Абуева Кадыржана Кабиденулы 4 января Көкшетау, 2014 (5 к) с-23 с-23 сборник



жүктеу 4,5 Mb.
Pdf просмотр
бет31/156
Дата26.05.2018
өлшемі4,5 Mb.
#18006
түріСборник
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   156

істері  жөніндегі  шенеунік  Адаменко,  Ақмола  уезінде-уезд 

бастығы Михайлов, шаруа істері жөніндегі  шенеунік- запастағы 

пропорщик Нецветаев және т.б.болды [1,32-33 пп.].  

Жаңа  қызметке  тағайындалған  сәттен  бастап  оларға 

осыған дейінгі атқарған қызметтерінің тізімі жасалды. 

Шаруа бастықтарының бейнесін жасау үшін формулярлық 

тізімдегі 

мәліметтерді 

пайдаланумен 

бірге 


қосымша 

мәліметтерді, 

яғни 

осы 


лауазымды 

тұлғалардың 

автобиографиялық  мәліметтерін  де  пайдалану  маңызды 

болды.  Қызметтік  тізімдерге  талдау  жасау  мынаны  көрсетті  –

көптеген  шаруа  бастықтарының  уезд  бастығы  ретінде  қызмет 

тәжірибесі  болған.  Мысалы,  шаруа  бастығы  қызметіне 

тағайындалғанға дейін Н.М. Сухин Ақтөбе уезінің уезд бастығы 

болып 6 жыл қызмет атқарған (09.1896 - 11.1902 жж.). Сондай-

ақ  Петропавл  уезінде  капитан  Фон-Штейн,  Көкшетау  уезінде 

полковник  –  Тройцкий,  Ақмола  уезінде  –  Михайлов,  Қостанай 

уезінде  –  А.П.  Лихачев  және  Қарқаралы  уезінде  Альфред 

Киниц 10 жылдан астам қызмет етті және т.б. 

Шаруа бастықтарының қатарында облыстың мал дәрігері 

қызметін  атқарғандар  болды.  А.И.  Добросмыслов  Торғай 

облысының  мал  дәрігері  болып  10  жыл  қызмет  етсе,  бір  елді 

мекеннің  мал  дәрігері  болып  коллеждік  ассесор  Казьмин 

қызмет атқарады.[2,1-14 пп.].  

В.Гарф  Ырғыз  уезінің  1  учаскесінің  шаруа  бастығы 

лауазымына тағайындалғанға дейін, Торғай облысының әскери 

губернаторының  ерекше  тапсырмаларды  орындайтын  аға 

шенеунік  қызметін,  кейіннен  Торғай  облысының  облыстық 

басқармасының  кеңесшісі  қызметін  атқарды.  Мұнан  да  басқа 

оның  қоныс  аударушылармен  жұмыс  тәжірибесі  болды,  яғни 

1897 жылдың 10 сәуірінен Том губерниясының Каин округінің 3 

учаскесінің  шаруа  істері  жөніндегі  шенеунікқызметін  атқарып, 

ал бір жылдан кейін 1898 жылдың 22 қарашасынан Каин уезінің 

3 учаскесінің шаруа бастығы қызметіне ауысады [3,99 п.].  

Андрей  Петрович  Лихачев  шаруа  бастығы  қызметіне 

тағайындалғанға  дейін  Торғай  облыстық  басқармасының 

мүшесі  болды.  Шаруа  бастықтарының  ішінде  земстволық 

басқарушы  қызметін  атқарған  тәжірибесі  барлары  да  болды. 

Мысалы,  Павлодар  уезінің  4  учаскесінің  шаруа  бастығы 

Александр  Серебрянский  18  жыл  Ресейдің  европалық 

бөлігінде,  дәлірек  айтқанда  Воронеж  губерниясының  1 

учаскесінің  шаруа  бастығы  қызметін  атқарады.  Воронеждік 

губернатор 

оның 

өте 


жақсы 

қасиеттерін, 

яғни 

іске 


тиянақтылығы  мен  өзінің  қызметтік  міндетін  жақсы  білетінін 

81



атап өтеді. [4, 1п.].  

Перм  губерниясының  Соликамскі  уезінде  земстволық 

басқарушы  қызметін  атқарған  коллеждік  ассесор  Антонин 

Прозоровты  1914  жылы    Семей  облысының  Павлодар  уезіне 

шаруа 

бастығы 


қызметіне 

ауыстырады. 

Оның 

А.Серебрянскийге  қарағанда  Далалық  өлкеде  атқарған  қызмет 



тәжірибесі  болды,  өйткені,  1910  жылдан  бастап  ол  өзінің 

қызметін  Торғай  облыстық  басқармасының  жанында  шаруа 

бастығына  кандидат  қызметін  атқарудан  бастады  және  үш 

айдан  соң  Қостанай  уезінің  3  учаскесінің  шаруа  бастығы 

қызметін атқарды. [5, 1-4 пп.]. 

Біз  көріп  отырғандай,  Ішкі  істер  министрлігі  Ресейдің  

орталық  бөлігіндегі  земстволық  басқарушылардың  тәжірибесін 

Қазақ  даласына  пайдаланған.  Сонымен  бірге  кері  көрініс  те 

байқалады.  Григорий  Нецветаев  Атбасар  және  Ақмола 

уездерінің  шаруа  бастығы  ретінде  6  жылдан  аса  қызмет 

атқарып,одан  соң  Орлов  губерниясының  Малоархангельск 

уезінің  земстволық  басқарушы  қызметіне  ауыстырылады  [6,1-

69  пп.].  

Шаруа  бастықтарының  басқару  тәжірибесіндегі  екінші 

маңызды 

аспект- 


 

олардың 


көпшілігі 

өздерінің 

жаңа 

тағайындауларына  дейін  Дала  генерал-губернаторлығында 



шаруа  істері  жөніндегі  шенеунік  қызметін  атқарған.  Мысалы, 

Петропавловск уезінің шаруа істері жөніндегі шенеунік қызметін 

атқарған  титулярлық  кеңесші  Сергей  Жданов  1902  жылы  3 

қазанда  осы  уездің    3  учаскесінің  шаруа  бастығы  қызметіне 

тағайындалады. Осындай қызмет сатысы шаруа істері жөнінде 

шенеунік  Александр  Эртовтың  1902  жылы  1  қарашасында 

Омбы  уезінің  2  учаскесінің  шаруа  бастығы  қызметіне 

тағайындалуынан да көрінді [7,1-7 пп.].  

Ақмола  облысында  1902  жылы  12  қыркүйекте  13 

басқарушы осы қызметке кіріскен, соның ішінде 8 - шаруа істері 

жөнінде  шенеунік  қызметтіктәжірибесі,  ал  3-інің  уезд  бастығы 

қызметінде 

тәжірибесі 

барлар, 


біреуі 

қоныс 


аудару 

басқармасында  ерекше  тапсырмаларды  орындайтын  шенеунік 

және  бір  ғана  адам  Сібір  казак  әскерінде  тіркелген  (полковник 

Вологодский) болды.[1,12п.].  

Шаруа  бастықтарының  басым  көпшілігі  –  жоғары  оқу 

орындарының  түлектері  еді.  Мысалы,  Семей  уезінің  1  шаруа 

учаскесінің  бастығы  Николай  Пасевьев  Лазерев  атындағы 

шығыс  тілдері  институтын,  Қарқаралы  уезінің  2  учаскесінің 

шаруа  бастығы  Дмитрий  Мурзаев,  Торғай  уезі  2  учаскесінің 

шаруа  бастығы  Александр  Добросмыслов  ветеринарлық 

82



институтты бітірген еді. [1,168п.].  

Вильгельм  Гарф  Санкт-  Петербург  университетінің  заң 

факультетінің  II-ші  дәрежелі  диплом  иегері  болды  [3,39п.]. 

Варшава  императорлық  университетінің  заң  факультетінің 

түлегі  Гаврил  Смирнов  Семей  облыстық  басқармасының  

жалпы отырысының мәжілісіне шаруа бастығының  құқығы мен 

қызметін  білуі  туралы  1913  жылы  23  желтоқсанда  емтихан 

тапсырды [8, 3п.]. 

Шаруа  бастықтарының  ішінде  әскери  білім  алғандар 

болды,  соның  ішінде  Андрей  Лихачев  I-  әскери  Павлов 

училищесінің  түлегі  [9,8  п.].  Сонымен  бірге  әрине  көпшілігі 

кадет 


корпусының 

түлектері 

еді, 

солардың 



қатарында 

Александр  Даниловта  (Сібір  кадет  корпусы,  Александров 

әскери  училищесі)  болды,  шаруа  бастығы  қызметіне  1903 

жылдан бастап кіріскен [10, 1-2 пп.]. 

Реалдық  училищенің  түлектері  де  шаруа  бастығы 

қызметін  атқарды.  Мысалы,  Александр  Серебрянский  Москва 

реалдық училищесін бітіргеннен кейін, Москвадағы Мемлекеттік 

банктің  Москва  кеңсесінде  хатшының  көмекшісі  қызметін 

атқарады,  ал  5  жылдан  кейін,  земстволық  басқарушы 

қызметіне ауыстырылады [4, 23 п.].  

Тағы  бір  қызықты  жәйт,  1914  жылы  16  мамырда  Зайсан 

уезінің                             1 учаскесінің шаруа бастығы қызметіне 

Петроград 

дін 


академиясының 

түлегі 


Селезнев 

тағайындалады, 

ол 

дін 


ілімі 

бойынша 


кандидаттық 

академиялық  дәрежесін  алған  [11,  124  п.].  Көріп  отырғандай, 

шаруа 

бастықтарының 



білім 

дәрежесі 

әртүрлі 

әскери 


адамдардан бастап діни білім алғандарға дейін кездеседі.

Шаруа  бастықтарының  көпшілігі қызметте 10 жылдан аса 

қызмет атқарды.Әрине, олар жаңа учаскелерге қайта сайланып 

отырды.  Мысалы,  Қостанай  уезінің  1  учаскесінің  бастығы  1902 

жылы Торғай облысының әскери губернаторы бұйрығымен осы 

уездің 2 учаскесін басқарумен алмастырылды [9, 127п.].  

Олардың  ішінде  ата-бабасынан  бері  келе  жатқан 

дворяндар,  яғни  дворяндық  әулеттен  шыққан  Николай 

Пасевьев, 

Андрей 


Лихачев, 

Александр 

Серебрянский, 

Альфред  Киниц,  Григорий  Нецветаев,  Александр  Эртов  және 

басқалары, 

әулеттің 

құрметті 

азаматтарынан 

(Антонин 

Прозоров) бастап священникке дейін болды (Г.Смирнов).

Шаруа 

бастықтарының 



шендері 

әр 


түрлі 

болды:  


сараймаңы  кеңесшісінен  бастап    (18  класс,  Өскемен  уезі  2 

учаскесінің 

шаруа 

бастығы 


коллеждік 

секретарь 

Кожевников,коллеждік секретарь Қарқаралы уезі Д. Мурзаевтан 

83



жүктеу 4,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   156




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау