Абай атындағы республикалық мамандандырылға дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты



жүктеу 2,38 Mb.
Pdf просмотр
бет10/83
Дата12.09.2022
өлшемі2,38 Mb.
#39215
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   83
Қазақ әдебиеті 9-сынып

Төртінші хатты оқуы 
Дүние сұлуларының падишасы, қайдасың, 
Әлем ғашықтары махаббатыңда аңсайды. 
Құрма іспетті мүсініңнің алдында қарағай 
қысқа көрінер, 
Күн мен ай сен басқан топырақтан 
жаратылған. 
Сұлулығың әлемді алды жаулап, 
Алабұртып жарқыраған жүзің мөлдір шарап 
секілді. 
Сенің сүмбіл шашыңнан қан жұпарға 
[мускуске] айналды, 
Ерініңе қызғаныштан гүл қауызы солды. 
Жүзіңмен салыстырғанда гүл су тамшысы 
секілді, 
Әлем - бейнеңе түн, жүзің - ай секілді. 
Мүсініңді көре алмай қарағай талша 
қалтырайды, 
Құлағың ақ гүлдің жапырағы сияқты. 
Жүзің ай сияқты да, 
Құлағындағы асыл інжу жұлдыздардай. 
Маңдайың жарқын - күн, бұрымың - түн, 
Иегің күн сияқты көз қаратпайды. 
Күлкі үйірген ерініңнен жас көгалдың исі 
аңқиды, 
Жүзіңмен салыстырғанда күн дөңгелегі ештеңе 
емес секілді. 
Ернің еске түскенде қызыр берер жанын, 
Қызғанады ерніңді зәм-зәм суының қайнар 
көзі де. 
Сенің көзің кейде бұлыңғырланып, кейде 
тұнжырайды, 
Мac қылар жанарыңнан алыс болсын 
дұшпан көз. 
Оймақ аузың - құмырсқаның көзіндей, 
Бетіңнен түскен нұрдан сау адам болар соқыр. 
Сенің нәзік мықының тіпті көрінбейді де, 
Құмырсқаның белі көрінер ме көлеңкеде. 
Ажарыңның алдында ай да солғын тартады, 
Оқтай мүсініңе жұмақ ағашының бұтағы да 
басын иер. 
Ай сияқты саған тең түсер аспан денесі жоқ, 
Гүл шырайлы айсың сен, ернің шырын шырақша күлген. 
Сен дүние жүрегін жаулап алдың, 
Күміс төсіңнің исінен есін танады әлем. 
Көздің жауын алар бетіңдегі меңің, 
Гүл бағындағы зәңгі сәбиі сияқты. 
Саған садақ пен жебенің қажеті жоқ, 
Қажет болса назды қылығыңмен-ақ өлтірерсің. 
Қасыңның әдемілігіне, о, көз қуанышы, 
Аспан да қалар айран-асыр. 


Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д. 
87028435334 
Сенің сұлулығыңа көз тоймайды, 
Сұлтаным, сен сұлулық әлемінің бір дүниесі. 
Күмістей жарқыраған саусақтарың жанымды 
алды, 
Ақылым ажарыңның алдында болды аң-таң. 
Өмір бағында сендей гүл шоғы жоқ, 
Басыңнан тырнақтарыңның ұшына дейін әсем, 
Еріндеріңнен жүрегімді күйдірген шарап 
жұттым, 
Неткен жақсы: жүзің шарап һәм бүгінгі күн. 
Жанымның тізгіні сүйіктімнің қолында 
Сен - күнсің, сенің атың - көк күмбезі. 
Патшалардың жүрегі сенің еріңе байланған, 
Бірақ сен олармен еш ісің жоқ. 
Өз жүрегім өзіме қылды қастық. 
Осы жүрек қой кәрілерді де жасартатын. 
Сенсіз маған қажетсіз азапты өмір, 
Жансыз тәннің болар ма ешбір мәні. 
Мен де бір торға түскен құс секілді, 
Алыстаған армандар салды азапқа. 
Хорезми қашан өзіңмен қосып басын, 
Қашан шах дәруішке болар мейман? 
Сен мөлдір дариясың, мен тозаңмын, 
Сыпаты бір ме екен шаң мен таза інжудің? 
Жаным барда кеудемде сені іздеймін, 
Тілім барда сені жырлап өтермін. 
Қайда жүрсең де, сен менің жүрегімдесің, 
Саған деген махаббатыма әркезде болармын мас. 
Сенің бейнең сахар таңда менімен құрды сұхбат, 
Түнде ол қандай жақсы һәм анық тіл қатады? 
Шын ғашық болсаң, қимылдап бақ, 
Махаббат пен мақсатыңа сонда жетесің. 
Мәснәви 
Ей, шарапшы, көзе ақыл керек, 
Сонан соң сен менен құтыласың. 
Жеткізсін мені тікенек арасынан гүл бағына, 
Сүйгеніммен қосылар жиын тойға. 
Екі дүние қиямын көзе шарапқа 
Мұхаммед Хожа шах үшін ішетін. 
Ойлап тұрсам, сабырдан жақсысы жоқ, 
Енді білдім, бұл жолда сабыр да жоқ. 

жүктеу 2,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау