Гимнастикалық қабырғада орындайтын жаттығулар
І.Бастапқы қалып:жүрлеп отыру.Белгі бойынша жоғарыға өрмелеуді жылдам екпінде орындау; төмен қарай бір қолмен түсу (2-4 рет қайталау)
ІІ.Бастапқы қалып: иық деңгейіндегі кергіні оң қолмен ұстап гимнастикалық қабырғаға оң жақ бүйірді беріп тұру.1-3.Сол аяқпен ілгері-кейінді сілтеу.Бастапқы қалыпқа келу.Екінші аяқпен де осылай жасау (3-4 рет қайталау)
ІІІ.Бастапқы қалып:үшінші-төртінші сырықта тұру, қол иық кеңдігіндей.1-2. Оң аяқпен отыру, сол аяқты қабырғадан неғұрлым қашық ұстау.3-4.Бастапқы қалыпқа келу.Екінші аяқпен де осылай жасау; бір қолмен ұстап осылай жасау (5-7 рет қайталау)
ІV.Бастапқы қалып:аяқ арасын алшақ қойып, бірінші сырықтан басып тұрады, қолмен кеуде деңгейіндегі сырықтан ұстайды.1-3.Қолды жазып, алға серіппелі түрде еңкейіп асылып тұру.4.Бастапқы қалыпқа келу (6-8 рет қайталау)
V.Бастапқы қалып:аяқ үшінші-төртінші сырықта, қол кеуде деңгеінде ұсталып, гимнастикалық қабырғаға қарап тұру.1-2. Қолды жазып, солға бұрылу, сол аяқпен қолды сол жақ бүйірге жіберу; белді қайқайту.3-4.Бастапқы қалыпқа келу. (6-8 рет қайталау)
VІ.Бастапқы қалып: бетін қабырғаға қаратып, еденге тұру, иық деңгейіндегі сырықтан ұстау..1Сол аяқпен артық аттау.2-3.Серіппелі түрде отыру.4.Бастапқы қалыпқа келу (4-6 рет қайталау)
VІІ.Бастапқы қалып: снарядқа қарап, аяқ арасын алшақ ұстап, еденде тұру; бел деңгейіндегі сырықтан ұстау.1.Оң аяқты оң жақ бүйірге жіберіп, сол аяққа отыру.2.Бастапқы қалыпқа келу (6-10 рет қайталау)
VІІІ.Бастапқы қалып:аяқ арасын алшақ ұстап, бірінші-екінші сырықта бетін снарядқа қаратып тұру; екі қолмене бел деңгейінде ұстау.1.Сол аяққа отыру.2.Серіппелі түрде отыру.4.Бастапқы қалыпқа келу.Екінші жаққа да осылай жасау (4-6рет қайталау)
ІХ.Бастапқы қалып:арқасымен снарядқа қарап асылып тұру.1. Бүгілген аяқтарын көтеру.2.Бастапқы қалыпқа келу.3.Аяқты жазып көтеру.4.Бастапқы қалыпқа келу. (5-7 рет қайталау)
“Денсаулық -зор байлық”, “денсаулығыңды күт” деген сөздерді күнде естіп жүргенмен, оған мән бере бермейтіндер де жоқ емес.Егер сіздердің араларыңызда да денсаулығына жүрдім-бардым қарайтын, “ауыра қалсам, дәрігер емдейді ғой” деп жүре беретіндер болса ол дұрыс емес. Кәрі, жас демей, кім болса да өз денсаулығының қамын өзі ойлауы керек.
Адам өз халқына, еліне мүмкіндігінше көбірек пайдасын тигізу үшін-дені сау, күшті, епті, төзімді болуы тиіс.Ондай адам қандай жұмысты да шаршамай-шалдықпай істей алады, шаршаса да, оңай әл жинап, тез тыныға біледі.Ондай адамды өз денесін тәрбиелеген, шыныққан, төзімді, қайратты адам дейміз.
Бұған гимнастикалық орындықтарда және қабырғаларда жасалатын жаттығулармен тыс кезде машықтану арқылы қол жеткізуге болады.
Назар қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |