтер,  автокөлік,  бала-бақшадан 

орын берілуі немесе жұмыстан босату туралы ережелер айырықша 

көзделуі  мумкін.  Əдетте,  контракт  ірі  кəсіпорындардың 

басшыларымен,  спортшылармен,  мəдениет  қызметкерлерімен, 

оқытушылармен жəне т.б. жасалынады. 



Жеке  еңбек  шартының  белгілері.  Жеке  еңбек  шарты 

белгілерінің  бірі  болып  шарт  пəнінің  өзгешелігі  табылады.  Жеке 

еңбек  шартына  сəйкес,  қызметкер  белгілі  бір  қызмет  түріне 

жататын жұмысты, яғни белгілі бір мерзім көлемінде орындайтын 

мамандықты, 

кəсіпті, 

біліктілікті, 

лауазымды 

орындауға 

міндеттенеді.  




Кəсіп – бұл  белгілі  бір  қызметтің  сипаты  жəне  мақсатымен 

анықталатын  еңбек  қызметінің  бір  түрі.  Мысалы,  дəрігер, 

оқытушы, заңгер, құрылысшы.... 

Мамандық – бұл  қызметкердің  мейлінше  тиімді  еңбек  етуіне 

мүмкіндік беретін терең жəне жан-жақты білімдері мен дағдылары 

көрініс тапқан белгілі бір кəсіптің бағыты, нақты бір түрі. Мысалы, 

дəрігер  кəсібі  бойынша  хирург,  педиатр,  терапевт  мамандықтары; 

заңгер 

мамандығы 



бойынша 

прокурор, 

адвокат, 

судья 


мамандықтары. 

Біліктілік – бұл нақты бір мамандықты игергендіктің дəрежесі, 

арнайы  дайындық  пен  тəжірибенің  деңгейі.  Біліктілік  нақты  бір 

қызметкердің  қандай  күрделіліктегі  жұмысты  орындай  алатынын 

көрсетеді. Қызметкердің біліктілігінің деңгейі дəрежемен, санатпен 

анықталады. Мысалы, жоғары санаттағы хирург. 

Жұмыс беруші жеке еңбек шартына сəйкес қызметкерден жеке 

еңбек  шартында  көрсетілген  нақты  бір  кəсіп,  мамандық  жəне 

біліктілік  бойынша  жұмысты  (белгілі  бір  еңбек  функциясын) 

орындауды  талап  етуге  құқылы.  Тек  жекелеген  жағдайларда  ғана 

қызметкерді  жұмысқа  қабылдаған  кездегі  оның  негізгі  қызметінің 

түріне  жатпайтын  басқа  да  жұмысты  орындауды  талап  етуге 

болады. 


Жеке еңбек шартында белгілі бір еңбек функциясын көрсетудің 

тəжірибелік  маңызы  зор.  Осыған  байланысты  қызметкердің  бір 

қызметтен екінші қызметке оның келісімінсіз ауысуы (егер мұндай 

ауысу басқа жұмысқа ауысу деп саналмаса) жүзеге асырылады. Бұл 

ретте  жалақының  мөлшері,  ақы  төленетін  жыл  сайынғы  еңбек 

демалысының ұзақтығы, жеңілдіктердің берілуі өзгеріссіз қалады. 

Жеке еңбек шартының басқа маңызды белгісі болып  өндірістік 

қызметке  қызметкердің  өзіндік  қатысуы  табылады.  Бұл 

қызметкердің  кəсіпорын  немесе   ұйымның  штатына  енуін  жəне 

осы    кəсіпорынның  немесе  мекеменің  өндірістік  қызметіне 

тартылуын  білдіреді.  Жеке  еңбек  шартында  нақты  қызметкердің 

еңбекке  қатысты  барлық  жеке  қабілеттері  ескерілетіндіктен,  бұл 

қызметкерді  жұмыс  берушінің  келісімінсіз  ауыстыруға  жол 

берілмейді. 



Қызметкердің  ішкі  еңбек  тəртібіне  бағынуы  жеке  еңбек 

шартының  келесі  белгісі  болып  табылады.  Кез  келген  мекеме, 

кəсіпорын белгілі бір еңбек тəртібінің негізінде жұмыс істейді, бұл, 

өз кезегінде, ұжымның нақты жəне үйлескен жұмысын қамтамасыз 




етеді. Ішкі еңбек тəртібінің ережелерін сақтау қызметкердің міндеті 

болып табылады. Алайда, ескеретін бір жайт, бұл ережелер барлық 

қызметкерлерге  таралмайды.  Жекелеген  қызметкерлерге  олардың 

жұмысының  сипаты  мен  ерекшеліктеріне  сəйкес  бұл  ережелер 

таралмауы мүмкін. Кейбір ережелер тек нақты бір қызметкерлерге 

ғана  таралады  да,  қызметкерлердің  қалған  бөлігіне  қатысы  да 

болмайды.  Мұндай  мəселелердің  барлығы  жеке  еңбек  шартында 

көзделіп өтуі мүмкін. 

Жеке  еңбек  шартының  ерекшелігі  болып  жұмыс  берушінің 

қызметкерге  жалақы  төлеу  міндеті  табылады  (ҚР  «ҚР  еңбек 

туралы»  заңның 70-бабы).  Жалақының  келесідей  ерекшеліктері 

болады: 


·  еңбекті  бағалаудың  бірыңғай  талаптарына  негізделе  отырып, 

еңбектің сапасына жəне санына қарай төленеді; 

·  жалақы  төлеу  алдын-ала  белгіленген  нормаларға  сəйкес 

жүргізіледі; 

·  төлемдердің  негізгі  бөлігі  (тарифтік  ставкалар  жəне 

лауазымдық  жалақылар)  кəсіпорынның  тапқан  табысына  тəуелді 

емес,  ал  қосымша  бөлігі  (сыйақылар  жəне  өзге  де  төлемдер) 

кəсіпорынның  табысына  белгілі  бір  дəрежеде  тəуелді  болады  (бұл 

ерекшелік бюджеттік ұйымдарға қатысты орын алады); 

· ақшалай нысанда жүргізіледі; 

· заңдарда белгіленген ең төменгі мөлшерден кем болмауы тиіс; 

· белгілі бір мөлшермен шектелмейді. 

 

Жұмысқа қабылдауға жол берілетін жас ҚР «ҚР еңбек туралы» 



заңының 11-бабы 

 

1.  Жеке  еңбек  шартын  он  алты  жасқа  толған  адамдармен 

жасасуға жол  беріледі. 

2. Орта білім алған не жалпы білім беретін оқу орнын тастап 

кеткен  жағдайда  он  бес  жасқа  толған  адамдар  ата-анасының 

немесе  қорғаншысының,  қамқоршысының  келісімімен  жеке 

еңбек шартын жасаса алады. 

3. 

Ата-анасының 

бірінің 

(қорғаншысының, 

қамқоршысының)  келісімімен  жеке  еңбек  шарты  оқудан  бос 

уақытында денсаулығына зиян келтірмейтін жəне оқу процесін 

бұзбайтын  жұмысты  орындау  үшін  он  төрт  жасқа  толған 

оқушымен жасалуы мүмкін. 


жүктеу 3,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   134




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау