«адвокатура және адвокаттық Қызмет»



жүктеу 71,16 Kb.
бет2/57
Дата20.01.2022
өлшемі71,16 Kb.
#33894
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
адвакатура лекция

-Адвокат кеңсесi мекеме нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады.

-Қорғаушы - заңда белгiленген тәртiппен сезiктiлер мен айыпталушылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауды жүзеге асыратын және оларға заң көмегiн көрсететiн адам. 

-Адвокатура –азаматтар мен заңды тұлғаларды құқықтық жағынан қорғау жөнінде арнайы өкілеттілгі бар кәсіпқой заңгерлердің қауымдастығы және адвокаттық қызмет туралы заң шеңберінде әрекет етеді.

2. Дәрістер

Тақырып1. Адвокатура курсының ұғымы, пәні және міндеттері

1.Адвокатура және адвокаттық қызметтің түсінгі және негізгі белгілері

2.Адвокатура ғылымының дамуы

1.Адвокатураның қызметі, сөз жоқ, құқық қорғауға жатады. Ол ҚазақстанРеспубликасы Конституциясы мен 1997 жылғы 5 желтоқсандағы « Адвокаттық қызмет туралы» Заңның негізінде жүзеге асырылады, кәсіпкерлікке жатпайды, өйткені негізгі мақсаты реітнде пайда табуды көздемейді және мыналарды; қылмыстық істер бойынша қорғауды; азаматық ,әкімшілік, қылмыстық және басқа істер бойынша өкілетті.Сондай-ақ азаматар мен заңды тұлғаларға өзге де заңгерлік көрсетуді алқа қояды.

Мәселен, ол консультатциялар ,түсіндірулер ,кеңестер беруден ,кәсіпқойлық білімді талап ететін мәселелер бойынша жазбаша тұжырымдамалар жасаудан ,талап арызарын ,шағымдарын,құқықтық сыйптаттағы өзге де құжаттар жазудан ,жеке және заңды тұлғалалар анықтау органдарында ,алдын-ала тергеуде ,соттарда ,мемлекеттік және өзге де органдарда ,ұйымдарда және азаматтармен қарым-қатынаста уәкіл болудан және оларды қорғаудан көрінеді.

Авокатура мемлекет кепілдік берген және Конституциямен бекітілген адамның өзінің құқықтарын бостандықтарын сот арқылы қорғау және білікті заңгерлік көмек алу құқығын жүзеге асыруға міндетті.

Адвокатураны ұйымдастыру және оның қызметі мынандай принцитерге сәйкес құралады: адвокаттардың өз қызметін іске асырудағы туәелсіздігі; бұл қызметті заңдармен тыйым салынбаған әдістермен жолдарымен жүзеге асыру; тікелей заңдық актілерде қаралған жағдайларды есептемегенде , прокуратура, соттар, анықтау алдын ала тергеу органдарының өзге де ұйымдар мен лауазымды адамдардың адвокаттар қызметіне араласуына жол берілмейтіндігі ;кәсіпқойлық мінез-құлық сақтау және адвокаттық құпияны сақтау.

Адвокаттар қызметі заңмен кепілденеді және ол мемлекеттік органдардың , қоғамдық бірлестікте0рдң және лауазымды адамдардың адвокаттар қызметіне төте немесе жаңама түрдегі қандай да болмасын араласуға үзілді-кесілді тыйым слнатындығынан көрінісін табады. Өзінің кәсіптік міндетін іске асруға байланысты мәлім болған жағдайлар бойынша адвокаттан куә ретінде жауап алуға тыйым салынады. Адвокаттардан және олардың ұйымдарынан , заңда бекітілген жағдайларды есептемегенде ,белгілі-бір адамға көмек көрсетуге байланысты қандайда болмасын мәліметтер беруді талап етуге ,сондайақ адвокаттын құжаттарын және адввокаттың басқа іс жүргізу матеиалдарын қарауға алуға алып тастауға және тексеруге рұқсат етілмейді.Адвокаттың өзінің заңгерлік көмек көрсететін адаммен тенестіруге ,қорғайтын адамммен жеке кездесуге рұқсат беруден бас тартуға тыйым салынған.Анықтау ,алдын ала тергеу және сот органдары адвокаттың іске қатысқан сәттен бастап ,оның қорғаудағы күзетке алынған адамның ісі аяқталғанға дейін іске қатысуға жіберілетіндігі жөнінде дереу жазбаша растау беруге міндетті.

Заңгерлік жоғарғы білімі бар ,заңгерлі маманы бойынша жұмыс стажы екі жылдан кем емес, адвокаттық қызметті іске асыруға құқық беретін лецензиясы бар және адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары адвокат бола алады

Қасақана жасаған қылмысы үшін сотталған бегіленген тәртіп бойынша әрекет жасауға қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған ,адвокаттар алқасынан шығарылған ,сондайақ тәртіптік теріс қылықтары үшін құқық қорғау органдарынан шығарылғанынан бір жыл өтпеген күннен бастап адамдар адвокат бола алмайды.

Адвокаттың өз өкілеттігін жүзеге асыраралықтай жеткілікті құқықтары бар. Мәселен, ол кез-келген немесе жеке тұлға қайтарымды ,қайтарымсыз негізде кез келген заңгерлік көмек көрсете алады. Сонымен бірге қорғауға және өкілдікке байланысты заңгерлік көмек ақысының шығындарының орнын жабудың мөлшері тараптардың келісімі бойынша белгіленеді.Заңда қарастырылған жағдайда көмек көрсету және шығындар ақысы республикалық бюджет немесе өз есебінен төленеді.Мәселен адвокаттың қатысуы міндетті болып есептелетін қылмыстық істер бойынша және қорғаудағы адамның қаржы болмаған жағдайда ақы анытау алдын ала тергеу органдарының қаулысы немесе сот шешімі бойынша төленеді.Адвокаттар алқасы немесе адвокат кеңесі есебінен адвокат өз сенімін білдірушілеріне олардың өтініштері бойынша мынандай қызметтеркөрсетеді.Бірінші буын соттарда талап иелеріне алимент өндіріп алу жөнінде асыраушының төлеміне байланысты залалдың ,жұмысқа байланысты жарақаттың немесе денсаулыққа түскен басқада зақымданудың орнын толтыру жөнінде ;Ұлы Отан соғысына қатысуларға және соған теңестірілген адамдарға, мерзімдік қызметтегі әскери қызметкерлерге, бірінші және екінші топ мүгедектерге, жасы үлғайған зейнетекрлерг, егер кәсіпкерлік қызметтпен байланысты болмаса консультатция берген кезерде; азаматтарға ақтау мәселелері бойынша консультатация берген кездерге.




жүктеу 71,16 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау