Абай атындағы республикалық мамандандырылға дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты



жүктеу 2,38 Mb.
Pdf просмотр
бет18/83
Дата12.09.2022
өлшемі2,38 Mb.
#39215
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   83
Қазақ әдебиеті 9-сынып

Кітаптың соңы 
Мұхаббат-наме сөзін мұнда біттім, 
Баршасын Сыр жағасында жаздым. 
[Маған десең] Жәмшид пен Асаф'ү бол, 
Мұхаббат-намеге назарың сал. 
Бетіңді құбылаға беріп, дұға оқы, 
Сүйсінсін пендеңіз Хорезми - Равани. 
Бұ дәптер болып тұр мысыр қанты, 
Жеті жүз елу төртінші жылда тамамдалды. 
Түгеспекке құдайым берді пұрсат, 
Құлағың сал тағы бір қызық хикаят. 
Хикаят 
Мен Шамға аттанған жылы, 
Жаяулап біраз сапар шектім. 
Асатаяғым қолымда, қолтығымда башмағым, 
Қандай жағдайға кездессем де, жаман 
болғаным жоқ. 
Біреу су, біреу нан берді, 
Менің қайығым сұлудың бұрымыңдай есті де 
отырды. 
Құдайға сиынып көк теңізден өттім жүзіп, 
Рум патшалығын түгелдей араладым. 
Дәруішіме мен бардым әр үңгірге, 
Әбдалиү сектасынан біреулер бар дегенге. 
Сонан соң мені шамға жіберді, 
Шамға мен Византия арқылы шектім сапар. 
Ақсүйектен жанымда жолдасым болды, 
Өзі жас, алғыр ойлы сейд боп туған ол. 
Иығында бұралған қос бұрымы, 


Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д. 
87028435334 
Аспанды алдады көркіменен. 
Кейде үстіне дәруіштің жұпыны киімі мен, 
Басына Баязидтің құлақшынын киетұғын. 
Тілеп алған кедейліктен бұл дәруіш көп жапа 
шекті, 
Бұлттың тасасына тығылған күн сияқты. 
Ол қасыңда жүргенде ащы су балға айналар, 
Сүлеймен құмырсқамен табақтас болар. 
Патша сарайынан ұшып шыққан құмай, 
Торғаймен бұл күнде болды серік. 
Біз бірде гүл, бірде тікен кештік, 
Бірде орман, бірде тау арқылы өттік. 
Солай келе жатқанымызда кенеттен оған біреу 
Керуеннен әдейі былайша деп тіл тигізді. 
«Сен сейд емессің, қайыршысың, 
Мұстафаның6 нәсіліненмін деп жүрген». 
Бізбен бірге келе жатқан қартаң - христианин 
Иерусалим мен Мина шіркеуіне бара жатыр 
еді. 
Жүгіріп барып ол әлгі адамның қолынан ұстады да: 
«Біздің Тартабиданда шіркеу бар, - деді. 
Онда қазір үш жүз есектің тұяғы бар, 
Әрбір лағыл таспен, інжумен көмкерілген. 
Бірақ бұған әркім әр түрлі қарайды, 
Өйткені әр есектің төрт тұяғы бар, үш жүз емес. 
Бірақ олар бәрін де құрметтейді, 
Тек Исаның есегі үшін. 
[Үш жүз] тұяқтың әрбіріне олар тағзым етеді, 
Солардың ішінен біреуі ғана Иса есегінің 
тұяғы болса да». 
Шал солай айтты да, кетті өз жөніне, 
Адасушыға жол көрсетіп берді де. 
Христианин мұсылмандарға күлгенде, 
Әлгі адам оған сеніп қалды. 
Тағзым етті ол жол үстінде жүргенімізде 
Қайырымды қызметін де көрсете жүрді оған. 
Сен де сондай қараңғыда шырақ жаға біл, 
Мұсылмандықты христиандардан үйрен. 
Сейдтердің жүрегінің түгін улама, 
Әйгілі әулеттердің Хорезмидей досы бола 
біл. 
Иақырлықта азға қанағат ете білсең, 
Сонда өзіңе өзің шах һәм әмірсің. 
Көңілді, қамсыз өмір кешсең, 
Өзіңе лайық орынды сонда аласың. 
Көкке сарай салам деп болма әуре, 
Жұтым су мен бір түйір нан жетер саған. 
Тілек 
Мұны кімде-кім махаббатпен оқығай, 
Ақиқат әлемін сол біледі. 
Айтқанды бұ кітапты һәм жазғанды 


Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д. 
87028435334 
Тілеймін дұғасында есіне алғай. 
Жеке бәйіт 
О, сұлу, сенен бұ тілегім, 
Ұмытпа пендеңді құдай үшін. 

жүктеу 2,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау