А. С. Иргалиев (қолы) (аты-жөні)


«Идеалды отбасы» жаттығуы



жүктеу 1,17 Mb.
бет5/6
Дата29.05.2018
өлшемі1,17 Mb.
#18177
1   2   3   4   5   6

6. «Идеалды отбасы» жаттығуы.

Жеткіншек жастағы балалар идеалды отбасын қалай елестетеді?Онда ата-аналар қандай қызмет атқарады?Жеткіншектердің балаларды «дұрыс» тәрбиелеу, «жақсы» балалар жайлы түсініктері қандай?Ата-аналардың олардан не күтетінін қалай түсінеді? Бұл тақырыптарды тек талқылауға ғана емес,сурет түрінде бейнелеуге болады.

Кіші жеткіншектер идеалды отбасын ата-аналарының балаларына деген махаббатымен түсіндіреді.Олардың пікірінше,махаббат дегеніміз баланың қалағанын сатып әперуде,ештеңеге қарсылық көрсетпеуден тұрады.Ал бала барлық уақытта ата-анасын тыңдайды,айтқан нәрсенің барлығын істейді.Ата-аналары өз балаларын ешқашан жазаламайды.

7. «Идеалды отбасы өмірі» жаттығуы.

Топқа қатысушылар отбасының өміріндегі қуанышты немесе қайғылы оқиғаларды таңдап сахнада ойнайды.Қатысушылардың біреуі басқалардың арасынан рөлдерді орындайтын адамдарды таңдап алады да,идеалды отбасы өмірінен үзіндіні сахнада ойнайды.Қалған қатысушылар -көрермендер.Көрініс біткеннен кейін көрермендер көрген қойылымы туралы өз пікірлерін айтады.Содан соң көріністі басқа адамдар ұйымдастырады,ал бірінші қойылымға қатысқандар көрермен болады.Бұл жаттығу отбасына шын мәнінде не қажет екені туралы,қатынастар ерекшеліктері және отбасы мәселелері,отбасының дамуы туралы өз ойларын айтып талқылауға негіз болады.



8. «Өзіңе қолайлы жағдай жаса» жаттығуы.

Жаттығу қатысушылардың бір-бірімен вербалды емес формада қатынас жасауды қажет етеді,бұл отбасылық өмірдің аналогиясы болып табылады.Қатысушылар жұптарға бөлініп,бір-біріне арқасын қаратып орналасады.Дене босаңситындай етіп өзіне ыңғайлы жағдай тауып алу қажет.Жұптағылар екі жаққа да ыңғайлы болуын ойластырып арқа тіреседі ме,жоқ денесі бос ұстауға емін-еркін тұру қажет пе,оны әр жұп өзі шешеді.Содан соң жұптарға үшінші қатысушы қосылады (ата-аналардың баласы пайда болады).Оны қай жерге және қалай орналастыру керек екенін әр жұп өзі табуы керек.Жаттығу оңай бола салмайды,біреулерге ыңғайлы болады,ал келесілерге қысымы сенумен байланысты болуы да мүмкін.



9. «Нәресте» жаттығуы.

Бұл жаттығу қойылым түрінде жүреді.Үш қатысушыны орындайды.Оның екеуі-әкесі мен анасы,ал үшіншісі-нәресте.Ол әлі сөйлей алмайды,тек төсекте жатыр.Ол тек ымшара және дыбыс арқылы ғана жауап бере алады.Ата-аналар нәрестеге жақындап,онымен ойнайды,тамақтандырады,жаялығын ауыстырады,оның нені қажет ететінін түсінуге тырысады.Бес минуттан соң қатысушылар рөлдерімен ауысады.Ойынның барысында жетекші отбасының өмірінде болатын қандай да бір жағдайда ойластыруы мүмкін,мысалы,телефон соғады немесе қонақ келеді. «Нәресте» бірдеңе қажет еткен уақытты алуға болады.Жаттығу аяқталған соң,әр «отбасы мүшелері» өз пікірлерімен бөліседі.Содан соң қойылымды басқа қатысушылар ойнайды.



10. «Отбасы өмірінен жағдай» жаттығуы.

Қатысушылар екі топқа бөлінеді де кез-келген өмірлік жағдайға қойылым ойнайды.Бұл бұрынғыдан немесе болашақтан алынған жағдай болуы мүмкін.Сөзді қолдануға да,қолданбауға да болады.Ең бірінші ымишара,қимыл-әрекетке көңіл бөлінеді,яғни қатынас пен сезімнің дене қимылдары арқылы берілуіне үлкен мән беріледі.Сөзбен айтылатын бөліктерінде қатысушылар ойланып табатындай етіп жасырын сөздермен айтуына болады.Қойылым ойналып болған соң көрермендер мен жетекші оны талқылайды.Көрермендер орын ауысып,басқа жағдай туралы көрініс қоюды ойластырады.



11. «Отбасылық оқиға» жаттығуы.

«Отбасы» мүшелері топпен құрылған шеңбердің ортасымен жайғасады.Олар отбасындағы рөлдерін анықтап алады да,жетекші оларға қандай да,бір отбасында қуанышты немесе өкінішті жағдайдың болғанын айтады,мысалы, «Сіздің отбасыңыз лотореядан үлкен ақша ұтып алды» немесе «Әкесі аяғын сындырып алды»,оларға пікірталас жүргізу ұсынылады.Жетекші көрермендерге алдын-ала «отбасы» қаншалықты мәселені бірлесе отырып шешетінін бақылауға нұсқау береді.Немесе әр көрерменге нақты «отбасы мүшесінің» мінез-құлқын бақылауды ұсынуға болады.Мысалы,ұтыс жағдайында отбасы мүшелері неге ақшаны жұмсауды қалайды:оқуға,саяхатқа,бір нарсе сатып алуға;басқаларды өз ұсынысымен қызықтыра алды ма; дәлелдерді қаншалықты ұтымды түрде ұсына алады.

Талқылаудан кейін,бірнеше қатысушылар орын ауыстырып ортаға отырады да,басқа тақырыпты талқылайды.

Осылайша әртүрлі жағдайды келтіруге болады.Мысалы,анасының әкесі ауылда тұрады,оның өз үйі және шаруашылығы бар,ол ауырып қалды,бірақ қалаға келгісі келмейді.Отбасы не істейтінін шешуі қажет.Қойылымды ойнағанға дейін әр отбасы мүшесінің қалауларын анықтап алуға болады.Мысалы,анасы ауылға кеткісі келеді,өз шаруашылығымен айналысқысы келеді,әкесі мұны қаламайды,өйткені қалада жақсы жұмысы бар,үлкен ұлының да барғысы келмейді,өйткені оқуға түспек ойы бар,кіші ұлының барғысы келеді,өйткені ол жерде жазда шомылуға,қыста шаңғы тебуге болады.Осы жерде шешім қабылдауға көп ықпал еткен кім ,«ата-аналар» қаншалықты «балаларының» пікірін ескере алды, «отбасы» ортақ пікірге келе алды ма,келісімге келе алды ма,сол сияқты мәселелерге көңіл бөлуі қажет.



11. «Сұраңыз-жауап береміз» жаттығуы.

Бұл жаттығуды орындау барысында әр қатысушы өздеріне қарама-қарсы жыныс өкілінен қыз бен ұл арасындағы қатынас жайлы пікірлері мен көзқарастары қандай екені туралы пікірлерін салыстырып талдайды.Ұл балалар бұл сұрақты қыздар қалай талқылайтыны туралы өз пікірлерін,ал керісінше қыздар ұл балалар пікірін өзінше талдайды.

Әр қатысушы парақ бетіне бір сұрақтан жазады.Сұрақ тақырыптары-ұл балалар мен қыз балалардың қатынасы және кездесу.Мысалы,кездесу кезінде не істеуді ұнатасың? Біреуге ұнайтыныңды қалай білесің? Ұл балалардың (қыз балалардың) киім киісінің қандай стилі ұнайды?» Ер балалар мен қыз балалар топтары екі жаққа тарайды да біріге отырып сұрақтар тізімін жасайды.Әр сұрақ жеке параққа жазылып,парақтар екі қорабшаға немесе кәрзеңкеге салынады.Сұрақтарды талқылауды қыздар бастайды.Біріншіден,қыз балаларда сөйлеу әрекеті жақсы дамыған,сұрақтарды талқылау бірден қызықты пікірталасқа айналады.Екіншіден,жеткіншек қыз балалар ұл балаларға қарағанда «ересектеу» болып саналады.Демек қыз балалар,ұл балаларға үлгі бола алады.

Қыз балалар жерге шеңбер бойымен отырады,ал ұл балалар олардың артына орындықта отырып,пікірталасты бақылап отырады.Қыздар кезекпен сұрақтарды бір-біреуден қорабшадан шығарып,оны дауыстап оқып,талқылайды және оған жауап береді.Егер ұл балалардың біреуі бір нәрсені нақтылағысы келсе,қолын көтеріп,сөз берілгенше күтеді.Сұрақтардың барлығы талқыланғаннан кейін,ұл балалар ортаға отырып қыз балалардың сұрақтарын талқылайды,ал қыздар болса жетекшілер рұқсат бергенше сөйлей алмайды.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлері?

2. Тренингтің негізгі ерекшеліктері?

3. Ата-аналармен жүргізілетін тренинг түрлері?



Падаланылған әдебиеттер:

1.Лесли Рай» развития навыков эффктивного общения» М-2002ж.167 бет.

2.Р.Бакли, Д.Кейпл. Теория и праактика тренинга. «Питер», 2002.

3.Практикум по социально-психологическому тренингу, Санкт-Петербург, 2000

4.О. Горбушина «Психологический тренинг» М-2007ж

5. А.Г. Каменюкин, Д.В. Ковпак «Антистресс-тренинг» М-2008 .

6.Лесли Рай» развития навыков эффктивного общения» М-2002ж.

7.Д.М. Рамендик « Тренинг личностного роста» М-2008ж.

13 дәріс



Дәрістің тақырыбы: Жасөспірімдерге арналған тренинг жаттығулары

Дәрістің мазмұны:

1. Ролдік гимнастика

2. Сыйлық тренингі

3. Менің жанымның үйі

Мақсаты: жасөспірімдер арасында жүргізілетін топтық тренингтік жұмыстардың ерекшелігімен, түрлерімен таныстыру.

Жасөспірімдерге арналған тренинг жаттығулар.

Тренинг жасөспірімдердің тұлғалық өсуі- бұл бала мен психологтың профилактикалық жұмысы және жалпы дамуға жақындау формасы, қорытындысына жеткенде қимылдамау талап етіледі-«даму қатып қалған нәрсе» Көптеген тренинг түрлері бар, білім- тренинг немесе трнинг-терапия .Олар баланың тұлғалық жағдайын анықтайды. Бала мүмкін агрессивті немесе қарым- қатынас жасамайтын,тұйық бала немесе жыбырлақ, өзінің денесін игере алмайтын болуы да мүмкін.Тренинг бұл жағдайдың барлығын да тапсырмалар арқылы орындайды.Жасөспірім шақтағы жасқа психикалық тапсырмалардың белгілі түрлері бар. Бұлар үш сферадан тұрады:сексуалдық, психологиялық (ақыл-ой, тұлғалық , эмоциональдық және әлеуметтік (Э. Штерн.) Бұл тапсырмалар барлық жасөспірімдерде болатын жыныстық белсенділік, физиологиялық жағынан қауіпсіздік, отбасына тәуелсіздік т.б жағдайларды реттейді.

« КӨТЕРУ ЖӘНЕ АЙНАЛДЫРУ»

Бұл жаттығу сезім мүшелерін аппараттарын активтендіруге жатады.Бұған қатысушы тек қыз болғаны дұрыс.Жүргізуші қатты орындық дайындайды, және қызға өзінің қызықты тілегін айтуды, орындыққа терең, мықты және көзін жұмып отвруды өтінеді.Бір уақытта оны екі күшті бала орындықтан тыныш, ыңғайлы етіп екі жағынан ұстап алады да, оны бірнеше рет айналдырады да, қайтадан оны ыңғайлы етіп орындыққа отырғызады. Содан кейін қыз не сезінгенін әңгімелеп береді.Бұл қыздың сезімталдығына байланысты, орындықта айналдырған және тірек болған, бұны кім істегенін білмейді, орындықтаотырғанда қауіпті сезінеді, бірақ ұнайды, көзін ашқысы келмейді, «салмақсыз» сезімін бастан кешіреді.

Егер жүргізуші( бірінші таңдауда ) бұл жаттығуда бірінші болып сензитивті, сезімтал қызды тапса, топтп жақсы қарым- қатынас пайда болады. Бұл тез өз еркімен өзінің көркеткіштерін арттыруға көмектеседі, жүргізуші тағы да ұл балаға жұп іздейді, өйткені «қызды орындықта айналдыру керек» Шындығында қыздардың орындыққа отырулары, қимылдарына байланысты траекториялары да әртүрлі болалы, соның ішінде «американдық қалашық» траекториясын алуға болады, негізгісі қыз орындықта өзін соңына дейін жақсы сезінуі керек.Ұлдар бұл жаттығуға қатыспайды, өйткені оларға ауыр сын бар. «орындықтағы адамды көтереді».

«ТУҒАН КҮН»

Өз еркімен басталуға міндетті, оның бүгін туған күні.Топ мүшелері қонаққа жиналады. Ол әрбір адамнан қандай-да сыйлық немесе жақсы көңіл- күй сыйлайды деп үміттенеді. Туған күн иесі пәтердің немесе бөлмені топқа жарайтындығына байланысты, өз қонақтарын есік алдында кездеседі. Пәтерге «кіру» жағдайы бұл туған күн иесін құттықтап кіруімен анықталады және сол себепті оған сыйлықтарын береді. Біріншіден бұл сөздік әрекетке жатады, жасөспірімдердің қарым- қатынасшыл болуға көмектеседі.Тіпті құттықтауға дайындалуға және сыйлық алуға тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді .Топтан басқа жасөспірімдерді де табуға болады.Ситуациядағы мотив өздігімен аяқталмайды.Жүргізуші өзі асықпайды және өзгені да асықтырмайды, және тұйық балалармен де қарым-қатынас жасап жұмыстана алады. Көптеген нәрсе ерікті қатысушының әрекетіне байланысты : ол өзінің қонағына деген байланысын қайтадан береді.Ерікті қатысушының әрекеті нағыз мотивациялық фактормен анықталады, жаттығу басталарда оны таңдау ескерілуі керек. Бұл жаттығу оның модификациясына байланысты.Мысалы: ерікті қатысушының жынысына қарай болады.Ұлдар мысалы қыздарды құттықтап және сыйлық беретін болса, ал ұлдарға кері тіпті келмейді.Сыйлық түрін таңдауға болады:мысалы ,апельсинді алуға болады, ойлағандай емес шындығында! Өзінің құттықтауын апельсин берумен қамтамасыз етеді. Туған күнді вербалльды құттықтауға да болады, .Сыйлықты құпия түрде , және мимика, қимылмен, корзина немесе қорап , байлауды ымдау арқылы білдіреді. Мұнда сыйлықты туған күн иесі белсенді қабылдап алады.

«ГҮЛДЕР»

Бұл жаттығу алдыңғы жаттығуға ұқсас және өздігінен басқа күндері де жүргізуге болады. Бұл жаттығудың негізгісі болып гүлдер атқарады, тіпті искусственный болса да, бірақ үнемі шын айтылады. Өйткені мұнда материалдық зат сөз әрекеті арқылы болады. Соңында басқа адамнан гүл алуға болады! Жаттығуда гүлдер шын формысында болады; жаттығуда « міндетті» түрде топ дөңгеленіп отырады. Жүргізуші бірінші болып қатысушыға береді. Сосын ол бұл сыйлықты келесі қатысушыға- соған сәйкес сөзбен сәндеп –гүлді келесіге береді. Басқасы келесіге.Бір дұрыстығын енгізеді.. «Абайлаңыз, өйткені ешкім гүлсіз қалмауы керек.Абайлаңыз, өйткені әрбіреуі берерде ерлік жасауға да болады, гүлді қабылдату рольінде.Тек құрмет көрсетуді ұмытпаңыз.Құрмет көрсетуде верварьді емес де болады!»Бұл жаттығуды жасөспірімдерге жүргізгенде есінде қалдв. Бұнда сыйлық ретінде пластмассы, ашық, «өлі» гүлдер қолданылды.Бұнда жасөспірімдер белгілі қыздарға бұл гүлдерлі беруден бас тартты. Сол шақта жасөспірім жүргізушіге келіп, сыбырлап «басқасын» жүргізуді өтінеді.Жүргізуші рұхсатын берді Жасөспірім топтпн өзіне жақын екі досын таңдап алды да өзара келіседі.Оның екім көмекшісі есікке кетіп қалды.Жасөспірім қызды таңдауға келеді де қысқаша мәнерлеп құттықтау сөзді ұсынады,(олар өкінішке орай, жазбаларды, есте сақтамау ) ал сосын есікке бұрылады да, айтады: «Кіргіз!» Есіктің алдына оның көмекшілері келеді де, «қиындықпен» қандай да бір ауыр және үлкен затты алып келе жатыр.(қиялдау) Оны қыздың алдына қойып ,олар «маңдай терін сүртіп» шығып кетеді «Менің саған кішкене сыйлығымды беруге рұхсат берші-деп айтады- бұл корзинадағы гүлді!»Топ қол шапалақтайды. Қыз жігіттің құрметтеуіне риза болады, және бұл жаттығу мини- сценкіге, тіпті актерлық этюдке жатады.

«ТОСТЫ»

Жасөспірімдер тост сөйлеуді білмейді (бірақ оларға үйренуге уақыт бар) Тосты-бұл «дамуға жақын аралық»жасөспірімдер үшін.



Біз «тосты» ойынын тренингте жүргіземіз, бұны формальды, таза техникалық істемеуге тырысамыз. «Тосты» жаттығуында сөздік әрекетпен жүреді.және тренингке қатысушы әрбір топтармен қайтадан байланыстырып сөздік әрекет арқылы алуға болады.Оны ауыстыруға болады, мысалы:іштей жаттығып, тез демалуға(«ЕКІ минуттықдемалыс ) Осы жүргізілуден кейін бір жасөспірім айтады:»сен қайдасың СЕН НЕ ІСТЕП ЖАТЫРСЫҢ»- ойламаған жерден жауап береді: «Мен мерекелік столдамын.Маған достарым келді. Біз шампанский іштік» «Тосты» сюжеттік-рольдік ойындарда іштей этюдтарда дайындықта әртүрлі қылуға болады. Бұл жағдайды айтып қана қоймай, ойнау керек. Өйткені маңызды жарыстыру шағы сақталуы керек. Туған күн иесіне шынайы тілегін жеткізе білуін айтады.Бүл принципке жаттықтыру сәтін дұрыс салыстыруға, тіпті бағалауға мүикіндік береді. Жүргізуші топтың көңіл-күйіне баса назар аударады, көбінесе біз жаттығудың қорытындысын арнайы айтамыз.Бұл тренинг тұлғалық өсуін үйретеді, өзін реттеу үшін, ашу үшін, басқаның көзінде «қалу» үшін береді. Өйткені соңында әрбіреуі сол қалпында қалу керек.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Жасөспімдермен жүргізілетін тренинг жұмыстарының ерекшелігі қандай?

2. Жасөспірімдермен жүргізілетін тренинг түрлерін ата?

3. Көтеру айналдыру тренингі қандай мақсатта жүргізіледі?

4. Тосты тренингінің жүру басрысын сипатта?



Падаланылған әдебиеттер:

1.Лесли Рай» развития навыков эффктивного общения» М-2002ж.167 бет.

2.Р.Бакли, Д.Кейпл. Теория и праактика тренинга. «Питер», 2002.

3.Практикум по социально-психологическому тренингу, Санкт-Петербург, 2000

4.О. Горбушина «Психологический тренинг» М-2007ж

5. А.Г. Каменюкин, Д.В. Ковпак «Антистресс-тренинг» М-2008 .

6.Лесли Рай» развития навыков эффктивного общения» М-2002ж.

7.Д.М. Рамендик « Тренинг личностного роста» М-2008ж.

14 дәріс



Дәрістің тақырыбы: Өзін-өзі реттеу жаттығулары

Дәрістің мазмұны:

1.Тыныс алу жаттығулары

2. Әр түрлі бұлшықет тобының тонусын өзгертуге араналған жаттығулар

3. Релаксация жаттығулары

4. ағзаның биологиялық белсенді нүктелеріне әсер ету.

Мақсаты: Адамның жүйкелік импульс күштерінің босансуын және тыныштанған кездегі пайда болатын жағымды жағдайларды қалыптастыру дағдыларына үйрету.

Жүйкелік ипульс мидың тыныс алу орталығынан оның қабығы мен тонуысна дейін жетіп, оны өзгертеді. Осыған байланысты және энергиялы жүреді, ал дем шығару-жай, орталық жүйке жүйесінің тонусын төмендететін, қан қысымының реттелуін тудырады, және эмоционалды қысымның шығуына мүмкіндік береді. Жай тыныс алу және тез дем шығару, керіснше жүйке жүйесін реттейді, оның құрылу белсенідігінің деңгейін көтереді, нақты психикалық қысым тударады. Бұл заңдылықты психикалық жағдайды реттеу мақсатында қолдану үшін осған сәйкес дағдыларды меңгеруге көмектесетін келесі жаттығуларды игеру ұсынылады.

1-жаттығу. Тыныштандыратын тыныс алу.

Қалыпты жағдда, тырып, немесе тұрып толық, терең дем алыңыз. Кейін деміңізді ұстай тұрып, шеңбер елестетіңіз. Деміңізді жаймен соған шығарыңыз. Бұл әдісті 4 рет қайталаңыз. Содан кейін дәл осы үлгіде елестетілген квадратқа 2 қайтара деміңізді шығарыңыз осы жаттығуларды орындағанна кейін міндетті түрде тыныш күй пайда болады.



«Жазғы жаңбыр»

Мақсаты: қажуды түсіру, қиындықты жеңуге жағымды эмоцияны орнату.

Нұсқау: текстті жай, бос оқылуы қажет, бала көзін жұмып тыңдайды.

Қапырық жазды өзіңе елестетші. Бір кезде қайдан келгені белгісіз бұлттар пайда болды, жел соқты, жолда дауыл құйындады. Найзағай жарқылдады, күн күркіреді. Найзағайдың жарқылы мен күннің күркілдеуі жақындай берді. Міне бұл менің алдымда. Жарқылдап, күркіреді. Бірақ мен найзағайдың жарқылынан да, күннің күркіреуінен де қорықпаймын. Жазғы найзағай тез өтіп кетеді, күн қайта шығады, табиғат жаңарды. Күн демалды. Мен оның көгілдір аспанда жалтырағанын сеземін. Бүкіл киімдерім суланып қалды. Денемнен жылы бу шығып жатыр. Бірнеше минуттан кейін барлығы кеуіп қалады. Тамшы, тамшы, тамшы... Әрбір жаңбырдың тамшысында кішкентай күн шоқтайды. Мен жазғы найзағайға ашуланбаймын. Ол маған үлкен қуаныш әкелді. Кімде кім жылы жаңбырдың астында тұрса, саңырауқұлақ секілді өседі. Сенде мықты және денін сау болып өсесін.



Психогимнастика«Жайлау»

Мақсаты: қажуды түсіру, жағымды эмоция алу, қиындықтарды жеңуге арналған ұстанымдар.

Нұсқау: «Жайлау»

Өзіңді ең әдемі жерде тұрғаныңды елестет. Бұл өте үлкен жайлап тұрған жайлау. Онда шөптер көгеріп жатыр. Сен өзіңнің аяғынның таңертеңгі шөптің үстінде жүргенің сезесін. Сенің денеңді салқындық жамылды, нәзік жел үрді. Бүкіл денеңмен сол таза, салқын ауамен тыныс ал. Мүмкін сен теректердің шуын, құстардың әнін естіп тұрған шығарсын, мүмкін тек тыныштықтың дыбысын естіп тұрған шығарсын. Өзіне жаңа күштің құйылуын сезің. Әрбір денеңнің бөлігімен жазғы жайлаудың әдемілігін және кристалды сергітетін ауаға сіңіп кет. Бұл сезімдерді ұмытпа.



«Жанұя сөзі»

Мақсаты: баланың әлеуметтік бейімделуінің дамуына бағытталған.

Нұсқау: оның жанұясы туралы әңгімелес. Мама, папа, әже, ата, аға, апа және т.б.

-«Анаң қалай сөйлейді?» деп сұраңыз.

-бала өз жанұя мүшелерінің қалай нәзік сөйлесетіні жөнінде айтып берсің.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Тыныс алу жаттығуларының мақсаты қандай?

2. Тыныс алу жаттығуларын ата?

3. Жазғы жаңбыр тенингі қалай жүргізіледі?

4. Пихогимнастика дегенді қалай түсінесің?

5. Жанұя сөзі қалай жүргізіледі?

Падаланылған әдебиеттер:

1.Лесли Рай» развития навыков эффктивного общения» М-2002ж.167 бет.

2.Р.Бакли, Д.Кейпл. Теория и праактика тренинга. «Питер», 2002.

3.Практикум по социально-психологическому тренингу, Санкт-Петербург, 2000

4.О. Горбушина «Психологический тренинг» М-2007ж

5. А.Г. Каменюкин, Д.В. Ковпак «Антистресс-тренинг» М-2008 .

6.Лесли Рай» развития навыков эффктивного общения» М-2002ж.

7.Д.М. Рамендик « Тренинг личностного роста» М-2008ж.
15 дәріс

Дәрістің тақырыбы: « Қиын топқа жататын жасөспірімдер мен жүргізілетін тренинг жаттығулары Мақсаты: Қиын балалармен жүргізілетін жұмыстарыдың мақсат-міндеттерімен оның ерекшеліктерімен таныстыру.

1. Топтық тренингтер

2. Өзіне-өзі сенімділігін қалыптастыру тренингі

3. Жағымды эмоционалды қалыптастыру тренингтері

1-сабақ.

Мақсаты: Тұлғаның өзіне деген сенімділік сезімін қалыптастыру, өзін-өзі бағалау деңгейін жоғарлату.

1.«Ханшайым» ойыны. Ең ұялшақ қатысушы орындыққа тұрып ханшайым болады.Ал қалған қатысушылар оған қызмет етуші адамдардың рольдерін сомдайды.

2.Бір қатысушы топтан құралған «қатардан» өтіп барып, әрбір қатысушының көзіне қарап «Мен бәрінен де жақсымын» деген сөйлемді айтады.

Аутотренинг.Қатысушы өзін белгілі бір ерлік жасаған батыр ретінде елестетеді.Жеңіскердің сезімі және жеңістің дәмі «Мен барлығына да қабілеттімін,мен батырмын...» деген сөйлемдермен бейнеленеді.


  1. сабақ.

Мақсаты: Жеке өзіндік тұлғаның құндылықты сезіну және өзін-өзі бағалау деңгейін дамыту, өзінің құрдастарымен қабылдануына деген сенімділікті қалыптастырады.

1.«Психотерапиялық антонимдер» жаттығуы.Өзінің бойында арылуды қалайтын кез-келген сапаны (жалқаулық, шыдамсыздық және т.б) атайды.Қалған қатысушылар осы сапаның жағымды жақтарын іздеп табуға тырысады.

2.Жаттығу.Әрбір қатысушы бірінен соң бірі артқа қарап орындыққа отырады.Топтың қалған қатысушылары оған жақындап, оның иығына қолын қойып сол оқушыға деген өзінің қатынасы мен пікірін білдіреді: «Мен саған тілегім келеді...»

3.«Денелік мүсіндерді» жасау.Рольдерін ауыстырып отыру арқылы жұптар жұмыс атқарады.Бір қатысушы (мүсінші) үндеместен келесі қатысушының денесінен кез-келген «мүсінді» жасайды. «Мүсіндер» дайын болған кезде алынған әсерлермен алмасу арқылы талдау жасалады.

Сонымен қатар психокоррекциялық жұмыстармен бірге суицидті мінез-құлықты бағдарлы жасөспірімдерге алғашқы психологиялық көмек берудің төрт негізгі әдісі бар:

1.Дер кезінде жүргізілген диагностикалық жұмыстар және оларды емдеу;

2.Депрессия жағдайындағы адамдарға белсенді эмоционалдық көмек көрсету;

3.Ситуацияны жеңілдету үшін оның жағымды сипаттағы талпыныстарын мадақтап отыру;

4.Әлеуметтік дағдыларға және стрестік ситуацияны жеңуге үйрету.

Тұлғаға алғашқы көмек көрсету үшін келесі ережелерді ұстану қажет:

-Көмектесуге қабілетті екендігіңізге сенімді болу;

-Осындай ситуацияларда болған адамдардан тәжірибе жинақтау;

-Шыдамды болу;

-Қолыңыздан келетін нәрсенің барлығын жасау.

Суицидті мінез-құлықты жасөспірімдермен профилактикалық әңгіме жүргізудің әдістемесі келесідей:

-Кез-келген адаммен әңгімелесу кезінде,әсіресе суицидті мінез-құлыққа бейім тұлғалармен әңгімелесу барысында белсенді тыңдаушы болу қажет;

-Белсенді тыңдаушы бұл-әңгіме барысында серігіне қарсы шықпай,оған бар назарын салып тыңдаушы адам.Бұндай жағдай оның серігіне еш үрейленусіз ,қорқыныш сезімісіз әңгімені толық баяндауына мүмкіндік береді;

-Белсенді тыңдаушы оның серігі басынан өткізген сезімдерді толық түсінуге қабілетті адам.

Әңгімелесу үрдісін жүргізуге қажетті кеңестер:

-Әңгімелесу үрдісін үзбеу үшін тыныш, ешкім кедергі келтірмейтін жағдайда әңгімелесу;

-Серігіне толық назар аударып, оған қарама-қарсы отырып, көзіне тура қарап отырып әңгімелесу қажет.Сонымен қатар екі арада стол тұрмауы қажет;

-Серігіңіз сіздің оны шынымен тыңдағаныңызға көз жеткізу үшін оның баяндаған нәрсенің барлығын қайталап айтып беруіңіз қажет;

-Серігіңіздің сөзін бөлмей, ол сөйлеп болған кезде ғана сөйлеу қажет;

-Тек позитивті-конструктивті сөйлемдерді ғана қолдану.

Суициті мінез-құлық белгілері байқалатын тұлғаларға алғашқы психологиялық көмек көрсету кезінде ұстанылатын ережелер:

Осындай ережелерді сақтай отырып, зерттеу жұмысының III кезеңінде суицидті мінез-құлық белгілері айқын көрінген жасөспірім эксперименталды топ мүшесі Кенжегулова Нұржауғанмен профилактикалық әңгіме жүргізілді.Бұл төрт кезеңнен тұрды:

Бастапқы кезең - жасөспірімдермен эмоционалды қарым-қатынас орнату.Оны үлкен шыдамдылықпен, сын айтпастан тыңдау (яғни оған толық ашылу мүмкіндігін беру).Нәтижесінде оның сеніміне ие болу.

II кезең - тұлғаішілік дағдарысқа себеп болған құбылыстардың бірізділігін анықтау.Бұл жерде келесідей тәсілдер қолданылды:

-Сәттілікке бағыттау арқылы қолдау көрсету;

-Ситуациядан шығудың жол бар екендігіне сендіру.

Зерттелушінің тұлғалық дағдарысының басты себептері отбасында ұзақ уақыт бойы жалғасқан ата-ана арасындағы дау-жанжалдар, анасының қайтыс болуы, нәтижесінде жасөспірімнің топтан оқшаулануы, өзіне өзі сенімділік, өзін-өзі бағалау деңгейлерінің төмен болуы.

III кезең-дағдарысты ситуацияны жеңуге бағытталған біріккен іс-әрекет.Бұл жерде келесідей әрекеттер қолданылды:

-Жасөспірімнің болашақтағы іс-әрекеттерін жоспарлауға көмектесу, болашаққа оптимистік қарым-қатынас орнатуға көмек беру, оның жоспарларын сөз арқылы бейнелеп безендендіруге көмек беру;

-Жасөспірім алғашқы болып өзінің болашақ мақсаттары мен жоспарларын баяндауы үшін үнсізідік сақтап отыру.

Қорытынды кезең. Белгіленген іс-әрекет жоспарларын бекіту.Бұл жерде алдағы кезектегі жоспарлар: Болашақта оқуға көбірек көңіл бөліп, құрдастарымен қарым-қатынас орнатуға уақыт бөлу, жеке қызығушылықтарына сәйкес мектептегі ,мектептен тыс үйірмелерге қатынасу және т.б.Бұл жерде менің басты мақсатым өзіне өзі сенімділік сезімін ұялату болды.Зерттелушімен профилактикалық әңгіме келесідей бағытта жүргізілді:

Зерттелушінің

сөзі:

Қайтарылған жауаптар:



Келесідей сөйлемдерді мүлдем қолданбау қажет:

«Оқуды, сыныбымды жек көремін»
«Маған барлығы үмітсіз болып көрінеді»

«Бізде не болып жатыр? Неге сен өзіңді осылай сезінесің?»

«Кейде біз өзімізді жабыраңқы сезінеміз.Бізде қандай проблемалар барекен және олардың қайсысы

бірінші болып шешуді қажет етеді?Сол туралы біріге ойланайық»


«Мен сенің жасыңда болған кезде...»
«Сеннен де қиын жағдайдағы адамдар туралы ойласаңшы»

Мен болмасам барлық адамдар үшін де жақсы болар еді»

«Сен мен үшін маңызды адамсың және сенің көңіл-күйің мені алаңдатады,не болып жүргенін маған баяндап берші»

«Одан да басқа тақырыпта әңгімелесейік»



«Сіз мені түсінбейсіз»

«Сен өзіңді қалай сезінесің? Осы туралы маған баяндап берші, мен шынымен де білгім келеді».

«Жастарды бүгінгі күні кім түсісін?»

«Мен жаман нәрсе жасадым»

«Кел,отыра ғой әңгімелесейік»

«Нені ексең соны орасың»

Егер менің қолымнан келмесе...»


«Егер бұл іс сенің қолыңнан келмесе де мен сенің қолыңнан келгеннің барлығын жасағаның туралы білемін»

«Егер қолыңнан келмесе,онда дұрыс тырыспағанасың»

Психологиялық коррекциялық программаны жүргізу нәтижесінде оның тиімділігі анықталады.Әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру тренингтерінің жүргізілу барысын бақылау мен талдау және профилактикалық әңгіме жүргізу нәтижесінде келесідей қорытынды жасалды: тренингтердің коррекциялық бағыттылығы оқушыларға, әсіресе невротизация, депрессивтілік, қарым-қатынасқа түсуге қабілетсіздік деңгейлері жоғары жасөспірімдерге әсер етті.

Девиантты мінез-құлықтың қарастырылған себептері мінез-құлық ауытқушылығы бар тұлғаларға берілетін психологиялық көмектің стратегиялық мақсаттарын қалыптастыруға мүмкіндік береді:


  • конструктивті түрткінің қалыптасуы (позитивті құндылықтар, әлеуметтік талаптары орындауға бағытталу мен өзін сақтау);

  • жеке тәжірибе интеграциясы;

  • өзін-өзі ретеуді жетілдіру;

  • стресске қарсы тұруды күшейту және жеке қорларын көбейту;

  • өмірлік маңызды біліктерді қалыптастыру;

  • бейімделмейтін мінез-құлықтың көрінуін ығыстыру немесе азайту;

  • әлеуметтік байланыстар мен тұлғаның жағымды жаңа тәжірибесін кеңейту;

  • әлеуметтік бейімделу деңгейін күшейту;

Мінез-құлқында ауытқушылығы бар тұлғаларға әсер ететін жеке және нақты тапсырмалар төмендегідей:

  • мінез-құлық кемшіліктерін жою;

  • бейімделгіш мінез-құлықты күшейту;

  • адекватты емес мінез-құлықты ығыстыру немесе әлсірету.

  • мазасыздану реакцияларын жою.

  • демалу қабілетін дамыту;

  • өзіне сенімділік қабілетін дамыту.

  • күшті әлеуметтік дағдыларды дамыту.

  • жыныстық жұмыс істеудің адекватты деңгейіне жету.

  • өзін реттеу қабілетін дамыту.

Психологиялық интервенция кеңес беру, педагогикалық түзету, тренинг, психотерапия арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар оның жекелей, жанұялық және топтық жұмыс түрлері бар. Қазіргі таңда мінез-құлық психологиясындағы әдістерді мынадай негізгі топтара жіктеуге болады:

1. мінез-құлықты өзгерту түрткісін стимулдау;

2. эмоционалды құбылыстарды түзету;

3. өзін реттеу әдістері;

4. когнитивті қайта қалыптастыру әдістері;

5. мінез-құлық ауытқушылықтарын ұсыну әдістері;

6. жағымды мінез-құлық қалыптастыру әдістері;

Мінез-құлық ауытқушылығы саналы және санасыз түрткілер механизмдері жұмыс істегендіктен өзіндік орны бар. Мінез-құлқында ауытқушылығы бар адамда девиацияны сақтауға деген тұрақты түрткі бар. өкінішке орай, қандай қиындық болса да, тұлға мінезін жақсы жағынан өзгертуге қарсылық білдіреді. Мінез-құлық өзгерту түрткісін стимулдау тұлғаға психо-әлеуметтік әсер етудің ең басты және ең қиын жұмысы деп атауға болады.

Мінез- құлық ауытқушылығы көптеген жағымсыз эмоциялармен, әсіресе, мазасыздану, қорқыныш, агрессиямен байланысты. Эмоциональды жағдайды түзетудің екі әдісі бар. Олардың күшін азайту және альтернативті реакцияларды өңдеу. Мысалы, тренинг – релаксация.

Адамның бейімделе алмаушылық мінезі көбіне мазасыздануға байланысты. Егер зерттеу барысында арнайы мазасыздану екені анықталса арнайы әдістемелерді қолдануға болады.

Эмоциональды жағдайды түзету әдістерін ойын терапиясымен, шығармашылықпен (сурет салу, сахналық қойылымдар), денелік терапиямен, гештальтерапиямен , психоаналитикалық терапиямен қатар пайдалануға болады.

Олар: «Таныстыру» тренингі . Мақсаты жеке тұлғаның өзіндік танымына, өзін-өзі айқындауына, қарым-қатынас іскерлігін арттыруға бағыт беру.Қатысушылар дөңгелене отырады. Кезекпен кезек әр қатысушыға өзін-өзі таныстыруға уақыт беріледі. Таныстыру барысында әр қатысушы аты-жөнін, жасын, қызығып айналысатын әрекетін, өмірлік мақсатын, арман тілегін, өмірде нені жоғары қоятындығын айтуы тиіс. Өз еркіне қарай мақсаты мен арманының орындалуы үшін қандай әрекеттер орындау үстінде және орындайтынын айтады. Осылайша барлық тренингке қатысушылар өздерін таныстырады.

«Айту жақсы...» тренингі. Мақсаты өзіндік ашылуын, өзіндік танымын дамыту. «Менін» анықтап, беркіту, жағдайды талдау білігін қалыптастыру. Жүру барысы: келіңіздер барлығымыз бір-бірімізге жақын тұрып шеңбер жасайық. Қолымызды шеңбердің ортасына созайық. Менің нұсқауым бойынша барлығымыз бір-біріміздің қолымыздан ұстаймыз, бірақ та жанымызға тұлғаның қолын ұстауға болмайды. Ал бастайық: бір...., екі....., үш. Енді бір-бірімізге жағымды сөз айтамыз.

«Маяк медитациясы» . Мақсаты өздерінің күшті жақтарын ашуға, жеке қасиеттерін көрсетуге медитация арқылы психологиялық көмек беру, «Мен- қожайын тренингі». Мақсаты өзіне деген сеніміділігін арттыру, сенімді мінез-құлық белгілерін көрсетуге бағдарлау, «Антоним» тренингі. Мақсаты өзіне деген сенімділігін арттыру, ренішті жеңу қабілетін дамыту. Топ ішіндегі жағымды эмоциональды байланыс орнату, «сенің болашағың тренингі» мақсаты жасөспірімнің өзіндік танымын, өз болашағына деген сенімін қалыптастыру. «Арманыма саяхат» (рөлдік ойын) мақсаты жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқын түзету және олардың болашаққа деген көзқарасын қалыптастыру.



жүктеу 1,17 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау