60
Осылайша экожүйелер шегінде су айналымы үшін
қағып алу,
эвапотранспирация, инфильтрация процестері ең маңызды.
Жалпы алғанда, көміртегі, азот және басқа элементтерге қарағанда
су тірі организмдерде жинақталмайды және байланыспайды,
керісінше,
экожүйелер арқылы шығынсыз өтеді; экожүйенің биомассасының
қалыптасуына жауын-шашынмен түсетін судың 1%-ы пайдаланылады.
7.1.2
Көміртегі айналымы
.
Көміртегі
табиғатта көптеген
формаларда, сонымен бірге, органикалық қосылыстар құрамында
кездеседі. Бұл элементтің биогенді айналымының негізінде жатқан
неорганикалық зат – көмірқышқыл газы СО
2
. Табиғатта көмірқышқыл газы
атмосфера құрамына кіреді және де еріген күйде гидросферада болады.
Көміртектің органикалық заттың құрамына
кіруі фотосинтез процессі
кезінде болады, нәтижесінде СО
2
және Н
2
О негізінде қант пайда болады.
Мұнан былай биосинтездің басқа процестері бұл көмірсутектерді өте
күрделілерге (крахмал, гликоген) және де протеидтерге,
липидтерге және
т.б.
айналдырады.
Барлық
бұл
қосылыстар
фотосинтездеуші
организмдердің трактарын құрып қана қоймай, жануарлар және жасыл
емес өсімдіктер үшін органикалық заттардың көзі ретінде қызмет етеді.
Тыныс алу процесі кезінде барлық организмдер күрделі органикалық
заттарды тотықтырады; бұл
процесстің ақырғы өнімі СО
2
, ол сыртқы
ортаға шығып фотосинтез процесіне қайта қатыса алады.
Тірі организмдердің тіндеріндегі көміртегісі бар органикалық
қосылыстар, олардың өлімінен кейін организм-редуценттер арқылы
биологиялық
бұзылуға ұшырайды, нәтижесінде көмірқышқыл түріндегі
көміртегі қайтадан айналымға түседі. Бұл процесс жер тынысының мәнін
құрайды.
Көміртегінің көп бөлігі мұхитта болады. Атмосферадағы СО
2
көлемі
басты түрде осы берілген көміртегіге байланысты болады. Мұхит ауадан
артық көмірқышқыл газын сіңіреді,
нәтижесінде карбонатты және
бикарбонатты иондар түзіледі. Кері процесс те бар, яғни ол кезде
көмірқышқыл газы мұхиттан атмосфераға бөлінеді. Осылайша,
мұхит
атмосферадағы СО
2
концентрациясын индустриализация факторы
(атмосфераға СО
2
шығарылуы, ормандардың кесілуі) қатыспағанша дейін
ұстап тұрады. 7.1 – суретте табиғаттағы көміртегі айналымы процесінің
схемасы көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: