-Спорттық акрабатика-жұптасып және топтпсып орындалатын акрабатикалық жаттығулар.Гимнастиканың бір түрі ретінде қаралатын аса күрделі жаттығу. -Көркем гимнастикамен әйелдер шұғылданады.Жалпы көркем гимнастиканың орындалуы би қозғалысына негізделген қолда әр түрлі құрал-жабдықтарды ұстап жүріп болмаса лақтырып, сол құралдың қозғалысымен бірге билеп жүріп орындалады.
Көркем гимнастика – музыка ырғағымен арнаулы затпен
(секіретін жіп, шеңбер, доп, ұршық, лента және т.б.)
немесе затсыз әр түрлі гимнастикалық және би
жаттығуларын орындайтын спорттың бір түрі.
Соңғы кездері әлем сайыстарында затсыз өнер көрсетілмейді.
Топтық орындауларда бірден екі зат (мысалы шеңбер мен доп)
немесе бір зат (мысалы бес доп, бес күрзі) қолданылады.
Жеңімпаздар көпсайыста, жеке әрбір түрде және топтық
жаттығуларда анықталады.
Гимнастикалық орындықпен жасалатын жаттығулар
І.Бастапқы қалып:қолды төмен ұстап, орындыққа қарап тұрады.1-2.Орындыққа сол аяқпен шығып, оң аяғын тізесінен бүгіп, оны қолмен кеудесіне қарай тартып ұстайды.3.Оң аяғымен артқа қарай аттайды. 4.Бастапқы қалыпқа келу (4-6 рет қайталау)
ІІ.Бастапқы қалып:жоғарыдағы жаттығудай.1. Тікке созылып сол аяғын өкшесімен орындыққа қойып, қолдарын жоғары көтереді.2-3. Сол аяққа отырып, ілгері қарай еңкейеді, қолдарын артқа төмен қарай жібереді.4.Бастапқы қалыпқа келу (5-7 рет қайталау)
ІІІ.Бастапқы қалып:жамбаспен орындықты бойлай отырады.1-2.Тіке жазылған қолдарымен тартады.3.Бастапқы қалыпқа келу.Екінші аяқпен де осылай жасау (7-9 рет қайталау)
ІV.Бастапқы қалып:орындықты бойлай төрт тағандап отыру.1.Оң қолы мен сол аяғын жоғары көтеру.2.Бастапқы қалыпқа келу.Оң аяқпен және сол қолмен де осылай жасау (4-6 рет қайталау)
V.Бастапқы қалып:орындыққа сол бүйірін беріп, аяқты алшақ қойып тұру.1.Орындықтың жақын шетін сол қолмен, оң қолмен қашықтау шетінен ұстау.2. Қолды жоғары тіке жазып, орындықты көтеру.3.Аяқтың ұшына көтерілу.4.Орындықты оң жағына еденге қою(6-8рет қайталау)
VІ.Бастапқы қалып:1.Орындықтың жақын шетін оң қолмен, қашық шетін сол қолмен ұстау.2.Қолды жоғары тіке жазып, орындықты көтеру.3.Орындықты басқа тигізу үшін қолдарды шынтақтан бүгу.4.Отыру.5-6.Тұру.7-8.Орындықты сол бүйірден оі жаққа, еденге қою(5-7рет қайталау)
VІІ.Бастапқы қалып:аяқ арасы алшақ, қолдар төмен.1-2.Қолды орындықтың жоғарғы және төменгі кергі тақтайларының арасына жіберіп, орындықтың екінші шетінен ұстау.3.Қолды тіке жазып, орындықты көтере тұру.4. Орындықты көтеріп тұрып, қолды шынтақтан бүгу.5.Қолды жазу.6-7.Отырып, орындықты еденге қою.8.Бастапқы қалыпқа келу (8-10 рет қайталау)
VІІІ.Бастапқы қалып:шалқалақтап жатып қолды бүгу, орындықтың жалпақ жағын төмен қаратып кеудеде екі шетінен ұстау.1.Қолдарын тіке жазу.2. Қолды бүгіп, бастапқы қалыпқа келу.3.Қолдарды тағы да жоғары жазып көтеріп, сол аяқты көтеру.4.Бастапқы қалыпқа келу.Оң аяқты көтеріп, тағы да солай жасау (9-11 рет қайталау)
ІХ.Бастапқы қалып:аяқты алшақ ұстап, орындыққа сол жақ бүйірмен тұру; екі шетінен ұсталған орындық сол иықта болады; орындықты бір иықтан екіншісіне ауыстыра отырып, 20-30 с бойы жайлап жүру.
Х.Жолдасын иығына салып арқалап, орындықпен жүру (6-8 рет қайталау).
ХІ. Ілгері қарай қозғала екі не бір аяқпен орындық енінен әрлі-берлі секіру (12-13 рет қайталау)
Достарыңызбен бөлісу: |