А. С. Иргалиев (қолы) (аты-жөні)


Өзін-өзі тексеру сұрақтары?



жүктеу 1,9 Mb.
бет6/13
Дата24.12.2017
өлшемі1,9 Mb.
#5544
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Өзін-өзі тексеру сұрақтары?

1. Менеджмент психологиясының Еуропа еліндегі негізін салушы?

2.Менеджменттің 14 принципін енгізген кім?

3. Жапония елінің басшылары неге көп көңіл бөледі?

4. «Еа» деген қандай мағына береді?

5. Ресейде басқару психологиясы қай жылы ғылым ретінде таныла бастады?


3 дәріс

Тақырып: Психологиялық менеджменттің негізгі заңдары.

Мазмұны:


1. Анықсыздық заңдылығы.

2. Өзара қабылдаудағы қалыпсыздық заңдылығы.

3. Мәліметтің бұрмалану заңдылығы.

4. Компенсация заңдылығы.

Мақсаты: Басқару психологиясындағы негізгі заңдылық түрлерімен таныстыру және күнделікті өмірде есепке ала жүруге дағдыландыру.
1. Басқару психологиясы практикалық псхологиясының негізгі аймағы ретінде басқарушылық әрекеттің заңдарын оқытады. Психологиясының заңдары адамдық әрекеттің, тұлғааралық қатынаста топтық мінез–құлықта көрініп отырады. Басқару психологиясының негізгі заңдары.


  1. Анықсыздық заңдылығы

  2. Қалыпсыздық заңдылығы

  3. Мәліметтің бұрмалану заңдылығы

  4. Өзін-өзі сақтау заңдылығы

  5. Компенсация заңдылығы

Анықсыздық заңдылығы сыртқы әрекеттердің ішкі психологиялық жағдайларға тәуелділігінен көрінеді. Ол психологиялық құбылыстардың

негізінде-апперцепция мен стериотипті сана жағдайына негізделген. Апперцепция субъектінің өткен тәжірибені қабылдауға тәуелділігі. Сана стериотипі – ол қалыптасып қалған пікір, баға, ұғымдар қоршаған әрекеттерге әсер етіп отырады. Бұл заңдылық бойынша әртүрлі адамдар, әртүрлі уақытта бір әрекетке бірыңай баға береді. Мысалы басшы бұйрық береді де оның орындалуына үміттенеді. Егер берілген тапсырма қате немесе орындалмаған болса, жетекші бағынушылардан себебін талап етеді, сол уақытта ситуацияны талдайды. Бұл жағдайда ек жақтада апперцепция мен саналылық стереотиптердің салдарынан қарама-қарсы көзқараста болады. Жетекші жұмысшысын жалқау деп есептеуі мүмкін. Ал бағынушы өзінің қылығына сан мыңдаған себептер тауып, өзін ақтап алады. Жетекші де бағынушы да қателік жібереді. Біріншісі – бағынушымен өзара әрекеттің қолайсыз әдісін таңдаған, екіншісі – қате қорғаныс әдістерін таңдағандықтан.

2. Қалыпсыздық заңдылығы - өзара қабылдауда адам өзге адам орнына шешім қабылдау үшін сол адамның деңгейінде толығу қажет. Біздің қабылдаушымыз ешуақытта толық қалыпты, анық және толық болмайды.

Қалыпсыздық заңдылығын есепке ала отырып, жетекші адамдарға ықпал етудің мына принциптерін қолдануы тиімді.

а) ерекше таланттылық принципі. Ол басқарушылық көзқарасты мына девиз бойынша «қабілетсіз адамдар болмайды, өз ісімен айналыса алмай жүрген адамдар кездеседі. »

б) даму принциптері бойынша қабілеттердің даму мүмкіндігі бар.

в) жоғалмау принципі бірде – бір баға соңғы нәтижелі баға болып саналмайды.

Бағаның қалыпсыздық заңдылығы. Бұл заңның мәні адам өзіне - өзі баға беру кезеңінде өзгелерге баға берген кезіндегідей ішкі кедергілерге кездеседі. Көп жағдайда өздік баға адекватты болады. Ол бірде тым жоғары, бірде төмен болады. Адам – логикалық ақыл- ой, шындық өмір бейнесі ғана емес, кейде ақылсыз тірщілік иесі сондықтан да адам өзі ұғына бермесе де ішкі қозғаушы процестердің салдарынан қателесуге алып келеді.

3. Мәліметтің бұрмалану заңы.Кейде бұл заңды басқарушылық мәліметтің мәнәнің жоғалуы деп те атайды. Оның мәні басқарушылық «жоғарыдан төмен» қарай қозғалысында өзгеріске енуінде. Мәліметтің мәнінің жоғалуының бірі тіл. Қаншама қатал нақты тіл арқылы ұғынылса да әруақытта да бір мәлімет түрліше талқыланады. Ауызша мәліметтің 50% -ғана нақты қабылданады. Егер мәлімет толықсыз болса, егер оған қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда бағынушылардан алынған мәлімет қанағаттандырмайды да әр адам өзінше толықтырып өзінеше талқылайды. Сонымен қатар мәлімет алушы да, беруші де бір-бірімен білімі, интелектуалдық дамуы және физиологиялық, психологиялық жағдайы әртүрлі болып келеді.

Берілген мәлімет бұрмаланбауы үшін басқару психологиясы мамандары мына ережелерді ұсынады:

1)мәліметті тарату процесіндегі қатысушылар буынын қысқарту.

2) өз уақытында жұмысшыларды өздері шешетін міндеттерді толық хабарлап отыру.

3) алынған мәліметтің дұрыс меңгерілгендігін қадағалап отыру үшін кері байланысты орнату.

4. Өзін-өзі сақтау заңдылығы.Адамның мінез-құлқын айқындайтын негізгі мотивтердің бірі тұлғалық нәтижесін сақтау. Адамның тұлғалық ерекшелігін кемсіту кері реакция тудырады. Сондықтан да әрбір жетекші өз қызметшілеріне сын айтқан кезде оның тұлғалық ерекшелігіне сызат түсірмейтіндей етіп жеткізу керек.

5. Компесация заңдылығы жалпы алғанда адам өмірлік әрекеттің белгілі бір саласында қиындық, проблема, жетімсіздік көрсе, өзге аймақта бар күшін салып саналы да, санасызда әрекет етеді. Басқару психологиясында ол белгілі бір жұмыста жоғары деңгейде нышан білдіріп немесе жоғары талаптар қойып жетіспеушілікті өзге қабіліттермен өзге дағды икемдіктермен толықтырып отырады.

Егер бұл санасыз болатын болса қажетті тәжірибе қате және жасап көру әдісі арқылы қалыптасады. Егер компенсация саналы түрде қалыптасса оның нәтежиелілігі ұлғайады. Мысалы есте сақтау нашар дамыса оны ; еңбекті ұтымды ұйымдастыру мен мәліметті өңдеу жүйесін қолдану, кітаптарға тізіп отыру, диктофон, күнделік арқылы жаттықтырылып, орнын толықтырып отыруға болады.

Басқарушының әрекетінің нәтежиелілігі ұжымның психологиялық әлеуметтік процестерді құрастыра білу заңдылықтарын қолданып, адамдарға жекелей ықпал ету арқылы ұтымды басқару, еңбек өнімділігін жоғарылату.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Басқару психологиясының негізгі өзаңдарын ат?

2. Анықсыздық заңыдылығы дегенді қалай түсінесің?

3. Қалыпсыздық заңдылығы қандай ережелерге сүйенеді?

4. Компенсация деген ұғымға анқтама бер?

5. Өзін-өзі сақтау заңдылығын қалай түсіндіресің?


4 дәріс

Тақырып: Басқарушы тұлғасы. Жеке дара басқару стилі психологиясы.

Мазмұны:


1. Басқару және жетекшілік әлеуметтік феномен ретінде.

2. Басқарушылық әрекеттің негізгі функциялары.

3. Басқарушылық әдеп.

4. Индивидуалды басқару стилі психологиясы.

Мақсаты: менеджмент психологиясындағы басқарушы тұлғасы мен негізгі қызметтеріәмен қатар басқару стилдерінің тиімді түрлетімен таныстыру.
1. Басқарудағы жетекшілік ұғымын түсіну үшін «басқару», «бағындыру», «жетекшілік» ұғымдарын жақсы түсінуіміз керек. Басқару ұғымы- әртүрлі әрекетті ұйымдастыру процесі. Бағындыру бұл бағынушылармен әрекет барысында ғана шешілетін басқару әрекетінің бір бөлігі ғана. Басқарушы және жетекші екі түрлі қарым-қатынаста болады, яғни формальды, формальды емес. Басқару формальды қарым-қатынаста әсер ету.

Жетекшілік- жанамалы, стихиалы түрде әсер ету. Басқарушы мен жетекші бұл дәрежеге екі түрлі жолмен жетеді.Жетекшіні өзге біреулер ұсынады жэәне «төменен» көтеріледі. Ал басқарушы «жоғарыдан келеді».Басқарушымен жетекшінің негізгі ерекшеліктері;

-жетекші тұлғааралық қатынасты реттейді,

-басқарушы өзге әлеуметтік ұйымдарымен топ арасындағы қатынасты реттейді,

-жетекшілікті кіші орта жағдайымен байланыстыруға болады,

-басқарушы үлкен ортаның элементі.

Көптеген психологтардың айтуы бойынша жақсы басқарушы пікірталасқа,позицияға жұмысшылардың орындаушылық әрекетіне әсер етіп алдымен жетекші болуы тиіс.Бүкіл әлемге компанияларды жетекші –басқарушы басқарады.

2. Басқарушы мен жетекші әрекеттің психологиялық ерекшелігі; басқару ирархиясы деңгейіндегі әртүрлі әрекеттердің түрлілігі.

Басқару қызметінің негізгі түрлерінің бірі-жоспарлау. Жоспарлау арқылы әрекеттің бағытын, жолын, құралын. Ұйымның мақсаты ойластырылады. Жоспарлаудың негізгі бір тәсілі алдын-ала болжау.

Келесі ұйымдастыру қызметі. Жалпы «ұйымдастыру» екі мағына береді;біріншіден адамдардың өзара әрекетіне бағытталған әрекет процесі, екіншіден өзара әрекеттің формасы.

Басқару қызметінің келесі түрі- ынталандыру. Өзара әрекетпен оның нәтежиесіне байланысты қолдап отыру.

3. Басқарушылық әдеп - бұл әкімшілік-шаруашылық функцияларды орындауға бағытталған практикалық нұсқау және теориялық –қолданбалы этикалық білім. С.Л.Рубенштейн «әдеп адам антологиясына қосылған және онда жалпыадамзаттық, моральдық жағдайға сай мінез-құлықтардан көрінеді. Англия мен Франция ерекше « классикалық этикет» елі деп аталады. Ал этикеттің отаны италия. Этикет француз тілінен аударғанда мінез*-құлық үлгісі дегенді білдіреді. Оған қоғам қабылдаған кішіпейілділік пен мейірімділік ережелері жатады. Этикеттің мынадай түрлері бар; сарай этикеті,, дипломатикалық этикет, әскери этикет, жалпы адамзаттық этикет.

Дипломатикалық этикет –дипломатикалық қабылдау, келіссөздерде адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасындағы мінез-құлық.

Әскери этикет- әскери қызметшілердің әртүрлі әрекетіндегі жалпы қабылдаған ережелерді сақтау.

Жалпы адамзаттық этикет-қарым-қатынаста шартты және салт дәстүрлердің құрылымы.

Мәнер -өзін-өзі ұстау, мінез-құлықтың сыртқы формасы, өзгелермен қарым-қатынасы, тон, интонация, адамға тән жүріс, жест, мимика, өз әректін бақылай алу, және ұстамдылық өзгелермен байқампаздықпен қарым-қатынас жасау.

4. Басқару стилі дегеніміз- тұрақты жүйелі әдіс, тәсілдермен өзара әрекет формаларының басқару әрекетінің көрініс беруі. К.Левин басқару әрекетінде мынадай үш негізгі стилді ұсынды;

1. Авторитарлы. Бұл стилде шешімді жетекші қабылдайды, жұмысшылармен санаспай қатал талаптар қойады. Олардың өздігінен әрекет етуіне бақылау жасап отырады.

2. Демократиялық стиль.шешім жұмысшылармен бірігіп отырып қабылданады.Бұл стилде жетекші өндірісті жұмысшылармен бірігіп отырып басқаруға тырысады. Инициативаны өзі қабылдайды.

3.Либеральды стиль. Шешімді жұмысшылар қабылдайды. Ол жалпы топты белсенді басқарудан бас тартады. Жетекші жұмысшыларға толықтай бостандық береді. Олар өз тілектеріне сай әрекет етіп ойына келгендерін жасайды.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Басқарушы тұлғасы қандай болу керек деп ойлайсың?

2. Басқарушының негізгі қызметінің түрлерін ата?

3. Басқарушылық стил дегеніміз не?

4. Авторитарлы стил түріне сипаттама бер?

5. Демеоратиялық стил несімен тиімді?


5 дәріс

Тақырып: Басқару әрекетіндегі қарым-қатынас ерекшеліктері.

Мазмұны:


1. Қарым-қатынас әлеуметтік феномен ретінде.

2. Басқарушылық қарым-қатынастағы өзара қабылдау мәселелері.

3. Қарым-қатынас түрлері.

Мақсаты: студенттерді қарым-қатынас әрекетімен және қарым-қатынастағы қабылдау механизмімен таныстыру.


1. Қарым-қатынас адамдар өмірінде негізгі орын алады. Қарым-қатынас процесі соның ішінде іскерлік қарым-қатынас бұл комуникация, сонымен қатар мәлімет алмасу, пікір алмасу, көңіл-күй тілектерін бөлісу. Қарым-қатынастың нәтежиесі мына факторларға байланысты; комуникациялық құралдарды дұрыс қолдану, комуникациялық қабілет, білік- дағдыны қолдана білу. Қарым-қатынастың негізгі құрадарына вербальды, вербальды емес құралдар жатады. Вербальды емес құрадарға сезім мен эмоцияның мимика жест арқылы адамдар арасындағы қарым-қатынаста бейнеленуі. Қарым-қатынас адамның өмір сүру мәнін және сынилылығын білдіреді. Адамның өзіне тән ерекшелігі қарым-қатынаста көрініп отырады. Сонымен қатар қарым-қатынас ұжымдық әрекет және адамдар арасындағы комуникативті байланыстырушы рол атқарады. Қарым-қатынас адамның тіршілік етуі мен дамуын қанағаттандыратын маңызды өмірлік қажеттілік.

2. Қабылдау немесе перцепция шынайы өмірде обьективті қалыптасқан идеалды құрылым болып саналады.

Әлеуметтік психологияда қабылдау деп басқа адамның сыртқы түрі мен мінез-құлқын бағалау негізінде қалыптасатын біртұтас бейнесі түсіндіріледі.Әлеуметтік қабылдауды мына жүйе арқылы көрсетуге болады:

- бақылаудағы мінез-құлқы мен сырт келбетін қабылдау және баға беру.

- мінез-құлық себебі мен нәтежиесі арқылы интерпретация беру және алдын-ала болжау

-өзіндік мінез-құлық стратегиясын ойластыру

Іскерлік қарым-қатынаста өзара әрекет 1-н алғаш көрген адамммен 2-н жақсы білетін адаммен әрекетке түседі. Бұрын танымайтын адамдар арасында психологиялық механизмдер қалыптасады олар; 1.топаралық, 2, тұлғааралық.

Топаралық қарым-қатынастағы қабылдау механизмдеріне алғаш тану жатады.Соған байланысты адамдар арасында белгілі бір стериотип қалыптасады.Мысалы: А обьектісін көргенде автоматты түрде А бейнесі қалыптасады.Әлеуметтік стериотиптер мынадай түрлерге бөлінеді: этникалық, діни, кәсіби, идеологиялық, жас ерекшелік.Әлеуметтік стериотиптердің мынадай ерекшелігі бар:

1. Нақты өмірлік жағдайларды қабылдауының анықталуы нақты жағдайларға қатысты емес, жанамалы түрде біздің санамызға қалыптасқан бейнелерге қатысты болады.

2. Әлеуметтік стериотип меншігінен шығару қарым-қатынастың қалыптасуы арқылы «ойлауды үнемдейді», яғни алдын-ала қалыптасқан ойлар арқылы сол жағдайдағы әрекет өздігінен пайда болады.

3. Әрбір әлеуметтік стериотип әр түрлі пропорциядағы сипатта болады және ол адамның жекелік сипатына сай келеді

4. Стериотиптер өте берік қалыптасып қалады, тіпті тұқым қуалайды.

5. Біз қаншалықты әлеуметтік обьектіден алшақ болсақ, соншалық ұжымдық әсерге бағынушылық көп болады.

Стериотиптердің қалыптасу факторларына: таңдану, тартымдылық,қарым-қатынасқа түсу түрлері жатады.

Таңдану факторы сыбайластардың тең емес жағдайында болады.Ол өзінен сыбайласының бір жағынан болса да артық деп бағалайды.

Тартымдылық механизмінде адамға қойылатын баға ұнау, ұнамау жағдайына қатысты. Егер адамның сырт келбеті ұнаса, ол адамды жақсы, ақылды деп бағалаймыз.

Қарым-қатынасқа түсу факторы, егер бізбен кім жақсы араласады, сол жақсы деп бағаланады.

3. Өзінің формасымен түріне қарай қарым-қатынас әртүрлі.Қарым-қатынаста мыналарды бөліп қарауға болады;мазмұнын, мақсатын, құралдарын, функцияларын, формаларын.Мазмұнына қарай қарым-қатынас;

Материалдық-субектілердің маңызды қажеттіліктерін қанағаттандырудың құралы болатын іс-әрекеттің заттары мен өнімдерімен алмасу.

Когнитивтік-біліммен алмасу.

Іс-әрекетік-әрекетермее, операциялармен, іскерлік дағдылармен алмасу.

Кондинционалдық-психикалық және физиологиялық жағдайлармен алмасу.

Мотивациалық,мақсатымен,қызығушылығымен,себептермен,қажеттіліктермен алмасу.

Қарым-қатынастың мақсаты-бұл адамның сол әрекеттегі белсенділігінің пайда болу жағдайы.Мақсатына қарай қарым-қатынас биологиялық және әлеуметтік болып бөлінеді.

Биологиялық-бұл ағзаны қолдауға, сақтауға, дамытуға, қажет қарым-қатынас.

Әлеуметтік- тұлғааралық байланыстың нығаюын, кеңейуін және индивидтің тұлғалық өсуі.

Бағытымен тәсілдеріне қарай динамикалық қарым-қатынас адамның қызметімен олардың жағдайларына қарай жалпы қарым-қатынас құрамына бөлінеді. Қарым-қатынас формаларымен, байланыспен, шығармашылықпен қажеттілікпен ретке келтіріледі.

Қарым-қатынастың мынадай түрлері кездеседі.

Вербалды қарым-қатынас, өзінің кезегінде ауызша және жазбаша болып бөлінеді.

Вербалды емес қатынас біздің өмірімізде аңызды орын алады.Берілген анықтамалар бойынша 60-тан 80% ақпаратты өзгелерден сөзсіз каналдар арқылы аламыз. Қарым-қатынасқа түсуші адамдардың санына қарай былайша бөлінеді: тұлға аралық қатынас, топ немесе екі адам арасындағы байланыс.Көлемді қатынас мұнда көптеген жанама қатынастар таныс емес адамдар арасындағы байланыс. Әлеуметтік қарым-қатынас жүйесі былайша ерекшеленеді; тұлғааралық қатынас нақты жеке тұлғалар арасындағы қарым-қатынас жеке сапаларды меңгерген адамдар өзгелермен қатынаста біріккен әрекетте өзін-өзі көрсете алады.Ролдік қарым-қатынас әлеуметтік ролді тасымалдаушылар. Бұл қатынаста адам өзінің негізгі әрекетінен айырылады,себебі оның бір іс-әрекеті бір ролді атқару ретінде қабылданады.Басқару қарым-қатынасындағы негізгі функциялар:ақпаратты тарата білу, бұйрықтар, кеңестер, өңделген ақпаратты тарату.Сонымен қатар қарым-қатынастың формальды және формальды емес, жекелік, топтық, болып бөлінеді.

Қарым-қатынас құралдары;ақпаратты беру, шешу,қайта өңдеу, әдіс-тәсілдерді қолдану.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары?

1. Қарым-қатынастың негізгі түрлерін ата?

2. Инструменталды қарым-қатынас дегеніміз не?

3. Перцепция дегніміз не?

4. Стериотип ұғымына анықтама бер?

5. Стериотиптің негізгі түрлерін анықтама?


6 дәріс

Тақырып: Басқарушы денсаулығы. Стресстерді және өмірлік дағдарыстардың алдын алу және жеңу

Мазмұны:


1.Жетекшінің кәсіби негізгі сапалары.

2.Денсаулық басшы жұмысының тиімді көрсеткіші ретінде.

3.Басшы жұмысындағы стресс.

4.Эмоциялық күйлерді басқару.

Мақсаты: Жетекшінің кәсіби сапалары мен эмоциялық көңіл-күйлерді басқара білуі, өзін-өзі реттей білуі жөнінде мәлімет бере отырып студенттерді өз эмоцияларын басқара білуге үйрету.

1. Басқару дегеніміз – белгілі бір жүйеге ондағы бөлек процестерге оны өзгерту немесе оған жаңа сапа қалыптастыру мақсатында бағытталған әсер болса жетекшілік- басқарылатын адамдардың іс-әрекеті мен мінез-құлқын белсендендіретін, мақсатты бағытталған әсер. Басқару деген де өнер сондықтанда басшыды адамға қажетті сапалардың барлығы болуы тиіс.

Көптеген зерттеушілердің ортақ көзқарастары бойынша жетекшінің сапалары былай топтастырылады:

- интелект. Ол данышпан болмағанымен , интеллект деңгейі ортадан жоғары болуы тиіс, бұл қабілет жетекшінің ауқымды мәселелерді шешуге көмектеседі.

- инициатива және іскерлік белсенділік,іс-әрекетке деген мотивтің, өзбеттіліктің болуы.

-өзіне -өзі сенімділік. Бұл өзін-өзі бағалау мен тартысқа түсе білу деңгейімен байланысты.

Жетекші жеке тұлға ретінде де өзіндік сапаларды игере алуы қажет.Р.Л.Кричевскийдің тұжырымдауынша қазіргі заманға сай жетекшілердің мынадай сапалары болуы тиіс:



-жоғары кәсібилілік - ұйымдастырушылық қабілеті жоғары болса да ең бастысы жоғары кәсібилік болып табылады.

-жауапкершілік және сенімділік. Жетекші іс-әрекетінде бұл екі сапаның ролі ерекше болып саналады.

- өзіне -өзі сенімділік, өзінің қол астындағыларға әсер ете білу.

- өзбеттілік. Қандай мәселе болмасын ең бастысы жетекшінің жеке пікірі, көзқарасы болуы тиіс.

- міндетті шығармашылықпен шешуге қабілеттілік- бұл жетістікке ұмтылыс.Белгілі психолг Б.М. Тепловтың айтуынша адамның интелектісінің екі түрі болады: теориялық және тәжірибелік. Жетекші үшін тәіжірибелік интеллект маңызды.

-Эмоциялық тепе-теңдік және стреске қарсы тұру қабілеті. Жетекші өзінің көңіл-күйінің қандай жағдайда болғанына қарамастан айналадағы адамдарды қалыпты жағдайда басқара білуі тиіс.

-Қарым-қатынасшылдық және қоластындағыларға жақын болу. Зерттеулерде көрсеткендей жетекші өзінің жұмыс күнінің 3\4 қарым-қатынас жасаумен өткізеді.Ол өзінің жұмыстастарымен тіл табысып, үнемі бұйрық беріп отырмай, бір уақыт олармен ақылдасқаны да жөн.

2. Денсаулық дегеніміз не? Оған көптеген психолгтар әр түрлі анықтама берген.С.И.Ожеговтың сөздігінде «денсаулық дегеніміз- ағзаның дұрыс, қалыпты жұмыс жасауы, оның психикалық және денелік жағынан толық жақсы күйде болуы»

Жаңа ғасырда денсаулық мәселелері жан-жақты көбейді. Ол мәселелердің пайда болуына мына жағдайлар әсер етеді;

-уақыттың аздығы

-ақпараттардың көп көлемді болуы

-жұмыс күнінің қалыптан ұзақ болуы

-бағыныштылар мен жоғарыдағы басшылардың тарапынан үнемі қысымшылық жағдайдың болуы

-тәуекелге баруға мәжбүр ететін жағдайладың болуы

- әр түрлі деңгейдегі бірнеше тапсырмаларды бір уақытта шешу.

Денсаулықтың негізгі үш түрі бар:

- денелік

-психикалық

- рухани

Денелік денсаулық дегеніміз- адамның белсенді іс-әрекет жасауына мүмкіндік беретін ағзаның тұрақты қызмет жағдайы.

Психикалық денсаулық негізгі үш критерий бойынша бағаланады;бейімделу,әлеуметтену, индивидуализация.

Бейімделу дегеніміз-адамның өз ағзасының қызметіне саналы түрде қарауы, өзінің психикалық процестерін реттеуге қабілеттілігі.

Әлеуметтену-адамның өзге адамға тең дәрежеде қарым-қатынас жасауы, жалғыздықтың өлшемі болатындығын және басқа адамдарға деген тәуелділіктің болатындығын мойындайды.

Индивидуализация-адамның өзінің дара және қайталанбас тұлға екендігін саналы түрде сезіну және оны басқа адамдардың бұзуына жол бермеуге деген қабілеттілік.

Адамның рухани денсаулығының негізгі белгілеріне- адамның ішкі жан дүниесінің әсемдігі , байлығы және қоршаған ортаның сұлулығын сезініп соған сай әрекет етуі.

3. Тұрмыста «стресс» сөзі кеңінен қолданылады.Стресс ішкі және сыртқы тітіркендіргіштерден қозғаушы реакция болып табылады, ол-әртүрлі экстремальды әсерлерге жауап ретінде пайда болатын эмоциялық күйлердің жиынтығы.

Г.Селье бұл реакциялар жиынтығын жалпы бейімделген синдром дей келе оның үш кезеңнен тұратындығын айтқан.

Бірінші кезең- дабыл реакциясы, ол ішкі тітіркендіргіштерге жауап ретінде пайда болады. Оның нәтежиесінде ағзаның өмірлік маңызды процестерінің тепе-теңдігі жойылады. Бұдан кейін қарсыласу кезеңі өтеді, бұл кезеңде ағзаның стреске қарсы тұру қабілеті сынға түседі. Осы екі кезеңде де ағза жағымсыз факторларды жеңе алмаса , үшінші кезең- жүдеу кезеңі басталады.

Мұнда ағзаның қабілеті төмендейді және жағымсыз әсерлерге қарсы тұруы төмендейді.Соның салдарынан мынадай психофизиологиялық блеглері көрінеді;

-алақанның терлеуі

-жүрек соғысының жиілеуі

- көп мөлшерде тер бөлінуі

-тынысалудың қиындауы

-беттің қызаруы немесе солғын тартуы

-қан қысымының жоғарылауы.

4. Стресс-бұл өмірдің қарапайым және ажырамас ерекшелігі.Г.Сельенің айтуынша адам өмірінде стрестің болмауы өліммен тең.Біздің денеміз стрестің қалай әсер етіп жатқандығын сезбейді.Мұнда адамның жағдайды ақыл-ой және эмоциялық тұрғыдан қалай бағалайтындығы шешуші болып табылады. Бұл жағдайда адам өзінің мінез-құлқын саналы түрде басқарады және өзінің мақсаттарын жүзеге асырады. Осы кездегі қысым адамға жағымды әсер етеді, күшін арттырады. Мұндай жағымды стресс түрін эустресс немесе эвстресс деп атайды.

Жағымсыз стрестік жағдайлар көбіне сіз өзіңізді өзгелерге тәуелді, шетте қалғандай сезінгенде болады.Бұл жағдайда адамның оқиға барысына әсер ету

мүмкіндігі шектеулі болады және өзін жағдайдың құрбаны сезінеді.Нашар стресті дистресс деп атайды. Бұл жағдайда адам қанағатсыздықты, қатердің жақын екендігін сезінеді. Неміс психологтары Ф.Т.Готвальд пен В.Ховальдтің айтуынша, тітіркендіргіштер қаншалықты ұзақ және қарқынды болса дистресстің салдары соғұрлым күшті болады.Стреске қарсы белсенді әрекеттер қатарына өзін-өзі психикалық реттеу, релаксация, аутогенді жаттығулар және аутотренингтер, медтитация жатады.

Өзін-өзі реттеу-адамның өз жағдайын реттеу үшін арнайы ұйымдастырылған психикалық белсенділіктің көмегімен өз-өзіне әсер етуі.

Релаксация-саналы түрде денені жүкелік - бұлшықеттік босаңсыту.

Аутотренинг дегеніміз- дененің әр түрлі бөліктері мен мүшелерінің ауыртпалықтарын жоюға саналы түрде психикалық әсер ету.

Медитация- адам психикасын тұрақты жағдайға әкелуге бағытталған ой әрекетінің көмегемен өз-өзі психикалық реттеу әдісі.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Жетекшінің кәсіби маңызды сапаларын ата?

2. Денсаулық дегенімзге анықтама бер?

3. Психологиялық денсаулыққа анықтама бер?

4. Аутоген жаттығуының негізін салушы?

5. Медитация дегеніміз не?


Дәріс№ 7

Тақырып: Жұмысшы тұлғасы. Оның іс-әрекеті мен жүріс тұрысын басқару психологиясы.

Дәрістің мазмұны:

1.Жұмысшы тұлғасы- басқару обьектісі ретінде.

2. басқару процесіндегі эмоция және ерік сферасы.

3. Еңбек әрекетіндегі темперамент және мінез-құлық.

Мақсаты: Жұмысшы тұлғасының өзіндік рекшеліктерімен таныстыру және студенттерді өзге адамдардың психологияына түсіністікпен қарауға үйрету.


1. Психологияда « тұлға» « индивид», «индивидуальность» ұғымы пайдалынады. Еңбек процесінде жеке тұлға белгілі роль атқарады. И.С. Кононның айтуы бойынша әлеуметтік роль бұл өзінің сыртқы әлеуметтік жағдайын анықтау және оның осы жағдаймен одан шығатын міндеттерге қатысты. Б.Д. Паригин іс-әректіне қосылу жүйесіндегі көрсетілген талаптарға тұлғаның сыртқы психологиялық жағынан сәйкес келуі немесе келмеуі сапасын сипаттайды. Жұмысшылардың тиісті міндеттерді орындау тиімділігі басқару жүйесіндегі өзінің ролін субьеті түсінігімен бағалауы. Бұл жағдайда өндірістік ұжымда өзінің функцияларын міндеттерін қалыптастыратын оның тұлға жауапкершілігін мәні айқын көрсетіледі. Жұмысшылардың дұрыс қызмет етуі олардың ұмтылу деңгейіне байланысты. Ал ұмтылу деңгійінің көлемі оның алатын жалақысына тәуелді.Алғашқыда ұжымдағы бірлескен еңбек әректінің процесінде оның мүшелері өз жұмысын координациялау мақсатында қарым--қатынасқа түседі.Кординация деңгейі ұжым мүшелерінің психологиялық сәйкестік деңгейіне байланысты.

Н.Обозова сәкестікті бағалау критериларын ұсынды;

1) іс-әрекет нәтижесі

2) қатысушылардың эмоциональды-энергетикалық шығыны

3) олардың бұл әрекетке қанағаттануы

Адамдардың бір-бірімен өзара әсерінен олардың арасында контакт туады және олар бір-біріне өздеріне қажетті информацияны алады.Бір ұжымға біріккен адамдар осының арқасында өздерінің мақсаттарына жете алады. Кез-келген ұжымның соның ішінде шағын топ деңгейіндегі топтардың топ мүшелерінің араысында да міндетті түрде өздерінің қарым-қатынас жүйесі болады.

Алғашқы өндірістік ұжымда олардың мүшелерін ұйымдастыру әртүрлі.А.И:Уманскиидің төмендегі «біріккен іс-әрекет моделдерін» қарастыруға болады;

1.Біріккен –индивидуальдық әрекет: ұжымның әр мүшесі басқаларға тәуелсіз жалпы міндеттің бір бөлігін атқарады.

2. Біріккен –бірізділікті әрекет: жалпы міндетті ұжымның әр мүшесі бірінен соң бірі атқарады.

3. Біріккен өзара әсер етуші: жалпы міндетті тікелей бірмезгілде өзара әсердің топтың әр мүшесінің басқалармен әсерлесудің нәтежиесінде жүзеге асырылады.

2. Эмоция сыртқы немесе ішкі ортадағы өзгерістерге ағзаның ерекше реакциясы болып табылады. Осыған байланысты Я.Рейковский үрдістің 3 негізгі компонентін көрсетті;

Бірінші компонент-организмдегі мобилизационды қозғалыстарды анықтайтын эмоциональды қоздырғыш компоненті. Барлық жағдайда да субьект үшін маңызы бар оқиға болған жағдайда бұл вегетативті психикалық үрдістер жылдамдығының жалпы өзгерісіне алып келеді.

Екінші компонент- эмоциональды жайдайдың субьектінің өмірінде алатын орнына байланысты.

Үшінші компонент –субьект үшін маңызы бар оқиғаның ерекшеліктеріне байланысты. Қызмет үрдісінде пайда болған эмоциональды жағдай адамның өмірлік қызметтерін төмендетіп не жоғарылатуы мүмкін.

3. Тұлғаның ерекшелігі еңбек процесінде айқын көрінеді. Э. Шпрангер тұлғаны мынадай типтерге бөлді:теоретикалық, экономикалық, эстетикалық, әлеуметтік, саяси, діни.Еңбек прцесінде жекелік ерекшеліктердің ішінде темперамент ерекше байқалады.Темпеаменттің өздерің білетін төрт типі бар.

Сангвиник әрбір жұмыста сенімді .Ол адам жоғары психологиялық белсенділік көрсетеді, энергиясы мол, іскер, шапшаң, мимикасы бай. Сангвеник типті адам жетекшілікке құштар. Олар маңызды шығармашылық қабілетке бай. Сангвеиктерде өздік бағалауы жоғары.

Холерик жоғары психологиялық белсендік көрсетеді. Өте шапшұаң қимылдайды. Мінез- құлқы аумалы төкпелі. Тез ренжиді және тез басылады.

Қимыл әрекетті қажет ететін жұмыстарды ұнатады.

Флегматик жай, байсалды көп режімейді. Шығармашылықты қажет ететін жұмыстарды жқсы көреді.

Меланхолик жүйке жүйесі әлсіз болғандықтан тез шаршайды. Көп күшті қажет етпейтін жұмыстарды ұнатады. Олар араласуға жоқ тұйық болып келеді.



жүктеу 1,9 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау