Агентство Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям


Өртті сөндіруді ұйымдастыру



жүктеу 2,72 Mb.
бет38/41
Дата12.06.2023
өлшемі2,72 Mb.
#42966
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Агентство Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям

6.4. Өртті сөндіруді ұйымдастыру


Өрт орнына келгеннен кейін алғашқы ӨСБ («Өрт сөндіруші» АҚФ қарауылының бастығы) сыртқы белгілері бойынша жағдайды бағалайды, ПГ-да АЦ орнату туралы бұйрық береді, БББ-ға баяндайды. Алғашқы ӨСБ өрт автокөліктерінен әскери таратуды іске асырады және барлауды ұйымдастырады.
№ 3 шақыртудың жоғары нөмірі бойынша кестеге сәйкес өрт орнына негізгі 5 бөлімше мен арнайы автокөлікте 3 бөлімше келеді.
Өрт сөндіруге тартылатын күштер мен құралдар және олардың шоғырландырылу уақыты



Өрт дәрежесі

Бөлімшелердің орналасқан орны

Өрт автокөліктерінің саны мен түрі, дана

Әскери есеп саны, адам

Өрт бөлімшелерінен нысанға дейінгі арақашықтық, км.

Уақыты, қысқы/жазғы, мин.

Күштер мен құралдарды тарату уақыты, мин.

Ескерту

3

МӨСБ-16

АЦ-40 (3)


АЛГ-30(1)

20

22

45,6 (25,3)

3




3

ОППАСС ЖШС СГХК

АЦ-40 (2)


АЛГ-30(1)

14

2

4,8 (2,6)

4




3

«СПЗ» АҚ

АЦ-40 (1)


АЛГ-30(1)

4

18

28,8 (16)

5




3

ГУОЛЖМ

АЦ-30 (1)



2

20

43,2 (24)

6




3

«Өрт сөндіруші» АҚФ

АЦ-40 (1)



4

0.5

2,4 (1,3)

4






Өрт оқпандарын енгізеді: ПГ-ға орнатылған АЦ-дан. Өртті өндіру үшін ГПС-600, лафетті (қаралып отырған нұсқада өртті өндіру үшін РС-70 қолданылады) оқпандарын пайдалану қажет. «Өрт сөндіруші» АҚФ қарауылының бастығы БББ-ға № 3 шақырту нөмірін растап жібереді.
№3 жоғары шақырту нөмірі жөніндегі кестеге сәйкесөрт орнына негізгі 9 бөлімше мен арнайы автокөліктермен 2 бөлімше келеді.
Жеке құрам судың 139 л/с ерітіндісімен берілуін, яғни, ГПС-600 6 оқпанын төгілген сұйықтықты сөндіруге және «Б» 15 оқпанын көршілес сыйымдылықтарды қорғауға берілуін қамамасыз етеді. Ізінше, аға ӨСБ БББ-ға күштер мен құралдардың жеткілікті екендігі туралы хабарлайды.
Өрт орнына ӨСБ өртіндегі аға жедел өкіл келгеннен кейін оған өртте құрылған жағдай және қабылданған шешімдер туралыхабарланады. Аға жедел бастық жеке өзі өзі барлау жүргізу тәсілімен жағдайды нақтылайды және ӨСБ әрекеттерін бағалайды.
Барлау барысында аға жедел бастық:

  • өрт орны мен көлемін, жалынның таралу жолдарын;

  • мүмкін болатын жолдар және күштер мен құралдардың енгізілу бағыттарын;

  • шешуші бағыттарды таңдау дұрыстығын;

  • технологиялық жабдықтарды тоқтату мен электр энергиясын сөндіру мүмкіндіктерін анықтайды.

№3 жоғары шақырту бойынша келген күштер мен құралдардың әрекеттеріндегі шешуші бағыты өртті оқшаулау мен жою болады.
Аға жедел бастық өртті сөндіру басшылығын өз мойнына алады және БББ-ға өрт кезінде орын алған жағдай туралы ақпарат береді және № 3 жоғары шақыртуды растайды.
Өрттің сөндірілуін ұйымдастыру және басқару үшін ӨСБ келесіқұрамда жедел штаб құрайды: штаб бастығы; тыл бастығы; әкімшілік өкілі.
Штаб бастығы болып Ақмола облысының «ӨС және АҚЖ» ММ бастығының орынбасары тағайындалады. ӨСБ ШБ, ТБ және нысан өкілінің алдына міндеттер қояды. Бөлімшелерді жақсы басқару үшін штаб орны парктен 50 м. арақашықтықта орналастырылады.
Өртті оқшаулау мен жою үшін күштер мен құралдарды енгізу әр түрлі бағыттарда жүргізілетіндігін есепке ала отырып, ӨСБ бес учаске құру туралы шешім шығарады.
ЖА-1 жанған резервуарда ұйымдастырылады.
Міндеті: Өртті сөндіру. Участкеге «Өрт сөндіруші» АҚФ, МӨСБ-16 берген 3 ГПС-600 оқпаны беріледі.
ЖА-2 – жанған резервуарда ұйымдастырылады.
Міндеті: Өртті сөндіру. Участкеге 3 ГПС-600, «Өрт сөндіруші» АҚФ, МӨСБ-16 беріледі.
ЖА-3 жанған резервуарда ұйымдастырылады.
Міндеті: Резервуарды жанудан оқшаулау және түрін өзгертуден қорғау. Участкеге 6 «А» оқпаны, МӨСБ-16, ОППАСС ЖШС СГКХ беріледі.
ЖА-4 жанған резервуарда ұйымдастырылады.
Міндеті: Резервуарды жанудан оқшаулау және түрін өзгертуден қорғау. Участкеге 5 «А» оқпаны, МӨСБ-16, ОППАСС ЖШС СГКХ беріледі.
ЖА-5 көршілес орналасқан резервуарларда ұйымдастырылады.
Міндеті: көршілес резервуарларды қорғау. «СПЗ» АҚ 4 оқпандар беріледі.
ӨСБ жеке өзі немесе ШБ арқылы әскери учаскелер бастықтарын тағайындайды (өрт күзеті бөлімшелері және басшылық етуші құрам келгенге дейін).
ӨСБ өрт сөндіру күштері мен құралдарын енгузі тізбегі туралы ШБ алдына міндет қояды және анықтайды. ӨСБ ШБ-қа келесі міндеттерді қояды: өрт сөндіру үшін күштер мен құралдарды орналастыру; өрт кезінде байланыс орнату; БББ-ға өрт туралы мәліметтер беру; жедел құжаттама жүргізу.
ӨСБ ТБ-ға жеке өзі немесе ШБ арқылы келесі міндеттерді қояды:
ӨСБ-дан тапсырма алғаннан кейін ТБ келген техниканы қарсы алуды және жақын орналасқан су көздеріне орналастыруды ұйымдастырады. Ең жақын орналасқан су көздері өрт гидранттары болып табылады.
ӨСБ жеке өзі немесе ШБ арқылы келесі міндеттерді алға қояды: № 3 жоғары шақырту бойынша келген су көздерін қарсы алу мен орналастыруды ұйымдастыру; өрт сөндіруге 6 ГПС-600 пен 13 РС-50 берілуін қамтамасыз ету.
Күштер мен құралдар әр түрлі бағыттардан келетіндіктен, ӨСБ «Өрт сөндіруші» АҚФ бірінші бөлімінің командирін тыл бастығының көмекшісі етіп тағайындайды.
Тапсырма бергеннен кейін ӨСБ:

  • өрт кезіндегі жағдайлардың өзгеруі үшін үздіксіз бақылауға және оларға сәйкес шешімдер қабылдауға;

  • бөлімшелер арасында өзара әрекеттер ұйымдастыруға;

  • штабпен байланыс ұстап тұруға және қабылданған шешімдер мен өрт кезіндегі жағдайлар туралы хабарлап отыруға;

  • өзінің берген әр тапсырмасының орындалуын тексеруге;

  • өрт себептерін және өрт туралы актіні құрастыруға қажетті басқа да мәліметтерді анықтау үшін шаралар қолдануға;

  • өртті тоқтатқаннан кейін жеке өзі өрт орнын аралап шығуға және оттың сөндірілгендігіне көз жеткізуге, өрт орнын бақылау қажеттілігі мен мерзімін анықтауға міндетті.

ӨСБ-дан тапсырма алғаннан кейін, ШБ штаб жұмысын ұйымдастырады және ӨСБ шешімінің іске асырылуын қамтамасыз етеді. ШБ күштері мен құралдарын басқару үшін өрт кезінде байланысты ұйымдастырады. ӨСБ, ТБ және әскери учаскелер бастықтарымен байланыс үшін ШБ тасымалданатын радиостанцияларды, ал, БББ-мен байланыс үшін АЦ-40 радиостанциясы мен жергілікті телефонды қолданады. ӨСБ бұйрықтарын бөлімшелердің басшыларына берілуін қамамасыз етеді. ӨСБ-ға қабылданған шешімдер туралы баяндайды. Өрт сөндіру барысында ШБ өрт кезіндегі жағдайды зерттейді, үздіксіз барлауды ұйымдастырады және ЖАБ мен нысан өкілінен мәліметтер жинайды; ӨСБ-ға барлау нәтижелері мен өрттің сөндірілу барысы туралы баяндайды. Штаб бастығы ӨСБ бұйрықтарының орындалуы үшін үнемі бақылауды қамтамасыз етеді, жедел құжаттаманы жүргізеді.
ӨСБ-дан тапсырма алғаннан кейін ТБ келген техниканы қарсы алуды және жақын орналасқан су көздеріне орналастыруды ұйымдастырады. Ең жақын орналасқан су көздері өрт гидранттары болып табылады.
Судың тоқтаусыз берілуін қамтамасыз ету үшін ТБ сорғылар жұмысының тәртібін қамтамасыз етеді. Жұмыс барысында ТБ техниканы толық қуатта қолданады, тармақтардың күзетілуін қамтамасыз етеді және полиция қызметкерлерінің көмегімен өрт аумағының қоршалуын ұйымдастырады, су құбырындағы тегеурінді арттыру бойынша шаралар қолданады және жедел құжаттама жүргізеді.


Өрт сөндіру кезіндегі қауіпсіздік техникасы


1. Көрермендер залындағы өрт сөндіру ТОЖҚК-тағы жеке құраммен жүргізілуі қажет. ТОЖҚК-тағы жұмыс өрт күзетіндегі газдытүтінді қорғаныс қызметі жөніндегі ережемен белгіленген қауіпсіздік талаптарын сақтау арқылы орындалады.
Оқпанмен жұмыс істеу үшін екі адам бөлінеді.
Жабындардағы тармақ бөгеттермен бекітіледі.
Авто және үш аяқты сатылардың орын ауыстыруына жол берілмейді.
Күштік және жарық беретін желілерді сөндіру қажет.



жүктеу 2,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау