Ахметов А., Ахметова Г



жүктеу 3,68 Mb.
Pdf просмотр
бет129/134
Дата20.11.2017
өлшемі3,68 Mb.
#1196
түріОқулық
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   134

2.  Аймақтық  комиссия  əлеуметтік    əріптестер  мүдделерін  үйлестіруді 

тиісті 


келісімдермен 

жəне 


шешімдермен 

ресімделетін 

консультациялар  жəне  келіссөздер  жүргізу  жолымен  қамтамасыз 

ету жөнінде тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.  

3.  Жергілікті  атқарушы  органдардың  тиісті  өкілетті  өкілдер, 

жұмыс  берушілер  мен  қызметкерлердің  өкілдері  аймақтық 

комиссиялардың қатысушылары болып табылады.  

  

10  бап.  Тұрақты  жұмыс  істейтін  республикалық,  салалық, 



аймақтық комиссияларды құрудың принциптері мен тəртібі  

1. Комиссиялар мынадай принциптер:  

1) атқарушы билік оргадары өкілдерінің, жұмыс берушілер мен 

қызметкерлер  өкілдерінің    комиссиялар  қызметіне  қатысуының 

міндеттілігі;  

 тараптардың өкілеттілігі; 

өкілдіктің теңбе-теңдігі; 

тең құқықтығы; 

 тараптардың өзара жауапкершілігі негізінде құрылады. 

2. Комиссияларға қатысушылардың дербес құрамын əлеуметтік  

əріптестіктің  əр  талабы  өз  бетінше  жасақтайды.  Əлеуметтік  əріптестікке  

қатысушы тараптардың бəріне тең өкілеттілік беріледі. 



11  бап.  Тұрақты  жұмыс  істейтін  республикалық,  салалық, 

аймақтық комиссиялардың негізгі мақсаттары мен міндеттері 

1.  Комиссиялардың  негізгі  мақсаттары  əлеуметтік  жəне  еңбек 

қатынастарын реттеу мен тараптардың мүдделерін үйлестіру болып 

табылады. 

2. Комиссиялардың негізгі міндеттері: 

1)  əлеуметтік  жəне  экономикалық  саясаттың  негізгі  бағыттары 

бойынша тараптардың көзқарастарын үйлестіру; 

2)  келісімдерді  жүзеге асыру жөніндегі шаралар əзірлеу; келісу 

жəне бекіту; 

3) келісімдерді əзірлеу мен жасасу; 

4)  республикалық  комиссия  шеңберінде  халықаралық  еңбек 

нормаларын бекіту мен қолдануға байланысты мəселелер бойынша 

консультациялар өткізу жəне ұсынстар əзірлеу болып табылады.  

3.  Комиссиялар  өздері    бекіткен  ережелер  мен  жоспарларына 

сəйкес  жұмыс  істейді.  Комиссиялардың  отырыстары  жылына 

кемінде екі рет өткізіледі.  

 



12 бап. Республикалық комиссияның негізгі құқықтары 

 

Республикалық комиссия: 



1)  өз  отырыстарында  əлеуметтік  жəне  еңбек  қатынастары 

саласындағы келісілген саясатты жүргізу проблемаларын қарауға; 

2)  келісім  жобасын  əзірлеу,  атлған  келісімді  жүзеге  асыру, 

комиссияның шешімдерін орындау кезінде атқарушы органдардың, 

жұмыс  берушілер  мен  қызметкерлер  бірлестіктеріне  мүдделерін 

үйлестіруге; 

3)  атқарушы  органдардан,  жұмыс  берушілерден  жəне  (немесе) 

қызметкерлер  өкілдерінен  əлеуметтік  жəне  еңбек  қатынастарын 

реттеу  үшін  жасалатын  жəне  жасалған  келісімдер  туралы  ақпарат 

сұратып алуға; 

4) өз шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыруға, ал 

жауапты  адамдар  оларды  орындамаған  жағдайда  анықталған 

жолсыздықтарды жою жəне келісім шарттарының орындалмауына 

кінəлі адамдарды жауапқа ақпарат жіберуге; 

5)  атқарушы  органдар  ұжымдық  келіссөздер  жүргізуге  жəне 

келісім  жобасын  əзірлеуге,  аталған  келісімнің  орындалуын 

бақылауды  ұйымдастыруға  қажет  Қазақстан  Республикасындағы 

əлеуметтік  жағдай туралы ақпаратты, Қазақстан Республикасының 

нормативтік құқықтық актілерін сұратуға жəне алуға; 

6)  нормативтік  құқықтық  актілерді  əзірлеу  жөнінде  ұсыныс 

енгізуге  немесе  Қазақстан  Республикасының    əлеуметтік      жəне 

еңбек  қатынастары  саласындағы  заңдары  мен  өзге  де  нормативтік 

құқық актілерінің бастамшылық жобаларын уəкілетті органдардың 

қарауына беруге; 

7)  ғалымдар  мен  мамандарды  тарта  отырып  жұмыс  тобын 

құруға;  

8) республикалық комиссияның отырысында орталық атқарушы 

органдардың  қоғамдық  бірлестіктердің  қызметкерлерін,  сондай-ақ 

тəуелсіз сарапшыларды шақыруға; 

9)  атқарушы  органдар,  жұмыс  берушілер  мен  қызметкерлердің 

бірлестіктері комиссия белгілеген мерзімде қаруға жəне орындауға  

міндетті болатын бірлескен келісімдер мен шешімдер қабылдауға; 

10)  əлеуметтік  жəне  еңбек  қатынастары  мен  əлеуметтік 

əріптестік  мəселелері  бойынша  халықаралық,  республикалық, 

аймақ  аралық  кеңестер,  конференциялар,  конгрестер,  семинарлар  өткізуге 



осы аталған шараларды ұйымдастырушылар мен келісілген тəртіпте 

қатысуға құқылы. 



 

13  бап  Салалық  жəне  аймақтық  комиссиялардың  негізгі 

құқықтары  

Салалық  жəне  аймақтық комиссиялар:  

1)  өз  отырыстарында  əлеуметтік  жəне  еңбек  қатынастары 

саласында келісілген саясатты жүргізу проблемаларын қарауға; 

2)  келісім  жобасын  əзірлеу    аталған  келісімді  жүзеге  асыру, 

комиссияның  шешімдерін  орындау  кезінде  атқарушы  билік 

органдарының, 

жұмыс 


берушілер 

мен 


қызметкерлер 

бірлестіктерінің мүдделерін келістіруге; 

3)  атқарушы  билік  органдарынан,  жұмыс  берушілерден  жəне 

(немесе)  қызметкерлер  өкілдерінен  əлеуметтік  жəне  еңбек 

қатынастарын  реттеу  үшін  жасалатын  келісімдер  туралы  ақпарат 

сұратып алуға; 

4) өз шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыруға, ал 

жауапты  адамдар  оларды  орындамаған  жағдайда  анықталған 

жолсыздықтарды жою жəне келісім шарттарының орындалмауына 

кінəлі  адамдарды  жауапқа  тарту  туралы  ұсыныстар  жасап, 

əріптестіктің тиісті тарабын ақпарат жіберуге; 

5)  ғалымдар  мен  мамандарды  тарта  отырып  жұмыс  тобын 

құруға;  

6)  салалық  жəне  аймақтық  комиссиялардың  отырыстарына 

тиісінше  орталық  жəне  жергілікті  атқарушы  билік  органдарының, 

қоғамдық  бірлестіктердің  қызметкерлерін,  сондай-ақ  тəуелсіз 

сарапшылар шақыруға;  

7)  атқарушы  билік  органдары  жұмыс  берушілер  мен 

қызметкерлер 

өкілдері 

салалық 

жəне 


аймақтық 

комиссиялар  белгілеген  мерзімде  қарауға  жəне  орындауға 

міндетті болатын бірлескен келісімдер мен шешімдер қабылдауға; 

8) əлеуметтік жəне еңбек қатынастары мен əлеуметтік əріптестік 

мəселелері  бойынша  халықаралық,  республикалық,  аймақтық 

кеңестер,  конференциялар,  конгрестер,  семинарлар  өткізуге  осы 

аталған  шараларды  ұйымдастырушылармен  келісілген  тəртіпте 

қатысуға құқылы.  

 

 

 




жүктеу 3,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   134




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау