Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д.
87028435334
ҚАЖЫМҰҚАН
Повесть
Шығарманың толық нұсқасын төмендегі сілтемеден оқи аласыздар:
http://kazneb.kz/bookView/view/?brId=1106731&simple=true&lang=kk#
*****
ІҮ ТОҚСАН
МҰХТАР
ШАХАНОВ
(2
шілде 1942
жылы туған, Түркістан
облысы, Төле би ауданы, Қасқасу селосы) — қазақ ақыны, драматургі.
Бірнеше өлең кітаптарының және халық арасына кең тараған бірқатар
әндердің авторы. Балладалары мен поэмалары дүние жүзі халықтарының 20-
дан астам тілдеріне аударылған. Өлеңдерінде философиялық ой басым.
Мәтінін де, музыкасын да өзі жазған "Жұбайлар жыры", "Туған күн кешінде",
"Гүл дәурен", "Мен саған ғашық едім" атты әндері жүртшылыққа
кеңінен
таныс.
"Махаббат заңы", "Сенім патшалығы", "Сократты еске алу түні" атты
драмалары республикамызда және шетел театрларында қойылған.
Ш.Айтматовпен бірлесіп жазған "Құз басындағы аңшының зары" атты
эссе кітабы мен "Сократты еске алу түні" атты драмасы көптеген тілдерге
аударылған. "Шыңғыс ханның пенделік құпиясы" драмалық туындысы
негізінде Украинаның Довженко атындағы киностудиясы екі сериялы
телефильм шығарды.
М.Шахановтың
«Өркениеттің
адасуы»,
«Жазагер
жады
космоформуласы» (Шыңғыс ханның пенделік құпиясы)
атты романдары
ЮНЕСКО шеңберінде қаралып, әлемдік деңгейде қызу пікірталас тудырды.
Оның шығармалары дүниежүзінің 50-ден астам тілдеріне аударылды.
Мұхтар Шахановтың бес ерлігі:
Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д.
87028435334
– Кеңес Одағының озбырлық саясаты ұмыттырып жіберген Наурыз
мейрамын қайта тірілтті;
– Арал апаты асқынып тұрған тұста оған әлем назарын аударып, Орта
Азия мемлекеттеріне Аралды сақтауды міндеттеп өткізді;
–
Мәскеу мен жергілікті билік, қазақты қорлап, жастарды қан-жоса
қылып қырып, қуғынға ұшыратқанда, Желтоқсан
көтерілісінің ақиқатын
қасқайып тұрып жалпақ дүниеге жария етіп, жазықсыздарды арашалап,
қылмыскерлердің бетін ашты;
– Қазақ, орыс тілдеріне қатар Мемлекеттік мәртебе әперген заң
қабылданып кеткенде алған бетінен қайтпай
алабөтен мінез көрсетіп, ана
тілінің мәртебесі үшін ақырына дейін айқасты;
– Қазақ ұлтын «қазақстандық ұлт» дейтін, тілі, діні, рухы, салт-санасы,
әдет- ғұрпы, ұлттық реңі жоқ «әлем ұлтына» кіргізіп, қазақты жер бетінен
жою саясатына қарсы тұрғандардың да қатарында Мұхтар Шаханов.
Ақын өз елінің мемлекеттік дәрежедегі сыйлықтарынан, «Халық
қаһарманы» атағынан, орден, медалдарынан жүйелі түрде бас тартты. Ол оны
былай түсіндіреді.
«Отан біздің ең үлкен анамыз. Әркім өз анасына еткен қызметі үшін
жылу
дәметпеуі керек. Отан да өзінің дараланған перзенттерін марапаттап
отыруы шарт. Бірақ ол өте әділетті түрде шешім табуы тиіс. Қазір
елімізде кез келген заңдастырылған немесе заңдастырылмаған ұрылардың
ең кемі екі орден, үш медалі бар. Солардың қатарында болғым келмейді.
Ал шет мемлекеттер ұсынған сыйлықтарды алатын себебім, ел
перзентіне көрсетілген, есепке құрылмаған риясыз құрмет сәл де болса
республикамыздың рухани мәртебесін өсіреді».
Достарыңызбен бөлісу: