Сабақтар
|
Өткізілу уақыты
|
Сабақтар
|
Өткізілу уақыты
|
Байланыс сағаты 1 (дәріс 1)
|
50 мин.
|
СОӨЖ, СӨЖ
|
50+50 мин.
|
Байланыс сағаты 2 (практикалық сабақ 1)
|
50 мин
|
СОӨЖ, СӨЖ
|
50+50 мин
|
Өткізілу орны: №7 оқу ғимараты, сабақ кестесі бойынша.
Оқу жоспарынан көшірме:
Курс
|
Семестр
|
Кредит саны
|
Дәрістер
|
Семинарлар
|
ОЖСӨЖ
|
СӨЖ
|
Барлығы
|
Бақылау
түрі
|
3
|
6
|
2
|
15
|
15
|
30
|
30
|
90
|
емтихан
|
1. Кіріспе
«Әлеуметтік педагогика» оқу пәні базалық пән болып табылады. Ол 050103 – «Педагогика және психология» мамандығы бойынша бакалаврлардың жалпы кәсіби даярлығының елеулі бөлігі. Себебі болашақ педагог-психологтың кәсіби іс-әрекеті бірнеше элементтерден құралады, оның бірі - әлеуметтік-педагогикалық.
Бұл пәнді оқыту мынадай мақсатты көздейді – студенттердің өзінің кәсіби іс -әрекетінің әлеуметтік – педагогикалық құрамасын жүзеге асыру үшін қоғамның әлеуметтік проблемаларының педагогикалық аспектін шешуі.
Міндеттері:
тұлғаны әлеуметтендіру процесінің педагогикалық аспектісіндегі ғылыми білімдерді қалыптастыру;
әлеуметтендірудің негізгі институттарының әлеуметтік педагогикалық іс-әрекетінің сипаты және ерекшелігі жайлы теориялық және практикалық білімдерді студенттердің меңгеруін қамтамасыз ету;
тұлғамен социумда әлеуметтік педагогикалық жұмыстың практикалық біліктері мен дағдыларын студенттерде қалыптастыру;
Педагогика және психология бакалавры «Әлеуметтік педагогиканы» оқу процесінде төмендегі білімдерді игеруі керек:
әлеуметтік педагогиканың мәні және мазмұны жайлы;
әлеуметтік педагогиканың пәні, міндеттері, қызметтері, басты принциптері;
әлеуметтік-педагогикалық принциптерінің мәні жайлы;
адамды қалыптастыруда әлеуметтік – педагогикалық аспекті жайлы;
тұлғаның әлеуметтік басталуының ерекшеліктері;
әлеуметтенуі процесі және мәні жайлы;
социумдағы семья және мектептегі түрлі әлеуметтік педагогикалық технологиялардың теориялық негіздері.
Мына біліктер мен дағдыларды меңгеруі қажет:
әлеуметтік-педагогикалық тәжірибенің теориялық қолданбалы проблемаларын ұғыну және аналитикалық баға беру;
ағымдағы басылымдардың және бастаулардың материалдарын өзбетімен талдауды жүзеге асыруды;
әлеуметтік педагогикалық іс-әрекеттің міндеттерін семья, әр жастағы балалар сияқты түрлі категориялармен жүзеге асырудың тиімді жолдарын негіздеуді;
сәйкес технологияны таңдап алу үшін семьяны, мектепті, қиын балаларды, жас өспірімдерді, формальды емес бірлестіктерін әлеуметтік педагогикалық зерттеудің әдістемесін жасауды және қолдануды;
өзінің тәрбиелік, диагностикалық, алдын-алу, ұйымдастыру, коммуникативтік дағдылары мен біліктерін жетілдіру үшін игерілген теориялық білімдерді тәжірибеде пайдалануды.
Достарыңызбен бөлісу: |