Итерілу. Итерілу итерілген кезде ұшудың ең жоғарғы жылдамдығын қамтамасыз етіп, қолайлы бұрыш жасау керек және белдеуден тиімді өту үшін секірушінің өзіне қолайлы жағдай туғыза білуі басты шарт.
Итерілетін жерде аяқпен адымды кең жасап, өкшеге салмақ түсірместен, табанға тұтастай күш салып жүгіру қозғалысымен жүзеге асырылады. Итерілу өкшеге салмақ түсірілмей орындалса, онда ол тез әрі сәтті жүзеге асады.
Тірелетін аяқтың бұлшық еттері жиырылғанда серпілмелік жағдайында бұлшық еттер сол күшке орын беретіндей сипатқа ие болады. Итерілген кезде бұлшық еттер «міндетті» игеру қасиетін иемденеді. Бұл жағдай неғұрлым маңызды болып саналады. Өйткені оның параметрлері сонғы сәтте дене массасының жалпы орталық нүктесінің ұшу бұрышын анықтайды. Тізе буынындағы аяқты итерілетін жерге қойғанда 160% - тен аспайды. Итерілетін аяқты қойғаннан бастап, тізенің буыннан бүгілу басталады. Итерілетін аяқтың тізе буынындағы бүгілу бұрышы 140 – 141% болады. Серпілу жағдайын орындау уақытын азайту (0,07 – 0,085с.), сермеліп итерілуді неғұрлым тез орындауға мүмкіндік береді. Итерілу секірушінің бүкіл денесінің өзара қимылы үйлескенде орындалады. Тізенің, белдің тез бүгілуі іске асырылып, сермелетін аяқпен қолды тезірек сермеу және денені жоғары қарай көтеру әрекеттері орындалады.
Итерілетін аяқты жерге қойған жағдайда дене массасының жалпы орталық нүктесінің өсу көрсеткіші аударылу тәсіліне қарағанда 4 – 5 см. жоғары тұрады. Алайда «фосбери – флоп» әдісімен секірушінің итерілуі сәтті аяқталған тұста дене массасының жалпы орталық нүктесі аударылу тәсілімен секірушіге қарағанда 3 – 4 см.төмен болады.
«Фосбери – флоп» тәсілімен секірушінің тік аяқпен сермелуді орындау кезіндегі соққы күші 400 – 500 кг. Аралығында өзгереді. Ал бүгілген аяқпен сермелгенде, ол ұзақтағы жағынан да азайып, 250 – 400 кг. болады. «Фомбери – флоптың» классикалық тәсілінде күші 70 – 80кг. ға жетіп, ал тік аяқпен сермелуді орындау тәсілінде 120 – 140 кг болады.
Сермелу қозғалысы итерілудің сермелу күшіне және ұшу жағдайында дене массасының жалпы орталық нүктесінің ауысуына ықпал етеді. Итерілген кезде қолдың екі тәсілі пайдаланылады. Бірдей алып жүру және ассимметриялы алып жүру. Екінші тәсіл неғұрлым тез итеріледі. Дегенмен бірінші және екінші тәсілдерде де қолмен және аяқпен сермелу бір қалыпты орындалып, иықты алға қарай жіберумен аяқталады. Итерілудің ортасындағы күш негізінен сермелу буынының инерсиялық есебінен құралады. Бүгілген аяқты сермеу жағдайында тірелу реакциясына сермеу буындарының жалпы ықпалы аяқтың тік жағдайына қарағанда артық болады. Итерілуге кірісер сәтте денеге орталық жүгіру күші әсер етеді. Ол елеулі күш құрып, секіруші денесінің тік жағдайына горизонталь жағдайға ауысуына мүмкіндік береді. Дененің горизонталь (көлбеу) жағдайға ауысуына мүмкіндік береді. Дененің горизонталь жағдайы иықтың белдеуге қарай қозғалуы есебінен ғана емес, бөксені жоғары қарай иықпен салыстырғанда тез ауыстыру есебінен болуына талпыну қажет. Жүгіру жылдамдығы неғұрлым жоғары болса ұшу бұрышы да, соғұрлым аз болады. «Фосбери – флоп» әдісімен секіргенде ұшу бұрышы 50 – 60◦ қа дейін жетеді.
Белдеуден өту. Белдеу жаққа бұрылу тек «ұшқанна» сон ғана орындалады.
Тіреніштен ажыраған кезде дене массасының жалпы орталық нүктесінің тік жылдамдығы жоғары классты секіруші де 4,9 – 5,2 м/с аралығында болады.
Белдеуге көтерілген сәтте сол жақтағы сермелген аяққа қол параллель жағдайда бағытталады. Қолдың ассиметриялық қозғалуында екі қол бір қалыпты орындалып, белдеуден өткен кезде қолдар денемен бір денгейге қойылады. Қолдардың осылайша орналысуы неғұрлым тиімді, өйткені бұл жағдайда инерция азайып денені белдеу арқылы «лақтырудың» бұрыштық жылдамдығы арта түседі. Одан әрі секіруші арынша түсірілген аяқпен иіліп, белдеуге басымен және иғымен кіреді. Сермелген аяқ итерілген аяқтың денгейіне дейін түсіріледі. Белдеуден өткен тұста аяқтар тізе буынынан бүгіледі. Белдеудің үстінде секіруші иіле келіп бөксесін көтереді. Белдеуден өткен сәтте қолдар артқа лақтырылып дененің кеуде тұсынан иілуі көбеие түседі, ал қолдар денемен бір денгейде болғанда, бөксе тұстың иілуі барынша шегіне жетеді. Дене массасының жалпы орталық нүктесі қозғалысының траекториясы аударылуы арқылы секірумен салыстырғанда ұзақтау болады. Секірушінің дене массасының жалпы орталық нүктесінің ең жоғарғы биігі белдеуден 20 см қашықтыққа жетеді. Ал аударылу тәсілінде ол 8см болады. Бөксе белдеуден өте салысымен белдеуден тезірек «кету» басталады. Ол басты бұруымен, бөксе тұстан аяқты бүгу және тізе тұсынан тік ұстау арқылы орындалады. Секіруші белдеуден аяғымен сырғанап бара жатқандай болуы керек. Секіруші пароланна жасалған матаға арқамен түсіп ле шала баспен аунап кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |