«Үстіміздегі гасырдың 1910 жылдарынан бастап, қазақ қоғамында оқу-ағарту идеясының жандануына байланысты балалардың сауатын ашатын әліппе қуралдарын жасау қолға алына бастады. Уфа, Орынбор қалаларының баспаханаларында бірқатар авторлардың (м.нурбаев, м.м алдыбаев, З.Ергалиев т.б.) қазақша әліппелері жарық көрді. Бірақ, бұлардың көбі бірер басылымнан артық жарияланбай, кеңінен қолданыс таба алмады. Солардың қатарында шыққан А.Байтурсыновтың әліппесі – «Оқу құралы»1912–1925 жылдар арасында 7 рет басылып, оқу-ағарту жұмысында ұзағырақ әрі кеңірек пайдаланылды»’.1 Сыздықова Р. А.Байтұрсынов. Өмірі мен қызметтері /А.Байтұрсынов. «Тіл тағылымы». Алматы, «Ана тілі», 1992, 19-бет.
Алайда, бұл – 1926 жылы Шонанұлымен бірге жазылған «Оқу құралынан» мүлдем басқа еңбек. 1912–192 жылдары аралығында үзбей жарияланып, қазақша сауат ашатын жастардың бірден бір әліппесіне айналған «Оқу құралы» (96 беттік) әріп, хат танытуды ғана көздейтін оқулық ретінде қолданылса, оқырманға тұңғыш рет ұсынылып отырған «Оқу құралы» – ең біріншіден, хрестоматия. Екіншіден, бұл А.Байтұрсынұлының белгілі ағартушы, әдіскер, өзінің шәкірті Т.Шонанұлымен бірлесіп жазған еңбегі. Үшіншіден, хрестоматия I–II сынып емес, ересек III–IV сыныптарға арналған. «Оқу құралында» мақалалар мәтіні көлемді, мағынасы терең.«Оқу құралы» XX ғасырдың 20-жылдары жарық кергендіктен, бұл еңбекте сол кезеңдегі қазақ әдеби тілінің лексикалық және орфографиялық нормаларына сәйкес жазылған сөздер кездеседі. Мәселен, осы күнгі әдеби тіл қолданысындағы сурет, дәреже т.б. сөздер «Оқу құралында» сүгірет, даража, шыға баратқанда, ірет т.б. болып қолданылады. Мәтіндегі қазақша сөздердің біразы қазіргі қолданыстағы қалпына түсірілді.
Орыс тілінен енген сөздер (магізен, мағазин, пыркашык, сотсиалестер, нашалник, гүбірнатұр, міністер, т.б.) түпнұсқадағыдай қалпында беріліп, жақша ішіне қазіргі таңбалануы көрсетілді (іспіске – список, меншеуек – меньшевик, есер – эсер т.б.).
Осы басылымда мақалалардың қайдан алынғандығы, газет, жүрнал, кітаптардың аттары, шыққан жылы, баспасы мәтіндердің соңында көрсетілмеген. Сол себепті «Оқу құралындағы» кейбір мақала, олең, мысалдар алдыңғы жинақтарда, басылымдарда жарияланған нұсқаларымен салыстырылып, ғылыми түсініктер берілді. Бірақ, әрбір мөтіннің, олеңнің «Оқу құралында» берілген нұсқалары сақталды
Достарыңызбен бөлісу: |