Өзін - өзі бақылау сұрақтары:
Наркомания кәмелетке толмағандарда қалай көрінеді, белгілері қандай?
Наркоманиялықтың даму стадиялары қандай?
№ 9 дәріс
Тақырып: Қазіргі кездегі отбасы және оның негізгі проблемалары.
Мақсаты: Отбасы жөнінде, оның негізгі проблемалары туралы түсініктерді қалыптастыру, отбасы дамуының сатыларын талдау.
Дәріс мазмұны
Қазіргі кездегі отбасы және оның негізгі проблемалары.
Отбасы дамуының сатылары
Отбасындағы қарым – қатынастар.
Отбасы – қоғамның әлеуметтік бөлімі. Әр адамның өмірінде отбасы маңызды орын алады. Отбасында бала өз өмірінің алғашқы жылдарынан бастап бірге өмір сүру ережелерін, адамдар арасындағы қарым – қатынас ережелерін игереды және өз отбасынан біршама қасиеттерге тәрбиеленеді.
Отбасында баланың айналаға деген көзқарасы қалыптасады, онда құндылық тәжірбиесін алып, әрі имандылық ережесін игереды.
Отбасы сонымен бірге қоғамның ең кіші әлеуметтік бөлім болып қарастырылады. Отбасы жағдайымен мемлекет жағдайы тікелей өзара байланыста болады. Отбасында ата – ана және оның балалары рухани бірлікпен бірігеді. Отбасы рухани бірліктен қоғамның рухани мәдиенетінің деңгейі тікелей байланыста болады.
Отбасының экономикалық жағдайы мемелекеттің экономикалық жағдайына тәуелді болады. Баланың еңбекке баулуынан, жасөспірімнің мамандық тандауынан және оның өз алдына енбек етуге дайындығынан отбасының «еңбексүйгіш» және оның қоғамның еңбек «жинағына» қосқан үлесіне қоғамның экономикалық жағдайы тікелей байланысты келеді.
Жалпы әлеуметтік қасиетін орындай келе, отбасы өзінің мәдениеттік, әлеуметтік және рухани денгейіне сәйкес жеке адамды қалыптастырып шығарады. Отбасылық жағдай, тазалық сақтау, тұрғын үй, өмірдің сәттері мен отбасының кейбір қызығушылықтары – бәрі де мемлекеттің әлеуметтік саясатына байланысты болып келеді. Жеке тұлғаның әлеуметтік тұрғыдан қалыптасуы отбасы қарым – қатынастары, ата – ана беделі және билігі болып табылады. Қазіргі кездегі отбасы жағдайына қоғамда болып жатқан бүкіл құбылыстар әсерін тигізеді: білімның жоғарылауы және сол сияқты ең үлкен болып жатқан өзгерістер, жүйенің қайта құрылуы, саяси және экономикалық дағдарыстар.
Отбасының некеде тұруы, адамдардың бірігуі, олар бірге тұрумен және өзара жауапкершілікпен байланысты келеді.Неке – ер мен әйел арасындағы тарихи өзгеріп тұратын әлеуметтік қарым қатынастың формасы.Неке жыныстық өмірді тәртіпке салып және олардың ерлі- зайыптық, туыстық құқықтарын белгілейді және отбасын құрудағы мақсат міндеттерін бала туу және оны тәрбиелеудегі өзара келсімдерін анықтайды.
Некеге тұру кезінде неке келісімі жасалады, ол ерлі – зайыптылар арасындағы мүліктік қарым – қатынасты заң тұрғысынан реттейді. Некеге тұруға екі жақтың келісімі міндетті түрде болуы шарт.
Біздің еліміздегі некенің ерекшіліктері:
бірнекелік, әрбір азамат тек бір рет ғана некеге тұрады.
ажырасу бостандығы мемлекеттің қадағалауында болады.
бала тәрбиелеу міндеті жүктеледі.
отбасы мүшелеріне моральды және материалдық тұғыдан жәрдем ету.
мемлекет ана мен баланы қорғайды.
Отбасы тек некелік топ емес, сондай – ақ ол әлеуметтік институт. Осылайша жанұяда тек ерлі – зайыптылар мен балардың байланыс жүйесі, қарым – қатынас жүйелері ғана емес, сондай – ақ туыстардың да өзіндік қатысы болады.
Отбасы әлеуметтік институты ретінде бірнеше сатыдан өтеді.
некеге тұру;
бірінші сәбидің тууы;
бала туудың аяқталуы (соңғы бала);
«бас ұя» отбасынан соңғы баланың кетуі;
жұбайлардың біреуінің өлуіне байланысты отбасының өзгеруі.
Әрбір адамда екі отбасы болады. Ол өскен отбасы және оның өзі құрған интимдік тіршілік ортасы. Отбасы мүшелері өзара қандық туыстықпен (немесе оған жақын) байланысты отбасы тірі және өлген, алыс және жақын, белгілі немесе белгісіз туыстарды біріктіреді.
Отбасуының тіршілік етуінің бір қағидасы, ондағы қарым қатынастар. Баланың тууы мен тәрбиеленуі, шаруашылықтың жүруі, отбасы мүшелерінің мүдделерінің қорғалуы, т.б. қарым – қатынастарға өзара түсіністік, сыйласу, көмектесу тікелей әсер етеді. Сонымен қатар туыстардың денсаулығы, мінез – құлықтары мен қылықтары да әсер ететін болады.
Отбасындағы қарым – қатынас дәстүріне, қоғамның әлеуметтік және экономикалық жағдайына, отбасының қоғамға тәуелділігіне, жұбайлардың қоғам өндірісіне, шаруашылық жүргізуіне, отбасы түріне: көп балалы, баласыз, кем басшы, жеке бас қасиеттері, туысқандарының мінез – құлқына байланысты.
Отбасы дамуы бірнеше сатыдан тұрады:
Бірінші даму саты – отбасының алғашқы қалыптасуы, ол жас жұбайлардың өз бетінше үлкен жанұядан бөлініп шығуы.
Екінші даму саты – баланың дүниеге келуі.
Үшінші даму саты - үлкен балалар өз отбасын құрады. Олар ата – анамен бірге қалады немесе бөлек кетеді. Ата- аналар ересек баланың некеге тұру кезіндегі жанұя туыстарымен қарым – қатынасқа түседі.
Төртінші даму саты – бұл кезде барлығы өз орнына келеды. Балалар өз отбасында қалыптасып, ал ата- аналары зейнеткерлік демалысқа шығады. Бұл даму сатысында отбасылық бірлік нығаяды, балалар ата – анасына жәрдем бере алады.
Бесінші даму саты – бұл саты кезінде отбасы мүшелерін қолдау керек. Жәрдем беру орта буынға тән болады, өйткені олардың денсаулық жағдайы, айырылысқан қызының балаларына жәрдем бере алу, кәрі мүшелеріне көмектесу, оқуға кеткендерге, жұмыссыз қалғандарға жәрдем беру және т.б. Бұл сатыда ең бастысы – кәрі немесе науқас ата – анаға көмек беру болып табылады. Бұл кездегі қарым – қатынаста өзіндік қйшылықтар мен ауыр жағдайлар көп кездеседі.
Алтыншы даму саты – отбасы циклының аяқталуы. Отбасының жаңа басшысының өзгеруімен жаңа отбасы пайда болмайды, бірінші бөлім жалғасады, өйткені отбасында үзілмейтін ұрпақтар жалғасы болады.
Отбасы қызметі. Отбасының некеге қызметі нәтижелі, биологиялық тұрғындардың санын өсіру. Бұл негізгі қызмет, бірақ осыдан басқа отбасының бірқатар әлеуметтік қызметтері бар. Олар:
тәрбиелік – жас ұрпақты әлеуметтендіру;
шаруашылық – тұрмыстық – отбасы жағдайын қолдау, кәрілер мен балаларды күту;
экономикалық – отбасының бір мүшелерінің басқа мүшесі үшін материалдық жағдайлар жасауы, кәмелетке толмағандар, кәрілерге материалдық тұрғыдан жәрдемдесуі;
әлеуметтік бақылау – отбасы мүшелерінің басқа мүшелермен қоғамдастығы, іс әрекеттің басқа салаларына қатысы, қылығы үшін жауапкершілігі. Бұл жұбайлар арасында, ата–аналар мен балалар, ересектер мен кішілер арасындағы міндеттерден көрінетін болады.
рухани қарым-қатынас – отбасы мүшесінің әрбірінің рухани тұрғыдан баюы;
әлеуметтік– мәртебелік – отбасы мүшелеріне қоғамда белгілі бір әлеуметтік тұрғыдан жағдай жасау;
бос уақытын тиімді өткізу – бос уақытты пайдалы өткізу, отбасы мүшелерінің өзара қызығушылығының дамуын ұйымдастыру;
көңіл-күй – отбасының әрбір мүшесінің психологиялық қорғауын ұйымдастыру, жеке тұлғаның көніл- күйінің бір қалыпты болуын, психотерапиямен қамтамасыз ету.
Отбасының әлеуметтік қызметі.Жеке тұлғаның әлеуметтік қорғауы жарияланған әрбір мемлекетте,бұл тек отбасын қорғау арқылы іске асыруға болады. Қоғамның негізгі бөлігі ретінде отбасы адамдарды біріктіреді, ұрпақтарды тәрбиелеуді реттейді, жеке бастың біліктілігін жетілдіреді.
Әке мен шешенің қарым – қатынасы, олардың балаларды тәрбиелеудегі рөлдерімен және отбасының мәртебесі тікелей байланысты. Балалар үшін әке мен шеше үлгі болады, оның жоқтығы баланың дамуына кері әсер етеді, бұндай балалардың жүйкесі нашар, әрі олар мазасыз болып келеді.
Отбасы баланы қоғамға таныстырады, өз отбасында бала әлеуметтік тәрбие алып, жек тұлға болып қалыптасады. Сәби кезінде оны тамақтандырады, оны күтеді, онымен айналасады. Кіші мектеп жасындағы оқушыға оқуда көмектеседі, жасөспірімдік кезеңде өмір жолын таңдауға комектеседі.
Отбасында бала денсаулығын нығайтып, оларда белгілі бір дағдыларды дамытып, ақылын жетілдіріп, азамат ретінде тәрбиелеп, олардың болашағын шешеді.
Отбасында баланың мінезін қалыптасып, мейрімділік пен жүректілігін дамыту, ол істеген ісіне жауап беруге үйренеді.
Отбасында бала еңбектенуге үйреніп, мамандық тандайды, асөспірім өз бетімен өмір сүруге дайындалып, отбасы дәстүрін жалғастырады.
Отбасы – ол «үй», ол жеке тұлғаларды біріктіреді, адамаралық қарым-қатынастырдың негізі салынады, жеке тұлғаны әлеуметтендірудің алғашкы сатысы қаланатын болады.
Отбасының әлеуметтік қарым-қатынасына 40%- отбасы өмірі, 30%- ақпарат құралдары, 20%- мектеп, ал 10%- көше әсер ететін корсетеді.
Отбасылық қатынастар. Туыс адамдар үнемі қарым – қатынаста болады. Отбасындағы қарым – қатынас жағдайы отбасының әрбір мүшесінің темпераментіне және жеке басына қатысты екенін ескеру керек. Отбасылық одақ тек қызуғышылықтары ортақ болғанда ғана олар жеңіске жетеді. Мысалы, «Жақсы әйелмен қайғы жарты, ал қуаныш екі есе болады» деген халық мақалы бар.
Ең бастысы – бүкіл отбасы мүшелерінің араларында қалыптасқан қарым – қатынас маңызды орын алады. Отбасы жақсы болу үшін онда тек әке мен шешенің бар болуы жеткіліксіз, ол үшін олардың қарым – қатынастары мейірімді адал, махаббат пен өзара түсінушілікке толы болу керек. Балалар үшін әке де, шеше де бірдей қымбат, егер олардың арасында өзара келіспеушілік болса балалар үшін бұл өте қайғылы.Ата – ананың балаға деген немқұрамлығы балада жалғыздық тудырады, балалар басқа істермен айналыса бастайды.
Соңғы 60 жылда казіргі замандағы жағдайға сай отбасындағы қарым – қатынастар біршама өзгерді. Егер бұрын жұмыссыз ана бала тәрбиесімен айналысса, казір қоғам өміріне сай отбасындағы іщкі қарым- қатынаста өзгерістерге ұшырады.Қоғамдағы жайсыздықтар адамдар арасындағы қиыншылықтар отбасына өзіндік тұрғыдан әсер етуде.
Отбасындағы рөлдік қарым – қатынас.Казіргі кездегі отбасы туралы толықтай мәлімет алу үшін отбасындағы рөлдік қарым – қатынастарды қарастыру керек. Отбасылық рөль – қоғамдағы адамдардың ең манызды рөлдерінің бірі.Отбасылық рөлдер дегеніміз не? Бұл ер, әйел, жұбайлар, ата – аналар, балалар, бұл ұл, қыз, аға,іні, қарындас, ата, әже рөлі.
Әкелік және аналық. Отбасы қарым – қатынасында әкелік және аналық деген түсініктер бар. С.И. Онесовтың орыс тілі сөздігінде «әке мен бала арасындағы қандық туыстық» деп берілген. Болашақ адамның биологиялық тартуы болады: шашы, көзінің түсі, қасиеттері, туа берілген қасиеттер және т.б. тұқым қуалаған аурулары да беріледі. Сондықтан болашақ әке өз денсаулығы мен салауатты өмір салтына ерекше көңіл қоюуы тиіс.Әкенің әлеуметтік қызметінің маңыздылығын мысалы, «Әке иығында әлем тұрады» деген сөздермен сипатталады. Әке – отан қорғаушы, мемлекет басқарушы. Әке отбасының материалдық жағын қамтамасыз етеды, әйел және балалары үшін жауапты, қарт ата-анасына көмектеседі.Егер ана болуға қыз бала жасынан дайындалса, жас жігіт тек баласы дүниеге келгенде әке болады. Ұл баланы әке болуға тәрбиелеу керек. Әкесіз отбасы мүшелерінің алдында көптеген әлеуметтік мәселелер туындап отырады. Қазіргі заманғы қоғам «әкесіз қоғам» деп аталады.Бұл бос сөз емес шындық.. Әйел үш міндет орындайды:материалдық жағын қамтамасыз етуші, үй қожайыны және ана.Әкесіз балаларды жалғыз тәрбиелеуші ана оптимист болуы қажет, өйткені қоғамның қолайсыз проблемалары, оның қалайсыз жағдайлары балаларға тікелей әсер етеді. Ен ауыр проблема әкесіз ер баланы тәрбиелеу болып табылады.
Отбасы жанжалы. Адам некеге тұрғанда оның белгілі бір негізгі себептері бар: әке болғым келеді, бала өсіремін.Әйел ер адамның сыйласты, адал, күшті, ақылды болғанын қалайды.Ер адам өз әйелінің мейірімді, нәзік, қамқор, әдемі болғанын ұнатады.Некеге тұрушылардың көпшілігі өзін бақытты боламын деп ойлайды. Жігіттер- 67%, ал әйелдер 73%.Әрқайсысы отбасы өмірінде өзін - өзі тәрбиелеймін деп сенімді болады.Бірақ отбасын құрсымен келіспеушілікке тап болады. Әйел де, еркек те қанағаттанбайды. Барлығы некеге тұрарда қандай «неке жобасын» құрғанына байланысты болып келеді. Екінші рет ажырасқандардан тек- 27% ғана үйленеді және олардың -56% ғана бақытты болады.Зерттеулер көрсеткендей ерлердің 85% ешкім некеге дайындамайды, ал 15% шамалап дайындайды; 59% әйелді ешкім дайындамайды, 34% шамалап ата-аналар дайындайды және 7% мектеп дайындайды.
Ерлердің 77% және әйелдердің 60% дау-жанжал міндетті түрде болады деп санайды: Дау жанжал себептері бірнешеу:
жұбайлардың біреуінен тек өз сұраныстарын қанағаттандыруға талпынуы;
материалдық қажеттіліктің күрт өсу;
өзара туыстармен және достармен араласа білмеуі;
жұбайлардың бірінің шаруашылыққа араласпауы;
Дау-жанжал болудағы тағы бір негізгі себептер – бұл жұбайлардың тәрбиесіздігі және олардың жалпы отбасы өміріне дайындықсыз келуімен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |