«адам қҰҚЫҒЫ» ПӘннін оқУ-Әдістімелік кешені


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



жүктеу 0,66 Mb.
бет7/8
Дата14.11.2018
өлшемі0,66 Mb.
#19433
1   2   3   4   5   6   7   8

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Үкіметтік емес ұйымдар: мазмұны, түрлері.

  2. Ұлттық құқықты қорғаудағы үкіметтік емес ұйымдардың маңызы.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Искакова Г.К. Современность: права и свободы человека. Монография. Семипалатинск, 2013.-299 с

  2. Сборник документов по международному праву в области защиты прав человека. Алматы: САК, 2003.- Т.1. – 576 с.

  3. Права человека. Основные международные документы. - М.: Международные отношения, 2009. - 157 с.




13. Адам құқықтарын бекітудегі саяси партиялар мен бұқаралық ақпарат құралдардың рөлі

Тақырыптың мақсаты: қарастырылып отырған мәселеле бойынша негізгі анықтамаларға сипаттама беру, жан-жақты қарастыру, сипаттама беру.

Жоспары:


Саяси партиялардың жалпы ұғымы. Азаматтық қоғамның институттары. Саяси партияларды құрудың құқықтық тәртібі. Саяси партиялардың тіркелу тәртібі. Саяси партиялардың бағдарламалары.Саяси партиялар қозғалысы. БАҚ ұғымы және әрекеті.

Кез келген қоғамның саяси жүйесі әрқашан дамуда және өзгерісте болады. XIX, XX ғасырларда және XXI ғасырдың басында Қазақстан халқы мәні және түрі жағынан үлкен айырмашылығы бар 4 саяси жүйенің ауысуын басынаң өткізді: дәстүрлі «номадтық», ресейлік «императорлық-монархиялық», кеңестік «псевдо-федералистік», қазіргі заманғы «республикалык-демократиялық». Қазақстан қоғамының құрылымдық саяси салаларын өзгерістер мен маңызды трансформациялық бастамалар қамтыған. Мемлекеттегі билік құрылысы мен ұйымдасуы егеменді мемлекетті құру кезінде аса үлкен маңызға ие болды. Мемлекеттіліктің болмысы егеменділіктің қалыптасуымен не бұл мемлекеттіліктің құлдырап, басқаларға тәуелді болуымен анықталады.

Трансформация кезеңіндегі басқа да мемлекеттерге де сиякты Қазақстан үшін биліктің саяси құрылымының тиімді үлгісін таңдау, биліктің шиеленіссіз өзара әрекеттесуін ұйымдастыру мәселесі тұрды. XX ғасыр аяғында Қазақстан өз тарихының жаңа парағы - тәуелсіздік қарсаңында тұрды. КСРО-дағы реформалар шеңберінде Қазақстанның саяси және экономикалық дербестігін бекітуге бағытталған белсенді қадамдар жасалды. «Қазақ ССР Президенті лауазымын қалыптастыру туралы және Қазақ ССР-ның Конституциясына (Негізгі Заңына) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақ ССР қабылдаған заңға сәйкес президент институты бекітіліп, 1990 жылдын 24 сәуірінде Республиканың Жоғары Кеңесі Н.Ә.Назарбаевты Қазақ ССР-ның түңғыш Президентін сайлайды. 1990 жылдың 25 қазанында елдің жоғары заң шығарушы органы егеменді Қазақстан қазірғі заман тарихында үлкен бетбұрыс болған «Қазақ ССР мемлекеттік егеменділігі туралы Декларацияны» қабылдады. Бұл елде мемлекеттік биліктің үстемдігін және оның сырткы саяси қарым-қатынастарда оның тәуелсіздігін жариялау туралы мемлекеттің алғашкы ресми бағдарламалық мәлімдемесі болды. «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі Қазақстан халқының тілегін білдере, бірігу мен халықтар достастығын бекітуді маңызды мақсаттардың бірі ретінде есептеп, республиканың барлық азаматтарының лайықты және тең жағдай өмір сүруін қамтамасуз етуге, адам құқықтарының Декларациясын және ұлттың өзін-өзі анықтау деген құқығын мойындай, қазақ ұлтының тағдыры үшін жауапкершілікті сезіне, адамгершілік демократиялық кұқыктық мемлекетті құру шешімін сезіне отырып, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасынын мемлекеттік егеменділігін жариялап, осы декларацияны қабылдайды.

Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы егеменді мемлекет бола отырып, басқа мемлекеттермен егеменді республикалардың Одағына ерікті түрде бірігеді және келісім-шарт негізінде өзара қарым-қатынас жасайды. Қазақ ССР Одақтан ерікті түрде шығу құқығын өз үлесіне қалдырады.

Еріксіз түрде Қазақ Автономды республикасының алғашкы Құрылтай съездінде (4-12 қазаң, 1920ж. Орынбор) Қазақ АССР-ның енбекшілері кұқықтарының Декларациясының қабылданыуымен, ОСК және СНК сайлаумен қазақ халқының тарихында алғаш рет оның ұлттық мемлекеттілігін қалыптастыруға бағытталған 1920 жылдардағы оқиғалар еске түседі. Бірақ тоталитарлық-коммунистік режим жағдайында тәуелсіздік пен егеменділік жоққа шығарылып, тек 1990 жылдың қазаңында ғана Қазақстан шын мәнісінде тәуелсіз мемлекет құруға мүмкіндік алды. Сонымен, Егеменділік туралы Декларация Қазақстан тәуелсіздігінің саяси-құқықтық қайнар көзі бола отырып, кейінірек Қазақстан дамуының болашақ үлгісін анықтаған болатын.

90 жылдардың басындағы саяси жағдай ерекшеліктері Қазақстан қоғамының барлық күштерінің бірігуін талап етті. Үш славян мемлекеттерінің жетекшілері 1991 жылы 8 желтоқсанда Беловежде, Белоруссия басшыларының (кезінде Никита Хрущевтің) резиденциясында келесі құжатқа қол қойды: «КСРОдағы халықаралық құқық ретінде және геосаяси шынайылылық ретінде өз өмір сүруін тоқтатты». 16 қазаңда 1991ж. Қазақ ССР-ның Президентін сайлау туралы жарлыққа қол қойылды. Мемлекет басшысы басталған реформаларды жалғастыруда бүкіл халықтың сенімін алу үшін Қазақстан Президентінің бүкіл халықтық сайлауын өткізу саяси шешімін қабылдайды. 98 пайыз Қазақстандықтардың қолдауына ие болып, 1 желтоқсан 1991 жылы Н.Ә.Назарбаев бүкіл халықпен сайланған тұңғыш президент болды. Парламентпен емес, бүкіл халықпен сайланған президенттің саяси беделі халықаралық аренада да, елде де өлшеусіз жоғары болды. Ал мемлекет 10 желтоқсан 1991 ж. «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын өзгерту туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы деп жарияланды.

1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына Президенттің қол қоюы және жаңа тәуелсіз мемлекеттің шынайы егемендігін жариялау тарихтағы өмірлік маңызға ие болды. Егеменділікті жариялаумен Қазақстан Республикасы парламентаризмінің тарихы басталды. Қазіргі заман жағдайында парламентаризмнің қалыптасу және даму процесі үлкен қызығушылық танытты.

25 наурыз 1990 жылы Қазақстанда Қазақ ССР-ның Жоғарғы Кеңесіне шақырылымына Қазақстан тарихында алғаш рет тұңғыш демократиялық сайлау өткізілді. 1990ж. пайда болған алғашқы парламент 1990 жылдың сәуірінен 1993 жылдың желтоқсанына дейін әрекет етті. Ескі номенклатуралық элитаны кетіру оның мәні болып табылды. Қазақстан территоряисында ешкашан заң шығарушы және өкілдік органға мұндай бәсекелескен сайлау өткізілмеген. Сайлау алдындағы күреске 360 депуттаттық мандат үшін 2 мыңнан аса үміткерлер қатысып, республикалық қоғамдық ұйымдардан 90 жуық адам сайланды. Бұл саяси жүйенің трансформациясын білдірді. Өзіндік заңнама негізін салу қазақстандық парламенттің маңызды мақсаттарының бірі еді. Бұл бір палаталы парламент Қазақстан Республикасының мемлекеттік кұрылыс негіздерін және тәуелсіздігін бекітетін «Мемлекеттік егеменділік туралы Декларацияны», «Мемлекеттің тәуелсізідігі туралы» Конституциялық Заңды, алғашқы посткеңестік Конституцияны (28 қаңтар 1993ж.) қабылдады; 265 заң қабылдап, жеткілікті деңгейдегі заңнамалық негізді салды. Сонымен, Қазақстан Республикасының егеменділігін және тәуелсіздігін дамытуға кажет заңнамалық негіз, ұлттық тәуелсіздікті, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарына кепілдікті қамтамасыз етудің сапалы жана кезеңіне ауысу бастамасы салынды. Алайда КОКП жетекші рөлімен тығыз байлынысты және тәуелді болуы Кеңестің билік құрылымы ретінде жағдайы басқа жүйелі сипаттамалардың өзгеру сәтінен бастап құлдырай бастады. Байланыстырушы элемент ретінде коммунистік партияның саяси алаңнан кетуімен жүйе құлдырады. Күрделі әлеуметтік-экономикалык және саяси жағдайлар биліктін заң шығарушы және өкілдік органының тұракты негізде жұмыс істеп, қызметінің өзгеруін талап етті. 1993 жылғы Конституцияға сәйкес Жоғарғы Кеңес биліктің бөліну принципін жүзеге асыруды қиындататын үлкен өкілеттіктерге ие болды. Бұл өкілді органға үкіметтің қызметіне араласуға немесе оны ауыстыруға мүмкіндік берді. 1993 жылдың күзінде Кеңес түріндегі өкілдік органдар жүйесі құлдырады. Өзін-өзі таратудың бұқаралық процесі парламенттің өзімен Жоғарғы Кеңестің өкілеттігін мерзімнен бұрын тоқтату туралы Заң қабылданады. Тереңдетілген реформаларды жалғастыру үшін Президенттің тікелей қатысуымен және басшылығымен құрастырылған жаңа Конституцияны қабылдау туралы республикалық референдум үлкен маңызға ие болды. Нәтижесінде 1995 жылдың 30 тамызында тұрақтылықты қамтамасыз ететін биліктің бөліну принципінің нақты жүйесі жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданады. 1995 жылғы Конституция негізінде өз қызметін 1996 жылдың 30 қаңтарында бастаған жаңа екі палаталы парламент қалыптасты.

1999 жылдың күзінде Орталық Азияда алғаш рет Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісіне парламенттік типтегі саяси партиялардың құрылу процесін тездеткен және жандандырған пропорционалды өкілеттік негізінде партиялық тізім бойынша (10 депутат), Парламентке саяси партиялардың сайлануына мүмкіндік берген аралас тәсілмен сайлау өткізілді. Мажоритарлы бір мандатты округтерде 547 үміткер тіркелді (1 орынға 8 адам). 2007 жылғы Конституциялық реформа Қазақстанда жаңа сападағы саяси жүйенің пайда болуына мүмкіндік берді деп айтуға болады. Парламенттің өкілеттіктерінің кеңейтілгендігін сипаттайтын Конституциядағы өзгерістер мен толықтырулар президенттік басқарудан президенттік-парламенттік басқару түріне ауысуға мүмкіндік берді. Оның құрамындағы депутаттар санының ұлғаюы Мәжіліске сайлану тәртібін өзгертті, мемлекетке саяси партияларды қаржыландыруға рұқсат беріп, жергілікті өзін-өзі басқару институтын күшейтті. Парламенттік көпшілік негізде үкіметтің қалыптасуы және қызмет етуі маңызды, себебі Премьер-Министрді және оның кабинетін бекітуде негізгі рөл Мәжіліске тиесілі болды. Үкімет құрамын парламенттік көпшіліктегі Фракциялар қалыптастырады.

Сонымен Қазақстан Республикасының Парламентіне демократиялық мемлекеттің саяси жүйесінде және конституциялық механизмінде жетекші рөл берілді. Қазақстан Республикасын демократиялық мемлекет ретінде біртіндеп бекіту саяси-құқықтық механизмдері бар дамыған парламентаризмге деген талпынысын білдірді.



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Саяси партиялардың жалпы ұғымы.

  2. Саяси партияларды құрудың құқықтық тәртібі.

  3. Саяси партиялардың тіркелу тәртібі.

  4. Саяси партиялардың бағдарламалары.

  5. БАҚ ұғымы және әрекеті.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Искакова Г.К. Современность: права и свободы человека. Монография. Семипалатинск, 2013.-299 с

  2. Сборник документов по международному праву в области защиты прав человека. Алматы: САК, 2003.- Т.1. – 576 с.

  3. Права человека. Основные международные документы. - М.: Международные отношения, 2009. - 157 с.




14. Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі өкілеттілік

Тақырыптың мақсаты: қарастырылып отырған мәселеле бойынша негізгі анықтамаларға сипаттама беру, жан-жақты қарастыру, сипаттама беру.

Жоспары:


Омбудсмен институты. Адам құқығын қорғау жүйесін модернизациялау. Адам құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қызметі.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясында, әсіресе "Адам және азамат" деп аталатын ІІ бөлімде (10-39 баптар) адам құқықтарына қатысты қағидалар кеңінен қамтылған. Атап айтқанда, 12(2)-бабында "Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады" деп жарияланған және осыған орай 13(1) бабында "Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен  бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы" екендігі қарастырылған. "Соттар және сот төрелігі" деп аталатын  VII бөлімде сот билігі "Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және өзіне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Конституцияның... орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды" деп айырықша көзделген. Сөйтіп, Конституцияға сәйкес сот төрелігі органдарына жүгіну негізгі түрде адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың басты құралы ретінде қарастырады, ал Конституцияда мұндай қорғану мақсатында белгілі бір тұлғалар немесе заңды тұлғалар соттан тыс құралдарды немесе үдерістерді қолдананатын қандай да бір айқын ескерту жасалмаған.

Омбудсменнің немесе адам құқықтары жөніндегі өкілдің тәуелсіздігі мен бейтараптығын сақтау және жәрдемдесу, сондай-ақ мемлекетте оған тиісті орынды және осындай мекеменің жұмыс істеуі үшін өмірлік қажетті басқа мекемелер арасында жоғары беделін қамтамасыз ету үшін  бұл мекеменің мәртебесі берік заңнамалық негізге арқа сүйеуі өте маңызды.

Сөйтіп, омбудсменнің немесе адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің өкілеттіктері мен негізгі сипаттамалары, сондай-ақ оның негізгі шарттары немесе міндеттері белгіленген Конституциядағы нақты қағидалар жолымен, конституциялық деңгейде мұндай ұйымның өмір сүруіне кепілдік берілуі өте-мөте маңызды. Мұндай ережелер өте кең емес болуы мүмкін, өйткені осы мекеменің қызметі мен сипаттамасы одан ірі осындай мекеменің қызметі мен шеңберін толық көлемінде қамтитын тиісті заңнамаларда немесе ережелер жасалып, кепілдік берілуі тиіс, және сонымен бірге конституцияға сілтеме жасалуы тиіс. Конституциялық қағидалар терминдердің тар шеңбердегі құрсауына қалып қоймауы жөн. Өйткені бұл оның басты негіздерін ескере отырып бұл мекеменің ойдағыдай дамуына кедергі келтірмеуі тиіс. Ерекше атап өтетін нәрсе, ұлттық деңгейдегі омбудсмен немесе адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Конституцияның мұндай қағидалары жергілікті немесе аймақтық деңгейде немесе қоғамдық өмірдің белгілі бір салаларында мұндай мекемелерді құруға кедергі ретінде қарастырылмауы тиіс.

 Омбудсмен туралы ережелер бірқатар конституцияларда бар: Албанияда (60 – 63 баптар), Австрияда (148a – 148j баптар), Хорватияда (93 бап), Эстонияда (139 – 145 баптар), Финляндияда (108-113 баптар), Грузияда (43 бап), Венгрияда (43/B бап), Польшада (208 – 212 баптар), Румынияда (58-60 баптар), Ресейде (103 бап, парламенттің тағайындауы туралы), Словакияда (151a бап), Словенияда (159 бап), Испанияда (54 бап), Швецияда (үкіметтік мекеме, 13 бөлім, 6 бап), "бұрынғы Югославия Республикасы -  Македонияда" (77-бап) және Украинада (101 бап).

Омбудсмен немесе адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтын құруды немесе қолдауды жақтайтын елдер арасында тұтастай алғанда мұндай органға конституциялық кепілдік болуы жөн. Алайда бұл ұстаным барлығына бірдей міндетті ретінде қарастырылмайды және көптеген елдерде мұндай мекемеге кәдімгі құқық қолдану заңнамасы негізінде қолдау жасалатыны жақсы мәлім. Дегенмен мұны тарихи жағдайлармен түсіндіруге болады, яғни, бұл заңнама адам құқықтары мен бостандықтары саласындағы омбудсменнің рөлінің маңызы бүгінгідей соншалықты жоғары танылмаған кезде қабылданғанын айтқан дұрыс. Оның тағы бір себебі көптеген елдерде конституцияға түзету енгізу рәсімі өте күрделі, сондықтан да омбудсмен сияқты мекеме туралы қағиданы егер конституцияны неғұрлым кең көлемде қайта қарау үдерісі жүргізілмесе конституцияға енгізу  қиындау. Жоғарыда айтылғандардай, қазіргі қолданыстағы еуропалық және халықаралық стандарттарға сәйкес омбудсмен үшін конституциялық кепілдік, сірә, басымдық ретінде қарастырылады. Бұл туралы Еуропа Кеңесі сияқты органдардың мәлімдемелерінде Парламенттік Ассамблеяның омбудсмен құру туралы 1615 (2003) 1 Ұсынбасы ретінде айтылды. Венеция комиссиясының әртүрлі елдердегі омбудсменге немесе адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты нормалары және/немесе конституциялар туралы корытындыларында қарапайым заң немесе ережелер негіздегі бұл мекеме туралы ережемен салыстырғанда  конституциялық кепілдік туралы қағида үнемі басымдық шешім ретінде алға жылжытылып келді.

Бұл бөлімдегі қорытынды мәселе ретінде жоғарыда айтылғандарға сәйкес адам құқықтары жөніндегі омбудсменнің мәртебесі мен атқаратын қызметін реттейтін жалпы стандарттар мен нормативтік мәтіндер ұлттық парламент қабылдаған заңнамада бекітілуі тиіс, ал омбудсменнің өзін салауатты мәмілені қамтамасыз етуге жеткілікті парламенттік көпшілікпен, яғни парламенттің барлық мүшелерінің білікті көпшілігімен сайлануы тиіс екенін атап өткен жөн.

ІІ.Омбудсменнің адам құқығына қатысты заңнаманың конституциялығы туралы шешім шығару үшін Конституцияны сақтауға қадағалау жөніндегі органға жүгіну құқығы Омбудсмен немесе адам құқығы жөніндегі уәкіл мекемесі ұстанатын модель көбіне қысқаша мынадай түрде сипатталады: Бұл тәуелсіз ресми тұлға, оның басты рөлі халық, мемлекеттік және жергілікті басқару органдары арасындағы араағайын ретінде әрекет ету, сондай-ақ бұл ретте басқару органдарының қызметіне мониторингіні жүзеге асыру,  өкілеттілігі негізінде оларға сауалдармен жүгінуге және ақпаратқа қолжетімділігі болуы; адам құқығы бұзылуына және жосықсыз басқару фактілеріне  қарсы тұру және жою үшін басқару органдарына заң және кең мағынадағы теңдік негізінде ұсынбалар арқылы қайырылуға мүмкіндігінің болуы. Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін мұндай мекеменің өзінің бейтараптығын сақтауы және соған сәйкес оның сот үдерістеріне және сот істеріне қатыспауы принципті түрде маңызды. Дегенмен, әрине мұндай мекеменің көмек көрсетуді сұрағандарға оларға қажетті болуы ықтимал құқықтық қорғану құралдарын алу үшін ұсынбалар беру мүмкіндігі болуы тиіс.

Бірқатар елдерде (мысалға, Албанияда, Арменияда, Грузияда, Эстонияда, Молдовада, Польшада, Португалияда, Румынияда, Ресейде және Испанияда) омбудсмендер Конституциялық сотта заңнамалық актіге шағым бере алады. Сөйтіп, Конституциялық сотта заңдарға шағым беру өкілеттігі омбудсмен институтына тән. Егер адам құқықтарын қорғау жөніндегі жалпы мандат ауқымында омбудсменнің өкілеттігі сондай-ақ заңнама арқылы бұл құқықтардың ықтимал бұзылуынан қорғауды да қамтитын болса, онда омбудсменге бұл заңдарға шағым жасау мүмкіндігін берген жөн, соның арқасында омбудсмен олардың конституциялылығы туралы мәселе қоя алады.Осыдан келіп шығатын қорытынды, адам құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын проблемалармен байланысты конституциялық заңдар мен нормаларға немесе жалпы әкімшілік актілеріне қатысты мәселелер бойынша жалпы қаулы шығару үшін омбудсменнің немесе адам құқығы жөніндегі уәкілдің өкілеттігіне елдің Конституциялық сотына жүгіну мүмкіндігін енгізу жөн деп танылады. Омбудсменнің мұны өз бастамасымен немесе оған нақты жүгінген шағым негізінде істеу мүмкіндігі болуы тиіс. Соңғы жағдайда Конституциялық сотта қаралуы тиіс немесе арыз берушінің ұстанымы бірінші инстанциядағы жүгінуді білмейді, өйткені бұл жалпы юрисдикцияда сот мәселенің конституциялылығын Конституциялық сотқа әкеп соғуы мүмкін немесе мүмкін емес болғандықтан шағымда көрсетілген мәселелер арасындағы айырмашылығын айырған жөн.. Осыдан келіп, жоғарыда мазмұндалғандай Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі Уәкіліне Конституциялық сотқа жүгінуге өкілеттілік мәселелерін оң қарау қажеттігі туындайды. Осыған байланысты Конституциялық Кеңестің юрисдикциясы Конституцияда  белгіленгендігін (72 бап), сондықтан да мұндай шара әрі Конституцияға түзету енгізуі талап ететінін атап өткен жөн.



Омбудсменнің заңнамалық бастамаға құқығы

Баршаға белгілі кең тараған модельге сәйкес омбудсменнің немесе адам құқығы жөніндегі  уәкілдің өкілеттігіне омбудсменнің өзі немесе басқа да түрде әзірлейтін қызметі туралы жыл сайынғы есебінде, оның құзыретімен байланысты мәселелерге қатысты қолданыстағы заңдарға және басқа да заңнамалық новеллаларға түзетулер немесе толықтырулар енгізу үшін парламентке немесе заң шығару жиналысына ұсынбалармен жүгіну құқығы енгізілген. Бұл оның үстіне көптеген елдерде омбудсмен/уәкілді парламент тағайындайды және ол заң шығару органының алдында баяндама жасайды деп күтілгендіктен маңызды.  Сонымен қатар, бұл ереже бойынша омбудсмен немесе адам құқықтары жөніндегі уәкіл сияқты мекеменің бейтараптық сипатына қайшы келеді деп қарастырылады.

Егер олар өзінің құзыреті ауқымында заң шығару бастамасы құқығын иеленсе, онда бұл басқа әлеуметтік күштердің әрекетіне немесе саяси қысымға қатысты оның тәуелсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін. Бұл омбудсмен қызметін саясиландырады, өйткені парламенттік органдағы ықпалды саяси күштердің қолдауынсыз мұндай ұсыныстар табыспен аяқталмауы мүмкін. Сөйтіп, омбудсмен мұндай саяси күштерді іздеуге мәжбүр болар еді және бұл өзінің тәуелсіздігіне қауіп төндіреді. 

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес (61 бап) заңнамалық бастамашылық құқығы парламенті депутаттарына және Республика үкіметіне ғана беріледі. Соған сәйкес Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі Уәкіл туралы қолданыстағы ережеде мұндай тікелей бастамаға қатысты қағидалар жоқ. Қағидада сондай-ақ осы мекеменің заңнамалық органға қатынасы туралы уәкіл парламентке заңнамалық түзетулер бойынша жүгінуге құқылы деген тәрізді айтылмаған, бірақ та мұндай құқық уәкіл өзінің құзыреті аясында адам құқықтары мен бостандықтары саласында, сондай-ақ оларды қорғау формалары мен құралдары саласында  Республика заңнамасын жетілдіруге үлес қосатыны туралы маңызды қағидалар 19-бапта білдірілген. 

Жоғарыда айтылған қорытындыларға сәйкес Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі Уәкілі мекемесінің заңнамалық бастамалар құқығын беруден ұтатындығына күмән бар. Бұл мекеме өз міндетін орындау үшін бейтарап және тәуелсіз болуы тиіс екенін ескерер болсақ, сондықтан да омбудсменнің өкілеттігі тікелей заңнамалық бастамаларсыз, заңнамалық реформа аясында парламентке және/немесе сонымен бірге үкіметке немесе Республика Президентіне (оған қолданыстағы ережеге сәйкес уәкіл баяндамаларды жолдайды)  ұсынбалар жолдау мүмкіндігін шектеу ережесі халық мүддесіне жауап береді. Жыл сайынғы немесе арнайы баяндамалардағы мұндай ұсынбалар әрине, міндетті сипатта болмайды және мемлекеттік органдарды белгілі бір түрде әрекет етуге міндеттемейді, бірақ та олар белгілі бір мәселелер бойынша қоғамдық пікірдің назарын аударуға ықпал етуі мүмкін.

Омбудсменнің адам құқығы саласындағы қолданыстағы заңнамаға және ратификацияланған шарттарға түсінік беру құқығы.

Бұл мәселе Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге адам құқықтары саласындағы ішкі заңнамаларға және ратификацияланған халықаралық шарттарға аутентикалық (түпнұсқалық) түсіндіру мұмкіндігін беру жөн болатын салаға жатады. Бұл жағдайда омбудсмен мекемесінің қоғамдық ортада табысқа  жетуінің кілті оның бұйрық пен директивалар шығару мүмкіндігімен емес, заң мен әділеттіліке  негізделген дәйектермен көз жеткізе алуында жатыр. Осыдан шығатын қорытынды, омбудсмен заңнамалық қағидалардың мазмұны және ратификацияланған шарттар бойынша өз пікірін айта алады, оған түскен шағымдарды қараумен және омбудсменнің өз бастамасымен көтерілген мәселелер бойынша да дұрыс түсіндірме бере алады. Тұтастай алғанда, мұндай пікірлерін айту жеткілікті көлемде омбудсменнің жалпы міндеттеріне жауап береді және бұл бағалауларға міндетті күш беру бұл мекеменің идеяльдық рөлінің шегінен шығып кетеді. Сонымен бір мезгілде омбудсмен өкілеттігі мен Конституциялық соттың және тұтастай алғанда сот төрелігі жүйесінің арасында жанжал туындап кетуі мүмкін.



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Омбудсмен институты.

  2. Адам құқығын қорғау жүйесін модернизациялау.

  3. Адам құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қызметі.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Искакова Г.К. Современность: права и свободы человека. Монография. Семипалатинск, 2013.-299 с

  2. Сборник документов по международному праву в области защиты прав человека. Алматы: САК, 2003.- Т.1. – 576 с.

  3. Права человека. Основные международные документы. - М.: Международные отношения, 2009. - 157 с.



15. Адам құқығын қорғаудағы мемлекеттік емес институттардың рөлі

Тақырыптың мақсаты: қарастырылып отырған мәселеле бойынша негізгі анықтамаларға сипаттама беру, жан-жақты қарастыру, сипаттама беру.

Жоспары:


Адам және азамат құқықтарының қорғалуындағы адвокатураның рөлі. Қоғамдық қорғаныс. Құқық қорғаушылык ұйымдар.Табиғатты сактап, табиғат байлықтарына ұқыпты қарау.

Бүгінде ұлттық заңнамаға, құқық қолдану практикасына адам құқықтары жөніндегі халықаралық стандарттарды енгізу мәселесі бүкіл барлық деңгейлерде және құқық қорғау форумдарында талқылануда. Оның үстіне бұл мәселе Қазақ­стан­ның ЕЫҚҰ-да төрағалық етуіне байланысты өзекті мәселеге айналды. Ұлттық жоспар­дың кейбір қағидалары Қазақстан Респуб­ликасындағы құқықтық саясат жөніндегі тұжырымдамасында өз орнын тапты. Осы­ған орай Ұлттық жоспардың кейбір ұсынымдарын іске асыру мақсатында мемлекеттік органдар бірқатар нормативтік актілерді қабылдады. Мәселен, заңдарды жетілдіруге, қоғамды ақпараттандыруға, құқық қорғау органдарының кәсіптілігін жоғарылатуға бағытталған 2010-2020 жылдарға ар­налған БҰҰ Азап­тауға қарсы комитетінің ұсынымдарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары, азаптау және қатыгездікке байланысты т.б. арыздарды тексеру туралы нұсқаулық бекіді.



Әрине, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметінде адам құқықтары әлі де сөзсіз басымдыққа ие болған жоқ, мемлекеттік органдар және басқа ұйымдар қыз­метінде көбінесе тар ведомстволық және кор­поративтік мүдделерді алға қояды. Адам құқықтарын сақтау жөніндегі түйінді мәселелерді шешу – бұл қорытындысы барлығының және әр қайсысының күш салуына байланысты кешенді, көп еңбекті қажет ететін, мақсатты міндет. Адам құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау саласындағы мемлекеттік институттардың және үкіметтік емес құқық қорғау органдарының жұмысы әр­қашанда жүйелі емес. Өкінішке орай, адам мен аза­маттың құқық­тары мен бостандықтарын бұзу жағдайлары әлі де кең таралған, олар Комис­сияның баяндамасында жіті баяндалады. Бұқаралық ақпарат құралдарында да азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзу фактілері туралы ақпарат көп.

Негізгі себептердің ішінде – патернализм және құқықтық нигилизм дәстүрлері арқылы көрсетілетін қоғамдық сана-сезімнің инерциясы, азаматтарға өз құқықтарын және бостандықтарын жүзеге асыруға кедергі жасайтын заңнамадағы және құқық қолдану практикасындағы кемшіліктер дейміз. Өйткені, адам құқықтарын және бостандықтарын жүзеге асыру үшін құқықтық тетіктер мен процедуралардың бірыңғай, дәл үйлестірілген жүйесі керек. Осыған байланысты, бірыңғай стратегия ендіру, Қазақстандағы адам құқықтары саласындағы жағдайды жақсарту жөніндегі мемлекеттік құрылымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың күштерін біріктіру арқылы Адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау бойынша тұжырымдаманы әзірлеу негізгі мақсат. Құқық қорғау саласында ҮЕҰ-мен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелерін жетілдіру қажет, мемлекеттің құқықтық саясатын жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды іске асыру бойынша алдымен адам құқықтарының сақталуына мониторингке, талдамалық зерттеулерге, білім беру бағдарламаларына қатысу керек. Мемлекет басшысы 2008 жыл­ғы 26 қаңтарда өткен Бас прокуратураның кеңейтілген алқа мәжілісінде Қазақстан халықаралық қоғамдастықтың толық құқықты мүшесі деп айтты. Біз барлық халықаралық құқық жөніндегі көпшілікке танылған актілерге қосылдық. Осыған байланысты, біз еш­кімге Конституциямен және заңдар­мен бекітілген адам құқықтарын бұзуға және елдің имиджін төмендетуге жол бермеуіміз керек. Түскен өтініштерді талдау бойынша елімізде азаматтардың конституциялық құ­қықтарының бұзылуы жалғасып жатыр. Олардың ішінде: негізсіз қылмыстық жауапкершілікке тарту және соттау, сондай-ақ кінәлі тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тартпау, лаузымды тұлғалардың қыз­мет бабын теріс пайдалануы, бостан­дық­тан айыру орындарда ұстау режімін бұзу, дәлелсіз тұтқынға алу, қылмыстық істер бойынша дәлелдерді фальсификациялау, тергеу жүргізудің және қыл­мыс­тық және аза­маттық істерді соттарда қарау мерзімдердің ұзақтығы, заңсыз жұмыстан босату, тұрғын үй, зейнеткерлік құқықтарын және медициналық қамтамасыз ету құқығын бұзу және т.б. Комиссия алғашқы тергеу органдардың заңдылығын сақтауды бақылау жүргізетін орган емес екенін және түскен өтініштер бойынша шешім қабылдауға құқығы жоқ екенін есепке алып, осы өтініштер зерттеліп және қорытынды жасалған соң прокуратура органдарына қарау үшін жолданады. Адам құқықтары жөніндегі комиссия үкіметтік емес ұйымдарды өзінің тең дәрежедегі әріптесі ретінде танитынын баса айтқым келеді. Елбасының Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын» Комиссия күнделікті қызметінде кеңінен қолданады. Комиссия өкілдерінің өзі де үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдары өткізетін іс-шараларға түрлі әдістемелік және ақпараттық көмек көрсете отырып, белсене қатысады. Өзара екі жақты тиімді келісім бойынша үкіметтік емес құқық қорғау ұйым­дарына келіп түскен азаматтардың күрделі шағымдарын қарау тәжірибеге енгізілген. Үкіметтік емес ұйымдар өкілдері Адам құқықтары жөніндегі комиссияның және оның сараптамалық кеңесінің құрамына кіреді. Азаматтық қоғам институттарымен адам құқықтары саласындағы әріптестік қатынастарды дамыту үшін Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамына азаматтық қоғамның барынша танымал және беделді өкілдерін енгізе отырып, сапалы түрде өзгерту ұйғарылды.

Адам құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесінің құрамдас бір бөлігі болып табылатын үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдар да өз тараптарынан Комиссияның жұмысына оң бағаларын беріп, әр­дайым өзара іс-қимыл жасауға дайын екендерін білдіріп отырады. Комиссия өз тарапынан үкіметтік емес ұйымдар туралы заңнаманы және құқық қолдану практикасын жетілдіру туралы ұсынымдарын Мемлекет басшысына, Парламентке және Үкіметке жібереді.

Қазіргі замандағы адам құқықтары – жалпыадамзаттық мәдениеттің қуатты бөлігі. Ал дипломатия мемлекетаралық қатынастарды қалыптастыруда ғана емес, адам құқықтары саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мен нығайтуда да шешуші рөл атқарады. Сондықтан бүгінгі қолданылып жүрген адам құқықтарын қорғаудың халықаралық әмбебап және өңірлік тетіктері нақ осы дипломатиялық өнердің арқасында сәтті әзірленген. Демек, адам құқықтарының мәнісін мен мынандай формуламен анықтаған еді: «Адам құқықтары – жоғары құндылық, оны құрметтеу, сақтау және қорғау – мемлекеттің міндеті».


жүктеу 0,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау