Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д.
87028435334
Қ.Мұхамбетқалиев қазақ әдебиетінде
өзіндік орны бар танымал
жазушы. Оның прозалық шығармаларында негізінен жетпісінші, сексенінші
жылдардағы ел тіршілігі суреттеліп, қоғамдық
ахуал көріністеріндегі
қарапайым тұрмыстық эпизоттардың өзінен үлкен әлеуметтік гәптер ұтымды
жеткізіледі. Қырқыншы, елуінші жылдардың қытымыр кезінен құтыла
бастаған, еркіндік дәмін ептеп татып келе жатқан қауым өкілдерінің басында
психологиялық жаңа кеселдердің пайда бола бастауы,
адамдардың
арақатынасындағы бір кездегі аңғал достықтың бақастық пен арамдық амал-
айла шырмауына көмілуі әсіресе, «Мінез», «Ескі достар» атты прозалық
шығармаларында айқын сезіледі. Балалық, жастық дәурендегі адал, қимастық
сезімдер жылдар өте көңіл ауларлық көлгірсуге айналғанын шығарманы
оқып отырып түйсінген жан, енді осы
құлдыраудың себебін іздеуге,
қоғам
құбылыстарын ойша шолуға мәжбүр болады. Қазақ қоғамының өскелең
кезеңдеріндегі ахуалы «Дала әуендеріндегі», «Қарымта», «Қаңтардың қара
суық түні», «Бір машина шөп» әңгімелерінде қалтқысыз бейнеленеді.
Оймақтай ғана оқиғаға ойдай мағына сыйғыза алатын прозашы, адам
құлқынындағы құбылмалылықтан басталатын
дәуірлік трагедиялар мен
әлеуметтік драмалар өзегін дөп басады. Сезім иірімдеріне зер сала отырып,
замана қабілетін зерделейді. Әдебиеттің төл табиғаты мен басты міндеті
адамның өзін өзі ұғып, өзіне өзінің жаны аши білуіне баулу екендігін терең
түсініп, қатаң қадағалайтын суреткер өзгермелі уақыт пен тез есейіп келе
жатқан ұрпақтың қатаң талабына шымбайға батар шындығымен, еріксіз ден
қойғызар шынайлығымен жауап бере алатын шымыр шығармалар тудырады.
Қ.Мұханбетқалиев қазақтың ХVІІІ ғасырдағы отаршылдық езгіге қарсы
күресінің басшысы, әрі би, әрі батыр Сырым
Датұлы туралы ұзақ жылдар
бойы зерттеу жүргізіп, тұлға туралы республикалық «Арыс» баспасынан
«Сырым Датұлы» (2004) атты жинағы, әдебиет пен өнер туралы, қоғам
туралы сан түрлі пікірлер мен мақалалардан тұратын «Тоғысар арнамыз бір
толғанғанда...» (2010) атты кітаптары жарыққа шықты. Тәуелсіздік
жылдарында жазылған сүбелі еңбегі батыр, би, қайраткер Сырым Датұлы
туралы баяндалған «Тар кезең» тарихи романы 2012
жылы оқырмандарына
жол тартты. Мұхамбетқалиев Қ. Бірқатар қаламгерлердің шығармаларын
(Р.Акутагава, С.Чубек, Л.Хонвано, Я.Брыль, Л.Колодезный, Дж.Одинаев,
Х.Абдуллин, Т.Жұмагельдинов т.б.) қазақ тіліне аударды. Жазушыға 2002
жылы Байғанин ауданның құрметті азаматы атағы берілді. 2003 жылы
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болды.
Достарыңызбен бөлісу: