А. С. Иргалиев (қолы) (аты-жөні)


Жетім балалардың әлеуметтенгендігінің психологиялық диагностикасы



жүктеу 0,75 Mb.
бет13/18
Дата15.04.2020
өлшемі0,75 Mb.
#29505
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

2.Жетім балалардың әлеуметтенгендігінің психологиялық диагностикасы

Жасөспірімдердің әлеуметттенгендігінің деңгейінің психологиялық диагностикасы үшін келесідей 8 әдістеме ұсынады: «К.Роджерстің және Р.Даймондтың әлеуметтік-психологиялық бейімделу диагностикасы », А(балалар үшін) және Б(қыздар үшін) нұсқалары, «Ч.Д.Спилбергтің орта және жоғары сыныптағы оқуға эмоционалды қатынас және оқу мотивациясы диагностикасының әдістемесі», «Пирс-Харристің «Мен-Концепция» шкаласы» әдістемесі, А.М.Прихожанның 13-16 жастағы оқушылардың жеке үрей шкаласы(Б формасы)», «М.Ракич бойынша Құндылықтар бағдары», «Эмоция белгілерінің бағаларының шкаласы», « Сакс және Левидің «Аяқталмаған сөйлем» әдістемесі».

Таңдалған әдістемелердің әрқайсысы валидтілік, сенімділік, эффективтілік принципі және түзетушілік талаптары үшін жауап береді және ақпарат жинаудағы бағыт пен мақсаты болады. Берілген тесттер мен әдістер батареясы жасөспірімнің әлеуметтенгендік деңгейін толықтай диагностикалауға мүмкіндік береді және осы облыстағы мамандармен бірнеше рет пробиркаланған (А.М.Прихожан, Н.Н.Толстых, Т.И.Шульга, П.Я.Олиференко, А.Б.Быков және т.б.)

Осы әдістемелер жасөспірімнің әлеуметтенгендігінің сапалық және сандық көрсеткіштерін диагносчтикалауға мүмкіндік береді:



  • «К.Роджерстің және Р.Даймондтың әлеуметтік-психологиялық бейімделу диагностикасы » әдістемесі адаптация және дезадаптацияның әлеуметтік-психологиялық коэффициентін анықтауға мүмкіндік береді, «жыныстық мәселелер және «өзін қабылдау-қабылдамау» әдістеменің қосымша факторы болып табылады.

  • «Ч.Д.Спилбергтің орта және жоғары сыныптағы оқуға эмоционалды қатынас және оқу мотивациясы диагностикасының әдістемесі» 4 шкала диагностикаланады: танымдық белсенділік, жетістікке жету мотивациясы, оқу процесіндегі үрей және ыза, оқу мотивациясының жалпы деңгейі анықталады.

-Пирс Харистың «Мен – Концепциясы школасы» әдістемесі жасөспірімнің өз-өзіне қатынасының деңгейін 9 фактор бойынша анықтауға мүмкіндік береді: іс-әрекеті, мектептегі интеллектісі, мектептегі жағдайы, сыртқы және денелік тартымдылығы, үрейі, құрдастар арасындағы танымалдылық және қарым-қатынас, бақыт және қанағаттанушылық, отбасындағы жағдайы және өз-өзіне сенімділік.

-«А.М.Прихожиннің 13-16жастағы оқушылардың жеке үрей шкаласы» әдістемесі (Б формасы) жасөспірімнің үрей деңгейін 4 шкала бойынша диагностикалайды:мектептегі үрей, өзін-өзі бағалаудағы үрей, тұлғааралық үрей және магиялық үрей.

-«Анық үрей шкаласының балаларға арналған (СМАS)» әдістемесі 7-12 жастағы балалар үшін арналған және үрейдің сипаттамасын және деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

-«М.Рокичтің құндылықтар бағдары» әдістемесі тұлғалық бағыттың мазмұнды жақтарын және оның қоршаған әлемге қатынасының негізін анықтайды.Құндылық классқа бөлінеді.

-Б.И.Додонова ұсынған «эмоция белгілер бағасының шкаласы» әдістемесі эмоционалды қалауларының көмегі бойынша, жасөспірімге қандай эмоциялар және жағдайлар қанағаттандыратынын анықтайды.

-Сакс және Левидің Аяқталмаған сөйлем« әдістемесі 60 аяқталмаған сөйлемнен тұрады.Олар зерттелушінің өзіне, әкесіне, болашаққа деген қатынас жүйесінің деңгейлерін сипаттайтын топтарға бөлінген.Бұндай сандық баға зерттелушінің дисгармондық қатынас жүйелерінің көрінуін жеңілдетеді.


Өзін тексеруге арналған сұрақтар:

1.»Педагогикалық диагностикаға» анықтама беріңдер

2.»Психологиялық-педагогикалық диагностика ұйымының негізгі принциптерін атап, мағынасын айтыңдар.

3.»Психологиялық диагностикаға »анықтама беріңдер.

4.Психологиялық дигностика принциптерін атаңдар.

5.Анализ компетенциясы қалай жүргізіледі?


12 апта.

23 кредит сағат.

12 дәріс. Жетім балалармен коррекциялық – дамытушы жұмыстың түрлері мен формалары.

Дәрістің мақсаты: жетім балалармен коррекциялық – дамытушы жұмыстың түрлері мен формаларын таныстыру.

Кілттік сөздер: әлеуметтену, әлеуметтік – педагогикалық іс - әрекет, даму, жетім балалар, коррекциялық – дамытушы жұмыс, терапия, ойындық формалар.

Негізгі сұрақтар:

Жетім балалармен коррекциялық – дамытушы жұмыстың ойындық формалары.

Жетім балалармен жұмыстағы терапия әдістері.

Жетім балалармен коррекциялық – дамытушы жұмыстың ойындық формалары.

Жетім балалармен жұмыстағы 3 – 18 жастағы жетім балалармен коррекциялық – дамытушы жұмыстың ең тиімді түрлері мен формаларын бөлуге болады, олар реабилитациялық және психокоррекциялық бағдарламаларды құрудың негізінде болуы мүмкін.

Бірінші форма – ойын терапия, яғни түрлі түрдегі ойындарды қолдану. Бұл әдеби шығармаларға, импровизациялық диалогқа, қою мен қайта айтудың бірігуіне негізделген ойындар түріндегі ойындар болуы мүмкін.

Ойында бейнелерді қолдануда психологиялық артықшылықтардың қатары бар. Біріншіден, баланың тұлғалық өсуі үшін оңтайлы жағдайлар құрылады, өзіндік «Мен» деген қатынас өзгереді, өзін - өзі қабылдау деңгейі жоғарылайды. Бұған төмен өзін - өзі бағалаумен, өзіне деген сенімсіздікпен, өзін уайымдаумен байланысты баланың эмоционалды қайғыруының аудару шектеулілігі мүмкіндік береді, қысымдылық азаяды.

Психолог білуі керек, ойынды терапевтік құрал ретінде қолдану екі негіз бойынща жүреді: а) ойын баланы зерттеу үшін, құрал ретінде қолданылуы мүмкін; б) жарақаттаушы жағдайды еркін қайта жаңғырту.

Көріп тұрғанымыздай, ойын баланың дамуындағы зақымдарды ашуға және емдеуге арналған. Ойын терапиясы санаға көлеңке тастап және ойын барысында балаларда жарақат, мәселе, өткен тәжірибе немен ассоциацияланатын, оған қалыпты өмір сүруге не кедергі келтіретінін көруге мүмкіндік беретінімен құнды.

Ойынды терапевтік құралға жатқызудың бес белгісін бөлуге болады:

Ойын – бұл баланың өзін көрсетуі үшін табиғи жағдай.

Баланың ойын кезінде жасағаны, оның эмоциялары мен қорқыныштарын бейнелейді.

Бала санасыз түрде ойында эмоцияларын көрсетеді, ол өзінің эмоцияларын жақсы түсінеді және оны басқара алады.

Ойын бала мен психолог арасындағы жақсы қатынасты орнатуға көмектеседі және оның мінез – құлқы күтпегендей болады.

Ойын психологқа баланың өмір тарихын көбірек білуге мүмкіндік береді.

Балалармен жұмыс үшін психолог еркін немесе директивті (басқарылатын) ойынды қолдануы мүмкін. Еркін ойында психолог балаларға түрлі ойындық материалдар ұсынады, ол мұнымен регрессивті, шынайы және агрессивті ойын түрлеріне итермелейді. Регрессивті ойын мінез – құлықтың жас фомаларына оралудан тұрады (мысалы, бала мүлдем кішкентайға айналады, қолға көтеруді сұрайды және т.б.). Шынайы ойын баланың қажеттіліктері мен тілектеріне емес, бала тап болған объективті жағдаятқа тәуелді. Мысалы, бала үйінде көрген және бастан кешкендерін ойнағысы келеді: тінту, мастық, жанжал, күш көрсету. Ал оған сол мекемеде көріп тұрғанын ойнауға ұсынады: цирктік көрініс, театральды спектакль, туған күн, мереке және т.б. Агрессивті ойын – бұл соғыс, су басу, күш көрсету, өлтіру ойындары.

Әлеуметтік – педагогикалық қолдау мекемелерінде өмір сүретін балалар өз ойындарында әрдайым бастан кешкен стрестік жағдаяттарға оралып отырады және бастан кешкендеріне үйренбейінше уайымдай береді. Біртіндеп уайымдардың өткірлігі мен күштері азаяды, балалар өздерінің уайымдарын басқа объектілерге аудара алады. Бірақ бұл үшін психолог балаларды жаңа мінез – құлықтың тәсілдеріне және басқа уайымдарға үйретуі тиіс.

Психологқа ойын терапиясының элементтерін немесе ойынның әртүрлі түрлері қолданумен реабилитациялық жұмыстарды жүргізу маңызды. Реабилитациялық жұмысты жүргізу үшін оның құрған бағдарламаларына балаларды өздерінің тілектерін көрсетуге, әлеуметттік дағдыларды меңгеруге, мінез – құлық тәсілдерін игеруге итермелейтін, құрылымдалған ойын материалын енгізген жақсы. Бұл үшін адамдардың тұлғасын, машиналарды, заттар мен қуыршақтарды, ойыншықтар жинағын қолдану тиімді болып табылады. Мысалы, отбасының фигуралары, машиналар, төсек құралдары – біреуге қамқорлық көрсетуге, телефон, поезд, машиналар – коммуникативтік әрекеттерді қолдануға итермелейді.

Балалармен ойынды ұйымдастыра отырып психолог балаға ненің ұнамайтынын, қандай ойыншықтар, қандай түсті және қандай формадағы ойыншықтар ұнамайтындығын бақылайды, сонымен қатар баланың белгілі бір ойыншықтармен ойнай алмаушылығын тіркейді.

Психологтың жұмысында ойынның түрлі түрлерінің қолданылуы және ойынды қоданумен арнайы құрылған реабилитация және психокоррекцияның бағдарламасы өте құнды болып табылады, себебі ойында жарақаттайтын уайымдарды жеңудің бізге белгісіз формасы анықталады. Бұл форма саналы сезіну мен уайымның интеграциясы жасалғанда көрінеді, ол арқылы психологиялық қысымды түсіру жүреді, жаңа әселерді қабылдау және балалардың қиялын өзіне деген сенімділігін дамытуға, өзіндік «Менін» бекітуге, өзін - өзі бағалауын жоғарлатуға, балаларды қоршайтын ересектерге деген сеніміне мүмкіндік беретін күш көрсетумен, бастан кешкен жарақаттармен байланысты емес тақырыптарға аудару қабілеттілігі қалыптасады. Мұндай балалар контенгентімен жұмыста ойындарды қолдану– тек баланың тұлғасын реабилитациялау және коррекциялау процесіндегі кезең ғана.

Жетім балалармен жұмыстағы терапия әдістері.

Арттерапия әдісі - бұл әдіс өнерді бейнелік іс - әрекет ретінде қолдануда құрылған. Бұл әдісті қолданудың психологиялық коррекциялық әсер етудің екі механизмі бар. Біріншісі, конфликтілік жарақаттаушы жағдайды қайта құрудың бейнелік функциясы арқылы өнердің әсер етуіне және бұл жағдайды қайта құру арқылы шешім табуға бағытталған. Екіншісі, рахат алып келетін позитивті аффектінің құрылуына қатысты негативті аффектінің өмір сүру реакциясын өзгертуге мүмкіндік беретін эстетикалық реакция табиғатымен байланысты. Балалармен жұмыста психолог ойын терапиясын қолдана отырып, оны арттерапиялық әдістермен толықтырады. Арттерапияның бірнеше түрін бөлуге болады: бейнелеу өнеріне негізделген суреттік, бибилиотерапия, драмтерапия және әуендік терапия.

Өнер құралдарымен терапия ретінде психологтар қолданбалы өнердің бес түрін қолдана алады. Берілген материалды белгілі тақырыптағы тапсырмаларды ұсынуға болады: суреттер, апликация, оригами және т.б. Психолог балаларға материалды өзбетті таңдаумен ерікті тақырыптағы тапсырмаларды ұсынады. Бір нұсқа ретінде бар өнер туындыларын (суреттер, иллюстрациялар, күнтізбелер) қолдану ұсынылады.



Сурет терапиясын қолдану үшін көрсеткіштер болып табылады: эмоционалды дамудың қиындығы, өзекті стресс, депрессия, эмоционалды тонустың төмендеуі, эмоционалды реакциялардың импульсивтілігі; балалардың эмоционалды депривациясы, баланың эмоционалды бас тартуы және жалғыздық сезімін бастан кешуі; тұлғааралық конфликтілік жағдайдың болуы, отбасы ішілік жағдаймен қанағаттанбаушылық, үрей, қорқыныштар, фобиялық реакциялар; теріс «Мен – концепция», төмен дисгармониялық, зақымданған өзін - өзі бағалау, өзін қабылдаудың төмен деңгейі.

Психологтар «тәуекел топ» балаларымен жұмысында келесі тапсырмалар мен жаттығулар түрін қолдана алады:

Заттық – тақырыптық түр – еркін және берілген тақырыптарға сурет салу. Мұндай тапсырмалардың мысалы, «Менің отбасым», «Мен мектептемін», «Менің жаңа үйім», Менің сүйікті ісім», «Мен қазір», «Мен болашақта» және т.б. суреттері;

Бейнелік – символикалық түр – баланың бейнелер түрінде бейнелеуі. Тақырыптары мынадай болуы мүмкін: «Жақсылық», «Жамандық», «Бақыт», «Қуаныш», «Ашу», «Қорқыныш» және т.б.;

Бейнелік қабылдауды дамытуға арналған жаттығулар: «Нүктелер бойынша сурет салу», «Сиқырлы сөздер», «Суретті аяқта», олардың негізінде проекция принципі жатады;

Кіші мектеп жасындағы балаларға арналған бейнелік материалы бар ойын – жаттығулары – бояумен, қағазбен, қарындашпен, ермексазбен, бормен және т.б. тәжірибе жасау. «Қол және аяқ саусақтарымен сурет салу», «Бұзу – құру», «Түрлі іздерді бір - біріне қою» және т.с.с;



Біріккен әрекетке арналған тапсырмалар – сурет салу арқылы ертегілер, әңгімелер шығару тәрізді сурет салу тәсілі қолданылады. Мысалы, «сиқырлы суреттер» - біреу бастайды, келесі бала жалғастырады және т.с.с;

Әуен терапиясы - қорқыныш, үрей, уайымды сезінетін балалармен жұмыстануға мүмкіндік береді. Мысалы, жағымды әсер беретін жай әуен кезінде, балаға қорқыныш, үрей тудыратын заттар туралы ойлау нұсқауға беріледі және т.с.с.

Библиотерапия – кітап оқу арқылы баланың уайымын, сезімін тудыратын әсер ету әдісі. Бұл мақсатта психолог балалардың қорқыныштары, стресстік жағдайларды бастан кешіру формалары; балалар үшін қорқынышты жағдайдан шығу жолдары бейнеленген әдеби шығармаларды таңдайды. Мұндай жұмыс түрін өткізу үшін түрлі жастағы балаларға әдебиет классиктерінің шығармаларын қолдануға ұсыныс жасауға болады – Л.И.Толстой, Б.Житков, А.Гайдар және т.б. Бұл мынадай шығармалар «Трусиха», «Аришка – трусишка», «На льдине», «Честное слово», ертегілер «У страха глаза велики», «Мальчиш – Кибальчиш» т.б.

Логотерапия – бұл ересек пен баланың арасындағы сенімді орнатуға бағытталған әңгімелесуден ерекшеленетін, әңгімелі терапия әдісі. Логотерапия балалармен оның эмоционалдық жағдайын вербализациялауға, эмоционалды уайымдарын сөзбен бейнелеуге бағытталған әңгімені білдіреді. Уайымдарды вербализациялау баламен сөйлесіп отырған адамға деген оң қатынасты, уайымына ортақтасуға дайындықты, басқа адамның тұлғалық құндылығын мойындауды тудыруы мүмкін. Бала әрқашан өзін эксплорациялы, яғни әңгімеге қосылу шамасын байқатпайды. Балаға сұрақтар қатарына қуыршаққа жауап беру немесе қуыршақтарды, кейіпкерлерді (петруша, барби, мальвина, буратина, ит, жолбарыс және т.б.) қолдану ұсынылғанда оны минималды ретінде анықтауға болады. Бұл мақсатта балалар өздерінің сүйікті бейнесін немесе ойыншығын қолдана алады. Бұл әдісті қолдану балалар жеке уайымдарға, ойларға, сезімдерге, пікірлерге көңіл бөлген кезде өзін - өзі жүзеге асыруға алып келетін баланың сыртқы сөздік аргументациясының ішкі жағдайымен сәйкес келуі - өзіндік конгруэнцияның көрінуін білдіреді.

Психодрама және драмтерапия – бұл психолог жұмысында қуыршақтық дараматизацияны қолдану. Ересектер немесе (үлкен балалар) балалар үшін конфликтілік және маңызды жағдайларды сырттай бақылап және одан өзін көру ұсыныла отырып қуыршақтық спектакльді қояды. Үрей, қорқыныш көрсететін, стресс, түрлі жарақаттарды бастан кешкен балаларға биодрама әдісін қолдану оңтайлы әсер етеді. Оның мәні – балалар көрініс дайындайды, бірақ ондағы басты бейнелерде жануарлар болады. Балалар өзара жануарлар мен аңдардың рольдерін бөліп алады және жануарлар мысалында конфликтілік және өмірлік жағдайды ойнайды. Спектакльді, көріністі немесе жағдайды қоя отырып, қуыршақтарды қолданғанға қарағанда балалар өзгеше әрекет етеді және сөйлейді. Жануарлар бейнесі арқылы жүзеге асырылатын балалардың уайымы адамдардікімен ерекшеленеді және сол уақытта өзгелердің сезімін түсінуге көмектеседі.

Моритатерапия – бұл әдістің көмегімен психолог баланың алдына қоршағандарға жақсы әсер қалдыру керектігі жағдайына қояды. Психолог балаларға бір нәрсе туралы өзінің пікірін айтуға ұсынады, одан кейін оның пікірін айту, баға беру, сәйкесінше поза қолдану, мимика, жест, интонацияны қолдану біліктілігін коррекциялайды. Басқа сөзбен айтқанда, бұл әдіс жақсы ережесін тәрбиелеуге, қоғам мәдениетінің нормалары мен ережелеріне сәйкес келуге көмектеседі. Психолог бала түскен нақты жағдайда өзін қалай ұстау керектігі туралы тәрбиешілер мен әлеуметтік педагогқа ұсыныстар беруі мүмкін. Мысалы, қонақта өзін қалай ұстау, өзі туралы, бос уақытта не істейтіні туралы айту және т.б.

Гештальттерапия – бұл әдісті психолог балалармен жеке жұмыс, әңгімелесу үшін қолдануы мүмкін. Ол баланың әңгімесін әрекетке айналдыру арқылы жүргізіледі. «Аяқталмаған істер», «Менің құпиям бар», «Менің түстерім» сияқты жұмыстың түрлері мысал болуы мүмкін. Бала психологқа қандай түс көргенін баяндайды, ал психолог көрген түсін қимыл – қозғалыс, іс - әрекет, материалдар, ойыншықтар, бет перделер, саз балшықтар арқылы көрсетуін сұрайды.

Мінез – құлықтық психотерапия – бұл бөлек балалардың қорқыныштарын, жағымсыз қылықтарын, құпталмайтын мінез – құлқын жүйелі түрде жою. Бұл әдіс балалармен жеке жұмыстануда немесе шағын топпен жұмыстануда қолданылады. Бұл әдісті психологқа қорқыныштарды жеңу бойынша жұмыс үшін қолдануға ұсынуға болады. Бұл мақсатта балаларда қорқыныш сезімін тудыратын, қорқыныш азаймайынша диапозитивтерді, кинофильмдерді, видеофильмдерді көру қолданылады. Психолог балалардың қорқыныштары күлкілі формаға айналмайынша, қорқыныш уайымын күшейте алады. Бұл жұмыстың нәтижесі катарсис болып табылатын бала мен психологтың күкісі, бірігіп уайымдаудың қуаныштылығы болып табылады.

Сонымен, балалар үйінің, дағдарыстың орталықтарды, мектеп – интернаттардың, әлеуметтік қонақжайлардың тәрбиеленушілерімен жұмыста психолог сабақтардың түрлі формаларын және оны өткізу әдістемелерін ойластыруы керек. Мұндай жұмыстың ең маңызды сәті психологтың психокоррекциялық және реабилитациялық бағдарламаларды құруы болып табылады. Жарақаттарды, стресстерді бастан кешірген балаларға тек тәсілмен көмектесуге болатынын естен шығармаған жөн: күнсайынғы қажетті әлеуметтік дағдыларға оқыту және қалыпты психикалық дамуға кедергі келтіретін бөгеттерді түсіру (түрлі бағыттағы мамандарды шақыру – психологтарды, психотерапевтерді, кеңесшілерді, сексопатологтарды және т.б.).

Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:

3-18 жас аралығындағы жетім балалармен коррекциялық – дамытушы жұмыстағы қандай ең тиімді түрлер мен формаларын бөлуге болады?

Ойын терапиясы дегеніміз не?

Жетім балаларға арналған әдістерді атаңыз және ашыңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер: сабақ кестесімен сәйкес
13 апта

25 кредиттік сағат

13 дәріс

Жетім балалармен әлеуметтік жұмыста түрлі әдістерді қолдану.

Дәріс мақсаты: Топтық дискуссиямен жаттығуларды жүргізу және тренингтік ойындар туралы түсінбе беру. Түйін сөз: даму, жетім балалар түзету-дамыту жұмыстары, терапия, ойын формалары, тренингтік ойындар топтық дискуссия.

Негізгі сұрақтар:



  1. Тренингктік ойын туралы түсінік

  2. Топтық дискуссия мен жаттығуларды қолдану.



  1. Тренингтік ойын туралы түсінік.

Тренингтік ойын- бұл ойын жаттығуларының жүйесі, негізгі мақсаты тұлғалық ашылу, табиғи ерік сезімінің қалыптасуы, өзіндік байланысқа түсу, өз тобында қалай-солай сырта да байланыс жасау, қоршаған микросоциуммен өзара әрекет кезінде әлеуметтік белсенділіктің жоғарғы деңгейі, К.Фопельдің айтуы бойынша ойынның дәстүрлі оқыту әдісінен негізгі айырмашылығы олар қатысушының тек интелматісіне қарап қана қоймай, сонымен қатар оқушының тұлғасын түгелдей қозғайды- оның ойларын, сезімін, білімін, қызығушылығын және ойынға ұмтылысын.

Тренингтік ойынды жүргізу кезінде қажеттіліктер қатарын сақтау міндетті талап болып табылады:



  • Қатысушылардың бір-біріне сенімділігі және мейірімділігі

  • Тапсырманы орындау кезінде бағалаусыз талдауды қолдану

  • Ойын кезінде пайда болған қайғыру мен уаымдау туралы қатысушы топқа жормалау керек.

  • «қазір және осында» талабын орындау, яғни тернинг кезінде болған барлық жағдайлар, меннен сыртқа шықпайды.

  • Көрермендер барлық топ мүшелерінің келісуімен қатысуы мүмкін, тренингті жүргізуші тренердің айтуымен емес, тернингтік ойынның нәтижесі және жүргізу жетістігі тренермен қатысушылардың бір-бірін түсіну деңгейіне байланыста болады

  • Ішкі өзіндік сескенушілікті жеңді, барлық қатысушылардың көзіне ашық және тіке қарай білу.

  • Ойын әрекетіндегі туындаған ситуациялар жақсылық тілеумен көрінулері қалыптасады.

  • Тренингтің жақсы өтуі тренерден психикалық, интеллектуалдық және ұйымдастырушылық қабілетті иеленуді қажет етеді.

  • Тренинг сенімді өзара әрекеттік атмосферасында жүргізіледі.

  • Тренинг үлкен, жақсы желдетілген бөлмеде өткізілуі тиісті, бөлмедегі орындықтар саны тренингке қатысушылар санымен тең келуге тиісті.

Ойын әдістерінің негізгі түрлері:

  1. Конфликтіні шешудің ойындық тәсілі- игкеріліп жатқан рефлексия қабілеттерін дамыту, яғни партнердің қатынасындағы сезімдері, саналы ойларын көрсету (конфликтілік жағдай болса да) сондай-ақ эмпатия- басқа адамның қайғысын өз ішкі сезімімен сезіну техникасы.

  2. Коммуникация- ойындар- өзін басқа қатысушымен саналы бірге қою екіншіден, топтық және жеке адамның алдын өзін көтермелеп көрсетпеу үшін, оған қарым-қатынас кезінде жоғарыдан төменге қарамау үшін жүргізілу кезінде позицияны иемдену, осы образбен идеяны көрсету. Сондай-ақ тренингті бірінші рет жүргізу кезінде конфортты және ыңғайлы жағдайды жүргізу негізгі талап болып табылады. (жеңіл әрі сабырлы лирикалық музыка, жабындылы терезе және т.б) Әрбір тренингке қатысушы тренинг алдында өзін дайындап алады және ойын кезінде өзін импровизациялайды.

2) Топтық дискуссиямен жаттығуларды қолдану

Тренингтің негізінде көбіне топтық дискуссиялар мен жаттығулар қолданылады.

Тренингтегі топтық дискуссия бір даулы сұрақты бірге талқылаумен, топтағы қатысушылардың тікелей қарым-қатынас кезінде рұқсат етілмейтіндерді түсіндіріп,пікірлерін өзгерту, позициясы және құрылымы түсініктерімен көрсетіледі. Дискуссия кезінде жиынды, мәселелермен өткен тәжірибелерді талдайды (биографиялық дискуссия)

Топтық дискуссияда келесідей фазалар ерекшеленеді:

Бағыттылық (дискуссияның тақырыбы және мақсаты)

Ақпараттар жиынтығы (ойын, сезімін, идеясын, талдауын баяндау)

Реттеушілік (ақпаратты талдау кезінде алынған негіз және баға)

Қорытынды (қорытындыны шығару, алынған нәтижемен дискуссия мақсатын салыстыру)

Тренингтік жаттығулар айналасындағы құрылған бір нәрсенің дәл әрекетімен жалпы міндетті шешуге бағытталған жұмыс блогының құрылымдық және мағыналық қатынасын көрсетеді.

Ұйым бойынша жаттығуды орындау бөлінеді:



  • Әр қатысушының жеке орындауымен;

  • Екі адамның орындауымен;

  • Микротопта орындауымен;

  • Жалпы топпен орындауымен: тренингтік жаттығулардың топтары мынадай бөлімдерге бөлінеді.

  • Жылыту жаттығулары және танысу жаттығулары;

  • Екі адамдық жаттығулар;

  • Аз топқа арналған жаттығулар;

  • Бағалауға арналған жаттығулар;

  • Сұхбат беруді дамытуға арналған жаттығулар;

  • Есіммен жұмысқа раналған жаттығулар;

  • Интенсивті кеңістегі өзара әрекеттесу үшін жаттығулар;сөздік әрекеттерге арналған жаттығулар;

  • Проективті жаттығулар;

  • Кері байланысқа арналған жаттығулар;

  • Өзара түсінісуге арналған жаттығулар;

  • Бір-бірі туралы түсіністікті көрсетуге арналған жаттығулар;

  • Дағдылармен жұмыстануға арналған жаттығулар.

Өзіндік бақылауға араналған сұрақтар:

  1. Жетім балалармен коррекциялық-дамытушылық бағдарламаға қандай талаптар жылжып келеді?

  2. Жасөспірім-тәрбиелеушілердің сәтті әлеуметтенуі «әлеуметтік жұмысының бағдарламасы туралы айтып беріңіз?



14 апта

Кредит саны 27

14Дәріс.»Өз-өзімен кездесу» арнайы коррекцияның бағдарламасының мазмұны».

Дәріс мақсаты: «Өз-өзімен кездесу және басқа да бағдарламалардың мазмұнымен таныстыру».

Кілттік сөздер: түзету-дамытушы жұмыс, терапия, ойындық формалар, ойындық тренинг, коррекциялық бағдарламалар.

Негізгі сұрақтар:

1.»Өз-өзімен кездесудің» семинар-тренинг құрылымы және мазмұны

2.»Сезім және эмоция әлемі» немесе «Өзіңмен өзің» бағдарламалық мазмұны.


  1. «Өз-өзімен кездесудің» семинар-тренинг құрылымы және «Өз-өзіңмен кездесу» семинар- тренингінің арнайы бағдарламасының бірінші бөлімі 47 тематикалық кездесулерден тұрады.

«Өз-өзімен кездесу» семинар-тренингі 2006 жылдың қазан айы мен 2007 жылдың мамыр айы аралығында қалыптасты.Аптасына 2 рет(сейсенбі және бейсенбі) 2кезеңде оқитындарға оқудан тыс 9.00 және 11.00 аралығында және 1кезеңде оқитындарға оқудан тыс 13.00 және 15.00 уақыт аралығында болды.

Семинар-тренигтің құрылымы:

1.Сәлемдесу.Жұмыс жоспары мен мақсатын таныстыру.

2.Негізгі бөлімі

2.1.Өрбіту (өткен семинар-тренингтің мини-тренингтерін , жаттығуларын,мотивациялайтын интерактивті әдістерді өрбітетін тақырыпты талқылау).

2.2.Ойландыру (маңызды жаттығуларды орындау, әр түрлі жағдайларды және тренингтерді ойнау, индивидуалды және топтық тапсырмалар)

2.3.Рефлексия (Жұмыс дәптерлеріне жазбаша жазу, қорытындысын айту, әр қатысушының үлесін талдау)

3.Қоштасу ритуалы.

Жасөспірімдік шақтағы жетім балалар әлеуметтену процесі өз өмірінің көп бөлігін мемлекеттік ұйымдарда және жағдайы төмен отбасында, өттетіндіктер ерекше сипатта болады.Көп түлектер үшін тұлға дамуының спецификалық ерекшеліктері тән, олар:

-ұйымдардан тыс адамдармен қарым-қатынасқа түсе алмауы, үлкен адамдармен контакт онатудағы қиыншылықтар, жатсыну, сенімділік.

-сезім дамуындағы бұзылыстар, басқа адамдарды түсінбеу, өз қажеттіліктеріне ерекше мән беру;

-Қоғамдық ережелерді түсінуге кедергі келтіретін әлеуметтік интеллекттің деңгейі.

- өз әрекеттері үшін жауапкершілік сезімінің төмен дамуы

- жақын адамдарға, мемлекетке, қоғамға тұтынушылық қатынас

-өзіне сенімсіздік, өзін-өзі төмен бағалау, достарының және олардың жағынан қолдаудың болмауы

-ерік сферасының қалыптаспауы, болашаққа мақсаттың болмауы

- өмірлік жоспардың, өмірлік құндылықтарға қажеттіліктердің қалыптаспауы

- әлеуметтік белсенділіктің төмен болуы, өзіне басқа адамдардың назарын аудартпауға тырысуы

- аддиктивті әрекетке бейімділік



Өзіндік еркін өмірге қадам басқалы тұрған жасөспірім үшін әлеуметтену процесінде бұл қиыншылықтарлың жеңу қажет. Тәрбиеленуші-жасөспірімнің психологиялық мәдениетінің, өзін-өзі тәрбелеу дағдыларының дамуы жоғарыда айтылған қиыншылықтарды жеңуге мүмкіндік береді. Осылар балалар ауылындағы тәрбиеленуші-жасөспірімдердің «өз-өзімен кездесу» семинар-тренингінің арнайы жұмысының 1 бөлімнің негізіне кірген.

  1. « Сезім және эмоция әлемі» және «өзіңмен өзің» бағдарламаның мазмұны. «Өз-өзіңмен кездесу» семинар-тренингі 2 бөлімнен тұрады: «сезім және эмоция әлемі» және «өзіңмен өзің»

«Сезім және эмоция әлемінің» қалыптасуының бір бөлімінде келесі мақсаттар мен міндеттер шешілді:

  • топтық ауызбіршіліктің қалыптасуы және топтық жұмыс ережелерін талқылау

  • эмоцияның негізгі мүмкіншіліктерін анықтау( мимика, пантомимика, интонация) және жасөспірімдегі басқа адамдардың эмоция, танып қалу дағдыларының қалыптасуы

  • жасөспірімдердің эмоцияның мимикалық белгілерін талдау оларды тану құралы ретінде

  • эмоцияны уайымдаудың денелік тәжірибесіне жасөспірімнің қатынасы

  • қатысушылардың өзіндік эмоционалдық әлемінің ерекшеліктерінің қатынасы үшін жағжай жасау

  • жасөспірімдердің эмоция амбиваленттілігін тану

  • өз эмоционалды өмірін өзі зерттеу, ойын формасындағы бөлек эмоция көрінеуіне тосқауылды түсіру

  • жасөспірімдердің жасырын сезімдерін және олардың вербальды және вербальды емес құралдар көмегімен көрінуімен рефлексия үшін жағдац жасау және адамның өз сезімдерін жасыратын негізгі себебін анықтау

  • жасөспірімдердің ойын формасындағы стереотипті жасырын сезімдердің көріну тәжірибесіне жинақтау

  • жасөспірімдердің қатынастардағы эмоционалды көрінулер туралы білім мен тәжірибені жалпылау; қорқыныштың психикалық табиғатын талдау, қорқыныштардың бөліктері және проективті жұмысы

  • коммуникативті мәдениетті дамытуды стимуляциялай отырып, қарым-қатынасқа түсуді үйрену

  • коифликті жағдайларда конструктивті іс-әрекет жасай білуді қалыптастыру

  • жасөспірімнің өзіндік қорқынышына, өзін бағалау қорқынышна қатынасы, ойын формасындағы олармен байланысты жағымсыз эмоциялардың бөліктері

  • жасөспірімнің агрессияның меншік тәжірибесінің қатынасы үшін жағдай жасау, ойын формасындағы іс-әрекеттер агрессивті тенденция бөліктері

  • жасөспірімнін жеке агрессия тәжірибнсіне қатынасы, агрессияның қауіпсіз бөліктер амалына үйрену

  • жасөспірімдердің ренжуінің психикалық табиғатын тану, ренжу түсінігін және өзіндік тәжірибенің қатынасы негізінде тұлғааралық қарым-қатынас үшін оның жалғасын анықтау

  • жасөспірімдердің кінә және ұялу сезімдерінің психикалық мазмұнының және проективті бөліктерін түсіну үшін жағдай жасау

  • жасөспірімдердегі «Мен-пікірлер» дағдыларын қалыптастыруды бекіту

  • жасөспірімдердегі контенгентті айту және қабылдау дағдыларының дамуы үшін жағдай жасау.


15 апта

29 кредит сағат

15 дәріс. Жетім балалармен жұмыс бағдарламасы «Жасөспірім және қоғам»

Дәріс мақсаты: Жетім балалармен жұмыс «Жасөспірім және қоғам» бағдарламасымен танысу

Негізгі сөздер: коррекциялық-дамыту жұмысы, терапия, ойын формалары, ойын тренингі, коррекциялық бағдарламалар

Негізгі сұрақтар:



  1. «Жасөспірім және қоғам» әлеуметтік бағдарламасының мазмұны

  2. «Коммуникация және қарым-қатынас» бөлімінің мақсаты мен міндеттері




  1. «Жасөспірім және қоғам» әлеуметтік бағдарламасының мазмұны

Әлеуметтік бағдарламаның екінші бөлігі – тренингтер мен жаттығулар «Жасөспірім мен қоғам» да 2 бөлімнен тұрады:

«Коммуникация және қарым-қатынас» және «Креативтілікті дамытамыз»

Тәрбиеленуші-жасөспірімдердің сәтті әлеуметтенуі үшін қарым-қатынастағы креативтілік пен компетенттілік маңызды орын алады.

Креативтілік – бұл адамның шығармашылық қабілеттері, ол қабілет ойлауда, сезімде, қарым-қатынаста, іс-әрекеттік жеке түрлерінде көрінуі мүмкін, бұл әртүрлі қайталанбас идеяларды табу қабілеті.



Коммуникативті компетенттілік, Н.А.Мореваның сипаттауы бойынша:

  • тез, уақытылы және нақты әрекеттестік жағдайына және серіктестеріне бағдарлану

  • нақты жағдай қажеттілігіне байланысты басқа адам ұмтылысын түсіну

  • қарым-қатынасты тек қана «жұмысқа» емес, серіктеске де орналастыру

  • өз-өзіне сенімділік, еркіндік, жағдайда барабарлық

  • жағдайға иелік ету, иілгіш, қарым-қатынасқа ынта таныту немесе оны серіктеске беру

  • қарым-қатынастан қанағаттану, әртүрлі ролдік жағдайда қарым-қатынасқа түсе алу

  • ұжымда жоғары статус және әйгілілік

  • біріккен жұмысты ұйымдастыру қабілеті және ұжымдағы жағымды климат

  1. «Коммуникация және қарым-қатынас» бөлімінің мақсаты мен міндеттері

«Коммуникация және қарым-қатынас» 1 бөлімінің мақсаты және міндеттері:

  • қарым-қатынаста эмоционалды және денелік үйлесімділікті орнату, вербальді және вербальді емес қарым-қатынас білігін дамыту, тренинг тобының үйлесімділігі, серіктестік қарым-қатынас;

  • қарым-қатынаста кері байланысты орнату, қарым-қатынаста арақашықтықты қысқарту, «қазір және осында» ойын жағдайы арқылы қысымдылық сезімін азайту, қатысушылардың назарын бір біріне аударту, серіктестік қарым-қатынастағы жарыспен біріктіру;

  • топта өзара жауапкершілік атмосферасын қалыптастыру, эмоционалды еріктік, ұжымдық сәттілікке қуану, серіктестік негізінде қатысушыларды біріктіру;

  • топта бірлікті ұйымдастыру, лидерлерді анықтау және топтың көңіл күйін анықтау, қатысушылар арасындағы келісім бойынша топ қарым-қатынасының тиімділігін тексеру, тактикалық жоспарлау білігін иелену;

  • серіктеске концентрациялау білігін өалыптастыру, біріккен эмоционалды үайымды құптау, қарым-қатынаста дене тілін эффективті қолдануды құптау, серіктеске көңіл аудару білігін дамыту;

  • топтық және жеке жағымды эмоцияны шақыру, жағымды эмоцияның ашық көрінуін суйеу, қатысушылардың қалыпты емес шығармашылық ойлауының дамуына көмектесу, керекті материалды іріктеу жылдамдылығына және тиімділігіне жаттықтыру;

  • тиімді ойын әрекеті арқылы қарым-қатынас білігін дамыту және бекіту;

  • әңгімелесушіні есту және тыңдау білігін жаттықтыру, серіктеске назар тұрақтандыра білу қабілетін жаттықтыру, тренингке қатысушылардың эмпатиялық қабілеттерін дамыту;

  • тиімді вербальді емес қарым-қатынасқа түсу үшін жест, мимика, дене тілін қолдануды және эмоцияны беруді дамыту, тиімді вербальді қарым-қатынасты дамыту;

  • серіктеспен күтпеген жұмысқа жаттығу, серіктеске бейімделу қабілетін дамыту, сенімді және ашық сөз сөйлеуге құралдарды тиімді қолдануды уйрену, аудиториямен қарым-қатынасқа түсуді үйрену;

  • жақсы әңгімелесуші сапасына ие болу, сөзді, жестті, мимиканы бақылау, вербальді емес қарым-қатынас тілін түсінуге практикалық үйрету, әр қатысушыға әртүрлі тренинг топтарға қатысушылармен жекелік контакт орнатуды ұйымдастыру;

  • топтық міндетті шеше алатын ұжым құрастыру, белсенді шығармашылық атмосфера және топта жағымды көңіл-күй орнату, белсенді қарым-қатынас стилін игеру және топта серіктестік қарым-қатынас орнату;

  • кері қатынасты беру және қабылдау, өзіне сырт көзбен қарауға мүмкіндік беру, өз-өзіне қалыпты қарым-қатнасты қалыптастыру, әр қатысушыға өз тұлғасына жекелік және топтық баға алу мүмкіндігін туғызу;

  • тиімді және сенімді серіктестік үшін топ мүшелерін мадақтау және кері байланыс алу, адам туралы ақпаратты, мінез-құлқы туралы ерекшеліктерін анықтау қабілетін дпмыту, тренинг қатысушыларына өзін өзі тану мақсатында қарым-қатынас кезінде өзіндік анализ жасау процесінің білігін қалыптастыру және бекітуге көмектесу:

Берілген бөлімнің әдістемесін құрастырған:



  1. Қарым-қатынаста эмоционалды және денелік жағымдылық қалыптастыру жаттығулары мен тренингтері;

  2. Вербальді және вербальді емес қарым-қатынасқа жаттығу;

  3. Серіктестік қарым-қатынас, тренинг топтарын құрау жаттығулары мен тренингтері;

  4. Қарым-қатынастағы кері байланысқа жаттығулар мен тренингтер;

1 бөлім «Коммуникация және қарым-қатынас» тәрбиеленуші-жасөспірімдермен 9 кездесумен өтті:

1 кездесу: «Шығыс базары», «Фотоальбом», «Он секунд», «Қырсық қырықаяқ» жаттығулары мен тренингтері;

2 кездесу: «Кольцодан өт», «Сиқырлы обруч», «Айтшы, аға!...», «Өткел», «Ах, жолдағы мына тас!» жаттығулары мен тренингтері;

3 кездесу: «Қозғалыс эстафетасы», «Есек құйрығы Иа», «От иелері», «Стаканчик», «Дракон-өзін өзі жеуші» жаттығулары мен тренингтері;

Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:



  1. Коммуникативті компетенттілік дегеніміз не?

  2. «Коммуникация және қарым-қатынас» бөлігінің мақсаты мен міндеттері қандай?


6. ПРАКТИКАЛЫҚ, СЕМИНАРЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ




Тақырыбы

Семинарлық сабақ мазмұны

Апта

Әдебиет

1

Жеке тұлғаның әлеуметтену процесінің теориялық негіздері

  1. Жетім балалардың әлеуметтену процесінің теориялық аспектілері

  2. Әлеуметтену түсінігі




1

1. 27-28б.

2. 5-60 б.




2

Әлеуметтік іс-әрекеттегі жеке тұлғаның қалыптасуы


  1. Жеке тұлғаның қалыптасуы және дамуы

  2. Дамудың әлеуметтік жағдайы




2

1. 9-18 б.

2. 10-15 б.




3.

Әлеуметтену процесіне ғылыми-концептуалды тұрғылар

  1. Жеке тұлғаның әлеуметтену процесіне ғылыми-концептуалды тұрғылар

  2. Жеке тұлғаның әлеуметтік дамуына субъект-субъектілі тұрғы




3

3. 126-175 б.



4.


Жеке тұлғаның әлеуметтік құндылықтары мен әлеуметтік тәжірибесінің қалыптасуы

  1. Құндылықтар әлеуметтік түсінік ретінде

  2. Әлеуметтік тәжірибе және әлеуметтік тәрбие туралы түсінік




4


1. 33-40 б.

2. 30- 53 б.



5


Отбасын алмастыратын балалар мекемелерінде жеке тұлғаның әлеуметтенуі

  1. Әлеуметтенгендік және жеке тұлғаның табысты әлеуметтенуі

  2. Мемлекеттік мекемелерде балалардың әлеуметтенуі



5


1. 33-40 б.

2. 70-85 б.




6.

Жетім балалардың сана-сезімі және бейімделу мәселесі

  1. Жетім балалардың бейімделу және қарым-қатынасқа түсу мәселесі

  2. Жетім балалардың сана-сезімінің құрылымындағы бұзылыстар




6

1. 42-50 б.



7.

Балалар үйі мен балалар ауылының әлеуемттік-педагогикалық қызметі

  1. Тәрбиеленушілердің әлеуметтенуінің әлеуметтік, педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық бағыттары

  2. Медициналық-әлеуметтік, түзетуші-дамытушы және патронаттық бағыттары




7

1. 62-67 б.



8

Жетім балаламен жұмыс жасаудың принциптері мен әдістері

  1. Жетім балаламен жұмыс жасаудың принциптері

8

2. 95-113 б.



9

Жетім балаламен жұмыс жасаудың принциптері мен әдістері

  1. Жетім балаламен жұмыс жасаудың әдістері

9

3. 277-293 б.



10

Жетімдер үйіндегі танымдық процестердің психологиялық диагностикасы

  1. Жетім баланың психикалық және сөйлеу тілінің дамуының диагностикасын ұйымдастыру

  2. Ойлауы мен тұлғааралық қарым-қатынасын зерттеу




10

1. 69-73 б.

3. 328 - 336 б.




11

Жетім балалармен жүргізілетін түзетуші-дамытушы жұмыстар

  1. Жетім балаламен түзету жұмысы туралы түсінік

  2. Психологиялық түзету

11

2. 128-141 б.



12

Тренинг жетім балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдісі ретінде

  1. Тренинг әлеуметтік-педагогикалық жұмыс әдісі ретінде

  2. Жетім балалармен тренинг сабақтарын ұйымдастыру ерекшеліктері




12

2. 167-184 б.



13

Жетім балалармен түзетуші-дамытушы жұмыстың бағдарламасын өңдеу

  1. Жетім балалармен түзетуші-дамытушы жұмыстың бағдарламасына қойылатын талаптар

  2. «Жасөспірім-тәрбиеленушілердің табысты әлеуметтенуі» арнайы жұмысының бағдарламасы




13

3. 390-406 б.



14

«Өзіңмен өзіңнің кездесуі» арнайы түзету бағдарламасының мазмұны

  1. «Өзіңмен өзіңнің кездесуі» семинар тренингінің мазмұны

  2. «Өзіңмен өзіңнің кездесуі» семинар тренингінің мақсаты мен міндеттері




14

1. 103 б., 110 б.



15

«Креативтілікті дамытамыз» жетім балалармен жұмыс бағдарламасы

  1. «Креативтілікті дамытамыз» бөлімінің мақсаты мен міндеттері

  2. «Креативтілікті дамытамыз» бағдарламасының мазмұны




15

1. 76 б., 114 б.



жүктеу 0,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау