«адам қҰҚЫҒЫ» ПӘннін оқУ-Әдістімелік кешені


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



жүктеу 0,66 Mb.
бет6/8
Дата14.11.2018
өлшемі0,66 Mb.
#19433
1   2   3   4   5   6   7   8

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Адам және азаматтың конституциялық міндеттері: жалпы ұғым.

  2. Адам және азаматтың конституциялық міндеттері: мазмұны және түрлері.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Искакова Г.К. Современность: права и свободы человека. Монография. Семипалатинск, 2013.-299 с

  2. Сборник документов по международному праву в области защиты прав человека. Алматы: САК, 2003.- Т.1. – 576 с.

  3. Права человека. Основные международные документы. - М.: Международные отношения, 2009. - 157 с.




11. Қазақстан Республикасындағы адам құқығын қорғаудағы ұлттық және мемлекеттік институттар

Тақырыптың мақсаты: қарастырылып отырған мәселеле бойынша негізгі анықтамаларға сипаттама беру, жан-жақты қарастыру, сипаттама беру.

Жоспары:


Қазакстан Республикасының Президенті - адам және азамат құқықтарының кепілі.

Азамат құқықтары мен бостандыктарын биліктің өкілдік органдарының қамтамасыз етуі.

Азамат құқықтары мен бостандықтарының сакталуындағы Конституциялық кеңестің рөлі.

Адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың негізгі



мәселесі – қоғам және мемлекет өміріндегі ең бірінші қорғалуға тиісті

құндылықтар. Жалпы гуманитарлық құндылықтар өлшем бірлігінде адам

және азаматтардың құқықтары мен бостандықтары басқа субьектілер

арасында басым рольге ие екендігі даусыз. Кез келген демократиялық

мемлекетте адам құқықтары мен бостандықтары және оның міндеттері



әлеуметтік, саяси, әрі заңды сипаттағы маңызды институтты құрап, қоғамның өркениетті даму деңгейі жетістіктерінің өлшеуші қызметін атқарады.

Адам құқықтары мен бостандықтарының – тұлғаның рухани және

материалдық игіліктерге жетуінің құралы, биліктің механизмі, ерік

білдірудің заңды түрі, өз мүдделерінің жүзеге асуының басты факторы

екендігін де атап өткен орынды. Сонымен қатар, тұлғаның өзін-өзі

дамытуының міндетті алғышарты, оның қоғамдағы орнын нақтылау, әрі



артықшылықтарын көрсетудің бір түрі [1]. Сондықтан да дамыған,

өркениетті мемлекеттер мен ұлттар, жалпы әлемдік қауымдастық - адам

құқықтары мен оны қорғауды мемлекеттің прогрессивті дамуы мен



гүлденуінің, тұрақтылық пен төзімділіктің әмбебап идеалды алғышарты

ретінде қарастырады. Сол себепті қазіргі заманғы әлем осы бағыт бойынша



қарқынды дамуда. Белгілі қоғам қайраткері Т. Джефферсон өз кезегінде

«адамның туа біткен және ажырамас құқықтарынан басқа өзгеріске

ұшырамайтын ештеңе жоқ» деген қанатты сөзін бекер қалдырмаса керек.

Адам құқықтарын қорғаудың мәселесі бүгінгі таңда жекелеген

мемлекеттердің аумағынан шығып, бүкіләлемдік құқықтық институттардың

құрылуына негіз болғанымен, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау

механизмінің осы кезеңдегі және жақын болашақтағы жетекші ролі ұлттық

институттарға тиесілі екендігі де жасырын емес. Адам құқықтарынhttp://www.enu.kz

қорғаудағы кепілдіктердің бірі құқыққорғау институтының әділ және тиімді

жүйесі. Оның өзі өз кезегінде екі түрге бөлінеді: 1) құқық қолдану -

құқықтық заңнамаларды жүзеге асырудың мемлекеттік биліктік әрекеті,

құқықтық қатынастар субьектілерінің мүдделерін жүзеге асырудағы

кездесетін кедергілерді жою болса; 2) құқық қатынасының субьектісі өз

мүддесі мен заңды құқықтарын қорғау үшін тиісті құқыққорғау органдарына

шағымдануға, ал құқыққолданушы оны қорғауға кепілдік беруге немесе

оның мүддесінің жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге құқылы [2].

1948 жылдың 10 желтоқсан күні БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы «Адам

құқықтары туралы Жалпы Декларациясын» қабылдаған болатын. Аталған



Декларацияда адам туа салысымен тең құқықтар мен міндеттерге ие, оларды түрі, түсі, ұлты, жынысына және тағы да басқа ерекшеліктеріне қарай бөлуге болмайтындығы туралы нақты айтылған. 1950 жылдан бастап әр жылдың 10 елтоқсаны Халықаралық Адам құқығы күні ретінде аталып өтіледі.

Сонымен қатар 1950 жылы «Адам құқықтарын қорғаумен оның негізгі

еркіндіктері туралы Еуропалық конвенция», «Экономикалық, әлеуметтік

және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт» қабылданды. Осы аталған және содан кейінгі қабылданған құжаттар негізінде адам және азамат құқықтарын қорғаудың халықаралық стандарттарын, яғни өлшемдерін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттердің конституциялық құрылымын реттеп, инкорпорациялау үшін негіздер қаланған болатын.

Адам құқықтары туралы алғашқы ұғым 1789 жылы қабылданған

Францияның «Азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы

Декларациясында» көрініс тапқаны белгілі. Алайда күн бүгінгі күнге дейін

адамның туа біткен құқықтары мен бостандықтары ұзақ даму кезеңдерден



өткен болатын. Оның алғышарттарының, яғни қайнар көздерінің қатарына

Еркіндіктің Ұлы Хартиясы (1215), Ағылшындық құқық туралы Биль (1689)

және Американдақ құқық туралы Биль (1791) сияқты құжаттарды жатқызуға

болады.. XIX ғасырда басым мемлекеттерде алғашқы саяси және азаматтық

либералдық құқықтар әр түрлі сипатта қалыптасқан болатын. ХХ ғасырдың

басындағы социалистік жүйенің қарқынды ықпалымен азаматтық және саяси

құқықтардың қатарына кәсіподаққа бірігу құқығы, еңбек ету құқығы,

әлеуметтік көмекке құқық және т.б. сол сияқты бірқатар әлеуметтік

экономикалық құқықтар келіп қосылғаны белгілі

Құқыққолдану жүйесіндегі мемлекеттік органдардың құқықтық

нормаларға қатысты қоғамдық қатынасты қалыптастыру жүйесінің маңызды



бөлігі - сот жүйесі. Сот билігі нақты сипаттағы құқыққорғаушылық қасиетке

ие, сонымен қатар сотта қаралатыын істер мөлдір, әрі ашық болуы, шарт.

Соттың адам құқықтарын қорғаудағы әрекеті заңды құқыққорғау деп аталса,



басқа өкілетті органдардың адам құқықтарын қорғаудағы әрекеті

құқыққорғаушылық деп аталмайды. Құқыққорғаудың адам құқықтары мен



бостандықтарын қорғаудағы басқа өкілеттік органдардан басты ерекшелігі

осы болып табылады, ол адам құқықтары мен бостандықтарының азаматтық,

саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени саладағы құқықтарының

қамтамасыз етілуін қадағалайды.http://www.enu.kz

Бұл жерде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бұрынғы

Төрағасы Қ.Мамидің Қазақстан Республикасындағы Сот жүйесін

реформалаудың басым бағыттары, нақтырақ Қазақстан Республикасындағы

адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы сот жүйесінің маңызы

туралы «сот жүргізу ісін қарапайым жүйеге келтіру, азаматтар құқығын

қамтамасыз етудің кепілдігін арттыру, әділетті сот жүргізу мақсатында

соттырдың тәуелсіздігін қамтамасыз ету, сот жүйесіндегі құқыққорғау



өкілдерінің маңызын арттыру, сот жүйесіндегі жариялылық пен шыншылдық қағидаларын қалыптастыру, сонымен қатар ұлттық сот жүйесін халықаралық сот жүйесінің нормаларына сәйкестендіру арқылы сот билігінің беріктігін қамтамасыз ету» керек деген сөзін атап өткен орынды болар еді [3].

Қазіргі күшіндегі Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы қабылдаған Конституциясының тұтастай бір VII бөлімі Соттар және сот төрелігіне арналғандығын да атап өткен жөн. Ата заңымыздың 75-бабында Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады деп ашып көрсеткен. Ал 76-бабында Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады, сонымен қатар өзiне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерiн қорғауды, Республиканың Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етудi мақсат етiп қояды.

Сот билiгi Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының негiзiнде туындайтын барлық iстер мен дауларға қолданылады. Соттар шешiмдерiнiң үкiмдерi мен өзге де қаулыларының Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi болатындығы туралы атап өтеді. Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының 2000 жылғы. 25 желтоқсандағы № 132-II Конституциялық Заңының 1-бабында әркiмге мемлекеттiк органдардың,

ұйымдардың, лауазымды және өзге де адамдардың Республиканың Конституциясында және заңдарында көзделген құқықтарға, бостандықтар

мен заңды мүдделерге нұқсан келтiретiн немесе оларды шектейтiн кез келген заңсыз шешiмдерi мен iс-қимылдарынан сот арқылы қорғалуға кепiлдiк берiлетіндігі туралы айтылған. Адам құқықтары - тұлғаның жалпы құқықтық мәртебесін айқындайтын құқықтардың жиынтығы. Ол құқықтық мемлекеттердің конституциялық құқығының негізін құрайды. Аталған ұғым әр түрлі позитивті құқықтық мемлекеттермен қатар, түрлі халықаралық құқықтық келісімдерде де бірнеше мағынада кездесуі мүмкін. Халықаралық жария құқықта БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Декларациясы Адам және азаматтардың құқығын қорғау жөніндегі тұңғыш заңнама болып табылады.

Сот органдарында құқыққорғау қызметінің екі аспектісі көрсетілген:

Біріншіден, құқық пен заңның үстемдігін қамтамасыз ету. Бұл сот органдары азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерді қарастыра отырып, тек қана

заңнамаға, соның ішінде Конституцияға, нормативтік-құқықтық актілерге,



мемлекеттің халықаралық заңнамаларына сүйену керек екендігін көрсетсе,

екіншіден, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандығын және заңды мүдделерін қорғауын қамтамасыз ету болып табылады. Аталмыш қызмет Қазақстан Республикасының Конституциясының қағидаларына сай келеді.

Қазақстан Республикасын Конституциясының 78-бабында «Соттардың

Конституциямен баянды етілген адам және азаматтардың құқықтары мен

бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдар мен нормативтік құқықтық



актілерді қолдануға құқығы жоқ. Егер сот қолдануға тиісті заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапса, іс жүргізуді тоқтата тұруға және осы актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгінуге міндетті» екендігі туралы айтылып өткен.

Істі қараудағы әділ, әрі жария түрде қарау құқығы тәуелсіз және әділетті сот арқылы жүзеге асырылуы тиіс екендігі Адам құқығы мен бостандығын қорғау туралы Декларацияның 8-бабында айқындалып, оған Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабы арқылы кепілдік берілген. Конституция бойынша: «Әркімнің құқық субьектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға және әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғалуына құқығы бар» екендігі туралы айтылған. Еуропалық Конвенцияның 6-бабына сәйкес: «әрбір тұлға өзінің азаматтық құқықтары

мен міндеттерін анықтауда немесе кез келген қылмыстық айыптау кезінде

әділ және жария соттық қарастыруға, соттың нақты және дұрыс шешім

қабылдауына сенім арта алады». Сол сияқты заңнама Адам құқықтары туралы жалпы Декларацияның 10- бабында, Халықаралық азаматтық және саяси құқық туралы пактінің 14- бабында баяндалған. Сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы адам құқықтарын қорғаумен айналысатын ұйымдардың бірі, ол – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтарын жөніндегі комиссия. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссия Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес танылатын және кепiлдiк берiлетiн адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепiлi ретiндегi өзiнiң конституциялық өкiлеттiктерiн iске асыруына жәрдемдесетiн консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.

Адам құқықтары жөніндегі Комиссия ережеде бекітілген мақсат міндеттерін тиімді атқаруда. Дегенмен де, жекелеген адамдардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын тәжірибелік қорғау саласында ұтымды іс-шаралар ұйымдастыра алмай отырғандығын да атап

өткен орынды болар еді. Өйткені Комиссия адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және саяси технологияларды енгізумен ғана шектеліп қалуда. Сондықтан да келешекте Комиссияның осы бағыттағы қызметін жандандыра түсуі қажет, яғни адам құқықтарын жалпы негізде қорғау қызметімен бірге жекелеген адам құқықтарын қалпына келтіру, қорғау қызметінің механизмін де жұмыс тәжірибесіне енгізген дұрыс болар еді.

Қазіргі кезеңде Қазақстанда Омбудсмен институтын енгізу өзекті

мәселелердің бірі болып отыр. Омбудсмен – адам құқықтарын қорғау, арыз,



өтініштерді қарау, құқықтар бұзылған жағдайда қалпына келтіру қызметімен айналысатын өкіл. Омбудсмен институты біздің елімізде адам құқықтарын қамтамасыз етудің бірдін-бір тетігі болуы мүмкін. Классикалық тұрыда,

омбудсмен дегеніміз – мемлекеттік шенеуніктердің заңсыз әрекеттері



нәтижесінде бұзылған құқықтар жөніндегі арыз-шағымдарды қарап, тексеріп заңдық күші жоқ ұсыныстар беретін тәуелсіз лауазымды тұлға. Біздің мемлекетімізде бұрын соңды бұндай институт болған емес. Ал ол адам құқықтарын қорғау, қамтамасыз ету және қалпына келтіруде жаңа тәсілдер мен әдістер енгізуге қуатты серпін бере алады. Бұндай қажеттілікті қазіргі таңда жұртшылықтың барлығы да мойындап отыр. Адам құқықтары

жөніндегі ұлттық құрылым, үшінші мыңжылдықтың басында Омбудсмен

институты қызметін қолдану құқықтық мемлекет құрудағы нық қадамдардың бірі болар еді.

Қазақстан Республикасы адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласында ұлттық заңнамаға сүйенеді. Қазақстанның халықаралық конвенцияларға қосылуы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау және сақтау саласында әлем стандарттарына қол жеткізуінің басты факторы болып табылады.

Әдетте тәжірибеде адам құқықтарын қорғаудың алуан түрлі органдар жүйесі мен процедуралары қорғау механизмін қалыптастырады. Бұндай механизімдерсіз құқықтық мемлекет құру мүмкін емес, одан әрі өмір сүре

алмайды: Конституциялық соттар (Испания, Италия, Ресей, Германия); Конституциялық Кеңес (Франция); Жоғарғы Сот (АҚШ); Мемлекеттік Кеңес (Италия); Әкімшілік соттар, жалпы юрисдикциялық соттар, омбудсмендар (Франция, Польша, Ұлыбритания); медиатор-делдал (Франция) – міне адам құқықтарын және олардың бостандықтарын қамтамасыз ететін кейбір механизмдер осындай.

1948 жылдың желтоқсанында Адам құқықтарының Жалпыға бірдей Декларациясы қабылдануымен адам құқықтарын кодификакциялау процесі

басталды деуге болады. Адам құқықтары институтын және процедураларын жақсарту оларды іс жүзіне асыру және қорғау шаралары енгізілді. Осы жолдағы адамзаттың жарты ғасырлық тәжірибесі адам құқықтары мен бостандықтарын жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етусіз және қорғаусыз демократияға, құқықтық мемлекет құруға қол жеткізудің мүмкін еместігін көрсетіп берді.

Адам құқықтарының жай-күйі әр мемлекетте адам және мемлекет қарым-қатынасы қағидасының сақталуына байланысты, әлемдік қатынастарда танылған бұл қағидаларды ұлттық заңнамаларға енгізу, құқықтарды қорғаудың механизмін қалыптастыру құқықтық жүйенің жай- күйіне тығыз байланысты десек қателеспес едік. Адам құқықтарын қорғау механизмі мынадай шараларды қамтиды:

- Конституциялық бақылау;

- Соттық қорғау;

- Қорғаудың әкімшілік-құқықтық формалары;

- үкіметік емес құқық қорғау ұйымдарының қызметі.

Жоғарыда аталған адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау механизмі әр түрлі дәрежеде біздің елімізде де қолданылады.

Адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің маңызды мемлекеттік институты Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес ел Президенті болып табылады. «Республика Президенті – халық және

мемлекеттік биліктің бірлігінің, конституцияның мызғымастығының, адам

және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі және символы»

(Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-бабы). Президенттің ерекше конституциялық мәртебесі халық алдындағы зор жауаптылығымен

сипатталады. Мысалы Конституцияға толықтырулар мен өзгертулер енгізу

конституциялық белсенділік құқығы Қазақстан Республикасы Президентіне



берілген. Заңды қарау және мемлекеттің басқа органдарымен қарым-қатынас үрдісіндегі Президенттің ерекше жағдайы адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің кепілі болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Республика Президенті мемлекетте қабылданған барлық құқықтық норматитвтік актілердің күшін толық немесе ішінара жоя алады.

Президент мемлекеттік реттеудің барлық тетіктеріне, атап айтқанда құқық қорғау, қарулы күштер қолдану және т.б. ішкі саяси қайшылықтар

жағдайында жедел, әрі жауапты әрекеттер жасауға міндетті болып табылады.

Бұл адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың

құралы болып келеді. Заңдылық, қылмыстың әр түрлі формаларымен күрес,



мемлекеттік тәртіпті сақтау режимдерін қамтамасыз ету мемлекет басшысының белсенді тәжірибелік ролін аңғартады. Тарихи әділеттілікті және заңдылықты қалпына келтіру тұрғысындағы

1991 жылғы 12 желтоқсандағы «Қазақстанда 1986 жылы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған

азаматтарды ақтау жөніндегі» Президент жарлығы мен 1993 жылғы 14 сәуірдегі «Жаппай саяси репрессия құрбандарын ақтау жөніндегі» Заң маңызды құжаттар болып табылады.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Қазақстан Республикасындағы адам құқығын қорғаудағы ұлттық институтар.

  2. Қазақстан Республикасындағы адам құқығын қорғаудағы мемлекеттік институттар.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Искакова Г.К. Современность: права и свободы человека. Монография. Семипалатинск, 2013.-299 с

  2. Сборник документов по международному праву в области защиты прав человека. Алматы: САК, 2003.- Т.1. – 576 с.

  3. Права человека. Основные международные документы. - М.: Международные отношения, 2009. - 157 с.




12. Ұлттық құқық қорғау жүйесіндегі үкіметтік емес ұйымдардың рөлі мен орны.

Тақырыптың мақсаты: қарастырылып отырған мәселеле бойынша негізгі анықтамаларға сипаттама беру, жан-жақты қарастыру, сипаттама беру.

Жоспары:


Қазақ қоғамының демократиялануы. Коммерциялық емес ұйымдар мен жеке секторлар қызметі.Мемлекеттік ұйымдар мен үкіметтен тыс ұйымдардың ара қатынасы. ҮЕҰ әрекет ету бағыттары.

Біздің елімізде тәуелсіздіктің алғаш­қы күндерінен бастап-ақ азаматтардың құ­қық­тары мен бостандықтарының сақ­талуына жете маңыз беріліп келеді. Со­ның айқын бір көрінісі Конститу­ция­мыз­дың 1-бабында адам құқықтарын сақ­тау нормасы бекітіліп, 30-бап түгел­дей аза­мат­тардың құқықтарына, бостан­дық­тары­на, мүдделеріне арналды. Бұл демо­кра­тиялық ашық қоғамда өмірдегі барлық құндылықтардың ішінде адам құқықтары мен бостандықтары ғана ең маңызды болып саналатындығын білдіреді. Демек, адам құқықтары мен бос­тан­дықтарын сақтау тетіктерін іске асы­руға, олардың орындалуына кепілдік беруді күшейтуге Елбасымыздың сара сая­сатының арқа­сын­да ерекше назар ау­да­рылды. Ал бұл мәсе­лелердің шын мә­нін­де қалай жүзеге асып жат­қандығын Президент жа­нын­­дағы Адам құ­қық­тары жө­нін­дегі комиссия жұмы­сынан бай­қауға болады. Ол еліміздегі адам құқықтары жөнін­дегі ал­ғаш­қы мамандан­дырыл­ған ұлт­тық мекеме бо­лып табылады.

1994 жылғы 12 ақпанда Ел­басы Адам құқықтары жөнін­дегі рес­пуб­ликалық ко­мис­сияны құру туралы Жар­лық­қа қол қойды. Осы кезден бастап Адам құқық­тары жөніндегі комис­сияның жаңа ережесі бекітілгеннен кейін ол Мемлекет бас­шысының жанында жұ­мыс істейтін бо­л­ды. Бұл оның мәрте­бесінің маңызды­лы­ғын көрсетеді, сол себепті комиссияға іс-қимыл жасауға жеткілікті түрде құқық та берілген.

Комиссияның жоғары мәртебесі және оның уәкілетті органдар мен үкіметтік емес сектор арасындағы «жалғастырушы тетік» рөлі тек адам құқықтары саласы­ның түйткілді нүктелерін тез табуға ғана емес, олардың арасында конструктивтік диалог­тың дамуына да мүмкіндік туғы­за­ды. Комиссия қоғамдық пікірді, қолда­ныс­тағы заңнаманы зерттеп, Мемлекет басшысына адам құқықтары саласын­дағы жағдай, азаматтық қоғамның сұраныс­та­ры туралы мәлімет береді. Сонымен қа­тар, комиссия адам құқықтары сала­сын­дағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге белсенді атсалысады, осы салада халық­аралық ынтымақтас­тық­тың күшейтілуіне көмектеседі.

Адам құқықтары жөніндегі комиссия адам құқықтарын қорғаудың мемлекеттік тетігін жетілдіруге бағытталған бірқатар маңызды шешімдердің қабылдануына өз үлесін қосты деп нық сеніммен айта ала­мын. Бұл Қазақстанның Адам құқық­тары жөніндегі халықаралық конвенцияларына және БҰҰ-ның Азаматтық және саяси құ­қық­тар мен экономикалық, әлеуметтік жә­не мәдени құқықтар туралы халық­ара­лық пактілеріне қосылуы, халықаралық гума­ни­тарлық құқық және адам құқық­тары жө­нін­дегі халықаралық шарттар жө­ніндегі ведомствоаралық комиссия құру, Білім жә­не ғылым министрлігінде Балалар құқық­тарын қорғау жөніндегі коми­тет­тің құ­рылуы болып табылады. Бұған Қазақстан Республикасындағы Адам құ­қық­тары жө­нін­дегі уәкіл (Омбудсмен) инс­титуты­ның құрылуын, түзеу мекемелері мен тергеу изоляторларын Ішкі істер министрлігінен Әділет министрлігінің қарамағына беруді, өлім жазасына мораторий енгізуді, Көші-қон полициясының жұмыстарын халық­ара­­лық стандарттарға сәйкес жақ­сар­ту­ды, «Қа­зақ­телеком» АҚ ұсынатын байла­ныс қыз­меті­нің тарифін төмендету мен қол жетімдігін қамтамасыз етуді жатқызуға болады.

Қазіргі кезде Комиссия ратифика­ция­ланған халықаралық келісімдерді іске асыру өзекті мәселелерімен, қамауда ұс­тай­тын орындарда қинаудың алдын-алу, тәуелсіз ұлттық превентивтік тетіктерін құрумен, Омбудсмен институ­ты­ның заң­на­малық базасын халықаралық стандарт­тарға сәйкестендіру және жетілдірумен, 2009-2012 жылдарға арнал­ған Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары са­ла­сындағы ұлттық іс-қимыл жоспарының ұсынымдарын іске асырудың мониторингімен, азаматтық қоғамның институт­тары­мен, халықара­лық ұйымдармен, шетелдік елшіліктерімен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдірумен, құқық қорғау қызметінде мем­ле­кеттің оң имиджін құруына көмек­тесу­мен айналысады.

Жыл сайын Комиссия хатшылығына 1000-нан астам азаматтардан жазбаша шағым хаттар келіп түседі. Келіп түскен арыздар Комиссияның тиісті ұсыным­дары­мен не болмаса қорытын­ды­лары­мен уәкілетті мемлекеттік органдарға: прокуратура, сот, орталық және жергілікті ат­қару­шы билік органдарына қа­рауға жіберіледі. Конституция қағидаларына, сон­дай-ақ басқа да заңнамалық актілер нор­ма­ларына сәйкес Қазақстан Республи­ка­сының азаматтары, шетел азаматтары, оралмандар, азаматтығы жоқ адамдар, ұйым­дар өз құ­қық­тарын қорғау үшін заң­да белгіленген тәр­тіппен Комиссияға ша­ғым­дануға құ­қы­лы. Тек Адам құқықтары жөніндегі комиссия қарау тәртібі, негізінен, әкім­шілік құқық бұзушылық туралы заңна­ма­мен, қыл­мыс­тық іс жүргізу және азамат­тық іс жүр­гізу заңна­маларымен шешілетін азамат­тар­дың шағым­дарын қара­майты­нын атап өткім келеді.

2010-2011 жылдар бойы Комиссия мем­лекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар және халықаралық сарапшылармен өзара іс-қимыл жасау арқылы елімізде адам құ­қық­тары мен бостандықтарының сақ­талуы­на мониторинг жүргізді, оның қоры­тын­дылары 2010 жылғы Қазақстан Рес­пуб­ликасында адам құқық­тары­ның ахуа­лы туралы баяндамада өзінің орнын тапты. Ал 2011 жылы Комиссия өзінің кеңейтілген отырысында мемлекеттік органдар, үкі­мет­тік емес ұйымдар, оның ішінде халық­аралық құқық қорғау ұйымдарының мәлі­меттеріне, сондай-ақ Комиссия және оның хатшылығының арнайы зерттеулерінің қоры­тындыларына негізделген «2010 жыл­ғы Қазақстандағы адам құ­қық­тарының ахуа­лы» атты жыл сайынғы баяндама жо­ба­сы­ның тұсауын кесті.

Онда, ең алдымен, елдегі адам құқық­тары ахуа­лы көрсетілді. Баян­дама құ­қық қорғау ор­ган­дары­ның жұ­мы­сы тура­лы деректерге то­лы, осы сала­да­ғы ұлттық заңна­ма­ны көр­сетеді, оны халық­ара­лық құқықтық актілермен са­лыс­тырады жә­не т.б. Ал­ғашқы тергеу-тексеру ба­ры­сында адам құқық­тарын сақтау, құқық қорғау ор­гандарының кейбір лауа­зым­ды тұлғалармен қинау­ды қолданудың алдын-алу жолдары бойынша, сондай-ақ ақпарат алуға азаматтардың консти­туци­я­лық құ­қық­тарын қамтамасыз ету мәсе­ле­леріне қатысты ұсыныстар берілді.

Адам өз құқықтары мен бостан­дық­та­рын, оларды қалай қорғап қалуды білуі керек, әйтпесе құқықтық тетіктердің тиімділігі туралы айтудың мағынасы болмай­ды. 2005 жылы комиссия адам құқық­тары­ның түйінді мәселелері бойынша 3 жинақ шы­ғар­ды. 2004-2006 жылдары жеке жинақ­пен Мемлекет басшысының аты­на «Қа­зақ­стан Республикасында адамның және азамат­тар­дың құқықтары мен бос­тан­дықтарын сақтау туралы» 2003, 2004, 2005 жылдардағы ко­ми­ссияның баянда­ма­лары жарияланды.

ЮНЕСКО-нің кластерлік бюросының және Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдар­лама­сының (БҰҰДБ) көмегімен құрылған адам құқықтары жөніндегі цифрлы кітапхана ха­лықты құқықтық ағартуда ең көр­некті құ­рал­дардың бірі болып табы­лады. Оған ұқсас кітапхана ТМД және Балтика елдерінде жоқ. Нормативтік құқықтық актілерді Ин­тернеттегі http://hrc.nabrk.kz мекен-жай бо­йынша алуға болады. Құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жарияланған. Интернетке қосылмай цифрлы кітапха­на­ға тікелей кіру үшін офф-лайн режимі қолданылады, бұл аз қамтылған азаматтар үшін өте маңызды.

2006 жылғы қыркүйек айынан бастап Комиссияның веб-сайты, сондай-ақ қазақ және орыс тілдерінде адам құқықтары жө­ніндегі нормативтік құқықтық актілер­дің, құқық қорғау тақырыбында ақпа­рат­тық-анықтамалық материалдардың электрон­дық кітапханасы қызмет етеді. ЮНЕСКО-нің кластерлік бюросының және Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының көмегімен Ал­маты қаласының, Оңтүстік Қазақстан, Шы­ғыс Қазақстан облыстарының әкімдік­те­рін­де ұқсас цифрлік кітапханалар құрылған.

Бүгінде ұлттық заңнамаға, құқық қол­дану практикасына адам құқықтары жө­нін­дегі халықаралық стандарттарды енгізу мәселесі бүкіл барлық деңгейлерде жә­не құқық қорғау форумдарында талқы­лану­да. Оның үстіне бұл мәселе Қазақ­стан­ның ЕЫҚҰ-да төрағалық етуіне бай­ланысты өзекті мәселеге айналды. Ұлттық жоспар­дың кейбір қағидалары Қазақстан Респуб­ликасындағы құқықтық саясат жөніндегі тұжырымдамасында өз орнын тапты. Осы­ған орай Ұлттық жоспардың кей­бір ұсы­ным­дарын іске асыру мақса­тында мемлекеттік органдар бірқатар нормативтік актілерді қабылдады. Мәселен, заңдарды жетілдіруге, қоғамды ақпарат­тан­дыруға, құқық қорғау органдарының кәсіптілігін жоғары­лату­ға бағытталған 2010-2020 жылдарға ар­налған БҰҰ Азап­тауға қарсы комитетінің ұсынымдарын іске асыру жөніндегі іс-ша­ралар жоспары, азаптау және қатыгездікке байланысты т.б. арыздарды тексеру туралы нұсқаулық бекіді.

Әрине, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметінде адам құқық­тары әлі де сөзсіз басымдыққа ие болған жоқ, мемлекеттік органдар және басқа ұйым­дар қыз­метінде көбінесе тар ве­домство­­лық және кор­поративтік мүдде­лер­ді алға қояды. Адам құқықтарын сақ­тау жөнін­дегі түйінді мәсе­лелерді шешу – бұл қо­ры­тындысы барлы­ғы­ның және әр қай­сы­сының күш салуына байланысты кешенді, көп еңбекті қажет ететін, мақсатты міндет. Адам құқық­та­рын қамтамасыз ету және қорғау сала­сын­дағы мемлекеттік инс­ти­тут­тардың және үкімет­тік емес құ­қық қорғау органдары­ның жұ­мы­сы әр­қашанда жүйелі емес. Өкі­нішке орай, адам мен аза­маттың құқық­тары мен бос­тан­дықтарын бұзу жағдай­лары әлі де кең таралған, олар Комис­сияның баян­да­ма­сын­да жіті баян­да­ла­ды. Бұқаралық ақпарат құралдарында да азаматтардың құқықтары мен бостан­дық­тарын бұзу фактілері ту­ралы ақ­парат көп.

Негізгі себептердің ішінде – патернализм және құқықтық нигилизм дәс­түр­лері арқылы көрсетілетін қоғамдық сана-сезім­нің инерциясы, азаматтарға өз құқық­тарын және бостандықтарын жү­зе­ге асы­руға кедергі жасайтын заңна­ма­дағы және құқық қолдану прак­ти­ка­сын­дағы кемшіліктер дей­­міз. Өйткені, адам құқықтарын және бос­­тандықтарын жү­зе­ге асыру үшін құ­қық­тық тетіктер мен процедуралардың бір­ыңғай, дәл үйлес­ті­ріл­ген жүйесі керек. Осы­ған байла­ныс­ты, бірыңғай стратегия ендіру, Қазақ­стан­дағы адам құқықтары сала­­сындағы жағдайды жақсарту жөнін­дегі мемлекеттік құрылымдар мен үкімет­тік емес ұйымдардың күштерін біріктіру ар­қылы Адам құқықтары мен бостан­дық­тарын қамтамасыз ету және қорғау бо­йын­ша тұжырымдаманы әзірлеу негізгі мақсат.

Құқық қорғау саласында ҮЕҰ-мен жә­не халықаралық ұйымдармен ынты­мақтас­­тық мәселелерін жетілдіру қажет, мемлекеттің құқықтық саясатын жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды іске асыру бо­йын­ша алдымен адам құқықтарының сақ­талуына мониторингке, талдамалық зерттеулерге, білім беру бағдарлама­лары­на қа­тысу керек. Мемлекет басшы­сы 2008 жыл­ғы 26 қаңтарда өткен Бас про­ку­ра­ту­ра­ның кеңейтілген алқа мәжілі­сін­де Қа­зақ­стан халықаралық қоғамдас­тық­тың толық құқықты мүшесі деп айтты. Біз барлық халықаралық құқық жөніндегі көпшілікке танылған актілерге қосылдық. Осыған байланысты, біз еш­кімге Конституциямен және заңдар­мен бекітілген адам құқықтарын бұзуға және елдің имиджін төмендетуге жол бермеуіміз керек.

Түскен өтініштерді талдау бойынша елі­мізде азаматтардың конституциялық құ­қықтарының бұзылуы жалғасып жатыр. Олардың ішінде: негізсіз қылмыстық жауапкершілікке тарту және соттау, сондай-ақ кінәлі тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тартпау, лаузымды тұлғалардың қыз­мет бабын теріс пайдалануы, бостан­дық­тан айыру орындарда ұстау режімін бұзу, дәлелсіз тұтқынға алу, қылмыстық істер бойынша дәлелдерді фальсифика­ция­­лау, тергеу жүргізудің және қыл­мыс­тық және аза­маттық істерді соттарда қарау мерзім­дердің ұзақтығы, заңсыз жұмыстан босату, тұрғын үй, зейнеткерлік құқық­тарын және медициналық қамтамасыз ету құқығын бұзу және т.б. Комиссия алғаш­қы тергеу ор­ган­дардың заңдылығын сақ­тау­ды бақы­лау жүргізетін орган емес екенін және түс­кен өтініштер бойынша шешім қабылдауға құқығы жоқ екенін есепке алып, осы өті­ніштер зерттеліп және қоры­тынды жасал­ған соң прокуратура орган­дары­на қарау үшін жолданады.

Адам құқықтары жөніндегі комиссия үкіметтік емес ұйымдарды өзінің тең дә­режедегі әріптесі ретінде танитынын баса айтқым келеді. Елбасының Жарлы­ғы­мен бекітілген «Қазақстан Респуб­ли­касында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжы­рым­дамасын» Комиссия күнделікті қыз­метінде кеңінен қолданады.

Біз үкіметтік емес ұйымдармен өз ын­ты­мақтастығымызды одан әрі жан­дан­дыра түспекпіз. Конференциялар, дөңге­лек үстелдер, семинар-тренингтер, оты­рыстар өткізу, тергеу изоля­тор­лары мен түзеу мекемелеріне, құрылыс объекті­лері­не және әлеуметтік саланың басқа да мекемелеріне бірге бару шең­беріндегі кездесулер кеңінен тараған.

Комиссия өкілдерінің өзі де үкі­мет­тік емес құқық қорғау ұйымдары өткі­зе­тін іс-шараларға түрлі әдістемелік және ақ­па­рат­тық көмек көрсете отырып, белсене қаты­са­ды. Өзара екі жақты тиімді келісім бо­йын­ша үкіметтік емес құқық қорғау ұйым­дарына келіп түскен аза­мат­тардың күрделі шағымдарын қарау тәжі­рибеге енгізілген. Үкіметтік емес ұйым­дар өкілдері Адам құқықтары жөніндегі комиссияның және оның сараптамалық кеңесінің құра­мы­на кіреді. Азаматтық қоғам институт­та­ры­мен адам құқық­тары саласындағы әріп­тестік қатынас­тар­ды дамыту үшін Адам құқық­тары жөніндегі комиссияның құра­мы­на аза­мат­тық қоғамның барынша таны­мал жә­не беделді өкілдерін енгізе оты­рып, са­палы түрде өзгерту ұйғарылды.

Адам құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесінің құрамдас бір бөлігі болып табы­ла­тын үкіметтік емес құқық қорғау ұйым­дар да өз тараптарынан Комиссия­ның жұ­мы­сына оң бағаларын беріп, әр­дайым өзара іс-қимыл жасауға дайын екен­дерін білдіріп отырады. Комиссия өз тарапынан үкі­мет­тік емес ұйымдар тура­лы заңнаманы жә­не құқық қолдану прак­тикасын жетілдіру туралы ұсыным­дарын Мемлекет бас­шы­­сына, Парламентке жә­не Үкіметке жібереді.

Қазіргі замандағы адам құқықтары – жал­пыадамзаттық мәдениеттің қуатты бө­лігі. Ал дипломатия мемлекетаралық қа­тынастарды қалыптастыруда ғана емес, адам құқықтары саласындағы ха­лық­ара­лық ынтымақтастықты дамыту мен ны­ғайтуда да шешуші рөл ат­қарады. Сон­дық­тан бүгінгі қолданы­лып жүрген адам құқықтарын қор­ғаудың халықара­лық әмбебап және өңірлік тетіктері нақ осы дипло­матиялық өнердің арқасында сәтті әзірленген. Демек, сөзімді қо­ры­тын­ды­лай келе, адам құқық­тарының мә­ні­­сін мен мынандай формуламен анық­таған болар едім: «Адам құқық­тары – жоғары құн­ды­лық, оны құр­меттеу, сақ­тау және қорғау – мем­лекеттің міндеті»



жүктеу 0,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау