ойлап тапқан да Ахаң: Көріктеу, меңзеу, ауыстыру, алмастыру, кейіптеу, пернелеу, әсірелеу, шендестіру, дамыту, түйдектеу ... – осылардың бәрінің түп-тамыры Ахаңда жатыр. Мұхтар Әуезовтің «Ахаң түрлеген ана тілі» дейтін әлдиінің әдебиет аясындағы бір нақты да затты көрінісі – осы». Демек, «Әдебиет танытқыштың» ең басты бағалылығы осылайша әдеби терминдерді қазақша қалыптастырғандығы», – дейді академик З.Қабдолов. «Әдебиет танытқыш» деп атаудың өзінде үлкен мағына бар. Әдебиет – сөз өнері болса, оны халыққа түсіндіріп, оның көркемдік ерекшеліктерін, адамгершілік, кісілік яғни имани, рухани сипаттарын таныту әдебиетшілердің, зерттеушілердің қасиетті парызы екенін А.Байтұрсынұлы осы екі сөзбен ғана түсіндіріп кетті.
Достарыңызбен бөлісу: |