РУХ ПЕН ТІЛ
Табиғаттың өзгермейтін заңына бұр бетіңді,
Қай кезде де туған тілің туған анаң секілді.
Бабалардың арманы бар мына қызыл гүлдерде,
Олар елін, тілін қорғап жанын қиған бұл жерде.
Ұлтсыздану заманында,
Тілің нарық табанында,
Көнбістік бар қадамыңда,
Рухыңды басып кетті қарын.
Тіліңді жоғалтсаң,
Діліңді жоғалтсаң
Жоғалтасың бәрін.
Адам қанша болғанымен дарынды әрі табанды,
Туған жерін сүймей тұрып сүймек емес ғаламды.
Өзге ананың мазмұнына, мерейіне тор құрар,
Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д.
87028435334
Алдыменен өз анасын сүйе алмаған сорлылар.
Нарық-ғасыр бәрін сатып жібере ме алтынға,
Кім қалады сол алтынға сатылмайтын қалпында?
Жалғандық бар ұлтсыздардың беделі мен даңқында,
Ана тілін сыйламаған сыйламайды халқын да.
*****
НЕСІПБЕК
АЙТҰЛЫ
- 1950
жылы
Шығыс
Түркістанның
Тарбағатай
аймағында
туған.
Ақын,
Мемлекеттік
сыйлықтың
лауреаты(2012ж), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері(2011), «Парасат»
орденінің
иегері(2004).
Таңдамалы
жеті
томдығы
«Фолиант»
баспасынан (2015 ж.) жарық көрген эпик ақын.
Еңбек жолын Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде бастайды.
1974 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің журналистика факультетін
бітірген.
Қазақстан Жазушылар одағының секретариат мүшесі, Астана
қаласындағы С.Сейфуллин атындағы мұражай директоры.
Алғашқы «Балалық» деген өлеңі 1965 жылы Шұбартау аудандық
«Жаңа өмір» газетінде, алғашқы топтамасы 1972 жылы Мұқағали
Мақатаевтың сәт сапар тілеуімен «Лениншіл жас» газетінде, алғашқы кітабы
1974
жылы
«Қозыкөш»
деген
атпен
жарық
көрді.
«Бас сүйектері» (1976), «Жасынның сынығы» (1977), «Найзағай»
(1978), «Жүректегі жаңғырықтар» (1979) поэмалары кезінде «Жалын»
альманахы жариялаған Республикалық конкурстардың жүлделерін, «Мұхтар
мен Абыз» толғауы М.Әуезовтің 100 жылдығына арналған мүшәйраның бас
жүлдесін алған. «Мұқағали-Желтоқсан» поэмасы 2001 жылы Республикалық
әдеби конкурстың жүлдесіне ие болса, «Бәйтерек» поэмасы әдеби қауым
тарапынан жоғары бағаланды. 2004 жылы Мәдениет министрлігі жариялаған
Республикалық
патриоттық
әндер
конкурсының
Бас
жүлдегері.
Ақын Несіпбек Айтұлы қазіргі қазақ қоғамында қалыптасқан өзекті
мәселелер, ұлтымыздың жарқын болашағы мен бүгінгі күніне әсер ететін
елеулі оқиғалар туралы сергек пікір білдіріп, шұғыл ойларын жариялап
отыратын еркін ойлы қаламгер. Ана тілі, ата ділі, ұлттық құндылықтар,
әсіресе рухани өмірімізде толғағы жеткен түйткілді дүниелер ақынның
назарынан тыс қалған емес. Оның осы бағыттағы мақалалары мен
сұхбаттары «Сарайымнан шыққан сөз» (2014ж.) деген атпен жеке том
болып жарыққа шықты.
Парасатты қалам иесінің қатарластары мен әріптестері, әдебиеттанушы
ғалымдар мен қоғам қайраткерлері оны «Бостандық жырының боз
жорғасы»(2017) деп атауы, ақын туралы зерттеулердің осы аттас кітапта
топтастырылып оқырманға жетуі азаттықтың елең-алаңынан бері алаш
жұртының терең тарихын толқыта толғап, тәуелсіз еліміздің бүгінгі тыныс-
Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д.
87028435334
тіршілігін шабыттанып жырлаған жемісті туынды иесі болуына берілген баға
деуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |