А. С. Иргалиев (қолы) (аты-жөні)


ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ



жүктеу 0,75 Mb.
бет11/18
Дата15.04.2020
өлшемі0,75 Mb.
#29505
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18

5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ

3 апта

5 кредиттік сағат

Дәріс 3

Дәріс мақсаты: Философиядағы, педагогикадағы, психологиядағы, әлеуметтанудағы әлеуметтену туралы түсінік.

Кілттік сөз: философия, әлеуметтену, педагогика, психология, әлеуметтану.

Негізгі сұрақтар:

  1. Философиядағы әлеуметтену процессі туралы түсінік.

  2. Әлеуметтанудағы әлеуметтену процессі туралы түсінік.

  3. Психологиядағы әлеуметтену процессі туралы түсінік.

  4. Педагогикадағы әлеуметтену процессі туралы түсінік.

  1. Философиядағы әлеуметтену процессі туралы түсінік.

Әлеуметтену мәселесі бұл терминнің тарихта қалыптасуынан бірінші болды.Адам баласы қоғамда белгілі орны бар, тарих қойнауында орталық орын алған тұлға екенін ғалымдар, философтар, жазушылар т.б.

Гуманитарлық ғылымға « әлеуметтену» сөзі саяси экономикадан келді. «Әлеуметтену» термині Ф.Г. Гидднгс адам тұлғасына қатысты қарастырды, мынадай «әлеуметтік табиғаттың дамуы мен тұлғаның мінез- құлқы», «адамның материалын әлеуметтік өмірге дайындығы».

Қазіргі заманғы әлеуметтену теориясының авторы Г.Тарда. Өзінің теориясының негізінде еліктеу принципінің негізін салды, ал «ұстаз- оқушы» әртүрлі деңгейлерде жүзеге асатын, әлеуметтік қатынас типологиясы негізінде бекітілді.

80 жылдардың соңында « Әлеуметтену» термині Г.В. Бочарованың әлеуметтік педагогтар мен әлеуметтанушылардың ассоциациясы негізінде негізгі мағынаға айналды.

Қазіргі заманғы әдебиеттерде «әлеуметтенудің » ғылыми нақты анықтамасы жоқ. Әлеуметтенудің мағынасын жан-жақты зерттеу үшін философиялық, әлеуметтанудың, психологияның, сөздіктерінен және осы мәселелерді қарастыратын ғалымдардың зерттеу материалдарын зерттеу.

Бір философиялық энцеклопедияларда жалпы мағынада «әлеуметтену » термині адамның қоғамның белгілі мүшесі ретінде, білімді, құндылықтарды, нормаларды меңгеруі деп көрсетіледі. Ал И.С. Конның айтуы бойынша «әлеуметтенудің мағынасы кең, тәрбиеге қарағанда ». Тәрбиелеу кезінде көңіліне ұнайтын мінез- құлық типін тәрбиелегісі келсе, ал әлеуметтенуде жаман болса да, жақсы болса да баласының әлеуметтенуі болады.

Сонымен әлеуметтену философтардың көзқарасы бойынша – бұл белгілі процесс соның негізінде адам тұлғасы белгілі биологиялық қабілеттермен, білім нәрімен сусындаған, өміріне қажетті нормалар мен құндылықтар өміріне қоғамның мүшесі ретінде өмірге қалыптасуға қажет.


  1. Әлеуметтанудағы әлеуметтену туралы түсінік.

Ғалым- әлеуметтанушылар әлеуметтену мәселесін, әлеуметтік қатынастарының жаңаруы дейді. Бұл жерде әлеуметтену- қиын ғылыми түсінік, бұл процесс тұлғаның өмір жолында әлеуметтік нормалар мен мәдени құндылықтар сол қоғамның соған кіретін әлеуметтену әлеуметтік қатынастардағы тіршілік ететін элемент.

Г.Уайт «әлеуметтенуді – бұл формалды білімге қарағанда, кең мағыналы яғни бұның құрамына көзқарастар, құндылықтар, мінез- құлық әдеттер, біліктілік, мектептен ғана емес отбасы және топтарымен құрдастарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен ».

Э.Дюркейм әлеуметтену процессін белсенді бастау қоғамнан басталады, және сол әлеуметтену субъектісі болып табылады. «Қоғам ,- деп жазды ол тіршілік етеді егерде мүшелерінің арасындағы қатынас жақсы болса». Сондықтан ол «тұлғаны өзінің үлгісі » бойынша адамның әлеуметтенуде маңызы роль атқаратынын көрсетіп , адам әлеуметтенушы әрекеттердің обьектісі ретінде қарастырады.

Тұлғаның әлеуметтену жүйесінде интеграциялануы, әлеуметтік процессте, соның нәтижесінде бейімделуі, әлеуметтанудың құрылымдық функционалдық бағытында қалыптасады. (Г. Парсонс, Р. Метон)Осы мектеп дәстүрінде әлеуметтенуді «бейімделу » түсінігінде, адамның әлеуметтік ортаға бейімделуі ретінде қарастырады.Бейімделу факторы көмегімен әлеуметтенуге, бейімделуі, адамның мәдени, психологиялық, әлеуметтік факторларға бейімделу жүреді. Л. Элконь бойынша әлеуметтену «бұл процесс –оның көмегімен тұлға қоғамның өмір сүру салтымен және әлеуметтік тобымен жұмыс жасайтын ».

Н.Смелзер әлеуметтенуді бұл тұлғаның әлеуметтік бұл тұлғаның әлеуметтік ролдеріне байланысты дағдылардың, біліктердің әлеуметтік құрылымының қалыптасуына көмектеседі.Я.Щепанский әлеуметтенуді былай түсіндіреді: «Қоғамның жалпы әсері, тұлғаны қоғамдық өмірге, мәдени жағынан түсінуге, ұжымда өзін-өзі ұстауға, өзін қалыптастырып, әр түрлі әлеуметтік рольдерді орындауға тартады».Әлеуметтену қарастырады тұлғаның өмір жолында көзқарастарының, біліктерінің, әдеттерінің, әлеуметтік ережелердің, мәдени құндылықтардың, әлеуметтік топтардың қоғамда қалыптасуына, өзінің құлықтық бағыттарының, өзіндік өз-өзін ұстау стилінің қалыптасуына әсер ететін процесс.

3. Психологиядағы әлеуметтену туралы түсінік.

Әлеуметтік психологияда әлеуметтену түсінігі қоғамда өте маңызды.Әлеуметтік топтардағы әлеуметтік процесстерде, әлеуметтік механизм көмегімен қоғамдық және топтық мақсаттарды жүзеге асыру үшін қолданылады.Әлеуметтену бұл- индивидтің белсенді әлеуметтік тәжірибесін меңгеру процесі деп аталады.В.П.Зинченко және Б.Г.Мещерякова «әлеуметтену» (латынша Socialis-қоғамдық)бұл тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеру процесі, әлеуметтік байланыстар жүйесі және қатынастар деп қарастырған.Әлеуметтену түсінігі аясында жалпы көпжақты процесті қамтиды, қоғамдық қатынастардағы және қоғамдық өмірдегі.

А.В.Петровсий және М.Г.Ярошевский анықтамасы бойынша, «әлеуметтену»- бұл тұлғаның белсенді әлеуметтік тәжірибе, қоғамдық өмірде жүзеге асатын қызметтер.Әлеуметтену адам баласына түрлі өмір қиындықтары кезінде, әр түрлі факторлардың әсерінен де қалыптасады, сонымен қатар білім және тәрбиелеу кезінде, адамның дамуы кезінде адамның қызығушылықтарына байланысты өмір сүретін қоғамда жүзеге асады.Е.Фром тұлғаның әлеуметтенуі, біріншіден, өзіне және басқа адамдарға қатынасынан көрінеді, оның пікірінше, «әлеуметтік мінез-құлық» қарым-қатынас формасының дамуы арқылы жүреді, яғни айқын және нақты бейімделушілік жүреді.Әлеуметтік мінез-құлықты Фром бұл мінез-құлық құрылымының ядросы деп атап көрсеткен.Гуманистік психологияда әлеуметтенудің мәні басқаша ұғындырылады, оның өкілдері А.Олпорт , А.Маслоу, К.Роджерс және тағы басқа.Ортаның әсер ету процесі, оның өз алдына дамуы және өз-өзіне сенімділігі сияқты, шығармашылық қабілеттердің және тұлғаның өзінің ұстанымдарының жүзеге асуы өз алдына әлеуметтену процесінде жүйелену болып табылады.

4.Педагогикадағы әлеуметтану туралы түсінік.

Педагогика ғылымында «әлеуметтену» термині былай қарастырылады:



    • «Жеке тұлғаның әлеуметтік ортасындағы әлеуметтену процесінің жүруі білім икемділіктерін практикалық және теориялық іс-әрекетте меңгеру».

    • «Қоғамдық өмірдегі тәжірибелер және қоғамдық қатынастардың процесін меңгеру»;

    • «Әр адамның анықталған әлеуметтік ережелері, рольдері, функциялары, білік, шеберліктері адамдармен қатынас барысында қалыптасады»:

    • «Жеке тұлғаның тәжірибесі қарым-қатынас және іс-әрекеті, өмірлік ұстанымдары, өзіндік сана-сезімі, өзін-өзі реттеушілік, даму процесінде біртіндеп дамып, кеңейе түседі»;

Жекелік – нақты құрылым, адамның ішкі әлемінің құндылықтары қоғамдағы тіршілік әрекетінің әр түрлі деңгейдегі әлеуметтік ережелері, рольдік функциялары, әлеуметтік бейімделу интеграция және жеке тұлғаның интериозациялануы.

У.Бронфренбренердің пікірінше, әлеуметтену процесінің жиынтығы, индивидтің анықталған жүйедегі ережелері мен құндылықтарын игеруі, қоғамдағы сапалы мүшені қалыптастыру.

А.Н.Тесленко әлеуметтенуді «инвидтің әлеуметтік жүйедегі рольдерін жекелік дамудың ерекшеліктерін, табиғи факторлардың қоғамдық-тәртіптік құндылықтар мен ережелердің игерілген белсенді жолмен дамыған жүйесі» деп, қарастырған.

В.И.Соковнин жеке тұлға әлеуметтенуін күрделі процесс деп қарастырды және оның 3 деңгейін бөліп көрсетті.

Әлеуметтік педагогикадағы әлеуметтенудің анықталған түсініктері мыналар:

-«Қоғамдағы бағалы мәдениет және әлеуметтік ережелердің индивидтің өміріндегі процестерінің жүзеге асуы яғни оған арналған».

-Адамның әлеуметтенуі практикадағы күрделі жіктеулі процесс, әлеуметтік сапалары , тәжірибелері , рольдері іс-әрекеттері арқылы анықталған.

-Индивидтің мәдени тәжірибесінің даму процесі.


4 апта

7кредит сағаты

4 дәріс Тұлғаның әлеуметтенудің компоненттері.

Дәрістің мақсаты: тұлғалық әлеуметтенудің компонентін ашу, тұлғаның әлеуметтенуін механизмдерімен таныстыру.

Кілттік сөз: Әлеуметтену факторлар, әлеуметтенудің агенттері, әлеуметтенудің механизмдері, тәрбиелеушілік орта.

Негізгі сұрақтар:



  1. Әлеуметтенудің факторлары, құралдары және агенттері.

  2. Тұлғаның әлеуметтенуінің механизмі.

  1. Әлеуметтенудің факторлары, құралдары және агенттері.

Әлеуметтену факторлары болып әлеуметтік әртүрлі жағдайларда пайда болған көптеген құрылымдағы өзара әрекеттестіктегі нәтижелердің туындауынан, одан белгілі бір іс-әрекетті және белсенділікті талап етуден көрінеді. Фактор түсінігі осы немесе басқа процестің қажетті бір шартымен анықталады. Педагогикалық ғылымда әлеуметтену факторы әртүрлі классификация болады. И.С.Кон әлеуметтік институт арасында тұлғаның әлеуметтену факторын келесідей бөледі: ата-ана отбасы, мектеп құрдастар қоғамы, массалы информация құралдары. Әлеуметтену факторының адамның бүкіл өмірінде сақталатын құндылығы бар-ол ұлтжандық, ментальдық этнос.

Ол туралы И.С.Кон, М.Мид және т.б. жұмыстарында айтылады. Отандық зерттеуші-ғалым М.Тажин тұлғалық қалыптастықтағы өмір сүру- оның әлеуметтенуіндегі қажетті фактор деп жазған. Әлеуметтену факторының саласында тәрбиелік іс-әрекеті де қарастырылады. Д.Локк «адам тақта сияқты жаны таза болып туылады. Осы тақтаға тәрбиеге жақсы болып табылған жазылады» деп айтқан К.А.Гельвеций «барлық адамдар туғаннан ақыл-ой және құлықтық потенциялы бірдей болуынан және психологиялық ерекшеліктері әртүрлі ортаның әсерінен және әртүрлі тәрбиелік іс-әрекеттен болатынын» білген. Н.К.Крупскидің айтуынша- «отбасы тәрбиелейді, барлық мектептегілер, көше тәрбиелейді, қоғамдық мекемелер тәрбиелейді, барлық қоршаған орта, болған іс-әрекеттер тәрбиелейді»

Қазіргі уақытта педагогикалық ғылымда көптеген жұмыстар классификация б.т, А.В.Мудриктің ұсынысында 3 факторлар тобын бөледі:


  1. Макрофакторлар (космос, планета, әлем, елдер, қоғам, мемлекет), әлеуметтенуге әсер ететін барлық планетаның тұрғындарын немесе белгілі бір мемлекетте тұратын өте үлкен адамдар тобын айтады;

  2. Мезофакторлар-әлеуметтену шарттағы ұлттық белгілеріне байланысты үлкен адамдар тобы (этнос әлеуметтену факторы ретінде ); олардың орны мен типіне байланысты (аймақ, ауыл, қала); массалық коммуникация жүйесіндегі (осы немесе басқа) аудиторияға тиесілі (радио, телевидение, кино т.б);

  3. Микрофакторлар оған нақты адамдар тобы жатады: Отбасы құрдастар тобы, микроәлеумет оқуда, қоғамда және басқада әлеуметтік тәрбие беретін мекемелер.

Сонымен қатар білім беру процесінде толық және сапалы орындауы әлеуметтнудің микрофакторлық деңгейінде болады.

Әлдеуметтену кең құралдардың таңдалуының белгілі бір қоғам үшін спецификалық, әлеуметтік қабат, адамдардың жасы көмегімен орындалады. Кейбір олардың ішіндегі маңыздысы- қоршаған орта және адамдар арасындағы қатынас жүйесі. Орта ролінің қайтабағалануы адам дамуы ортамен анықталатыны дәлелденген (Гемвеций, Дидро, Оуэн), мынадай қорытындыға әкеледі, адамдарды өзгерту үшін ортаны өзгерту керек. Бірақ орта- бұл адамдар сол себепті тұйық болады: ортасын өзгерте тура, адам өзін-өзі өзгертеді.

Бұл маңызды әлеуметтік тәрбиедегі құрамы тәрбиелеу. Ортасы және педагогикалық процестегі қатысушылар арасындағы қатынас жүйесі б.т.

Адамдардың әлеуметтену барысында адамдар маңызды роль ойнайды, оның өмірінде болатын тікелей бірлескен әрекеті әлеуметтену агенті деп аталады. Әртүрлі жас кезеңдеріндегі агент құрамы специфиланған. Балаларға және жасөспірімдерге ата-аналары, ағалары және апалары, туыстары, құрдастары, көршілері, мұғалімдері қатынас жасайды. Осыдан орталық агенттің іс-әрекеті және тұлғалық қалыптасуы тұлға б.т. тәрбиелеушілермен педагогтар алдымен бала бақшада, кейін мектепте ПТУ, ЖОО-да және басқа білім беру мекемелерінде К.Д.Ушинский осыған байланысты былай деді «тұлғаға тәрбиелеушінің әсері жас жанды оқулықта, моральдық синтенцияларда, жазалау және кешіру жүйесі де орнын баса алмайтын тәрбиелеу күші құрайды». Педагогикалық процесте баланың әлеуметтену агенті педагогтар және тәрбиелеушілер, отбасы мүшелері және құрдастары б.т.

2. Тұлғаның әлеуметтену механизмдері.

Адамның әлеуметтенуі әртүрлі факторлар мен агенттердің бірлескен әрекеттері, әлеуметтену механизмдер ретінің көмегімен болады. Т.Тард еліктеудің негізгі механизмі деп санаған.

У.Бронфенбреннер-белсенді дамып жатқан адамзаттың және өзгерілетін шарттар арасындағы прогрессивті өзара аккомодация. В.С.Мухина әлеуметтену механизмінің сапасындағы идентификацияны және тұлғаның бейімделуін қарастырған, ал А.К.Петроский- тұлғаның даму процесіндегі бейімделу фазасының құқықтық ауысуы, индивидуализация және интеграция деген.

Педагогикалық көзқараста жалпы мәліметтерді иеленуді бірнеше әмбебап әлеуметтену механизмдеріне бөлуге болады, яғни әртүрлі жас кезеңдеріне байланысты адамдардың тәрбиелеу процесін қолдануға және есепке алуға болады.

Әлеуметтенудің психологиялық механизміне мыналар жатады:


  • Импретинг- адамдардың өміріндегі таң қалдырар жағдайларды, өмірлік маңызды обьектті оған әрекеттеуші ерекшеліктерінің рецепторлы және бейсаналы деңгейдегі адамның өзімен бекітіледі.

  • Идентификация-адам өзіне басқа адамдармен топпен, бейнемен теңестіру процесі.

  • Рефлексия- адам өзінің әртүрлі қоғам институтында меңгерген құндылықтарын қарастыратын, бағалайтын, қабылдайтын, итеретін ішкі диалог. Рефлексия процесінде ішкі диалогтың бірнеше түрі болуы мүмкін: Әртүрлі мен- адам арасында.

Әлеуметтенудегі педагогикалық механизмдерге мыналарды жатқызуға болады:

  • Әлеуметтенудің дәстүрлі механизмі адамдардың өзіне, жанұясына және жақын қоршаған ортасына таң қалу көмегімен санасыз деңгейдегі көзқарастарын, әрекет эталондарын, адамдық нормаларды өзінің меңгеруін көрсетеді. М.Монтень жазған:

«...Біз өз қалауымызды қаншалықта қаласақта, дәстүрлер мен жалпыға тән ережелер бізді өзінің артынан тартып барады»;

  • Инструментальды әлеуметтену механизмі адамдардағы жинақталған білім мен әлеуметтік бекітілген құқықтық, тәжірибе, әлеуметтік норманы барысында адамдардың қоғамдық институттарымен ұйымдарынан конфликтілі және конфликтісіз қашу, яғни арнайы оның әлеуметтенуі үшін құрылған, басқа да құрылымдар сияқты сонымен қатар әлеуметтеуші функция өзінің негізгі функциясымен параллель жүзеге асырушы б.т.

  • Стильденген әлеуметтену механизмі белгілі бір субмәдениет аймағында әсер етеді-құқықтық-психологиялық бітістері және мінез-құлық көрінің кешені, белгілі бір жас кезеңдері үшін адамдар типі немесе белгілі бір қабат, яғни белгілі бір өмір стилін және осы немесе басқа жас кезеңіндегі кәсіби немесе әлеуметтік топтық ойлауы.

  • Тұлғааралық әлеуметтену механизмі адамдардың өзара әрекетіндегі ол үшін субьективті мағыналы тұлғалар сыйлы ересек құрдастар.психологиялық механизмнің тұлғаға ауысуын эмпатия, идентификация көмегінен болады.

    • Педагогикадағы болған әлеуметтену механизмдерін анализдеп, жасөспірімдермен жұмыстық педагогикалық эффективтілігі біздің ойша инструментальды, стильденгген және тұлғааралық басқарушылық б.т.

      • Біздің пікірімізше, жасөспірімдермен психологтың педагогикалық эффективті әлеуметтену механизмдерімен жұмысында көрсетілген мыналар болады: бастапқы кезеңдегі еліктеу, сосын идентификация және рефлексия.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Әлеуметтену факторында не айтылады?

  2. А.В.Мудриктің ұсынған классификациясы туралы айтыңыз?

  3. Білім беру процесінде әлеуметтену деңгейі қаншалықты толық және сапалы орындалуы

  4. Әлеуметтену механизмдерін қалай бөлуге болады?

Қолданылған әдебиет: Сабақтың графигімен байланысты.

5 дәріс.


Тақырыбы: Әлеуметтену түрлері.

1.Жыныстық ролдік және отбасылық әлеуметтену.

2. Еңбектік әлеуметтену, әлеуметтік білім беру.

Жыныстық ролдік және отбасылық әлеуметтену- жалпы әлеуметтену үрдісінің бөлігі болып табылады және екі өзара байланысты үрдісті қамтиды:



  1. бұл индивидтің әлеуметтік тәжірбиені, психоәлеуметтік ұстанымды, құндылықтарды, бағытталуды меңгеруі, қандай да болмасын жыныс өкіліне тән мінез-құлық және іс-әрекет тәсілдерін меңгеру үрдісі.

  2. Өз және қарсы жыныс өкілінің ұқсастықтары мен ауыруларын тануы, қандай да бір жыныс өкілі ретінде өзін эмоционалды бағалау, қарым-қатынаспен іс-әрекетке өзінің менін бекіту.

Жыныстық ролдік әлеуметтену астарында әлеуметтік статус маңызды рол атқарады. Сонымен қатар тұрақты әлеуметтік функцияларды атқаратын-рольдің де маңызы ерекше.

И.С.Конның айтуынша жыныстық роль орындалуы ер немесе әйелдік статусты қамтамасыз ететін, белгілі жынысқа тәуелділік пен байланысты нормативтік шарттар, соңғы жылдардағы зерттеулер жыныстық роль-бұл жыныстық ролдік репертуардың толық кешенді екендігін көрсетеді. Жыныстық репертуарды шартты түрді бойынша бөлуге болады:



  1. Ер адамдарға қандай іс-әрекет сфералары, қоғамдық еңбектік, кәсіби т.б. сай. Ал қайсыларға әйел адамдарға сай.

  2. Отбасылық –бұл ерлі зайыптылық және ата-аналық болып бөлінеді. Олар ата-ананың, баланың мінез-құлқын, іс-әрекетін анықтайды.

  3. Жыныстық-жыныс сферада олардың арасында қарым-қатынасты анықтайтын ер және әйел адамның жыныстық мінез-құлқы.

2. Адамның барлық ерекше іс-әрекеті, белгілі міндеттерді орындауы еңбектік әлеуметтену үрдісінде қалыптасады, іс-әрекетке келер болсақ әлеуметтену үрдісінде индивид іс-әрекеттер коталогымен кездеседі.

Әрбір индивидтің еңбектік іс-әрекеті үнемі адамдармен өзара байланысты жүзеге асады.

Әлеуметтену ең бірінші іс-әрекет барыснда әлеуметтену тәжірбиесін меңгеру болса,әлеуметтену үрдісінің стадияларының класификациясы үшін олардың еңбек іс-әрекетіне қатынасынан көрінеді. Еңбек іс-әректіне қатынасына байланысты еңбек іс-әрекетінің 3 стадиясын көрсетуге болады:


  1. еңбекке дейінгі , яғни адам еңбек іс-әрекетіне араласқанға дейінгі кезең. Ол мынадай кезеңдерге бөлінеді: туғаннан бастап мектепке барғанға дейінгі, бұл ерте әлеуметтену, жеткіншектік әлеуметтену, техникум, жоғары оқу орныда оқу т.б.

  2. Еңбектік-адамның ересектік кезеңін қамтиды.

  3. еңбектен кейінгі, яғни еңбек іс-әрекетінің тоқтауымен байланысты қарттық кезеңнің басталуы.

Жыныстық ролдік және еңбектік әлеуметтену тәрбиелік мекемелердегі әлеуметтік білім беруге байланысты.

А.Н.Тесленко әлеуметтік білім беруді мәдениеттің трансляциялау құралы ретінде санайды. Оның барысында адам үнемі өзгеріп отыратын социумның талаптарына адаптацияланады.


6 апта

11 кредит сағат

6 дәріс. Жетім балалардың әлеуметтену процесіндегі бұзылысы

1. Жетім балалардың әлеуметтену бұзылыстарының элононд процесі жөнінде ғылыми зерттеу.

Әр түрлі балаларға арналған мектептердегі педагогикалық ұжымның іс-әрекеті әлеуметтік-педагогикалық басты және соңғы нәтижесі болып, әлеуметтенудің нәтижесі секілді тәрбиеленуші тұлғаларының сапалық және әлеуметтік даму болып табылады. Әлеуметтену өз алдына сәттә өтеді, егер тәрбиеленуші гормонды түрде әлеуметтік қарым-қатынасқа түсіп, әр әлеуметтік жүйелерде қалыпты түрде жүйеленсе, өз-өзін төмен сезінбей және сонымен қатар жалпы байланыстан тыс өзін сезінбесе, ол өз алдына өзінде пайда болған қиындықтарды шеше алады.

Балаларға арналған арнайы мекемелердегі тәрбиеленуші жасөспірімнің тұлғасының әлеуметтену конценциясында, ғылымда енгізілген нәтижелер бойынша, жағдайды басқа жағынан шешу обьектіне зерттеудің қиындығы, теоретикалық құрылымның негізгі ерекшелігі болып табылады.

Депривация концепциясында (А.Адлер, Дж.Боулби, Й.Ланшейер және Матеймен, М.Мид, М.Монтессори, М.Роптер, З.Фрейд) жасөспірім тұлғасының жанұядан тыс тәрбиеленуін, оның қажеттіліктері туралы, инстинктер, қиял туралы ойлау адамның негізгі сапасы ретінде қарастырылады. Бұл бағытта З.Фрейд бойынша конфликтілер арқылы адамның дамуы, бір уақытта ішкі және сыртқы жоспарды: сыртқы тұлға мен қоғам арасында, ішкі – негізгі 3 субстанциялар арасында. Соның ішінде: «жоғары – мен» яғни тұлға (әлеуметтік ережелер, тиым салынған нәрселер, ар – ұяттың болмауы), «мен» (тұлғаның өзі құрған әлемі (немесе түсінетін)) және «ол» (бейсанасыз, жүзеге аспаған, жай ғана қиялға берілген). Бұдан жасөспірімнің тұлғалық даму заңдылықтары, яғни отбасы назарынан тыс қалғандар зерттеу динамикасы мен әр түрлі қажеттіліктер мен дағдыларды қанағаттандыруда кездеседі. Тұлғалық доминанта сапасындағыларды бұл концепциялардан негізгі баланың психикалық жағдайын нәтижесінде негізгі психикалық қажеттіліктердің ұйымдастырылып, балаларға арналған арнайы мекеме жағдайында пайда болып, келесі типтерде көрінеді.


  • әр түрлі модальдар әсерінен пайда болған сенсорлық: (көрушілік, есту).

  • конгнитивті, оқу үшін және әр түрлі құлықтарды иеленуде, соның ішінде түсінуге мүмкіндік бермейтін сыртқы ортаның холотикалық құрылымы, мекемеден тыс болып жатқан нәрсені түзеп, жаңартып отырумен пайда болады.

  • Эмоционалды, ересектермен қарым-қатынастың жетіспеуі, соның ішінде анасы мен құрдастар арасында.

  • әлеуметтік, әлеуметтік рольдерді орындауда өзін-өзі жалпы қанағаттана отырып, ұйымдастыру.

А.М.Толстый және Н.Н.Прихожин балаларға арналған мекемелердегі тәрбиеленушілердің әлеуметтенуін зерттеумен айналысып, келесі гипотезаны ойлап шығарған болатын. Мекемелердегі тәрбиеленушілерде артта қалушылық немесе тұлғалық білім алу жағынан дамымаушылық, ал кейбіреулері балаларға арналған мекемелерде өз алдында бұндағы өмірде бейімделуге және тек өз алдына оны тұлға ретінде өзгертуге көмектесетін механизмдерді байқаған. Балаларға арналған мекемелердегі тәрбиеленушілердің тұлғалық әлеуметтенуі және дамуындағы ақаулықтар мен бұзылыстары орталық жүйке жүйесіндегі анатомді – физиологиялық бұзылыстар өз алдына тұқым арқылы берілмейді, керісінше депривацияның әр түрлілігі, ортаның әсері мен педагогикалық енжарлықтан берілетіні дәлелденген болатын. Балаларға арналған мекемелердегі тәрбиеленушілердің тұлғалық әлеуметтенуі және дамуындағы ақаулықтар мен бұзылыстары орталық жүйке жүйесіндегі анатомді – физиологиялық бұзылыстар өз алдына тұқым арқылы берілмейді, керісінше депривацияның әр түрлілігі, ортаның әсері мен педагогикалық енжарлықтан берілетіні дәлелденген болатын.

Бала девиантты ортада, девиантты мінез-құлықты толықтай иеленіп отырып, тәрбиеленуіне әлеуметтенудің бұзылысы себеп екені анықталған.

Балаларға арналған мекемелерде жанұяны алмастыратын педагогтардың бөлігі, өзінің педагогикалық іс-әрекетінде бұл балалардың негізгі даму категорияларын ескермейді. Қазіргі уақытқа шейін негізгі проблема болып, педагогтарды психологиялық-педагогикалық мәдениеті, сонымен қатар тәрбиеленушілермен жүргізілетін адекватты жұмыстың әдісі болып табылады.

Баланың тұлғалық даму негіздерінің психологиялық-педагогикалық құзіреттілікті анықтау болып, балалар үйі жағдайында тәрбиеленушілерден алынған зерттеу нәтижелері И.В.Дубровинамен, М.И.Лисинамен, А.М.Прихожинамен, Н.Н.Толстоймен және басқалармен алынған және басқа да И.В.Ежовинмен, В.С.Мухинмен жүргізілген зерттеулер арқылы алынған болатын.

2. Жетім балалар даиуының эмоционалды, күш-жігерлік және интеллектуалды дамуы жағынан жағдайлар.

Тәрбиеленушілердің интеллектуалды дамуын негізі және психологиялық зерттеу деңгейі назары дамуының және тәрбиеленушілердің есте сақтауы орта статистикалық ережелері бұзылыстары пайда болмайды. Бір жағынан, зерттеулер елдің бейнесін енжар жүйелеп отырады. Танымдық сферада ішкі операцияларды қажетсінетін, практикалық іс-әрекеттер қадағалаусыз, баланың абстрактілі ойлауының дамуының төмендеуі негізінен бастауыш сынып жасындағыларда кездеседі. Көбінесе, вербальді-логикалық ойлаудың төмендеуі кездеседі.

Бұл алынған нәтижелердің ішіндегі болып, ең негізгісі балаларға арналған мекемелердегі жалпы білім беретін тәрбиеленушілердегі интеллектуалдық дамуының төмендеуі болып ортаның әсер етуі, педагогикалық енжарлық болып табылады. Негізгі себеп болып ересектермен қарым-қатынасқа түсуі, адекватты балаларға, соның ішінде балаларға арналған арнайы мекемелердегі сапаның жоқтығы болып табылады.

Балаларға арналған мекемелердегі тәрбиеленушілердің тұлғалық құрылымындағы көп қиындықтар мен бұзылыстар эмоционалды ерік-жігер сферасында барлық зерттеушілермен белгіленген болатын.


7 апта


7-дәріс

Кредит сағат 13



жүктеу 0,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау