Абай атындағы республикалық мамандандырылға дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты



жүктеу 2,38 Mb.
Pdf просмотр
бет55/83
Дата12.09.2022
өлшемі2,38 Mb.
#39215
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   83
Қазақ әдебиеті 9-сынып

ТУ 
Поэма 
 
Төбеңнен елдік нұрын тұрған құйып
Өмірде еш нәрсе жоқ Тудан биік! 
Автор
І 
Шаңқай түс, тамылжыған шілде айында,
Естіген оқиға еді Ту жайында. 
Қаз қатар қона қалған қалың ауыл,
Биік тау алқымында – су бойында.
Көкейде кішкентайдан қалған сурет, 
Жүретін сәуле шашып жылда ойымда. 
Алданған жас баладай күнде ойынға,
Заманның кім кетпеген ыңғайында?
Санасаң шаш етектен шеккен бейнет, 
Не пайда салынғанмен құр уайымға?
Ер жігіт өле өлгенше тыным таппас, 
Тұрғанда ел парызы қыл мойында.
Гүрілдеп асау өзен таудан аққан, 
Толқиды көбік шашып жарқабақтан. 
Ышқынып, дөңбекшиді, долданады,
Тастарды домалатып суда жатқан.
 
Көмілген Тарбағатай басы қарға, 
Шешуге ақ тұмағын асығар ма?
Көк өзен көлденеңге өткел бермес,
Ауғанша жаз ортасы тасығанда.
Кербез тау шымылдықтай керіледі,
Қойнында бұққан аю, бөрілері.
Аршыған жұмыртқадай ақбоз үйлер,
Шаңқиып көз ұшынан көрінеді.
Тыпыршып, бөгелектеп желідегі, 


Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д. 
87028435334 
Байланған жас құлындар зерігеді.
Жотада желдеп тұрған жылқы үйірі, 
Түсуге төмен қарай ерінеді.
Секірсе тұяқтары сытырлаған,
Ешкі-лақ тас түбінде жыпырлаған.
Бауырына басын тығып бір-бірінің, 
Үйезде қой отары бықылдаған.
Ірімшік-құртты аңдиды өредегі,
Сауысқан ұшып-қонып лыпылдаған.
Ыстықта әуе айналып жерге түскен,
Жұрт қызу дуылдасып қымыз ішкен.
Аңқиды саумал иісі самал соқса, 
Әр үйден күрпілдетіп саба піскен.
Аспанға түтін созып тезек оты,
Қазанда шымырлайды бағлан еті.
Көкжиек сақинадай дөңгеленіп
Секілді көрінеді жердің шеті.
Қызыққа көбелектер еркін батып,
Ұшады қанаттарын жарқылдатып.
Салақтап қызыл тілі көлеңкеде, 
Соғады ит бүйірін солқылдатып.
Еске алып келмес күнді енді қайтып,
Төрде отыр бір қария әңгіме айтып.
Таңдайын тыңдағанның тамсандырып,
Сөйлейді бір күлдіріп, бір мұңайтып. 
Суырып түптен тартып сөз қозғасы,
Сияқты өлең-жырдың боз жорғасы.
Ақтарса көне сырды кәрі жүрек,
Сынаптай сырғанайды көзден жасы.
Бұл маңда Жақыпбекті кім білмейді,
Жүйріктей желсе тұяқ ілдірмейді.
Қалақтай домбырасын қолына алса,


Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д. 
87028435334 
Қосыла көкірегі күмбірлейді.
Әсет пен Кәрібайдың соңына еріп,
Ел кезіп, еркін шалқып жүрдім дейді.
Алашпыз намыс туын құлатпаған, 
Көрсек те қанша қуғын-сүргін дейді.
Тоқсанға сексен асып аяқ басқан,
Ғасыр тұр ар жағында таяқ тастам.
Жалтылдап жүні қызыл қайран ғұмыр
Түлкідей бұлаңдайды таяп қашқан.
Қандары басқа шауып, көз қызарып,
Тарылып тыныстары, қолқа қысты.
Бір кезде Барақ батыр «Қабанбайлап!»,
Сілкінді көк найзасын тез ыңғайлап.
Астынан иегінің ұрғанында,
Сүңгіді қолқасына терең бойлап.
Қорқырап қызыл қаны ыршып аққан,
Дөңбектей дөңгеледі Күршім аттан. 
Өлігін итше сүйреп алып келді,
Ізінен бұрқыратып шаң шұбатқан.
Басталды ұлы шайқас кескілескен,
Ала алмай бірін-бірі көп тірескен.
Жаңғыртқан айналаны айғай-шуды, 
Өлгендер ғана жатты естіместен.
Сұмдықтың көрінісі сондай сұсты,
Қырылып екі жақ та баудай түсті.
Майданда мейірім деген атымен жоқ,
Аяйтын Тәңір ғана ел байғұсты. 
Соғыстың баяндайсың жайын қалай, 
Жасырсаң болған істі мойындамай. 
Жау жағы бір мезетте басым түсіп, 
Серпілді қайран ерлер кейін қарай. 


Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д. 
87028435334 
Торғауыт топырлата қуды келіп, 
Көрмеген атқан оғын құр жіберіп. 
Кенеттен аттың басын қайта бұрды, 
Қашқан қол желбіреген туды көріп.
Қазақтың шыдай алмай соққысына, 
Қалмақтар қалжырады қатты, сірә. 
Бөлінді бас сауғалап бет-бетіне,
Келгенде Маңырақтың дәп тұсына.
Жау қашты, қазақ қолы тыныстады,
Боялған қанға найза-қылыштары.
Өлігі құрбандардың жайрап жатты,
Біткендей фәнидегі жұмыстары.
Жалғыз тұр ту ұстаушы дөң басында,
Көргендер аңтаң қалды алғашында.
Байрағы қолындағы желбірейді,
Өзінің көрінбейді жан қасында.
Болмастан ойларында ешбір қауіп, 
Батырлар сатырлатып келді шауып.
Күйінде ту ұстаған қатып қапты,
Өлсе де құламаған аттан ауып.
Қос жебе қатар тиіп өндіршектен, 
Аққан қан омырауын кеткен жауып.
Аты да астындағы қозғалмайды,
Тізгінін тұқыртыпты ебін тауып.
Қаруы жерде жатыр саудыраған, 
Екі көз жұмылмапты жаудыраған.
Төбеде туын жықпай қасқайып тұр, 
Дегендей «Не қыласың енді маған?!».
Егіліп жан қалмады жыламаған
Көргенде Қазымбетті құламаған.
Жықпаққа қазақ туын көздеп атқан,
Қалмақтың сұр мергені сығалаған.


Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д. 
87028435334 
Күңіреніп аттан түсті ер Қабекең, 
Сіресіп Қазымбет тұр ерде бекем.
Түбінен тудың сабын қатты қысып,
Қарысып саусақтары қалған екен.
Қолынан туын алып ел әзерге,
Тапсырды қайран ерді қара жерге.
Байрақты жас жігітке беріп тұрып,
Дарабоз былай деді қарап елге:
– Күн туар деген рас ұл туғанға,
Түсесің от пен суға жұртың барда.
Ешқашан өлмек емес ер Қазымбет,
Артында желбіреген ту тұрғанда!
Жалауын қатты соққан жел ұшырған, 
Тарихта талайлардың сағы сынған.
Жығылмай тумен бірге тұрып қалған, 
Қазағым, айналсаңшы арысыңнан!..
VІ 
Қара Ертіс, Сауыр-Сайқан, Қотанашы,
Барқытбел, Шорға, Зайсан екі арасы –
Босады тұтас жатқан торғауыттан, 
Сорайып жұртта қалған атағашы. 
Кешегі қия шауып ел тонаған, 
Жоңғардың күні бітті анталаған.
Жұрнағы жылай-жылай Алтай асты,
Жаяулап ер-тоқымын арқалаған.
Шашылып керегесі, шаңырағы,
Артына қарай-қарай аңырады.
Айырылып қатындары баласынан,
Ешкідей лағы өлген маңырады.
Тағдырдың кім құтылар кесімінен? 
Бәрі де пенденің өз кесірінен.
Ит ұлып, бота боздап, қозы шулап,
Шырылдап сәби қалды бесігімен.
Ілбіген ілесе алмай кәрі-құртаң,


Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д. 
87028435334 
Ажалдың сығалады есігінен.
Тойынып ит пен құсы құла дүздің,
Жемтікке қарық болды қарға-құзғын.
Олжа боп дүние-мүлік, мыңғырған мал,
Талайы торға түсті сұлу қыздың.
Күн кешіп бір күн ащы, бір күн тәтті,
Ақыры жоңғар жұрты қырғын тапты.
Батырлар дүркірете қуып барып,
Алтайдан аса бере тізгін тартты... 
VІІ 
Өзендей көңілі тасып ұрған жарға,
Қабанбай туын тікті бір заңғарға.
Үш жүздің қалың қолын түгел жинап,
Ас берді шейіт кеткен құрбандарға.
Құжынап сан мың жасақ сайда жатты,
Табанын көк майсаға тайғанатты.
Сойған мал, төккен сорпа қисабы жоқ,
Кілкіген судың беті май боп ақты.
Ерлігін бабалардың ел аңсайды,
Көненің көмескі ізін заман шайды.
«Майлышат» дейді халық осы күні,
Алқабы ат шаптырым терең сайды.
Қазақтың жөні жүйрік сыйға қандай, 
Ұстады ас тізгінін би Боранбай.
Апай төс алпауыттар алшаңдайды,
Барқытбел бөктеріне сыймағандай.
Жыр төкті Ақтанберді судай тасып,
Балуандар күш сынасып күнде айқасып.
Шығарды кең жазықтың шаңын көкке
Жүйріктер шамаларын бір байқасып.
Түспесе тіршілігі кейде есіне,


Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д. 
87028435334 
Жігітке дүниенің пайдасы не?
Мөлдіреп тұтқын қыздар қарақаттай,
Шетінен тігілді аттың бәйгесіне.
Атағы Абылайдың жерді жарып,
Айтуға құтты болсын келді халық.
Қарыны ақ түйенің ақтарылып,
Шаттанды алыс-жақын ел қуанып.
Олжаны хан Абылай өзі бөлді,
Үш жүздің қарап тұрған көзі көрді.
Кенеттен көптің көңілін толқытқаны –
Қақ жарған Қабанбайдың сөзі болды:
– Уа, жұртым, қоныс таппай, ел қонбайды,
Атадан келе жатқан жол қалмайды.
Бір тойда екі жар жоқ баяғыдан,
Бұл жолы Найман қолы олжа алмайды.
Оңына жауды жеңдік бастап Алла,
Анамыз жеген емес босқа қалжа.
Киелі бабамыздың басы жатқан,
Жоқ бізге атажұрттан асқан олжа!
Кеткенде атамекен жат қолына,
Қанды жас көзімізден ақпады ма?!
Көруге көне жұртты қайта жазған, 
Тәңірдің разымыз тоқтамына.
Алдымен тиер болсын мол қазына,
Ұлы жүз, Кіші жүздің сарбазына.
Орта жүз, жаудан қайтқан жер сенікі,
Қалмайық алыстағы ел назына.
Тұлпары астындағы тұлданғасын,
Тіріден дәметеді кім болмасын. 
Бөлінсін ине-сабақ жіпке дейін,
Қаралы әр шаңырақ құр қалмасын.
Тұрғыдан табылмаса тұрқы бірге,
Ерлердің арқа сүйер жұрты кімге?
Біріміз ұран салып атқа қонсақ,
Болайық исі қазақ ту түбінде!


Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д. 
87028435334 
Қашанда болған емес қырғын оңай,
Мың тәуба! Аман қалды ту құламай.
Туған ел ту түбінде тулап өлген, 
Ұмытар Қазымбеттей ұлды қалай?!
Қайран ер амал тапсын басқа қандай,
Соққанда ажал атты тасқа маңдай?
Өлсе де туын қолдан түсірмеді,
Желімдеп ер-тоқымға тастағандай.
Біріңе қысылғанда – бірің қорған,
Қазағым, қисаймасын туың қолдан!
Ұшпасын үш қайтара күн туса да, 
Басыңа бақыт құсың бүгін қонған!
...Қалың жұрт сермегендей шыңға қанат,
Таудағы тағзым етті туға қарап.
Байраққа бата беріп тарап жатты,
Арттағы амандығы ұлға – аманат!..
VІІІ 
Айбынды ту көтеріп, тұлпар мінген,
Бабалар ерлігіне іңкәрмін мен.
Тайған соң бастан бақыт, төрден тақыт,
Бетпе-бет келдік талай сұм тағдырмен.
Кең дала қасіреттен тұрды аңырап,
Халықтың көкірегі құр қаңырап.
Байрағы Бостандықтың көзден тайды,
Басымен хан Кененің бірге құлап.
Ту үшін қан төгістік, кескілестік,
Көрмеген сұмдық көрдік ешкім естіп.
Тар бұғау желкемізді қиғаннан соң,
Әйтеуір еріксізден көшке ілестік.
Кеудесін атқан оққа төсеп өлген,
Алаштың туы қайда кеше көрген? 


Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д. 
87028435334 
Жарқырап Тәуелсіздік таңы атпаса,
Өктемдік бізге қашан есе берген? 
Көздеумен шауып шығар көктөбені,
Әркімнің өз тұлпары ерттегені.
Қиылған қыршындардың Желтоқсанда,
Елесі түн ұйқымды төрт бөледі.
Жауыздың ешбірі жоқ жаза көрген,
Қашанда қиянаттан қазақ өлген.
Көк тудың қасиетті киесі атар,
Сабынан ұстамасақ таза қолмен!
Жығылмас ешқашанда елі жарға,
Алдында ту ұстайтын Ері барда!
Көтеріп алып Байрақ қазақ отыр,
Тілегін аңсап күткен беріп Алла!
Төбеңнен елдік нұрын тұрған құйып,
Өмірде еш нәрсе жоқ тудан биік!
Күн туса ел басына туды қорғап,
Өледі Қазымбеттей кім жан қиып?! 
 
Бола ма ата салтын ұмытуға, 
Тағзым ет, бауырларым, ұлы Туға! 
Шуағы сұм өмірден шындық таппай, 
Мұздаған жүрегімді жылытуда!.. 
Әумин! 

жүктеу 2,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау