А. С. Иргалиев (қолы) (аты-жөні)


ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ



жүктеу 1,9 Mb.
бет5/13
Дата24.12.2017
өлшемі1,9 Mb.
#5544
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13



4. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ

Пәннің әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы

Кафедра: «Педагогика және психология» тьютор: Ерниязов О.Н., Утепова М.С.

Пәні: Психологиялық менеджмент.

Кредит саны 2



п/п


Әдебиеттің атауы.

Барлығы

Ескерту

Кітапханада

Кафедрада

Студ-ң қамтылу (%)

Элек-ды түрі




1

2

3

4

5

6

7

1.
2.
3,

4
5
6


7

8
9

10
11
12

13

14


15

16



17

18

19



20

21

22



23

24

25


26
27
28
29
30
31
32
33
34

35
36


37

38

39



40

Андреева Е.В. Социальная психология М:2004

Алдамұратов Жалпы психология А:1996

Бап-Баба С.Б. Жалпы психология

А: 2003


Дубровина И.В. психология:М.,2003

Горянина В.А. Психология общения М: 2004

Морозов А.В. Основы психологи М: 2002

Немов Р.С. Психология М: 2003

Рубенштейн С.Л. М: Основы общей психологи М: 2006

Каменская Социалная психологическая основа управлени психология М:2004


Майерс Д. Социальная психология Питер-2005

Лиллиан Браун Имидж пут к успеху Питер:2002

Карнеги Д. Как завоевать друзей и оказывать влияния на людей М:2003
Ковальчук А.С. Основы имиджелогии и делового общения

М:2003
Кодлер И. Успешная презентация

М:2003
Леонов Н.И. Конфликтология М: 2002
Шуванов В.И. Психология рекламы Р: 2003
Вундт В. Психология народов М:2002
Егидес А.П. Лаберинты общения М:2001
ИЛьин Г.Л. Социология и психология управления М:2006
Карпов А.В. Психология принятия управленческих решени М:1998
Кибакова А.В. Конфликтология

М: 2006
Крыско Этнопсихология и межнациональные отношения М:2002

Горанчук В.В. Психология делового общения и управленческих воздейстий М:2003

ШикунА. Ф. Филипова И.М. Управленческая психология М: 2002

Гитова Л.Г. Деловое общения М: 2004

Құдиярова А. Ортақтасу психологиясы А:2002

Дубровина И.В. Психология М:2007

Жарықбаев Жалпы психология А: 2004

Стаккин М.И. Психология общения М: 2003

Кабаченко Г.С. психология управления М.:2003

Марозов А.В. Деловая психология Спб 2000

Г.С. Никифорова Психология менеджмента Спб2004

А.А. Урбанович Психология управления Ми-2004

А.Н. Чередниченко Психология

А.В. Карпов. Психология менеджмента. М-2006

И.Н. Кузнецов. Деловое общения. М-2007.

И.А. Мальханова Деловое общения. М-2007

управления М-20031.Вайнер И. Основы психотерапии СПБ 2002 228б.

Берн Э. Трансактнный анализ и психотерапия СПБ 1992 224б.
Романин А.Н. Основы психотерапииР., 2004. 134-148б.


2
3
10

15
4


3
10

12


14
1
2

1


1

2
2


1

1
15

1

5

2


1

7

7


5
2


8
6
4

1
6


2

1

1



4



15

1
1







орысша
орысша
орысша
орысша
орысша
орысша
орысша
орысша
орысша

орысша
орысша


орысша

орысша
Орысша

Орысша

Орысша


Орысша

Орысша


Орысша

Орысша
Орысша


Орысша

Орысша

орысша

орысша


орысша

орысша


орысша

орысша


орысша

орысша




ГЛОССАРИЙ

«Психологиялық менеджмент» пәні бойынша глоссарий

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

1

2

3

Менеджер

Менеджер

Manager

Каузальды қарым-қатынас

Каузальная отношение

Causal relation

Топтық динамика

Групповая динамика

Group dynamics

Тұлға

Личность

Person

Жетекші

Лидер

Leader

Шешім қабылдау

Принятие решение

Decision making

Жарнама

Реклама

Advertising

Нарық

Бизнес

Business

Кеңес

Совещание

Summit

Аутагендік жаттығулар

Аутогенная тренировка

Autogenic training

Келіспеушілік

Конфликт

Conflict

Әлеуметтік психологиялық климат

Социальная психологическая климат

Social psychology climate

Психологиялық әсер ету

Психологическая воздействия

Psychology Influence

Сендіру

Внушение

Suggestion

Психологиялық қорғаныс

Защита психологическая

Psychology defense

Еліктеу

Идентификация

Identification

Интуитивті

Интуивный

Intuitive

Психологиялық қабылдау

Психологическая восприятия

Perceptual psychology

Психологиялық кедергі

Психологичсекая барьер

Psychological barrier

Қарым-қатынас

Коммуникация

Communication

Миға шабуыл

Мозговая атака

Cerebral attack

Релаксация

Релаксация

Relaxation

Рефлексия

Рефлексия

Reflexive




Менеджер - белгілі бір кәсіпорынды басқарушы тұлға.

Каузальды қарым-қатынас - өзге адамның мінез- құлқына интерпретация беру арқылы қарым-қатынас жасау.

Топтық динамика – топ ішіндегі әлеуметтік психологиялық процестер мен құбылыстардың жиынтығы.

Тұлғақоғамда өзіндік орны бар, тәжірибесі жинақталған индивид.

Жетекші – топты ұйымдатырушы.

Шешім қабылдау – мәселелерді ұғынуда, қалыпты мақсат қоюда және сол мақсатты жүзеге асыру үшін құралдар таңдауда жүзеге асады.

Жарнама – заттың сапасы мен қызметін және белгілі демеушінің ойын ақылы жеткізу әдісі.

Нарық - өндіруші мен тұтынушылардың децентрализдаған, тұлғалық емес баға сигналдарының механизмін негізделген өзара іс-әрекеті.

Кеңес - бір адамның екінші бір адамды немесе топ адамдарын саналы түрде ынталандыру және белгілі бір жағдайларды шешу.

Аутогендік жаттығулар- дененің әр түрлі бөліктері мен органдарының ауыртпалықтарын жоюға саналы түрде негізделген жағдайды психологиялық реттеу әдісі.

Келіспеушілік – көзқарастарының әртүрлілігіне байланысты туындап отыратын жағдай.

Әлеуметтік психологиялық климат –адамдардың біріккен әрекетінің нәтижесі мен тұлғааралық өзара әрекеті.

Психологиялық әсер ету – бір адамның екінші бір адамға психологиялық тұрғыдан ықпал ету.

Сендіру – іс- әрекетін тудыру себебінде ақпаратты беру және еркін қабылдауды мақсат еткен интеллектуалдық психологиялық әсер.

Психологиялық қорғаныс – белгілі бір ситуацияларды шешуде санасыз түрде қорғаныс механизмдерін пайдалану.

Еліктеу – бір адамның сыртқы мнез-құлқын қабылдап, оны өз бойына дарытуға тырысу.

Интуитивті - ішкі ойлауы арқылы шешім қабылдайтын адам.

Психологиялық қабылдау – басқа адамның өзінің сыртқы түрі мен мінез-құлқын бағалау негізінде қалыптасатын біртұтас бейнесі.

Психологиялық кедергі – қарым – қатынаста адамдардың психологиялық тұрғыдан сыйымсыздығы.

Қарым-қатынас – бір немесе бірнеше адамның ақпарат алмасу мақсатында байланыс жасауы.

Миға шабуыл- шығармашылық тапсырмаларды шешуде идеяны ұжым болып жүзеге асыру әдісі.

Релаксация – саналы түрде денені жүйкелік бұлшықеттік босаңсыту.

Рефлексия – ой-толғаныс.


5. Дәрістер кешені

1 дәріс. Тақырып: Психологиялық менедментке кіріспе

Дәрістің мазмұны:

1. Менеджмент әлеуметтік феномен ретінде.

2. Менеджмент ғылымының пәні.

3. Менеджмент ғылымының даму кезеңдері.

Мақсаты: Менеджмент психологиясының зерттейтін обьектісімен және зерттеу әдістерімен таныстыру.

1. Менеджмент - ежелгі және қазіргі жаңа ғылым болып саналады. Менеджмент психологиясының зерттеу аймағы- басқару үрдісін ұйымдастыру заңдылықтарын және сол үрдіс кезінде пайда болған адамдар арасындағы қарым-қатынастың әдістемелік негізін айқындайды.

Басқару түсінігі ұйымдасқан жүйелерге тән қызметті белгілей отырып, түрлі ғылымдарда кеңінен қолданылады.Бұл түсініктің көптеген анықтамалары бар. Жалпы алғанда басқару ұйымдасқан жүйенің, белгілі құрылымда сақтауды қамтамасыз ететін қызмет.

Әлеуметтік басқарудың басты компоненттері ұйым мүшелері ретіндегі адамдар, не жақсы ұйымдасқан бөлімдер.Басқарушылық қарым-қатынастың күрделі жүйесіндегі индивидтер басқарудың субьектісі және обьектісі болады.Осыған байланысты әлеуметтік басқарудың шешуші категориясы

« ұйымдастыру», « басқарудың субьектісі және обьектісі» болып саналады.Ұйымдастыру біріккен қызметті реттеу үшін және жалпы мақсатқа жету үшін басқару субьектісімен саналы үйлестірілген қызмет реіндегі топ адамдарының бірігу формасы болып саналады.

Басқару субьектісі белгіленген басқару обьектісіне бағытталған, басқару белсенділігінің көзі, пәндік-тәжірибелік қызметтің иесі болып табылады.Басқару субьектісі ретінде бөлек индивид немесе әлеуметтік топ болуы мүмкін. Басқару обьектісіне топ мүшелері олардың бір-бірімен қарым- қатынасы, шығарылатын өнім жатады. Басқару субьектісі мен обьектісінің арасында диалектикалық іс-әрекет пен әсер ету болады, әлеуметтік топ жақсы нәтежиеге жетуі үшін басқарушының ұйымсдасқан адам топтарына немесе сол топтағы белгілі біреуге әсер ету арқылы қол жеткізуге болады..

2. Менджмент психологиясы пәні басқарушылық әрекеттің ерекшеліктері мен психологиялық жағдайларға талдау жасау арқылы басқару жүйесінің нәтежиелілігін жоғарылатуды мақсат етеді. Басқару процесі басшылардың әрекеттерін мына бағыттар: басшылық жүйелерді ұйымдастыру, диогностикалау және жоспарлау, бағынушылардың қызметінің бағдарламасын қалыптастыру басшының қызметін белсендендіру. Сонымен қатар менеджмент психологиясы басшының жекелік ерекшеліктерін, оның қажеттіліктері мен қабілетін, жекелік басқарушылық концепциясын, басқару ережелерінің принциптерін үйретеді.Басқарудың негізгі құралының бірі- интуиция. Жақсы басшының жетекшілік интуициясы болады.Ол қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға себебін тигізеді. Жетекші үнемі өзгермелі әлеуметтік ортаны қабылдап соған сай әртүрлі адамдармен араласып, кездейсоқ жағдайларды басқара білуі қажет.Менеджмент психологиясы пәні менеджердің негізі қызметі бола тұра мына әрекеттерді қарастырады: еңбек әрекетінің психофизиологиялық ерекшеліктері, мәліметті өңдеудің психологиялық ерекшеліктері, адамды- адамның қабылдау механизмі және олардың бір-біріне әсері, еңбек ұжымының қалыптасуының психологиялық ерекшелігі және ондағы тұлға аралық қарым-қатынас, шешім қабылдаудың психологиялық ерекшелігі. Жалпы алғанда бұл пән ғылыми және тәжірибелі ғылым ретінде жетекшінің басқарушылық мәдениетін қалыптастырады және дамытады.

3. Менеджменттің пайда болу тарихы тереңге жаңа ғасырымыздан бұрынғы жылдарда жатыр. Ерте кездің өзінде Египетте болашақ басқару психологиясының негізгі белгілері, ұйымдастыру және бақылау, басқару процесін орталықтандыру жүзеге асырылды. Ежелгі грек философтары Сократ, Платон, Аристотель мемлекетті басқару мен сол елдегі адамдар қауымдастығын басқару процесі туралы өз көзқарастарын білдіріп еңбектер жазған.

Бірақ бұл кездерде ол өз алдына ғылым болып саналмай ХХ ғасырда ғана ғылыми зеттеулердің дербес саласы болып санала бастады. Ф.У. Тейлордың «Принципы научнго менеджмента» деген еңбегі жарық көрегеннен кейін ғана бұл ғылымға ерекше көңіл бөліне бастады. ХХ ғасырдың 20 жылдары металлургиялық компанияның инженері А.Файольдың арқасында басқару арнайы спецификалық әрекет ретінде саналды. Осы уақытта психология теориялық және қолданбалы бағытта жеке ғылым ретінде дамыды. Психология мен басқарудың қосылуының нәтежиесінде және өсіп келе жатқан өндірістің талаптарынан «менеджмент психологиясы» ғылымы дүниеге келді. Өндіріс қоғам алдында мынадай талаптар қойуда;

- қалай басқаруды эффективті етуге болады?.

- адамдарды қысымшылыққа алмай өндірісте адамдық ресурстарды тиімді қолдануға болады?.

- ұжымды басқаруды, ұйымдастыруды тиімді етіп қалай ұйымдастыруға болады?.

Басқару психологиясы адамдармен тығыз байланыста болғандықтан мына мәселелерді есепке алады;

1.Тұлға, оның өзін-өзі жетілдіруі, мен өзін-өзі еңбек әрекетінде дамытуы.

2.Психологиялық нәтежиелілік көзқарасы бойынша басқарушылық әрекет және оны ұйымдастыру.

3.Еңбек ұжымдары топтық үрдіс және оның реттелуі.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары?

  1. Менеджемент психологиясы нені зерттейді?

  2. Менеджмент психологиясы ғылым ретінде қай жылы пайда болды?

  3. Менеджмент психологиясындағы байқау әдісі қалай жүргізіледі?

  4. Статус деген қандай мағына береді?

  5. паралениялық эксперимент арқылы нені зерттеуге болады?

2 дәріс.



Тақырыбы: Менеджмент психологиясының теориялық негіздері

Дәрістің мазмұны:

1. Еуропа елінің менеджменті.

2. АҚШ-елінің басқару ерекшелігі.

3. Жапония елінің менеджменті.

Мақсаты: шетелдердегі менеджмент психологиясының пайда болу таихымен және өзінджік ерекшеліктерімен таныстыру.


1. Менеджменттің теориясының пайда болуына негізгі үш фактор: даму жолының қиындығы, бәсекелестік күрестің шиеленісуі, ішкі мүмкіндіктерді қолданып өндірістің өнімін жоғарылату. Осы факторлардың әсер етуі салдарынан ХХ ғасырда Еуропа мен Америкада ғылым салаларында менеджменттің негізі қаланды.

Менеджменттің дамуы мен қалыптасуының негізіне Макса Вебердің

( 1864-1920) «История хозяйства» және « Протенстанская этика и дух капитализма» деген еңбектері өз үлесін қосты.

М.Вебер «әрекеттің идеальды типі» деген ұғым еңгізіп, оның төрт түрін анықтады;

а) дәстүрлі

ә) аффективті

б) бағалық-рациональды

г) мақсатты – рациональды

Анри Файоля (1841-1925) 20 жыл бойы ауқымды таукен метоллургиялық компаниясының директоры болып қызмет атқарудың нәтежиесінде әкімшілік басқару мектебінің негізін салды. Файол басқарудың бір-бірімен байланысты бірнеше қызметтер; жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация, және бақылау негізінде жүзеге асатынын атап көрсетті. Ол компанияның мына негізге сүйенген жоспары болуы тиіс деген:

-фирманың ресурстары( капитал, орны, шикізат, репутация)

-аяқталмаған өндірістің маңыздылық құрылымының есебі

-болашақтағы тенденциялар, олар техникалық, финанстық, коммерциялық жағдайға байланысты.

Басқару әрекетін ұйымдастыру мынаны айқындайды- жоспардың дұрыс құрылуы және орындалуын қадағалау фирманың қажеттілігіне кадрлар мен материалдық базаның сәйкес келуі. Файол бір басшыға бағынуды « бақылау диапозоны» деп атады. Ол алғашқы болып менеджменттің негізі психологияда деп анықтай келе менеджменттің негізі адамдық қарым-қатынаста екенін айқын көрсете білді.

Файол басқарудың 14 принципін еңгізді және ол қазіргі таңда да қолданылып келеді:



  1. Тәртіп,фирма мен жұмысшылардыңң жетістігіне сыйластық.Бұйрықтарды әділ қолдану.

2.Жұмысшыларды мадақтап отыру, әділ төлем ақы.

3.Әділдік.

4.Персоналдардың бір-бірімен бірігуі, сыйымдылық..

5.Жеке қызығушылықтардың есепке алынуы.

6.Еңбекті бөлу, оның мақсаты, орындалуы.

7.Бұйрық беру және жауапкершілік.

8.Бірауыздылық. Жұмысшы тек бір адамнан ғана бұйрық алуы тиіс.

9.Бағыттың біріңғайлығы.

10.Ортақтық.

11.Жіптің беріктігі. Жоғары басшыдан ең төменгі жұмысшыға дейін.

12.Тазалық. Реттілік.

13.Персонал үшін жұмыс орнының тұрақтылығы.

14.Инициатива.

2. Америка инженері менеджер Фредириком Уинслоу Тейлордың зерттеулері қоғамдық қозғалысқа әсер етіп соңында: менеджмент деген атақ алып, басқару мектебінің негізін салды. Тейлор еңбек шығынының реттелуі мен бағалануын, өндірістік басқару принцптерін қалыптастырды. Тейлордың ойынша жоғары еңбекақы мен төмен өнім шығыны басқарудың ұтымды әдісі. Тейлор өзнің еңбектерінде «адами фактор» ұғымын енгізді. Тейлор идеясы американ зеттеушілері Френка мен Лилииан еңбектерінен жалғасын тапты. Ф.Джилберт алғаш рет АҚШ-та еңбекті ұйымдастыруға дайындаудың инструкторы болды. Ол өз елінде «қажумен күрестің» комитетінің алғашқы ұйымдастырушысы болды. Оның айтуынша негізінде әрбір адам оның физиологиялық және психологиялық қабілетінің мүмкіндігі келетін іспен ғана айналысуы қажет. Тейлормен салыстырғанда Френкил адами факторға көп көңіл бөлді. Бұған көп әсер еткен жолдасы Лилииан Джилбертпен біріккен әрекеті еді. Лилииан АҚШ-та алғаш психология ғылымының докторы атағын алған. Оның еңбектерінің негізгі бағыты басқару болып табылады. Ол алғаш рет «Психология управление предприятии» еңбегін жазды. Өз еңбектерінде Лилииан еңбек адамды өзіне ғана емес өзгелер үшін де жауапкершілік алуға, өз кәсібін мақтан тұтуға, өзін-өзі бақылай алуына, әділеттілік сезіміне тәрбиелеуі тиіс. 1940 жылы осы секілді еңбектердің нәтежиесінде «адамдық қарым-қатынас» мектебі құрылды. Оның негізін саушылардың бірі американ психологы Гую Мюнстербер. Ол мамандық пен кәсіби қабілеттілік аймағында көп үлес қосты және мамандықты меңгеру психологиясының бағдарламасын ұсынды. Бұл бағдарламада жетекшілер қызметі туралы, психолог-мамндардың жұмысын бақылау экспериментальды зерттеу, іскер және қолынан келмейтін жұмысшылардың еңбектерін бақылау туралы көрсетілген. «Адамдық қарым-қатынас» мектебінің өкілдері К.Арджайрис, У.Дискон, Р.Лайкерт ұйымдастыру әрекетінде формальды емес қарым-қатнастардың маңызын дәлелдеп берді.

3. Адамдардың психологиясы олардың мәдениетімен тығыз байланысты. Жапон менеджментінің негізі әлеуметтік пен мәдени тұрмыс салт дәстүр негізінде құрылған. Жаңа технологиялық инновациядларды өндіріске енгізумен қатар өз елінің салт-дәстүрін Жапония мемлекетінің әлеуметтік экономикалық жағынан жоғары деңгейге жетуіне септігін тигізіп отыр. Жапония өзге елдердің теориясы мен практикасын соның ішінде американы негізге ала отырып өздеріне ғана тән басқару моделін құрастырды. Америкадан айырмашылығы Жапония ең басты адами факторды бағалайды. Олар халқының қалыптасып қалған менталитетін «халықтың ерекше еңбексүйгіштік, тәртптілік, тәжірибелік, өзара көмек сияқты» қасиетттерін есепке алады. Жапон халқының мінезінде айқын көрінетіні ұқыптылық, мейірімділік, үнемділік, салт-дәстүрді сыйлау, бірігу, өзін-өзі ұстау, эстетикалық талғам. Американ ғалымы И.Олстол әртүрлі жапон компанияларының әрекетін психологиялық тұрғыдан талдай отырып, жапон менеджментінің 5 түрлі принципін енгізді. Бірінші принцип жұмысшылар жеткілкті түрде ақылды. Менеджерлердің айтуынша әрбір жұмысшы белгілі-бір жұмысты орындап қоймай сол жұмысты әрі қарай жетідіру үшін қабілетті.

Жапон ғалымдары үш түрлі әкімшілік әдісті ойлап тапқан.

1) Сапа үйірмесі. Бұл кружокқа қатысушылардың әрбіреуі жаңаша әдістерді ойлап тауып өзгелермен бөліседі. Бұл кружокта 8 адамнан тұрады, еңбектің өнімділігін арттыру бағдарламасын құрастырып бір айда бір рет кездеседі.

2) Кәсіби білік пен дағдыны жетілдіру үшін жұмысшыларды ынталандыру. Көптеген жас мамандарды кешкі курста арнайы оқытады. Кешкі курстарда тәжірибелі үлкен жұмыстастары өз ісін көрсету арқылы үйретеді. Жапон елінде бұл дәстүрді «минарай » деп атайды. Көптеген жапондықтар орта, жоғары оқу орындарындағы арнайы алған білімі жеткіліксіз деп ойлайды. Олардың ойынша оқу орны жалпы қабілетті ғана дамытады.

3) Бір жұмыс орнынан екіншісіне ауысу. Адам белгілі бір орында отырып қалмай бірінен екіншісіне ауысып жоғарылап жетіле түсуі тиіс.

Екінші принцип. әрбір жұмысшы саналы етіп жасайтынын дәлелдегеннен кейін жұмысында өзбеттілік алып, қосымша еңбек ақы және жоғары төлем ақы алады.

Үшінші принцип. Жұмысшы «отбасын» құрады. Жұмысшылардың еңбек ақысын өсіру мадақтаудың бір түрі ғана. Ол үшін әкімшілік үш әдіс қолданады.

1.Жұмысшылар жұмысқа жаңа орналасқан адамға көмек, тілектестік, қолдау көрсетеді. Алдағы уақытта ол адамнан сондай қарым-қатынас күтіледі. Жапон тілінде «учи» деген ұғым «отбасы» дегенді білдіреді. Отбасы фирма бір мағына береді.

2.Жұмысшылар бос уақытын бірге өткізуге тырысады. Ерлі-зайыптылар бір-бірімен көп болғаннан жұмысшылармен көп уақыт өткізеді.

3.Өзара жауапкершілік фирмадағы жұмысшылар өз жұмысын беріле жасаумен қатынасын білдірсе, әкімшілік жұмысшылардың жеке қажеттіліктерін қанағаттануын қамтамасыз етеді.

Төртінші принцип. Топ жеке адамнан маңызды. Бұл әдіс жапондардағы: ешкім эгоист болып тек өзін ойламауы тиіс деген принципке негізделген.

Бесінші принцип. Өндірістік қарым-қатынас сыбайластық пен ынтымақтастық. Жапон менеджерлері жұмысшыларды экономикалық жетістікке жетудің белсенді сыбайлсы деп қарайды. Оларда «учива» деген ұғым қалыптасты. Ол жеке жетістіктен гөрі топтық жетістік құнды деген сөз.

Ресейде басқару психологиясы ХХ ғасырдың 60 жылдары жеке ғылым ретінде көріне бастады. Менеджмент деген ұғым ресей лексикасына нарықтық экономика кезеңінде енді. Бұл салада еңбек сіңірген А.К.Гастев пен Л.М.Керженцев. Гастевтің ұйымдастырумен 1920 жылы орталық еңбек институтында алғашқы психологиялық орталық ашылды. Оның өзге елдерден айырмашылығы еңбек субъектісіне көп көңіл аударылуында.


жүктеу 1,9 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау