Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д.
87028435334
Сенің сұлулығың әлемді иментеді,
Қасыңның сұлулығы көк күмбезіндей.
Сенің ернің жаһұтқа жарқыл береді,
Сенің көзің Харутты5 да ұйықтатады.
Сенің түзу мүсініңе қарағай да қызығар,
Сенің жүзің айдың жүрегінде қызғаныш жалынын тудырар.
Сенің сұлулығыңнан именіп,
Күн бетін кештен таңертеңге дейін жасырады.
Сұлулығың толқытып бар дүниені
Тағдыр кетті сені іздеп, адасып өз жолынан.
Теңдесі
жоқ суретшінің қыл қаламынан,
Сенің жүзіңдей мінсіз сурет шықпас тегі.
Жүрегім менің көзе сияқты,
Сенің көздеріңдей үнемі мас.
Қашанға дейін қарақшы болады көздерің,
Қашан көздерің жаныма тыныштық береді?
Бұл
жолда қанның құны бол мас а да,
Босағаңның алдында қан төккен жарамас.
Сенің тұрағыңның топырағы Қағбаның жаны болса
Қағбаға барып құрбан шалып керегі жоқ.
Не айтсам да қиялымның тоқтайтын тұсы
бір-ақ жер,
Саған деген ғашықтығымның құтылу жоқ.
Дәруіш шахпен қосылғысы келгенде,
Өз қырманына от жібереді.
Сондай бір
сәтте тәнімнен жаным кетіп,
Басым түсер үзілген шырағдандай осы жерге.
Егер көбелек өз өмірін құрбан етпейін десе,
Шырақтың айналасында шыр айналмайды.
Егер менің жүз өмірім болса,
Мен оны осы махалла тұрғындары үшін сарп
етер ем.
Сенің көркіңе әлем таңданар,
Жалған дүние секілді сен де тұрақсызсың.
Махаббатыңның есігін мен бірінші аштым.
Сондықтан да есігіңнің тұтқасында сақина
секілдімін.
Бар тірлігімді тастап берілем құмарлыққа,
Менің махаббатқа берілгенімді жұрттың бәрі
айтады.
Сен білмейсің бе менің наламды,
Көзімнен төгілген топан жасты?
Махаббатыммен мақтана алам,
Көзімнен аққан жас дария болады.
Менің халімді көріп аспан да мұңға батады,
Сенің маған аяушылық көрсетуіңді өтінеді.
Менен басқа еш
пенде төзбек емес,
Басымнан өтіп жатқан көп азапқа.
Саған деген махаббатым асқар таудай,
Таудай салмақтың астында жаншылып
келемін.
Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д.
87028435334
Әділетсіздікке бармағын, нәтижесінен қорық,
Қанымды төксем, күнә ғой саған.
Адалдықтың сарайын берік соғып,
Кейде мені де есіңе ал, қи маған бұл
қуанышты.
Сен жарық дүниеге келген сәтте,
Жүрегімде саған деген ынтызарлық сезім
туды.
Мен сенің жұпар
исінді қуатын жел емеспін,
Тұрағыңның тұсынан өтіп, одан әрі самғайтын.
Мені жаратпайтыныңды [жек көретініңді]
білемін,
Сарайыңның алдындағы топырақ құрлы
жоқпын.
Қарағайдай еркін бол сен,
Гүлдей, өз сұлулығыңа өзің қуан.
Сұлулығың бақытқа жолықсын,
Саған тиетін жауыз көз жүз көше сенен
жырақ болсын.
Хорезми жер басып жүргенде,
Сұлулығыңды көкке көтере жырлайды.
Махаббат қаламы жанымда белгі қалдырды,
Махаббат киімін кидім мен біржолата.
Саған деген махаббат әнін бастадым,
Жүрегімді чанг аспабындай сазға келтірдім.
Таң жаңа саз бергенде,
Осы кіріспе сөзді жаздым.
Егер әңгімені
мұнан әрі жалғастырсам,
Хұсайни әуенінен мейрам күніне ештеңе
қалмас.
Мәснәви
Ей, шарапшы, түр бері, рахат шарабын әкел,
Ескісін әкел, жанымды желпір ме екен!
Жаным жанып барады,
Бұл отты сумен сөндіре алар ма екен?
Ойлап тұрсам, сабырдан жақсысы жоқ,
Енді білдім, бұл жолда сабыр да жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: