А. Т. Оралова, Н. К. Цой, Ю. Д. Обухов, А. М. Суимбаева, А. Ж. Ауелбекова



жүктеу 1,39 Mb.
Pdf просмотр
бет51/72
Дата15.09.2023
өлшемі1,39 Mb.
#43403
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   72
УП Экология 1 болим каз

7.1.4 Фосфор айналымы 
(7.3 - сурет). Табиғатта фосфор бірқатар 
тау жыныстарында көп мөлшерде кездеседі. Бұл жыныстардың бұзылу 
процесі кезінде фосфор жер экожүйесіне түседі немесе жауын-шашынмен 
сілтіленіп (шайылып) гидросфераға түседі. Екі жағдайда да бұл элемент 
азық тізбегіне қатысады.
7.3 - сурет – Табиғаттағы фосфор айналымы 
Фосфаты бар 
жыныстар (қазбалы 
сүйек қалдықтары, қи) 
Теңіз 
құстары 
Суда еріген 
фосфаттар 
Бактериялар 
Жануарлар 
Жер және тұщы 
судағы 
өсімдіктер 
Тайыз судағы 
тұнба 
Тереңдегі 
тұнбалар 
Өндіріс 
қалдықтарындағы 
фосфаттар 
Ағын 
сулардағы 
фосфаттар 
Фосфатты 
тыңайтқыштар 
Мұхитты азық 
тізбегі 
Эрозия 


63 
Көпшілік жағдайда организм – редуценттер фосфоры бар 
органикалық заттарды неорганикалық фосфаттарға минералдандырады, 
олар өсімдіктермен қайтадан пайдаланылады және де қайта айналымға 
қатысады.
Мұхитта өлі органикалық қалдықтармен бірге фосфаттардың бір 
бөлігі терең тұнбаларға түседі және айналымнан шығып сонда 
жинақталады. Фосфордың табиғи айналым процесі қазіргі жағдайларда 
ауылшаруашылығында 
фосфорлы 
тыңайтқыштарды 
пайдаланумен 
интенсивтенеді, олардың көзі минерал фосфаттардың кені болып 
табылады. Бұл қауіп-қорқыныштың себебі бола алады, өйткені фосфордың 
тұзы мұндай пайдалану кезінде тез сілтіленеді, ал минералды ресурстарды 
пайдалану ауқымы әрқашан өсіп отырады, қазіргі уақытта жылына 2 млн. 
тоннаны құрайды. 
7.1.5 Күкірт айналымы 
(7.4 - сурет). Күкірт кейбір тау 
жыныстардың (күкіртті колчедан FeS
2
, мыс колчедан CuFeS
2
) табиғи 
бұзылуы нәтижесінде, сонымен қатар, органикалық заттардың (басты 
түрде өсімдік тектес) ыдырау өнімі ретінде топыраққа түседі. Күкірт тамыр 
жүйелері арқылы өсімдіктерге түседі, олардың организмдерінде бұл 
элементі бар цистин, цистеин, метионин аминқышқылдары синтезделеді. 
Жануарлар организімінде күкірт өте аз мөлшерде болады және оларға 
қорек арқылы түседі.
Өлі органикалық қалдықтардың микроорганизмдермен ыдыратылуы 
арқасында күкірт органикалық қосылыстардан топыраққа түседі. Бұл 
процесте органикалық күкірт H
2
S-ке және минералды күкіртке айналуы 
мүмкін немесе сульфаттарға тотығуы мүмкін. Олар өсімдік тамырларымен 
сіңіріліп қайтадан айналымға түседі. Біздің уақытымызда айналымға 
жаңбыр суымен тасымалданатын (қышқыл жаңбыр) өндірістік күкірт 
(түтіндер) қатысады. 

жүктеу 1,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   72




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау