Абай атындағы республикалық мамандандырылға дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты



жүктеу 2,38 Mb.
Pdf просмотр
бет27/83
Дата12.09.2022
өлшемі2,38 Mb.
#39215
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   83
Қазақ әдебиеті 9-сынып

ЖИЕМБЕТ БАРТОҒАШҰЛЫ
(1570-1575) 
жылдар шамасында 
туып, 1643 жылы дүниеден қайтқан). Қазақтың аса талантты жырауы, биі әрі 
жеңімпаз батыры. Ол Кіші жүздің Байұлы тайпасының Тана руынан шыкқан. 
Жиембеттің 
жас 
шағы 
қазіргі 
Батыс 
Қазақстан 
аймағының Өзен, Жем, Арал аралығындағы ауылдарда өткен. 
16 
жасынан хандар, билер, батырлар жанында 
жүріп, ел билігіне 
араласады. Өсе келе ол Есім ханның беделді биі әрі батыры дөрежесіне 
көтеріледі. Талай ұрыс, шайқастарға катысып, ерлік көрсетеді. Ханның 
жауынгер жасағын баскарып, жеңімпаз қолбасшы болады. Ол сонымен бірге 
Еңсегей бойлы Ер Есімнің кіші жүз еліндегі ең бір беделді бас биі ретінде 
танылады. Жиембет әсіресе 1620 жылғы Есім ханның ойрат-қалмақтармен 
соғысы кезінде ерекше ерлік, тапқырлық көрсетіп, шапқыншы жауды 
ойсырата жеңіп, бетін кайтарады.
Жиембет жыраудың ересен ерлігі мен әділ де алғыр билік қызметі 
былай жазылған: "...Ол Есім ханның кіші жүздегі ел басқарушы биі, 
қолбасшы батыры болған. Қалмақтарға қарсы 1620-27 жылдарғы жорықтарға 
қатысып ұйымдастырушылық қабілетімен, ерлігімен көзге түскен". Сөйтіп ол 
үлкен абырой, беделге ие 
болады. 
Жиембет 
бидің 
Есім 
ханмен 
бұл достық қарым-қатынасы ұзаққа бармайды. Екеуінің арасында ел аралық 
бітімгерлік, жер дауы, жесір дауы кезінде келіспеушілік өрістей береді. Бетің 


Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д. 
87028435334 
бар, жүзің бар демей, турасын кесіп айтатын қайсарөжет би Есім ханның 
кейбір озбыр жөн-жосықсыз іс-әрекеттеріне қарсы шығады. Оның бұл мінезі 
ханға да жаға бермейді. Сөйтіп хан мен бидің арасы суи бастайды. Жиембет 
ханнан іргені аулақтатып, қол астындағы елге өзінше билік жүргізе бастайды. 
Мұны білген хан оның соңына түсіп, куғынға салады. Сонда бір кездесуде 
Жиембет жырау Есім ханға былай депті: 
Еңсегей бойлы Ер Есім! 
Есім сені есірткен, 
Есілде менің кеңесім... (толық нұсқасы төменде берілген) 
Міне содан бері бұл толғау ел жадында сақталып, жатқа жырланып 
бізге жеткен. 
Хан мен би арасындағы сол бір келіспеушілік өрши түседі. Бұл 
жанжалға енді мынадай бір жесір дауы кеп жалғасады. Ол былай: Қасым 
ханның атасы Тәуекел өліп, оның Ақторғын дейтін әйелі жесір калады. 
Ақторғын өзі сұлу, келбетті, әрі ақылды болса керек. Қасым ағасының жылы 
өткен соң Ақторғын жеңгесін әмеңгерлікпен өзі алмақ ойда жүреді. Ал, 
Ақторғын болса, өзі сүйетін Жолымбет нағашысының бір батыр насат 
інісімен көңіл қосып жүріп, жүкті боп қалады. Мұны сезген Қасым хан енді 
бұрынғыдан бетер қаһарланады. Жиембеттің батыр інісі Жолымбетті 
қарауындағы 
мың 
сан 
қолымен 
шүршіт 
соғысына 
айдайды. 
Әлгі батыр жігітті зынданға салады. Жиембет биді ойрат соғысынан қолға 
түскен құлдарға косып, жер аудармақ болады. Хан бұйрығы 
бойынша Жолымбет батыр өз сарбаздарымен шығысқа аттанып, алты ай 
дегенде зор жеңіс, мол олжамен оралады. Жүздеген пенде-шүршітті ханға 
әкеп сыйға тартады. Есім хан бір жағынан Жолымбеттің бұл ерлігіне риза 
болса да, екіншіден іштей оған деген өшпенділігін тастамайды, қайта өршіте 
түседі. Бір айтыс тартыста Жолымбеттің көзін жоймақ боп оны әуелі 
зынданға тастатып, артынан дарға асылсын деп, жұртқа жар салады. Осы 
жарлықты есіткен Жиембет би дар басына жетеді, сөйтеді де анадай 
жерде би, батырлар ортасында тұрған Есім ханға тура барып былай деп зәрлі 
де, қаһарлы жырын термелейді: 
Өмірің қатты, Есім хан, 
Бүлік салып бұйырдың. 
Басын бер деп батырдың, 
Қанын ішіп канбаққа, 
Жанын отқа салмаққа, 
Атадан жалғыз ол емес, 
Хан ие, ісің жол емес! 
Жолбарыстай Жолымбет, 
Құрбандыққа қол емес! 
Жол тосып алып кетіпті, 
Қалмақтан алмақ сыйыңды, 
Қаһарыңды басқалы, 
Қалың елім жиылды. 


Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д. 
87028435334 
Бастап келген өзге емес, 
Жиембет сынды биіңді, 
Малын салып алдыңа, 
Әр саладан құйылды. 
Он екі ата Байұлы, 
Бір Тәңіріге сыйынды. 
Жиембет жырау осылай дегенде, хан Есім райынан қайтып, дар 
алдында тұрған Жолымбетті босаттырып жібереді. 
- Жырауым, - дейді хан Жиембетке қарап - мен өзіңді сыйлап бір 
өтінішіңді қабыл алдым. Енді сіз де бұрынғы райыңыздан қайтарсыз?! - 
Қайтпағанда ше, хан ием, - деп би екі бүктелген бұзау тісті қамшысын төсіне 
басып оған ризалық білдіреді. Ханның Жолымбет батырды жазадан 
құтқарып, оның ағасы Жиембет биді риза етуінде үлкен мән бар-тын. Жесір 
даулап бір батырды дарға асқанша, оның қарамағындағы қалың бұқара елді 
өзіне каратып, билік ауқымын бұрынғыдан да кеңейту, нығайту еді. Ол ең 
алдымен осыны ойлады. Егер осылай шешімге келмеген күнде, Жиембет 
жырау оның бұл озбырлығын бүкіл Жайық жағалауындағы елге жайып 
жіберуі мүмкін еді. Есім хан сөйтіп дегеніне жетеді. 
Дау-дамай саябыр тауып, ел арасы мамыражай тыныштық қалыпқа 
келеді. Бірер жыл өткізіп алып Есім хан тағы да Жиембет бидің соңына 
түседі, ондағы мақсаты, Жиембет би ықпалында жүрген елдерді өзіне 
түгелдей каратып алып, өзінің хандық құзырын бұрынғыдан да кеңейту 
болатын. Оның бұл ойы Жиембет биді биліктен тайдырмайынша іске 
аспайтын еді. Сондықтан ол өзінің жендеттерін жұмсап Жиембетті қолға 
түсіреді де, оны Қиыр Шығысқа жер аудартып жібереді.

жүктеу 2,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау