А. С. Иргалиев (қолы) (аты-жөні)


Өзін - өзі бақылау сұрақтары



жүктеу 0,79 Mb.
бет22/54
Дата19.05.2020
өлшемі0,79 Mb.
#30533
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   54
Әлеум пед 3 курс ППО

Өзін - өзі бақылау сұрақтары:

1. Әлеуметтік жәрдемнің дамуына діннің әсері қандай?

2. ХІХ ғ. Батыс Еуропа елдеріндегі әлеуметтік тәрбиенің дамуы қалай жүзеге асты?

3.Әлеуметтік педагогиканың ғылым ретінде қалыптасуына П.Наторптың қосқан үлесі

4 дәріс

Тақырып: Ресейде әлеуметтік педагогиканың дамуы

Мақсаты: Ресейдегі әлеуметтік педагогика ғылымының дамуы жөнінде түсінік беру, әлеуметтік педагогтардың жұмыс жүйесін талдау.

Дәріс мазмұны


  1. Ресейдегі және шетелдердегі әлеуметтік тәрбие теориясы мен практикасының дамуы (ХХ ғ. басынан - ХХ ғ. екінші жартысына дейінгі кезең).

  2. Ресейдегі әлеуметтік педагогиканың дамуы (ХХ ғасырдың ІІ жартысынан – ХХІ ғасырдың басына дейінгі кезең)

Ресейдегі ХХ ғасырдың басында оқу ісінің дамуы қарқынды болды. Баланың жеке басын құрметтеу негізінде құрылған оқу – тәрбиелеу үрдісі, оқуды өмірге неғұрлым жақындатуға тырысқан тенденциялар күшті сезіне басталды. Әлеуметтік қоғамдық тәрбиенің өте қажеттілігін және маңызды екенін П.Ф.Каптерев дәлелдеуге тырысты. Ол даму, тәрбиелеу және оқытуды әлеуметтік тұрғыдан қарастырып, әртүрлі әлеуметтік топтар мен бүкіл қоғам қызығушылығын бөліп көрсетті. П.П.Блонский тәрбиелеу негізгі көзі деп балаға мәдениетті жете түсіндіре алу деді. Ол адамның жеке басының дамуына оң әсерін тигізеді деп санаған. Тәрбие жұмысы сәтті болу үшін баланы қоршаған микроортаның мәдениетінің ерекшеліктері мен өзгешеліктерін есепке алу керек деген.

Батыстағыдай Ресейде де «еркін тәрбиелеу» педагогикалық идея өркендеді, оның белгілері К.Н.Вентцелдің «Еркін бала үйі», А.Радченконың «Тентектер мектебі», А.У.Зеленский мен С.Т.Шоцкийдің «Сетлемент» және «Бала еңбегі мен демалысы» атты оқу – тәрбие кешендері дәлел болды.

Еркін тәрбиелеуді жақтаушыларының дәлелдеуімен жеке бастың өркендеуі мен дамуы кезінде әлеуметтік орта, сонымен қатар әртүрлі әлеуметтік институттардың маңызы зор. Құрылған балалар кешендерінде тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыру кезінде де олар әлеуметтік ортаның балаға әсерін баса айтып отырды. Баланы биоәлеуметтік тіршілік иесі деп есептей отырып, еркін тәрбиелеу жақтаушылары ортаның талаптарымен санасуға шақырды. Тәрбиелеу үрдісінің тек өмірдің нақты тар әлеуметтік шектеуге тәуелді болуы қате деді. Сонымен қатар олар баланың жеке басының дамуы үшін ортаның жағымсыз ықпалын, әсерін әлсіздендіру үшін арнайы тәрбиелеу ортасын құрып, оны белсенді түрде педагогикаландыру қажет деп санады.

ХХ ғасырдың басында «әлеуметтік педагогика» түсінігі алдыңғы уақытпен салыстырғанда өте зор танымал болды. Осымен бірге «әлеуметтік тәрбиелеу» түсінігі де пайдаланды (ВМБ, ППБ, АВЛ,СТШ, т.б.). Сондай – ақ «орта», «әлеуметтендіру», «әлеуметтік тұқымқуалаушылық», «тәрбие ортасы» және т.б. түсініктер қолданылды.

Әлеуметтік тәрбиенің жаңа формалары пайда болды. Бұған мысал ретінде С.Т.Шоцкий мен А.У.Зеленскийдің («Сетлемент») және Шоцкийдің жазғы еңбек «Сергек өмір» колониясы практикалық тәжірибе болды. Онда еңбек, эстетикалық және ақыл – ой іскерлігінің байланысы сыналып, тәрбиеші мен тәрбиеленушілер арақатынасы, балалар қоғамының дамуы есепке алынды. Педагогтардың қызу ізденісі оларды әртүрлі әлеуметтік құбылыстар, қылықтар, сапалар, идялар алып жүруші – бала қоршаған ортаның қатысуымен қалыптасады деген тұжырымға әкелді. С.Т.Шоцкийдің ең маңызды еңбегі – ол Ресейде алғашқы болып ортаның баланың әлеуметтенуіне тікелей әсерін толықтай қарады.

Әлеуметтік – педагогикалық үрдістің дамуындағы шешуші кезең Қазан төңкерілісі болды. Әртүрлі идеялар мен ойлар күресінің нәтижесінде өмірге өте маңызды тәрбие және оқу жүйесінің жаңа құжаттары келді. «РСФСР – дің ортақ еңбек мектебінің негізгі принциптері» (Декларация) (1918ж), «РСФСР – дің ортақ еңбек мектебі ахуалы»(1918ж) және т.б. Жаңа мемлекет басы социализмніңидеалына неғұрлым жақын деп Батыста жасалып және төңкеріліске дейінгі Ресейде де таралған еңбек мектебінің моделін «еңбек мектебі» деп санады. Бұрынғы мектеп жүйесін қайта құрумен бірге тәрбиелеудің марксистік теориясының қалыптасу үрдісі жүрді. Қоғамдағы үрдістерді бағалауды топтық тұрғыдан қарастыра отырып, олар тәрбиелеуді әлеуметтік құбылыс деді, оның мақсатының қоғамның құрылысына тәуелді деп есептеді: ол нысаналы, жоспарлы түрде адамға әсер етіп, оны коммунисттік көзқарастарға, пейілдегі, сенімдегі және қылықтары бар адам етіп қалыптастырып, тәрбиенің топтық және тарихи ерекшелігін көрсетіп, оның нақты бір іскерлігінің мәнділігіне, билеуші топтың саясаты мен экономикалық дамуына назар аударды. Бұл кездегі әлеуметтік педагогиканың дамуына педология – баланы жан жақты және біркелкі зерттеу ғылымы зор әсер етті (П.П.Блонский, Л.С.Выготский). Алайда педологияның нақты пәні айқындалмады, пәнаралық білімді қосу принципі жасалған жоқ. Әсіресе баланың дамуындағы табиғи сілтемелер мен әлеуметтік аспекттер сферасын зерттеудің болмауы оның жойылуына әкелді.

20 – жылдардың аяғында балалар мекемелер жүйесі мектепке дейінгі балалар үйлерінен, оқушы балалар үйлерінен және кәсіптік оқу балалар үйлерінен, мүгедектер үшін балалар үйінен тұрды. НКВД және ОГПУ органдары назарындағы қиын тәрбиеленетін және панасыз балаларға арналған еңбек колониялары және еңбек коммуналары басқа түрдегі мекемелер болды. Елдегі бүкіл дерлік панасыздықты жойған соң тәрбиенің негізгі бағыты қараусыз кетушілікьтің және педагогикалық бетімен кетудің алдын алу болды.

Осы кездегі әлеуметтік тәрбиенің теориясы мен практикасын өрлетуде ерекше орын А.С.Макаренкоға беріледі. Ол балалар ұжымын ұйымдастырудың педагогикалық жүйесін жасап, оның дамуы үшін жағдай және амалын анықтады, ұжымға және ұжым арқылы тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу амалдарын жасап шығарды, оны іс жүзінде дәлелдеді. Ол жеке тұлғаның дамуы мәдениетте, орта өмірі мен әлеуметтік дамуға байланысты болады деп дәлелдеді. Жеке тұлғаның өз бетімен өсуі және табиғи ерекшелігі тек ортада дамиды деді.

Алайда қалыптасу тұлғасы мен қоғам арасындағы байланыс тікелей емес, ал арнайы байланыстырушы үзбеу арқылы төл тәрбиелеуші ұжым арқылы болады деді Макаренко. Оның негізгі қызметі – балаларды өмірдің жағдайларынан қорғап, қоғамда өмір сүру ережелерін үйрету. Тәрбиенің еңбек өмірден оқшаулануын жою үшін ол тәрбиелеу үрдісін де әлеуметтік – экономикалық фактор орнын күшейтіп, оқу мен кәсіби еңбекті бірігіп жүргізіп, оны балалар ұжымы өмірінің негізгі тірегі ретінде және жаңа қоғам азаматының қалыптасуындағы күшті жағдай деп санады. Осылайша А.С.Макаренко жеке тұлға - әлеуметтік тәрбие жүргізіп, ұжымның әр мүшесінің дамуы үшін жағдай жасады және оны табиғи әлеуметтенді.

30 – жылдардың басында балаларды әлеуметтендіру үшін мектептен тыс мекемелер мен бірлестіктер маңызы зор болды. Ресейдегі скауттық қоғалыс жойылып және оның негізінде пионер мен комсомол ұйымдары құрылды, ол саяси – қоғамдық тәрбиелеудің түрі және жас кезеңді әлеуметтік тәрбиедегі бөлінбес бөлшегі болды.

ХХ ғасырдың басында шетелде әлеуметтік педагогиканың белсенді дамуы жалғасты. Сол кездегі тәрбие мен оқу жүйесіне деген наразылық сезілді. Көптеген Батыс педагогтары тәрбиелеу кезінде балалар табиғатына ден қойып, бала қалпыптасатын ортаны жақсылап ұйымдастыруға шақырды.

Осыған байланысты Дж.Дьюидің «Демократия және білім беру» кітабы жарқын құбылыс болды. Онда цивилизация дамуымен тәрбие мен оқудың қоғам өмірінде алар орны ұялайды делінген. Бұл өз ретінде баланың сұранысын қанағаттандыру үшін оның мақсаты мен міндетін анықтауды қажет етті. Дж.Дьюи жеке ерекшелік пен ортақтылықтың бірігуін қолдады, жеке прагматизмді әлеуметтік бағасы бар құндылықпен ұштастырды. Бұнда ол жаңа қоғам мектебі зор роль атқарады деп сенді, ол «тыңдау мектебінен», «прагматикалық мектепке» айналу керек болды. Осында тәрбие және білім беретін ортада балалардың өз жеке белсенділігін, қасиетін, әлеуметтік әрекеттестікті дамытады. Жаңа, қазіргі заманға сай бұл мектепте балалар әлеуметтік мінез – құлық әдеттері мен іскерлік тәжірибесін меңгереді. Осындай мектеп қана баланы қоғамға қызмет ету рухына тәрбиелейді. Дьюи бойынша баланы қоғами тәрбиелеу – оның өз әрекеттерінің әлеуметтік мағынасын түсіндіруге көмектеседі.

М.Монтессори бұндай тәрбиелеудің ең маңызды шарты – баланың өмір сүру ортасын ұйымдастыру деді ол, оның талаптарына сай болу керек. Тек осыдан соң ғана оны өздігінен жіберуге болады, оның өздік жұмысы мен өз шешіміне кедергі болмау керек.

Р.Штейнердің әлеуметтік педагог көзқарастары ол жасаған баланың үш «эпохалық» даму теориясын көрсетеді, ол балалықтың әртүрлі кезеңдері арасындағы байланысты көруге, балаларды ересек өмірге дайындау жолын жасап, олардың қоғам өміріне «керуен» мүмкіндік береді. Р.Штейнер өз педагогикасын денсаулығы бұзылған балаларға қолдануға болады деп санады. Олар оның тәсілі бойынша жасалған арнайы емдеу педагогикалық мекемелерде емдеу курсын өтті және әлеуметтік тәрбие алды.

«Еңбек мектебі» идеясын неміс педагогы Г.Кершенштейнер жасап шығарды. Ол баланы қоғамға қызмететуге дайындау осындай «Еңбек мектебінде» өте жемісті болады деп санады, ол өте серпінді әлеуметтік бағыт ала отырып, баланың әлеуметтік инстинктін дамытып және оның кәсіби – еңбек әзірлігіне ықпалын тигізеді. Ол әлеуметтендіру үрдісін де мектептік емес әртүрлі жастар ұйымдарының іскерлігін жоғары бағалады. Өз ісіне берілген, іскер, қуатты азаматтарды дайындауға ХХ ғасырдың басында пайда болып, баланың жеке басына бағытталған скауттық қоғамдық тәрбиелеу жүйесі зор әсерін тигізді. Скаутизмнің идеялық жағына М.Монтессори, Дж.Дьюи және т.б. педаогогикалық конъекциялары ықпал етті. Скаутизм Ұлыбританияда пайда болды. Оның негізгі ойлары ірі Р.Баден – Пауэлдің «Ер балалар үшін скаутинг» (1908) кітабында баяндалған. Скаутизм идеологиясы жалпы адамдық құндылықа негізделген. Оның басты идеялары бірнеше принциптер: Құдай алдындағы қарыз, басқалар алдындағы қарыз, өз алдындағы қарыз. Скауттар бағдарламасы ойынды скауттық амалда өткізеді. Ол кішкене топ алдында, сондай – ақ қоғам алдындағы жауапкершілікті дамытады. Олар өз алдына әлеуметтендіру базасы және жасөспірімнің әлеуметтік дамуы болып келеді. Оның ерекшелігі ересектер, скаутмастерлер (жасқа шек жоқ), ата – ана да қатыса алады. Ол әдеттегі жас алшақтықтары арасындағы жанжал болуына кедергі. Скаутизм отбасы, мектеп, шіркеу беретін тәрбиені алмастыра алмайды, ол тек оқу және тәрбиелік институттарды толықтырып отырады.

2. Ресейдегі ХХ ғ. жартысы мен ХХІ ғ. басында әлеуметтік педагогиканың дамуы екі басты бағытта жүрді. Біріншісі - әртүрлі оқу мекемелерінде әлеуметтік тәрбиенің мағынасын күшейту (мектептер, УДО, ДОУ және т.б.). Оның аясында жаңа әлеуметтік – педагогикалық тенденциясы дамиды. Әсіресе мектепке дейінгі тәрбиелеу дамыды, мектепке дейінгі мекемелердің жаңа түрі ясли, бақшалар пайда болды, ақыл –есі және денесі дамуы шамалы балалар үшін арнайы мектепке дейінгі мекемелер жүйесі қалыптасты. Жасөспірімдерді белсенді әлеуметті түрде тәрбиелеу үшін әртүрлі мектептен тыс тәрбие жұмысы формалары – еңбектік бірлестіктер, балалар техникалық шығармашылығы, жас натуралисттер станциясы, балалр туристік станциялары қолданылды. Мектептен тыс мекемелер жастардың эстетикалық және дене тәрбиесімен айналысты, оқушылардың бос уақытын ұйымдастырып, балалар мен жасөспірімдердің қаңғыбастығының алдын алуға көмектесіп отырды.

60 – 80 жылдары тәрбиелеудің маңызды мәселелерін ғылыми түрде шешу қолға алынды, онды ең маңызды орынды көңіл – құлық, патриоттық және интернационалдық тәрбие алды. Балалар ұжымы мен жеке тұлғамен қарым – қатынасы туралы ұғым кеңейіп, балалар ұжымдарының педагогикалық концепциясы жасалды, оны күрделі әлеуметтік педагогикалық жүйе ретінде қарастырды.

Екіншісі – балаларды әлеуметтік қорғау жүйесінің қалыптасуы арнайы педагогикалық мекемелер).

60 жылдар аяғында балалар үйлерінің азаюына байланысты мектеп – интернаттардың көбеюі байқалды. Ол жетім балалардың қоршаған ортамен байланысы одан әрі азайып, оларды әлеуметтендірудің деңгейін төмендетті, «жабық зонаға» айналдырды. 80 – жылдардың басында әлеуметтік жетімдік мәселесі көтерілді. Интернат мекемесінде тәрбиеленушілерінің саны көбейді, оның құрамы да өзгерді. Интернаттағы балалардың көпшілігі жалғыз басты аналардың мемлекет қамқорлығына қалдырған балалары болды. Соттың шешімімен ата – аналық құқығынан айрылған ата – аналардың балалар саны көбейді. Ішкі істер министрлігінің балалар тәрбиелеу колониялары, қайта құрылған соң кәмелеттікке толмаған балалар үшін арнайы оқу тәрбиелеу мекемелері – арнайы мектептер мен арнайы ПТУ құрылды, олардың негізгі міндеттері балалар мен жаөсспірімдерді қайта қатарға қосу.

70 – жылдар аяғы мен 80 – жылдар басында әлеуметтік педагогика белсенді түрде білімнің өз бетінше жеке тармағы ретінде қалыптасып, одан әрі дами бастады, ол педагогиканың пәнаралық принципінде құрылды, оқуды әлеуметтендіру тәрбиені әлеуметтендіру болды. Оның түсінік аппараты құрылды. Тұрғылықты жер бойынша тәрбие жұмысы мектептен тыс орта, оқу – тәрбие кешені және т.б.

ХХ – ХХІ ғғ. соңындағы әлеуметтік тәрбие әлеуметтік- экономикалық жағдайдың шағылысуы ретінде ол әлеуметтік немесе биоәлеуметтік жағдайларға тәуелді болды: тұрғылықты елдің өмір мөлшерінің төмен болуы, әлеуметтік емес жағдайлардың күрт өсуі – алкоголизм, нашақорлық, балалар жезөкшелігі, қаңғыбастық және т.б.: ата – ананың үнемі бос болмауы, сондай – ақ жұмыссыздықтың жоғары болуы, балаларға аз уақыт бөлінуі, ересектердің білім деңгейінің төмендігі, ауылдағы өмірдің төмен болуы және т.б. Сондықтан да қазіргі кездегі Ресейдің әлеуметтік – педагогикалық тенденцияларының негізгісі – дер кезінде әрбір нақты адамда, тәрбиеленугші, отбасында пайда болған әлеуметтік – тәрбие проблемасын дәл тауып және оны тез арада шешуге қазіргі кезде әлеуметтік педагогикалықтеория және практика берілген бір нормативті құқықтық базада құрылған. Оның заңдық негізі нақты секталар құрайды.

Балаларды қорғаудың заңды негізі РФ – да 1990 ж. басында БҰҰ Конвенциясының бала құқығын дамыту шарты пайда болған соң құрыла бастады. 1992 жылы шілде айында РФ Президентінің «90 жылғы балалардың өмір сүру, қорғауын және дамуын қамтамасыз ететін бүкіләлемдік декларацияны іске асырудың алғашқы шарттары туралы» жарлығы шықты. Адам және азаматтың тікелей тәрбиемен байланысты негізгі құқығы және бостандығы РФ Конституциясының 2 бабында көрсетілген. Балаларды тәрбиелеу проблемасына РФ Отбасы Кодексінің бірнеше статьялары арналған (1995ж). Тәрбие мәселелері РФ Президентінің 1996 жылы 14 мамырдағы жарлықта көрсетілген. Отбасы саясатының негізгі бағыттары. РФ «Оқу туралы» заңының (2,14,32,50) баптарында мемлекет саясатының оқу облысындағы принциптері сөз болды, оқу мекемелерінің жауапкершіліктері туралы және оқушының құқығы мен әлеуметтік қорғанушы баяндалады.

Балалары әлеуметтік тәрбиелеу және балалықты қорғаудағы нормативті құқықты базаның құрылуына 1998 жылдың маусым айында бекітілген «РФ – ғы баланың негізгі құқығы» атты федералдық заң негіз болды, онда мемлекеттің балаға деген қомқорлығының негізі деп баланы қоғамдық өмірге дайындау, балаларда шығармашылық белсенділік пен қоғамдағы орнын арттыру, жоғары қасиеттерді тәрбиелеп, азамттылық пен ұлт сүйгіштікке тәрбиелеу.



РФ – дағы балалардың жағдайын жақсартудағы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемді бекіту үшін РФ Президентінің жарлығымен «2000 жылға дейінгі балардың жағдайын жақсартудағы мемлекеттік - әлеуметтік саясаттың бағыты» баяндалды. Үлкен әлеуметтік программалар іске асырыла бастады («дамуында кемістік бар балаларды оқыту және жәрдем беру», «жеке тұлғаны шығармашылық ретінде дамыту», «жастар мен балаларға әлеуметтік жәрдем беру қызметтері», кешенді әлеуметтік бағдарлама «Ресей балалары» (1993) бағытты бағдарламалар «Сібір балалары», «Жетім балалар», «Мүгедек балалар», «Дарынды балалар»). 2000 жылы қараша айында РФ басшылары шамалау жағдайларын бекітті («Әлеуметтік жәрдемге мұқтаж кәмелетке толмағандар үшін арнайы мекемелер», «Кәмелетке толмағандар үшін әлеуметтік жәрдем орталығы», «Балалар үшін әлеуметтік пана», «Ата – ана қарауынсыз қалған балаларға арналған орталық»).

Штаттық қызметке әлеуметтік педагог қызметі енгізілді. Оның нақты іскерлігі мен мамандығы анықталды. Білім беру мекемесіндегі әлеуметтік педагогикалық қызметтер, арнайы мекемелердің әлеуметтік қызметтері (отбасылық балалар үйлері, жәрдем орталықтары, әлеуметтік паналар, ақыл – ойы және дене дамуында кемістігі бар балалар үшін арнайы мектептер, еңбекпен қамтамасыз ету орталықтары, еңбек биржалары және т.б.).

Әлеуметтік педагогтың мамандығы әртүрлі жағдаймен айқындалады. Отбасымен жұмыс жасау, мәдени демалысты ұйымдастырушы, жетімдермен жұмыстану, жасөспірім диверсанттармен, қашқын балалармен қызмет ету, мектептегі әлеуметтік педагог, балалар үйінде және т.б.

90 – жылдардың басында мемлекетте жазалау практикасы орнына қорғаушы концепциясында әлеуметтік – пелагогикалық профилактика арқылы шеттен шыққан жасөспірімдерге жәрдем беру басталды, ол балаларға, жасөспірімдерге және әлеуметтік тәуекел тобындағы отбасыларға психологиялық – педагогикалық, медико – психологиялық, әлеуметтік жәрдемді толықтай беру еді.




жүктеу 0,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау