S1 , S2 –сәйкесінше, ағынды және тартпа саңылауларының аумақтары, м2;
Hп- ағынды саңылау биіктігі, м;
H - ағынды және тартпа саңылаулар арасындағы арақашықтық, м.
1. tср кезінде = 550оС,
2. tср кезінде = 625оС,
6.2. Өрттің сөндірілуін ұйымдастыру
№ 3 шақыртудың жоғары нөмірі бойынша кестеге сәйкес өрт орнына негізгі 5 бөлімше мен арнайы автокөлікте 3 бөлімше келеді.
Өрт сөндіруге тартылатын күштер мен құралдар және олардың шоғырландырылу уақыты
Өрт дәрежесі
|
Бөлімшелердің орналасқан орны
|
Өрт автокөліктерінің саны мен түрі, дана
|
Әскери есеп саны, адам
|
Өрт бөлімшелерінен нысанға дейінгі арақашықтық, км.
|
Уақыты, қысқы/жазғы, мин.
|
Күштер мен құралдарды тарату уақыты, мин.
|
Ескерту
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
3
|
МӨСБ-16
|
АЦ-40 (3)
АЛГ-30(1)
|
20
|
22
|
45,6 (25,3)
|
3
|
|
3
|
ОППАСС ЖШС СГХК
|
АЦ-40 (2)
АЛГ-30(1)
|
14
|
2
|
4,8 (2,6)
|
4
|
|
3
|
«СПЗ» АҚ
|
АЦ-40 (1)
АЛГ-30(1)
|
4
|
18
|
28,8 (16)
|
5
|
|
3
|
ГУОЛЖМ
|
АЦ-30 (1)
|
2
|
20
|
43,2 (24)
|
6
|
|
3
|
«Өрт сөндіруші» АҚФ
|
АЦ-40 (1)
|
4
|
0.5
|
2,4 (1,3)
|
4
|
|
Жеке құрам 56,2 л/с шығынымен, яғни, өртті сөндіру үшін ГТҚК бөлімшелерінің ГПС-600 5 оқпанының берілуін және сыйымдылықтарды, генераторлар мен құрылыс құрылымдарын қорғауға «Б» 8 оқпанының берілуін, судың берілуін қамтамасыз етеді. Ізінше, аға ӨСБ БББ-ға күштер мен құралдардың жеткілікті екендігі туралы хабарлайды.
Өрт орнына аға жедел тұлға келген кезде оған өрт кезінде құрылған жағдай мен қабылданған шешімдер туралы баяндалады. Аға жедел басшы барлау жасау арқылы жағдайды өзі нақтылайды және ӨСБ әрекеттерін бағалайды.
Барлау жасау барысында аға жедел басшы келесі жағдайларды анықтайды:
адамдар үшін қауіптің болуын;
олардың болған орнын, құтқару жолдары мен тәсілдері;
өрт орны мен көлемі, өрттің таралу жолдары;
күштер мен құралдарды енгізудің мүмкін болатын жолдары мен бағыттары;
ғимараттағы шиеленіс шешілді ме;
құрылымдарды ашу мен бөлшектеу қажеттілігі мен орындары;
шешуші бағыттарды таңдаудың дұрыстығы.
технологиялық жабдықтардың тоқтау және электр энергиясының сөніп қалу мүмкіндігі;
шахтаға көмірдің берілуі кезінде қоспалар ретінде жеңіл тұтанатын және жанатын қоспаларды, гидро жүйелерге майдың берілуін тоқтату мүмкіндігі мен қажеттілігі;
өрттің жүк тиеу тораптарында, автокөлік галереяларында, май және кабелді туннелдерде, подвалдарда, машина залында таралу мүмкіндігі.
Аға жедел бастық өрт сөндіру басшылығын өз мойнына алады және БББ-ға өрт кезінде орын алған жағдай туралы ақпарат береді және № 3 жоғары шақыртуы растайды.
Өрттің сөндірілуін ұйымдастыру және басқару үшін ӨСБ келесі құрамда жедел штаб құрады:
штаб бастығы;
тыл бастығы;
нысан әкімшілігінің өкілдері;
қаланың өзара әрекет ететін өкілдері.
Штаб бастығы болып Ақмола облысының «СП және АСР» ММ бастығы тағайындалады. ӨСБ жедел штаб құрамының алдына міндеттер қояды. Бөлімшелерді жақсы басқару үшін штаб орны негізгі кіре берістен 15-20 м. орналастырылады.
Өртті оқшаулау мен жою үшін күштер мен құралдарды енгізу әр түрлі бағыттарда жүргізілетіндігін есепке ала отырып, ӨСБ төрт әскери учаске құру туралы шешім шығарады.
ЖА-1есік арқылы батыс жақтан.
Міндеті: Машина залындағы өртті оқшаулау, оттың көршілес тұрғын-жайларға таралуына жол бермеу. Участкеге «Өрт сөндіруші» АҚФ, МӨСБ-16 берген 3 ГПС-600, 3 ГТҚК бөлімшесі беріледі.
ЖА-2 – залдың есігі арқылы оңтүстік-шығыс жақтан кіреді.
Міндеті:Машина залындағы өртті оқшаулау, оттың көршілес тұрғын-жайларға таралуына жол бермеу. Участкеге МӨСБ-16 берген 2 ГПС-600, 3 ГТҚК бөлімшесі беріледі.
ЖА-3 –0.00 м. белгісінен кіреді.
Міндеті: Генераторлар тұрғын-жайын мүмкін болатын жанып кетуден қорғау. Учаскеге МӨСБ-16, ОППАСС ЖШС СГХК, ГУОЛЖМ күштері жіберген 4 РСК-50 жіберіледі.
ЖА-4 – - 3,00 м және + 6.00 м белгілері кіреді.
Міндеті: Құрылыс құрылымдарын қорғау.Учаскеге МӨСБ-16, «СПЗ» АҚ күштері жіберген 4 РСК-50 жіберіледі.
ӨСБ жеке өзі немесе ШБ арқылы әскер учаскелердің бастықтарын тағайындайды (өртке қарсы қызмет бөлімшелері мен басшылық етуші құрам келгенге дейін).
ӨСБ НБ-ға күштер мен құралдарды өрт сөндіруге енгізу тізбегі туралы тапсырманы анықтайды және қояды. ӨСБ ШБ келесі міндеттерді қояды: өрт сөндіру үшін күштер мен құралдарды орналастыру;өрт кезінде байланыс ұйымдастыру; өрт туралы БББ-ға мәліметтер жіберу; жедел құжаттама енгізу.
ӨСБ ТБ-ға міндетті жеке өзі немесе ШБ арқылы қояды: № 3 жоғарғы шақырту бойынша келуші техниканы су көздеріне орналастыру және қарсы алуды ұйымдастыру; 3 ГПС-600, төрт РС-50 өрт сөндіруге берілуін қамтамасыз ету.
Сонымен, күштер мен құралдар әр түрлі бағыттардан келетін болғандықтан, ӨСБ «Өрт сөндіруші» АҚФ екінші бөлімінің командирін тыл бастығының көмекшісі етіп тағайындайды.
Тапсырма бергеннен кейін ӨСБ:
өрт кезіндегі жағдайлардың өзгеруі үшін үздіксіз бақылауға және оларға сәйкес шешімдер қабылдауға;
бөлімшелер арасында өзара әрекеттер ұйымдастыруға;
штабпен байланыс ұстап тұруға және қабылданған шешімдер мен өрт кезіндегі жағдайлар туралы хабарлап отыруға;
өзінің берген әр тапсырмасының орындалуын тексеруге;
өрт себептерін және өрт туралы актіні құрастыруға қажетті басқа да мәліметтерді анықтау үшін шаралар қолдануға;
өртті тоқтатқаннан кейін жеке өзі өрт орнын аралап шығуға және оттың сөндірілгендігіне көз жеткізуге, өрт орнын бақылау қажеттілігі мен мерзімін анықтауға міндетті.
ӨСБ-дан тапсырма алғаннан кейін, ШБ штаб жұмысын ұйымдастырады және ӨСБ шешімінің іске асырылуын қамтамасыз етеді. ШБ күштері мен құралдарын басқару үшін өрт кезінде байланысты ұйымдастырады. ӨСБ, ТБ және әскери учаскелер бастықтарымен байланыс үшін ШБ тасымалданатын радиостанцияларды, ал, БББ-мен байланыс үшін АЦ-40 радиостанциясы мен жергілікті телефонды қолданады. ӨСБ бұйрықтарын бөлімшелердің басшыларына берілуін қамамасыз етеді. ӨСБ-ға қабылданған шешімдер туралы баяндайды. Өрт сөндіру барысында ШБ өрт кезіндегі жағдайды зерттейді, үздіксіз барлауды ұйымдастырады және ЖАБ мен нысан өкілінен мәліметтер жинайды; ӨСБ-ға барлау нәтижелері мен өрттің сөндірілу барысы туралы баяндайды. Штаб бастығы ӨСБ бұйрықтарының орындалуы үшін үнемі бақылауды қамтамасыз етеді, жедел құжаттаманы жүргізеді.
ӨСБ-дан тапсырма алғаннан кейін ТБ келген техниканы қарсы алуды және жақын орналасқан су көздеріне орналастыруды ұйымдастырады. Ең жақын орналасқан су көздері өрт гидранттары болып табылады.
Судың тоқтаусыз берілуін қамтамасыз ету үшін ТБ сорғылар жұмысының тәртібін қамтамасыз етеді. Жұмыс барысында ТБ техниканы толық қуатта қолданады, тармақтардың күзетілуін қамтамасыз етеді және полиция қызметкерлерінің көмегімен өрт аумағының қоршалуын ұйымдастырады, су құбырындағы тегеурінді арттыру бойынша шаралар қолданады және жедел құжаттама жүргізеді.
Өрт сөндіру кезіндегі қауіпсіздік техникасы
1. Машина залындағы өрт сөндіру ТОЖҚК-тағы жеке құраммен жүргізілуі қажет. ТОЖҚК-тағы жұмыс ҚР ТЖМ 2010 жылғы 22.12 № 446 «Газдытүтінді қорғаныс қызметі жөніндегі ереже» бұйрығымен белгіленген қауіпсіздік талаптарын сақтау арқылы орындалады.
2. Авто және үш аяқты сатылардың орын ауыстыруына жол берілмейді.
3. Күштік және жарық беретін желілерді сөндіру қажет.
4. Өрт сөндіру кезінде әр жұмыс істеуші құрылыс құрылымдарының жағдайын байқауы қажет.
5. Өртті жою кезінде қауіпсіздік техникасы үшін жауапты тұлға тағайындалады.
6. Қабаттардан ғимарат жанында жұмыс істеп жатқан тұлғаларға ескертпей әр түрлі материалдарды лақтыруға тыйым салынады.
7. Жүргізушіге өрт кезіндегі жұмыс кезінде ӨСБ бұйрығынсыз су беруіне немесе оны тоқтатуға, сорғы жұмыс істеп тұрған кезде автокөліктің орнын ауыстыруға тыйым салынады.
8. Өртті сөндірер алдында нысан әкімшісінен жануды жою бойынша іс-шараларды жүргізуге жазбаша рұқсат алу қажет.
6.3. ЖЭО ашық паркінде өрттің негізгі өлшемдерін болжамдау
Өрт көлемі 10000 м3№5 резервуарда туындады.
Нысанды зерттеу кезінде жедел-тактикалық қарым-қатынаста жанғыш-майлағыш материалдардың ашық паркінде өрт тындау кезінде машина залына қарағандағыдан кем емес жағдай орын алатындығы белгілі болды. Кәсіпорынға елеулі түрде материалдық шығын келтіріледі. Ашық паркте әр түрлі және әр түрлі мақсаттарға жұмсалатын жанғыш-майлағыш материалдардың едәуір көп мөлшері орналасқан.
Өрттің анағұрлым көп аумағы жанғыш сұйықтықтан ең жоғары жылдамдықпен таралатын анағұрлым үлкен көлемді сыйымдылықтан өрт туындаған кезде болуы мүмкін.
Өрттің еркін даму уақытын анықтаймыз (оның туындаған сәтінен бастап «Өрт сөндіруші» АҚФ оқпандарын сөндіруге енгізілген уақытқа дейін)
Достарыңызбен бөлісу: |