«Қағаздар әлемі» Мақсаты: Балаларға қағаздың шығу тарихы мен оның пайдасы туралы түсіндіру



жүктеу 105,95 Kb.
Дата25.11.2017
өлшемі105,95 Kb.
#1593


Байтекова Мерей Жақсыкелдіқызы

«Zhuldiz-Аrdak» балабақшасының тәрбиешісі.

Семей қаласы



«Қағаздар әлемі»

Мақсаты: Балаларға қағаздың шығу тарихы мен оның пайдасы туралы түсіндіру. Балаларды табиғи материалда жасалған заттардың түрлерімен таныстыру. Балалардың қағаз туралы түсініктерін бекіту,оның қасиеттері туралы білім беру;
Міндеттері:

  1. Балаларға қағаздың түрлерін таныстыру.

  2. Қағаздармен жұмыс жасауды үйрету.

  3. Өздерінің ойларын жүзеге асыруды дамыту.

  4. Қағаздан өздеріне қажетті заттарды т.б. жасауды үйрету.

     1. этап- Дайындық кезеңі.

        Көркем әдебиеттер жинақтау: тақпақтар, ертегілер, жұмбақтар, әр түрлі қағаздардың түрлері.

     2. этап- Зерттеу.

       Қағаз туралы әңгімелеу. Оның шығу тарихы туралы айту. Қағаздан жасалған бұйымдар туралы әңгімелеу. Қағаздың түрлерімен танысу. Қағаздан жасалған ойыншықтармен танысу.

     3. этап – Қорытынды.    

Қағаздан жасалған бұйымдардан көрме ұйымдастыру.



Жобаның актуалдылығы:

Әр мектеп жасына дейінгі балалар – кішкентай зерттеушілер. Олар әр нәрсеге қызыға қарайды және де өздеріне берілген тапсырманы қызыға орындайды. Болашағына деген белсенділігін арттыруға көмек көрсету. Осы жастағы баланың іс -әрекетінің түрі эксперимент-зерттеу жұмысын жасау болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалар үш жақты іс-әрекет түрін көрсете алады: «Сезіну – Тану – Жасау (істей алу)».

Қағаз – баланың қолы жетімді материалдардың бірі. Оны тек қана сурет салуға, жапсыруда т.б. ғана қолдана бермейміз, сондай-ақ әр түрлі көлемді көркем құрастыруларда да қолданады. Балалар қағазбен белсене жұмыс жасай алады, бірақ оның қалай жасалып, қайдан келгені туралы бейхабар. Балалар қағаздан әр түрлі бұйымдар жасағысы келеді. Осы тұрғыда ата-аналарды да араластыруға болады. Ата-аналар мен балаларға бірлесе атқаратын үй тапсырмаларын, жұмыстар беруге болады.

Тосын сый сәті: Балаларға умаж қағаздан жасалған ішінде тәтті кәмпиттері бар«Қызғалдақ» гүлі таратылады.



Жүргізу барысы:

-өз бетінше ізденіс,

-нәтижеге қол жеткізу,

-қорытынды жасау, іс-тәжірибемен бөлісу.



Ата-анамен жұмыс:

  • «Баламен бірге құрастырамыз»;

  • Үй тапсырмасы: «Қағаздан жасалған бұйымдар».



Жобаның этаптары:

Шаттық шеңбері:

Алдымыздан кезіккен,

Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен,

Біздер сәлем береміз.

Сәлеметсіз бе? ағай - деп

Сәлеметсіз бе? апай - деп

Есенсіз бе? әжей - деп

Амансыз ба?атай- деп

Ұл-қыз сәлем береміз,

Өнегелі өренбіз.

Білер қазақ баласы

Сәлем сөздің анасы!

Балалар біздің балабақшамызда бір айлық «Біздің үйімізжәне ондағы бұйымдар» атты жоба өтілуде. Қане кім айтады қандай жобалар болды?

«Ағаш әлемі» «Темір әлемі»

Біздің үйіміз

және

ондағы бұйымдар

«Әйнек әлемі» « Қағаз әлемі»


Қағаз туралы жұмбақ:

Аппақ ұлпа бетіне,

Әсем бейне саламыз.

Сөз, сөйлемді, мәтінді,

Қаламмен көрем жазамыз. (Қағаз)

Жобаның жоспары


Нені білеміз?

Нені білгіміз келеді?

Біз қалай білеміз?

  • Қағазды білеміз.

  • Кітаптарды білеміз.

  • Ашық хатты білеміз.

  • Дәптерлерді білеміз.

  • Түрлі-түсті қағаздарды білеміз.




  • Қай кезден бастап пайда болғанын;

  • Қағаздың қалай қайдан пайда болатынын;

  • Қағаздың неден жасалатынын т.б.




  • Ата-аналардан сұраймыз.

  • Тәрбиешіден сұраймыз.

  • Кітаптан оқимыз.

  • Видео материалдардан көреміз.

  • Іс-тәжірибе арқылы зерттейміз.

  • Ойын арқылы анықтаймыз.

  • Көрмені тамашалаймыз т.б.

-Иә балалар, бүгін балабақшамызда Қағаздар әлемі атты жоба өтілмекші.

- Балалар сендер қағаздан не жасалатынын білесіңдер ме?

- Кітап, дәптер,түсқағаз, т.б

Алдымен қағаз пайда болмай тұрғанда адамдар нені пайдаланғаны туралы анықтап біліп алайық.

Сендер қағаздан не жасалатынын біледі екенсіндер. Бірақ қағаздың шығу тарихына үңіліп қарасақ

Алдымен суреттерге назар аударайық, суретте әр ғасырда, әр елде пайдаланған жазу құралдарының суреттері бар. Балалар сол суретке қарап жаңа мағлұмат алады.


  • Балалар қалай ойлайсыңдар кітап неден жасалған?

  • Қағаздан, картоннан.

  • Дұрыс. Айтыңдаршы ағаштардың қандай маңызы бар?

  • Жасыл ағаштар ауаны тазартады, табиғатқа көрік беріп тұрады, үй, жиһаздар т.б. заттар жасайды.

  • Балалар сонымен қоса ағаштан қағаз жасалады екен сол туралы тоқтала кетсек...

  • Балалар сонымен қоса, ағаштарды аққайың, емен, бамбук сияқты ағаштардан жасайды екен.

Қазіргі жаңа технологиямен даярланатын қағаздың әдісінің слайд.

  1. Қазіргі заманда қағазды қарағай немесе емен ағаштарынан көп белең алған. Фабрика осы ағаштарды кесіп әкелген соң, олардың сыртқы қабықтарын тазартып, қырады.

  2. Сонан соң, арнайы үгіткіш машина арқылы өңделген діңдерді үгітіп, ұсақтайды. Діңдер керекті деңгейге үгілген соң, оны електен өткізіп, көлеміне қарай үгінділерді бөледі. Осылайша өңделген шикізаетты арнайы қазанға салып, қайнатады. Қайнатып жатқанда қазанға арнайы қышқыл қосылады.

  3. Пайда болған арнайы ботқаны арнайы машиналар арқылы лента күйіне түсіреді. Осылайша бірнеше рет өңделіп пайда болған лента таспаларға оралып, оларды қиып, дәптер күйіне түсу үшін типогафияға жіберіледі.

Қағаздар типографияда арнайы қайшылар арқылы қиылып, бізге жол тартады.


  • Сонымен қоса қағаздың бірнеше түрі болады екен.

- Картон (Ол қатты тығыз болады.)

- Умаж қағаз (Ұстағанда жұмсақ, түрі умаждалған болады);

- Түрлі-түсті қағаз (олар жай қағаз тәріздес, бірақ түрлі-түске боялған болады).

- Жай қағаз(Ол күделікті өзіміз пайдаланып жүрген беті тегіс, ақ қағаз)

- Пергамент қағазы (Мұндай қағаз шытырлақ, сарғыш түсті болады.)

- Майлық қағаз (Ол умаж қағазға ұқсас жұмсақ жеңіл, жұқа болады.)



Д/о: «Қағаздан жасалған затты тап!»

Барысы: балалар үстелдегі пластмасса, темір, тері, ағаш, қағаз түрлерінен т.б. заттардан жасалған ойыншықтарды ұстап олардың қандай материалдан жасалғананын анықтап айтады.

Балаларға қағаз түрлері таратылады.



  • Балалар сендердің алдарыңда қағаздың үлгілері жатыр, соған зер салып қараңдаршы, қағаз қандай болады екен?

  • Жұқа, тығыз,тегіс, ақ қағаз, түрлі-түсті қағаз.

Жарайсыңдар балалар. Енді біз қағаздың қасиетін анықтау үшін бірнеше тәжірибе жасап көрейік.

Тәжірибе№1.

Тәрбиеші ашық түсті ойыншықты алып, оны үстел үстіне қояды. Алдымен тәрбиеші әйнек алып, балалар сол әйнек арқылы ойыншықты қарайды.



  • Біз ойыншықты неліктен көріп тұрмыз?

  • Өйткені әйнек мөлдір.

  • Енді әйнектің орнына қағаз парағын аламыз. Қағаз парағы арқылы ойыншық көрініп тұр ма?

  • Жоқ.

  • Өйтекні қағаз мөлдір емес. Бұл қағаздың қасиеті. Балалар, қағаз қандай?

  • Қағаз мөлдір емес.

Тәжірибе№2.

  • Қазір екінші тәжірибені жүргіземіз. Үстел үстінде ішінде су құйылған екі стакан тұр. Бірінші стаканға металл қасықты, ал екіншісіне қағаз сүрткішті (салфетка) саламын. Қасық салған стаканда не байқадыңдар?Ештеңе. Ал сүрткіш қағазымызға не болды? Ол толығымен ылғалданды. Балалар сендер қалай ойлайсыңдар, жаңбырлы күні қағаздан жасалған қолшатырмен далаға шыға аламыз ба?Жоқ. Өйткені қағаз қолшатырдан су өтіп кетеді. Бұл қағаздың екінші қасиеті.

  • Балалар қағаз қандай?

Балалар: қағаз тез ылғалданады, яғни тез су өткізеді.

Тәжірибе№3. Балаларға қағазды мыжуға ұсыныс білдіру, ендігіде қатты затты мыжыту. Не мыжылады? Не мыжылмайтындығын айтып түсіндіру.

Тәжірибе№4. Балалардың алдындағы қолданылған картон қағаз бен майлық қағазды үрлету. Қайсысы жеңіл, қайсысы ауырлығын анықтау.

Сергіту сәті: «Су Джок» әдісімен.

Балалар біз жаңа қағаз түрлерімен танысқан болатынбыз. Енді сендердің алдарыңда жеке іс-әрекет жасаудың үлгісі жатыр.Соған қарап отырып, әртүрлі қағаз түрлерінен қиып, ақ бетке жапсырып, оларды біріктіріп кітап жасаймыз.



Көрме.

-Балалар бүгін қандай жоба өтіліп жатыр?

- сендер қандай қағаз түрлерімен таныстыңдар?

- Қағаз пайда болмаған кездерде адамдар не пайдаланған екен?



Күтілетін нәтиже:

Тәрбиеленушілер біледі:

 - қағаздан жасалған бұйымдар технологиясымен танысады;

- құрастырудың негізі;

Іс-тәжірибе жинау:

-шығармашылық жұмыстарды қалыптастыру;

-экспериментті жұмыстар;

Істей алады:

 - әр түрлі қағаз түрлерімен жұмыс жасау, әр түрлі техникаларды қолдану;



 - құралдармен қолданануда қауіпсіздік ережесін ұстану;
жүктеу 105,95 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау