3.Ұзындыққа секіру әдіснінң негізі және үйрету әдістері
Жүгіру (екпін алу)
Жүгірудің мақсаты – қозғалысты бақылауға ала отырып, жоғарғы жылдамдыққа жеткізу.
Мықты спортшыларда жүгіру адымдардың саны 38 – 39 м ұзындықта 18 – 24 – ге жетеді, әйелдерде 32 – 42 м ұзындықта 16 – 22 – ге жетеді.
Спортшылардың арнайы жүгіру дайындығының дәрежесін, көбінесе, жүгіру кезіндегі неғұрлым көп жүгіру адымдарын анықтайды. Арнайы жүгіру дайындығының денгейіне ұзындық мен жүгіру жылдамдығының байланыстылығы.
Сөреден жүгіру,с. Екпін алу ұзындығы, екпін алу жылдамдығы жүгіру адымы м/с.
40 м. 100 м. Ерлер әйелдер
5,7±0,1 13,0±0,3 12±2 14±2 7,5±0,3
5,5±0,1 12,5±0,3 14±2 16±2 8,1±0,3
5,3±0,1 12,0±0,3 16±2 18±2 8,6±0,3
5,1±0,1 11,5±0,3 18±2 20±2 9,2±0,3
Жүгіру дәлдігі стандартты ұзындықпен жүгірудің барлық бөліктерінде жүгіру адымдарының қарқынын 3,1% азайтуға байланысты (С. Монастырев, 1987).
Жүгірудің алғашқы жағдайы маңызды роль атқарады, ол секірушінің жағдайымен іс – қимылының тұрақтылығымен сипатталады. Жүгірудің алғашқы варианты бірнеше түрлі (орыннан жүгіріп келіп, т.б.). «Орыннан – бір аяғы алда» және жеңіл жүгіру арқылы қозғалыс жасау неғұрлым көп қолданылады. Жүгірудің орта тұсында бірте – бірте тіктеліп, (75-80◦) қолмен аяқтың амплитудасы арта түседі. Жүгірудің соңында дене тік қалыпқа көшіріледі. Сонғы адымға дейін жүгірудің дұрыс техникасын сақтау, итерілу кезінде «серпілу» сезімін және қозғалғанда өзіне – өзі бақылау жасай білу аса маңызды. Тәжірибелі секірушілер жүгірудің сонғы 3 адымында қозғалыс қарқынын арттыра түсумен сипатталады.
Бүгінгі таңда жүгірудің төрт варианты қолданылады: жүгірудің бүкіл өне бойында бірте – бірте арттыру: тез, жедел, бастау, орта тұста сенімді жүгіру және жүгірудің соңында жылдамдықты арттыра түсу: тез, белсенді басталу, содан кейін орта тұста жылдамдықты үдемелеп арттыру, қозғалу амплитудасын арттыру және жүгірудің соңында жылдам жүгіріп өту.
Жүгірудің барлық варианты ерлерде 10, - 11м/с., әйелдерде 9,0 -10,0 м/с. Жылдамдықты арттыруға болады. Неғұрлым тиімді дегенмен итеруге қиын тиетін – төртінші вариант.
Жүгірудің соңғы адымдарында итерілуге дайындық жүреді ол итерілудің алдындағы соңғы адымда жайлап отырумен сиппатталады. Бұл дене массасының жалпы орталығын төмендетуге және сол арқылы сапалы итерілуді орындауға алғы шарттар жасайды. Отыру қозғалыс динамикасына кері әсер етпеуі үшін, секірушілер соңғы адымда күш түсетін өкшемен итеріліп, жанбасты алға қарай жіберулері керек. Сөйтіп, дененің итерілудің алдында шамалы иілуі (2 – 4◦) иықты артқа жіберу мен емес, иықты басып озып, жамбасты алға жіберумен жүзеге асырылады.
Соңғы адымның ұзындығы ерлерде оның алдындағыдан 15 – 20см., әйелдерде 5 – 10см., қысқа болуы керек. Кейбір секірушілер соңғы екі адымды бірдей ұзындықта сақтап, тіптен соңғысы оның алдындағыдан артық болуы да мүмкін.
Итерілу
Көптеген секірілушілер аяқты итеруде өкшемен жүзеге асырады, немесе бұл жағдайда өкшенің жолдан сырғануы 2 – 5см болады.
Аяқты жерге қойғанда секіруші бұрышты параметрмен, 128 табл көрсетілген жағдайда ұстайды. Содан кейін 0,013 с.тірелу реакциясының күші тез – ақ пайда болады. ( Ол 800 +150 кг. Дейін жетіп, 0,020 с. соң 250 + 50 кг.дейін төмендейді.
Осы сәтте секіруші итерілгенде қозғалыс инерциясының күшімен және сермелетін буындармен (қол және бас аяқ) жолға күш түсіреді. Бұл аятың буындарында иілуіне және аяқтың бұлшық еттерінің созылуына мүмкіндік береді. Бұлшық еттердің созылуы мистикалық рефлекс механизм бойынша бірте – бірте қысқарады. Бұл жағдайда гинетикалық энергияның бұлшық еттер арқылы ипотенциялық энергиясы пайдаланылады.
Амортизация жағдайында тізе буынында бұлшық еттер неғұрлым күш туғызады. Итерілген аяқты бүгу кезінде тілерсекке күш түседі.
Кесте 128. Ұзындыққа секіруде итерілудің негізгі бұрыштық параметрлері.
Итерілудің бұрыштық Итерілетін аяқтың Тік моменті Итерілетін аяқты
параметрлері жолға қою моменті жолдан алу моменті
Итерілетін аяқты
қою бұрышы 66±3 - -
Тізенің бүгілу
Бұрышы 172±5 142±4 174±5
жанбас буындарының
бүгілу бұрышы 165±5 153±5 195±5
Жанбас араларының
Бұрышы 38±5 38±12 106±5
Ұшу бұрышы - - 21±2
Аяқ барлық буындарда бүгілгеніне қарамастан, амортизация кезінде дене массасы жалпы орталығының қозғалыс траекториясының төмендеуі болмайды, өйткені итерілген аяқ төңкерілген маятник бойынша тізе буынына салыстырғандай айналады. Соның нәтижесінде ДМЖО (ОЦМТ) 87% болып қалған 13% итерілген аяқтың бүгілуіне сай келеді.
ҰШУ
Секіруші итерілгеннен кейін ұшу бөлігіне енеді де, ДМЖО – ның траекториясын баллистикалық қисық бойынша өткереді .секірудің ұшу бөлегінде секірушінің барлық қозғалыстары теңдікті сақтаумен және тиімді жерге түсуді орындауға бағытталған. Секірудің қашықтығы ұшудың бастапқы жылдамдығы мен қамтамасыз етіледі, ол таңдаулы секірушілерде 9,2 – 9,6 м/c. құрайды.
Итерілу кезінде бағытты өзгерте отырып, секіруші қажетті ұшу биіктігіне көтеріледі.
Секірушінің ұшу кезеңін көтерілуге, қозғалыспен ұшуды жалғастыруға (секірудің үш түрінің біріне сай келетін – «аяқты бүгіп» , «иіліп» және қайшылау ) және жерге түсіуге бөледі.
Секірудің барлық тәсілдердің көтерілу негізінен бірдей болады. Итерілгеннен кейін итерілген аяқ біршама артта қалдырылып, жанбасты алға қарай қозғалту есебінен бүгіле бастайды.
Қол итерілгеннен кейін бір шама төмен түсіріліп, тік қалыпқа ие болады да, теңдікте сақтайды. Дене итерілгеннен кейін жағдайда болады. Осы өтпелі жағдай «ұшу адымы» деп аталады. Ол секіру ұзындығының бірінші ширегіне дейін сақталады. Ұшу адымы «аяқты бүгіп» иіліп немесе «қайшылау» әдістерін орындауға алмасады. Секірудің ұшу тәсіліне сәйкес «ұшу адымы» бірқатар ерекшеліктерге ие болуы мүмкін, бірақ қозғалыстың негізгі құрлымы «адымдауға» өзгеріссіз.
Алға қарай адымдауды болдырмау үшін секіруші итерілгеннен кейін жанбасты алға қарай жіберіп, денені сәл ғана артқа итеруі керек, бұл жағдайда бір немесе екінші қолмен артқа жоғары қарай қозғалыс жасалуы және серпілген аяқты түзету керек, содан кейін төмен түсіру қажет. Секіруші кез келген жағдайда ұшу адымында басталған басқа қозғалыстар мен қатар, жанбасты аздап алға қарай жіберуі керек. Егерде осындай қозғалыс қалыптағыдай болса, онда секіруші теңдікте сақтай отырып, уақыттан бұрын жерге түсіуден құтылады. Секіруші ұшу кезеңнің басында осы қозғалысты игере отырып, ұшудың сәттілігіне қол жеткізумен қатар, итерілуді батыл орындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |