Дәріс мазмұны
Наркомания кәмелетке толмағандарда девиантты мінез-құлқының көріну формасы ретінде.
Наркоманиялықтың даму стадиялары
Наркотик психикалық күйді өзгертуге қабілетті өсімдік немесе синтетикалық зат болып табылады, ал оны жүйелі қолдану тәуелділікке әкеліп соқтырады.
Наркомания ретінде медициналық көрсеткіштен тыс наркотик немесе наркотикалық затқа тең заттарды қолдану болып саналады.
Наркотикті қолдану салдарына мыналар жатады:
− наркотикті қолданудан болатын асқыну− улану, бас-ми жұмысының бұзылысы, бауырдың зақымдануы, кальций алмасуының бұзылуы.
− наркотикті қолданудан болатын ілеспелі асқыну− инфекциялық асқыну (спид, гепатит), іріндік асқынулар(наркотикалық ерітінді, шприц инелерді қайнатпай қолданған жағдайда), сепсис; соққылар мен күйіктер.
− наркотикті қолданудан болатын әлеуметтік асқыну− жалғыздық, жұмыссыздық, қылмыс жасау және өз-өзін өлтіру.
Ресейде кәмелетке толмағандардағы наркоманияның негізгі ерекшеліктері мен тенденцияларына мыналар қатысты:
− рыноктағы наркотикке қол жеткізудің оңайлығы;
− наркоманияның жоғары темпте өсуі, әсіресе балалар мен жасөспірімдерде;
− наркомандардың әлеуметтік статустарының өзгеруі; егерде бұрын наркомандар көбіне жағымсыз жанұлардан болса, қазір олардың саны әлеуметтік жағдайлары жақсы жағымды жанұяларда артуда;
− полинаркомания (санасыз түрде барлығын қатар қолдану);
− наркотикалық заттардың қауіпті формаларының кең таралуы (мысалы, тамырдан егілу);
− ересектер қорқынышының өсуі; құқық қорғау органдарына жасөспірімдік наркомания проблемасын жүктеп, олардан қашуға ұмтылу;
−наркоманиялықты реабилитациялау мен емдеу кезіндегі медициналық көмектің жеткіліксіздігі мен тиімсіздігінің жоғары деңгейдегі айқындылығы.
Әлеуметтік педагогикада наркоманиялықтың келесі даму стадияларын анықтаған:
− Әлеуметтік тәуелділік. Әлеуметтік тәуелділікті адам психобелсенді заттарды әлі де қолданбаған жағдайды айтады, бірақ та ол қолданатындардың ортасында жүріп, солардың мінез-құлық стильін қабылдайды. Ол іштей наркотикті қолдана бастауға дайын болады.
− Психикалық тәуелділік. Мұндай жағдайда адам наркотикалық рахаттану кезіндегі күйіне қайтып оралуға ұмтылады.
− Физикалық тәуелділік. Зат алмасу процесінде наркотиктің қосылуынан туындайды. Мұндай жағдайда қабылдауды тоқтату әр түрлі деңгейдегі физикалық дискамфорт күйіне әкеліп соқтырады− жеңіл сәтсіздіктен (недомогания) ауыр наркотикалық аштықтың туындауына дейін ұласады. Оның нақты белгілері наркотик түріне және адам ағзасының ерекшеліктеріне байланысты. Мұндай ауруға наркотикалық аштық күйіне шыдау үшін күрделі медициналық көмек қажет.
Наркотик басқа заттармен салыстырғанда миға әсер етуімен ерекшеленеді. Мидың жүйке клеткалары бір-бірімен байланыста болады. Электрикалық импульс түріндегі сигнал синапсқа түседі. Бұл клеткалардың жанасу орны. Электрикалық импульс синапсқа жеткен бойда келесі клеткаға сигналдың берілу көмегі арқылы арнайы химиялық заттар шығады. Сигнал берілгеннен кейін бұл заттар жойылмайды, керісінше синапсқа оралады. Мұнда олар келесі сигналды беру үшін қайтып қолданбағанша сақталады.
Наркотикалық тиімділікті түсіну үшін дофаминді білу қажет, ол бас-мидағы қуаныш орталығының пайда болуына жағдай жасайды. Барлық наркотиктер дофаминнің шығуын арттырады, бірақ та олардың химиялық құрылымы әртүрлі және әртүрлі кері әсерлерді тудырады. Мысалы, кокаинді қолдану кезінде дофаминдер синапста қалады да, келесі клетканы ұзақ қоздыруға ұшыратады.
Наркотикті қолданғанда басында дофаминнің бөлінуі ұлғаяды, бірақ бірнеше уақыттан кейін ол кері қорытынды нәтиже тудыра бастайды, яғни дофаминнің бөліну көлемі қысқарады.
Әлемде 500- ден астам наркотикалық заттар белгілі. Ресейде ең көп таралған наркотиктерге конопли (марихуана, анаша, гашиш) және опиат (мак, героин, метадоннан дайындалатын өсімдіктер) жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |