Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д.
87028435334
Мүсірепов әңгіме жанрының өркендеуіне үлкен үлес қосты. Алғашқы
шығармаларынан-ақ жазушылық шеберлігімен танылды. “Қос шалқар”
(1928), “Көк үйдегі көршілер” (1929), “Өмір ертегісі” (1930), “Алғашқы
адымдар” (1932), “Шұғыла” (1934), “Үздіксіз өсу” (1934), “Жайлау жолында”
(1936), “Тұтқын қыз” (1938), “Жеңілген Есрафил” (1939), тағы басқа әңгіме,
повестерінде еңбек адамдарының қиындыққа толы қажырлы өмірі мен азамат
соғысы, ұжымдастыру кезіндегі дүрбелең оқиғалар легі суреттеледі.
Мүсірепов әр кезеңде жазылған ана тақырыбындағы туындыларында
қазақ әйелінің жиынтық бейнесін жасады. Көптеген әңгіме, новеллаларында
Әйел — Ананың бейнесін асқақтатып, әлем әдебиетіндегі Әйел — Ана
тұлғаларының галереясын байыта түсті. Ол “Ананың анасы” (1933), “Өлімді
жеңген ана” (1933), “Ашынған ана”, “Ананың арашасы” (1934), “Ер ана”
(1942), “Ақлима” (1944), “Әмина”, “Ана жыры”, “Ана” шығармалары арқылы
сөз өнеріне жаңа көркемдік өрнек әкелді. Ана жайында жазылған алғашқы
әңгімелері М.Горький сарынында алынғанымен,
ана бейнесі қазақы
қасиеттерімен көркем өрнектелген. Мүсірепов қаламынан туған Қапия,
Ақлима секілді ана образдары арқылы қазақ өмірінің шынайы көріністері
сипатталады.
Оның “Кездеспей кеткен бір бейне” повесі (1966, ҚР Мемл. сыйл.,
1970) — классикалық шығарма. Повесть Мүсіреповтің шынайы сөз зергері
ретіндегі қаламгерлік қарымын, талант қуатын танытты.
Қара сөзбен
жазылған поэма іспетті бұл шығармада азаматтық ерлік пен ақындық асыл
өнер, адамгершілік биіктік пен махаббат терең лиризммен әсем өрнектелген.
Адам бейнесін, мінез-құлқын, іс-әрекетін әдемі штрих-детальдармен беруде
жазушы ірі көркемдік табысқа жеткен. Бас кейіпкер
Еркебұланның жігерлі
тұлғасы, оның рухани әлемінің алуан сырлары көркемдік бояумен әсем
өрнектелген. Оның прототипі ретінде ақын Сәкен Сейфуллин алынған. Терең
лиризммен, сан түрлі сезім толқындарымен тебірене жырланған Еркебұлан
бейнесі қазақ әдебиетіндегі ұнамды образдар қатарын байытып, сөз өнерінде
үлкен жетістік саналды.
Мүсіреповтің драматургия саласына сіңірген еңбегі де орасан зор.
Оның “Қыз Жібек” (1934), “Қозы Көрпеш — Баян Сұлу” (1939), “Ақан Сері
— Ақтоқты” (1941) пьесалары лиро-эпостық жырлар негізінде туындаған.
Фольклорлық шығармалардың идеялық, тақырыптық желісін сақтай отырып,
ол тың өрнекті дүниелер жасады. Жазушы пьесалары қазақ театры
репертуарынан тұрақты орын алды. “Қозы Көрпеш — Баян сұлу” ұйғыр,
корей театрларының сахналарында, Украинадағы Винницкий театрында
және Мәскеу қаласындағы
театрларда,
Франциядағы Нанси қаласы
театрында (1984) қойылды. Бұл спектакль Париж қаласында
өткен театр
фестивалінде 1-орын алды (1981).
Мүсірепов сондай-ақ “Қыз Жібек”, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” сияқты
опера либреттоларының да авторы. Ол тарихи тұлғалар өмірінен “Амангелді”
(1939), “Ақан сері – Ақтоқты” (1942), “Болашаққа аманат”, “Қыпшақ қызы
Аппақ”, “Қайран Майра” атты драмалық шығармалар жазды.
Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д.
87028435334
Мүсірепов – көрнекті қоғам, мемлекет қайраткері. 1932 жылдың 4
шілдесінде ол республикаға танымал адамдармен бірлесе отырып, халықтың
басына төнген аштық нәубеті жайында БКП(б) қазақ өлкелік комитетіне
“Бесеудің хатын” жолдады. Хаттың мазмұны мен көтерген келелі мәселесі
Мүсіреповтің қай кезеңде де болмасын халқының қамы үшін күресіп, қоғам
алдындағы парызын адал орындаған азамат болғандығын айғақтай түседі.
1990 жылы Мүсірепов атындағы республикалық балалар мен
жасөспірімдер театры “Бесеудің хаты”спектаклін қойды, пьеса авторы –
Ш.Мұртаза, қоюшы-режисер Р. Сейтметов). Мүсіреповтің
қоғам қайраткері
ретіндегі, қарапайым адам қатарындағы адамгершілік ұстанымдарын
айғақтайтын іс-қимылдары жетерлік. Соның бірі 1937 жылы Қазақстан
Жазушылар одағындағы жиналыста тағдыры талқыға түсіп, ұсталып бара
жатқан Б.Майлинге араша түсіп, “Бейімбет жау болса, мен де жаумын” деген
сөзі бүгінгі күні аңызға айналған. Осының салдарынан ол 1938 жылы партия
қатарынан шығарылды.
Достарыңызбен бөлісу: