Абай атындағы республикалық мамандандырылға дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты



жүктеу 2,38 Mb.
Pdf просмотр
бет26/83
Дата12.09.2022
өлшемі2,38 Mb.
#39215
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   83
Қазақ әдебиеті 9-сынып

КҮЛДІР-КҮЛДІР КІСІНЕТІП 
 
Күлдір-күлдір кісінетіп, 
Күренді мінер ме екеміз?! 
Күдеріден бау тағып, 
Ақ кіреуке киер ме екеміз?! 
Жағасы алтын, жеңі жез, 
Шығыршығы торғай көз 
Сауыт киер ме екеміз?! 
Ор қояндай жүгінтіп, 
Аш күзендей бүгілтіп, 
Жолбарыстай шұбарды 
Тандап мінер ме екеміз?! 
Сол шұбарға мінген соң, 
Қоңыраулы найза қолға алып, 
Қоңыр салқын төске алып, 
Қол төңкерер ме екеміз?! 
Жалаулы найза жанға алып, 
Жау қашырар ма екеміз?! 
Тобыршықты әндіген 
Толтыра тартар ма екеміз?! 
Тобылғы түбі құралай, 
Бытыратып атар ма екеміз! 
Жарлауға біткен жапырақ - 
Жамылсақ, тоңар ма екеміз?! 
Жазыққа біткен бүлдірген - 
Сұғынсақ, тояр ма екеміз! 
Тобылғы сапты қамшы алып
Тұмар мойын ат мініп, 
Қоныс та қарар ма екеміз! 
Ел жазылып жайлауда, 
Жақсылар кеңес құрғанда, 
Мұртымыз өрге шаншылып, 
Бұрын да сөйлер ме екеміз?! 

От басар орны отаудай, 
Қабырғасы халық орнаған 
жонсаудай, 
Ор қояндай қабақты, 
Қиған қамыс құлақты, 
Сары мысықтай азулы, 
Саптыаяқтай ерінді, 
Қидасын кәрі жілікті, 
Омырауы есіктей, 


Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д. 
87028435334 
Ойынды еті бесіктей, 
Табаны жалпақ тарланды 
Таңбалап мінер ме екеміз?! 
Сол тарланға мінген соң
Өзен де өзен, өзен су, 
Өрлерде жортар ма екеміз?! 
Аңдысып жүрген дұшпанның 
Бұлттан шыққан ай бетті, 
Мұнардан шыққан күн бетті, 
Айттырса, бермес сұлуын 
Аппақ қылып мандайын, 
Бұғақ қылып таңдайын, 
Қиылдырып қастарын, 
Төгілдіріп шаштарын, 
Күнінде аламанға 
Тегін олжа қылар ма екеміз?! 

Күлдір-күлдір кісінетіп, 
Күренді мінер ме екеміз?! 
Күдеріден бау тағып, 
Қамқапты киер ме екеміз?! 
Өзенге бие байлатып, 
Төскейге орда орнатып, 
Төрткілдеп ошақ қаздырып, 
Төбел бие сойғызып, 
Төменде бидің кеңесін 
Біз де бір құрар ма екеміз?! 
Құлаты тауға қол салып
Садақтың оғын мол салып, 
Бетпақтың ен бір шөлінен 
Төтелеп жүріп жол салып, 
Қолды бір бастар ма екеміз?! 
Майданда дабыл қақтырып, 
Ерлердің жолын аштырып, 
Атасы басқа қалмақты 
Жұртынан шауып бостырып, 
Түйедегі наршасын, 
Әлпештеген ханшасын 
Ат артына мінгізіп
Тегін бір олжа қылар ма екеміз?! 
Кеуде бір жерді жол қылсам, 
Шөлең бір жерді көл қылсам, 
Құрап жанды көп жиып, 
Өз алдына ел қылсам! 
Асқар бір тауды жайласам, 
Желілеп бие байласам, 
Күнде жиын, күнде той, 
Қыз-бозбала ойнатсам, 
Тентегін түзеп байқа деп, 
Ішінен биді сайлатсам, 


Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д. 
87028435334 
Құлым бір ұлдай киінсе, 
Көркемін көрген сүйінсе, 
Атымтай Жомарт секілді 
Атағым жұртқа білінсе! 
Өзім бір бөлек жайласам, 
Жігіттен нөкер сайласам, 
Ойпаң жерге он отау, 
Қыраң жерге қырық шатыр тігіп, 
Қонағымды жайғасам! 
Пышақтан малым кетпесе, 
Қазаным оттан түспесе, 
Ауылдан топыр үзілмей, 
Ошақтың оты өшпесе! 
Май жемесе қонағым, 
Қан жемесе барағым, 
Он кісіге жараса 
Бір кісіге арнап тартқан табағым! 
Халыққа атым білініп, 
Шүлеңгір мырза атанар ма екеміз?! 
Төскейде кеңес топтанып, 
Жақсылар үйде баптанып, 
Нокерлер жүрсе сап түзеп, 
Қос-қосымен шаттанып. 
Қиуадан ақыл алатын, 
Қияннан айла табатын 
Ерлерден салсам нөкерді 
Дұшпаннан кекті алатын! 
Жоны бір жалпақ жотадай, 
Мойны бір жалпақ бұқадай, 
Балуаннан нөкер барлатып, 
Күреске салар ма екеміз?! 
Артықша көзге көрініп
Балуаным жықса таңлатып, 
Алмасын арнап суарып, 
Ақ сауыт соқса зергерім, 
Таудағы сала бұғыны 
Аңдып бір атса мергенім! 
Көкорай көктем болғанда 
Дауысы бар азандай, 
Желіні бар қазандай, 
Жаралы қудай ыңырантып, 
Жарылған мұздай күңірентіп, 
Қайрауықтың ащы күйіндей 
Қайырып боздап күйлентіп, 
Боталаған боз інген 
Азан-қазан, у да шу 
О да бір алса мазамды-ай! 
Алғайдың құба жонына 
Жайылған қойым сыймаса, 
Жүз бүркеншек, жүз қоспен 
Қатар жүріп жинаса! 


Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д. 
87028435334 
Көк алалы көп жылқы 
Көлге бір түссе көз жетпей, 
Санап санын алуға 
Есебіне жан жетпей... 
Беглерім мінсе шұбарын, 
Жұлындай қылып жаратып! 
Елден елді аралап, 
Тектіден текті саралап, 
Беглердің қызын айттырсам, 
Нұсқасын байқап шамалап - 
Сынға толса сияғы, 
Әлбеті шамның шырағы, 
Мұхиттан сүзіп шығарған 
Қымбатты гауһар бағасы. 
Жүз нарға кілем жаптырып, 
Қазақтан сәнін арттырып, 
Ұзатып алсам сәнменен, 
Көңлімді хош таптырып! 
Бала берсе тезінен, - 
Пірлердің бітсе демінен, 
Шілтеннің тиіп шылауы, 
Артылып туса өзімнен! 
Осындай берген дәулетті 
Көтеріп тұра алар ма екеміз?! 
***** 

жүктеу 2,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау