Ахметов А., Ахметова Г



жүктеу 3,68 Mb.
Pdf просмотр
бет29/134
Дата20.11.2017
өлшемі3,68 Mb.
#1196
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   134

өту  жəне  біліктілігін  көтеру  кезінде  көрсетілетін  əлеуметтік 

дайындықтың  жағдайлары  жəне  тəртібі  заңдарда  көзделген. 

Мұндай  жағдайда  жұмыссыздарды  оқыту  еңбек  нарығының 

қажеттіліктерін  ескере  отырып,  мемлекеттік  бюджеттің  есебінен 

жүргізіледі. 

Жұмыссыздарға  лайықты  жұмыс  іздеуге  жəрдем  беру  жəне 

оларды жұмысқа орналастыру да əлеуметтік қорғаудың түрлерінің 

бірі  болып  табылады.  Лайықты  жұмысты  іздеуді  жəне  жұмысқа 

орналастыруды,  халықты  жұмыспен  қамту  жөніндегі  уəкілетті 

орган  жүзеге  асырады.  Бұл  ретте  заңдарда  шетелде  жұмысқа 

орналастыруға қатысты тыйым салынбаған. 

Жұмыссыздардың  қоғамдық  жұмыстардағы  еңбегіне  ақы  төлеу 

де  оларды  əлеуметтік  қорғауға  жатады.  Бұл  жағдайда  ақының 

мөлшері ең төменгі жалақының мөлшерінен кем болмауы тиіс. 

Сонымен  қатар,  жұмыссыздарды  əлеуметтік  қорғау  ретінде 

əлеуметтік  жағдайы  нашар  азаматтар  қатарындағы  жұмыссыз 

тұлғаны жерлеуге материалдық көмек беру де танылады. 

Аталған  құқықтар  мен  міндеттердің  заңды  кепілдіктері. 

Біздің  мемлекет  азаматтардың  еңбекке  құқығын  жүзеге  асырудың 

кепілдіктерін    жариялай  отырып,  Қазақстан  Республикасының 

аумағында тұратын азаматтарға мыналарды кепілдейді: 

- кəсіп түрін таңдау еркіндігін; 

-  лайықты  жұмысты  таңдауда  жəне  жұмысқа  орналасауда 

халықты  жұмыспен  қамту  жөніндегі  уəкілетті  органның  немесе 

жеке агенттіктің тарапынан көмек алуды; 

- кəсіпорындардың, ұйымдардың жəне мекемелердің бос жұмыс 

орындары туралы мəліметтерді беруін; 

-  халықты  жұмыспен  қамту  жөніндегі  уəкілетті  органның 

жолдамасы  бойынша  жаңа  кəсіпке  (мамандыққа)  оқудың, 

біліктілігін  көтерудің,  дайындықтан  немесе  қайта  дайындықтан 

өтудің тегіндігін; 

- қызметтен негізсіз босатудан құқықтық қорғауды. 

Азаматтардың  еңбек  нарығындағы  жəне  халықты  жұмыспен 

қамту  саласындағы  құқықтық  жағдайы  олардың  (азаматтардың) 

уəкілетті  органдар  мен  лауазымды  тұлғалардың  шешімдеріне, 

əрекеттеріне  немесе  əрекетсіздіктеріне  шағымдану  құқығымен  де 

кепілденеді.  Азаматтар  бұл  құқықтың  негізінде  халықты  қамту 

жөніндегі  жоғары  тұрған  уəкілеттік  органдарға  немесе  сотқа 

жолдана  алады.  Жұмыс  беруші  халықты  жұмыспен  қамту 




жөніндегі  уəкілетті  органның  жолдамасымен  келген  азаматпен 

жеке  еңбек  шартын  жасасудан  бас  тартса  да,  азаматтар  сотқа 

шағымдануы  тиіс.  Бұл  ретте  азаматтар  өздерінің  құқықтары 

бұзылған  кез  келген  жағдайда  халықты  қамту  жөніндегі  жоғары 

тұрған  уəкілеттік  органдарға  шағымдануға  құқылы.  Сотта 

азаматтардың  шағымдарын  қарау  бұл  мəселелердің  соттың 

құзыретіне  (ведомстволығына,  соттылығына)  жататындығын 

анықтаған соң жүзеге асырылады. 

Халықты жұмыспен қамту туралы заңдардың ережелерін бұзған 

тұлғалар 

Қазақстан 

Республикасының 

заңдарына 

сəйкес 


жауапкершілікке  тартылады.  Келтірілген  зиянның  мөлшеріне 

немесе  кінəнің  дəрежесіне  қарай  кінəлі  тұлға  материалдық, 

тəртіптік,  əкімшілік,  тіпті  қылмыстық  жауапкершілікке  тартылуы 

мүмкін. 


  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


8  Т А Р А У 

 

ЖЕКЕ ЕҢБЕК ШАРТЫ 



 

ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 9-бабы. 

 

Жеке еңбек шартының мазмұны 

 

1. Жеке еңбек шартында: 

1) тараптардың реквизиттері: 

-  жұмыс  беруші-заңды  тұлғаның  толық  атауы  жəне 



орналасқан  жері,  жұмыс  беруші-заңды  тұлғаның  құрылтай 

құжаттарының мемлекеттік тіркеу нөмірі мен уақыты; 

-  жұмыс  берушінің  (оның  өкілінің)  тегі,  есімі,  əкесінің  аты 



(егер  жеке  басын  куəландыратын  құжатта  көрсетілсе)  жəне 

қызметі,  ал  жұмыс  беруші  жеке  тұлға  болған  жағдайда  оның 

тұрақты  тұрғылықты  жерінің  мекен-жайы,  жеке  басын 

куəландыратын құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні; 

-  қызметкердің  тегі,  есімі,  əкесінің  аты  (егер  жеке  басын 



куəландыратын 

құжатта 

көрсетілсе), 

жеке 

басын 

куəландыратын  құжаттың  атауы,  нөмірі,  берілген  күні; 

əлеуметтік  жеке  кодының  нөмірі  (ƏЖК),  салық  төлеушінің 

тіркелу нөмірі (СТН);  

2)  еңбек  міндеті  (белгілі  бір  қызмет,  мамандық,  кəсіп 

бойынша жұмыс); 

3) жеке еңбек шартының мерзімі; 

4) еңбек міндеттерін жүзеге асыру басталатын күн; 

5)  еңбек  жағдайларының  сипаттамалары,  қызметкерлерге 

ауыр  дене  жұмысын    немесе  зиянды  не  қауіпті  жағдайларда 

жұмыс істегені үшін берілетін кепілдіктер мен өтемақылар; 

6) жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимі; 

7) еңбекке ақы төлеу жəне еңбекті қорғау жағдайлары; 

8) жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері; 

9) қызметкердің құқықтары мен міндеттері; 

10) жеке еңбек шартын өзгерту, бұзу жəне ұзарту тəртібі; 

11) тараптардың жауапкершілігі көрсетілуге тиіс. 

2. Тараптардың келісімі бойынша жеке еңбек шартына өзге 

де жағдайлардың енгізілуі мүмкін. 

 


жүктеу 3,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   134




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау