А. Х. Тажибаева Қазақстан республикасының ЕҢбек қҰҚЫҒЫ


Ұжымдық еңбек дауларын шешу мәселелері



жүктеу 2,14 Mb.
бет11/12
Дата17.11.2017
өлшемі2,14 Mb.
#641
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

10.3 Ұжымдық еңбек дауларын шешу мәселелері
Ұжымдық еңбек дауы жұмыс берушіге жалпы жиналыстың (конференцияның) шешімімен бекітілген қызметкерлер талаптары туралы жазбаша хабарлама берілген күннен бастап немесе жұмыс беруші, жұмыс берушілердің бірлестігі өз шешімдерін хабарламаған жағдайда, еңбек кодексінің 290-бабында көрсетілген мерзім өткен күннен бастап туындаған болып есептеледі.

Ұжымдық еңбек даулары бітімгерлік рәсімдер тәртібімен және (немесе) сот тәртібімен шешіледі.

Қаржылық дағдарыс кезінде, орта және үлкен бизнес өкілдері, өздерінің өндірілетін тауарларының сұранысы және ұсынылатын қызметтері азайғандығын, қызметкерлердің қысқартылуы, қызметкерлердің еңбек демалысына жіберуі және де айлық жалақыларын ұстап қалатыны белгілі. Бұндай жағдай заңдылықтың және еңбек құқығының бұзылуына, содан қызметкерледің шағымдануына әкеліп соғады.

Ұжымдық еңбек дауларының пəні болып қызметкерлер ұжымы мен жұмыс берушінің арасындағы келіспеушіліктердің негізі ретіндегі еңбек ұжымының құқықтарымен мүдделері табылады. Жалпы алғанда, мынадай келіспеушіліктер орыналуы мүмкін:

а) ұйымда еңбектің əлеуметтік-экономикалық жағдайларын өзгерту немесе жаңа жағдайларды белгілеу;

ə) ұжымдық шартты бекіту жəне орындау.

Байқап отырғанымыздай, ұжымдық еңбек дауының пəніне қызметкерлердің барлық құқықтары мен мүдделері емес, жоғарыда аталғандары да жатады.

Ұжымдық еңбек дауының тараптары болып, бір жағынан, жұмыс беруші (немесе жұмыс берушілердің бірлестігі), екінші жағынан, ұйымның ұжымы (ұйымдар бірлестігі) табылады.

Ұжымдық еңбек дауының тараптары өз өкілеттіктерін өкілдері арқылы жүзеге асырады. Қызметкерлердің өкілдері ретінде кəсіптік одақтардың органдары жəне олардың бірлестіктері, ұйым қызмткерлерінің жиналысында (конференциясында) құрылған қоғамдық органдар, филиалдар, өкілдіктер танылады. Мысалы, қызметкерлердің жалпы жиналысы (конференция) өз мүдделерін білдіру үшін кəсіподақтық комитетке немесе осы жиналыста құрылған жұмыс комитетіне өкілеттіктер беруі мүмкін. Себебі, ұжымдық еңбек даулары тек жекелеген ұйымның деңгейінде ғана емес, бұдан жоғары деңгейде де орын алады. Ал мұндай жағдайда əр түрлі кəсіподақтық ассоциациялар қызметкерлердің өкілдері рөлін атқарады. Жұмыс берушінің өкілдері ретінде ұйым басшылары немесе ұйымның жарғысына сəйкес өзге де уəкілетті тұлғалар, жұмыс берушілердің бірлестіктері немесе жұмыс берушінің өзге де уəкілетті органдары болуы мүмкін.

Ұжымдық еңбек дауларының субъектілері ретінде тек жоғарыда аталған субъектілер ғана бола алады. Басқа субъектілердің арасындағы немесе басқа мəселелерге қатысты қандай да бір даулар ұжымдық еңбек дауларын қарастырудың тəртібіне жатпайды. Мысалы, еңбек ұжымдарының Қазақстан Республикасының Үкіметіне ең төменгі жалақының жеткіліксіз мөлшері туралы талаптары ұжымдық еңбек даулары үшін белгіленген тəртіпте қарастырыла алмайды.

Ұжымдық еңбек дауының туындау сəті болып қызметкерлер ұжымы мен жұмыс берушінің арасындағы келіспеушіліктің туындау уақыты емес, қызметкерлердің талабын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жұмыс берушінің талаптан толығымен немесе жартылай бас тартуы туралы шешімін жариялаған немесе жауап бермеген сəті табылады. Сонымен қатар, ұжымдық еңбек дауының туындау сəті болып ұжымдық келіссөздер жүргізу кезінде келіспеушіліктер хаттамасын толтырған күн де саналады.

Ұжымдық еңбек дауларын шешудің келесі кезеңдерден тұрады:

- бірінші кезең – талаптар қою;

- екінші кезең – дауды тараптардың қарауы;

- үшінші кезең – дауды келісім комиссиясының қарауы;

- төртінші кезең – ұжымдық еңбек дауын делдалдың қатысуымен шешу (əрқашанда бола бермейді);

- бесінші кезең – ұжымдық еңбек дауларын еңбек арбитражында қарау.

Жоғарыда атап өткеніміздей, ұжымдық еңбек даулары жұмыс берушілер бірлестігі мен қызметкерлер ұжымы (қызметкерлер өкілдері) арасында ұйымдарда еңбек жағдайларын және еңбекақы төлеуді белгілеу және өзгерту, ұжымдық шарттар мен келісімдер жасау, оларды орындау, сондай-ақ күшіндегі заңнаманың, ұжымдық шарттар мен келісімдердің ережелерін қолдану мәселелеріне қатысты туындайтын қайшылық.

Ұйымдарда еңбек жағдайлары мен ақы төлеуді белгілеу және өзгерту, ұжымдық шарттар мен басқа да келісімдер жасасу, оларды өзгерту және орындау мәселелеріне қатысты еңбек ұжымының талаптары осы ұжым мүшелерінің жалпы жиналысында немесе делегаттар конференциясында күн мәселесіне қойылып талқыланады, көпшілік дауыспен бекітіледі. Ұжым талаптары жазбаша түрде баяндалып, жұмыс берушіге жіберіледі. Еңбек ұжымының мүдделерін өздері уәкілеттік берген өкілдер немесе орган білдіреді. Егер жоғарыда көрсетілген талаптарды бірнеше еңбек ұжымы алдыға қойса, онда олардың мүдделерін өздері уәкілеттік берген орган білдіреді. Уәкілетті органдар ретінде кәсіптік одақтарының салалық немесе аймақтық органдары алынуы мүмкін.

Жұмыс беруші еңбек ұжымы қойған талаптарды, олар келіп түскеннен кейін үш күннен кешіктірмей қарауға міндетті және бұл көрсетілген мерзімде келісімге қол жетпесе — өз шешімі мен ұсынысын жазбаша түрде еңбек ұжымының назарына жеткізеді және дауды ары қарай қарайтын өз қызметкерінің құрамын көрсетеді. Екі немесе одан көп еңбек ұжымдарының бірлескен не ортақ талаптары жұмыс берушілердің (кәсіпкерлердің) тиісті органдарына жіберіледі, олар оны қарап, келіп түскен күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде өз шешімін еңбек ұжымдарының бірлескен өкілетті органына хабарлауға міндетті.

Еңбек ұжымының талабы татуластыру рәсімі тәртібінде қаралады, яғни ұжымдық еңбек дауы алдымен татуластырушы комиссияда, онда келісімге қол жетпесе — еңбек терелігінде қаралады. Еңбек туралы заңнамаларды және басқа нормативтік құқықтық актілерді қолдану (орындамау немесе бұзу) мәселесі бойынша ұжымдық еңбек даулары тараптардың біреуінің өкімінің арызы арқылы сотта қарауға жатады.

Бақылау сұрақтары:

1 Еңбек дауларының түсiнiгi.

2 Ұжымдық еңбек даулары.

3 Жеке еңбек даулары.



Тақырып 11. Халықаралық еңбек құқығы
Тақырыпты меңгеру бойынша әдістемелік нұсқама
Тақырыпты меңгеру үшін алдымен халықаралық еңебек құқығының пәнін, әдісін, және приниптерін анықтап алу қажет. Халықаралық еңбек құқығының субъектілерін. Халықаралық еңбек құқығының қайнар көздері болып ББҰ, ХЕҰ, Еуропа кеңесінің, Еуропа одағының, ТМД актілері танылады.

Студенттер тақырыпты меңгеру үшін жоғарыда аталған актілерді басшылыққа алулары қажет.


11.1 Халықаралық еңбек құқығының тарихы

Еңбекті халықаралық құқықтық реттеу XX ғасырдың басында қалыптаса бастады. Оған әлемдік экономиканың бөлінуі, әлемдік нарықтағы бәсекелестік, әлемдік аренадағы қоғамдық бірлестіктердің белсенділігі және басқа да факторлар әсер етті. Халықаралық құқық мемлекетаралық және басқа да халықаралық қатынастар саласында маңызды роль атқара бастады.

Бүгінде Қазақстан халықарылық еңбек құқығының белсенді субъектісіне айналды. Халақаралық құқықтың даму заңдылығын, оның жүйесі мен механизімін оқып, меңгеру ерекше маңызда болады.

Еңбек құқығының ғылымында аз зерттелген ғылым болып халықаралық еңбек құқығының қайнар көздері табылады.


11.2 Халықаралық еңбек құқығының қайнар көзі
Халықаралық құқықтың қайнар көзі болып шарт пен дәстүр (обычай) танылады. Шарт халықаралық құқықтың қайнар көзі ретінде олардың субъектілерінің өзара құқықтары мен міндеттерін анықтайтын, халықаралық заңды міндеттемелерін құруда құқықтық нормалары көзделген келісімін.

Халықаралық құқық субъектілері келісінің бірінші сатысы - шарт мәтінін мақұлдау, екінші сатысы – шарт мәтінінде тіркелген ережені тану.

Халықаралық шарт (келісім, пакт, конвенция) халықаралық құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады. Олардың атауына қарамастан барлығының бірдей заңды күші болады. Дәстүр халықаралық және мемлекет ішілік құқықтың құқықтың қайнар көзі болып табылады. Үнемі көп рет қайталанатын әрекеттер біртіндеп құқық субъектісінің міндетті ережесіне айналады.

Халықаралық құқықтың қосымша қайнар көзі болып, оның дамуына әсер ететін БҰҰ халықаралық сотының шешімі мен кеңестік қорытындысы танылады.

Халықаралық еңбек құқығы негізінен іс жүзінде халықаралық шарт нысанында көп жақты және екі жақты болып (келісім, пакт, конвенция) дамуда.

Бақылау сұрақтары:

1 Халықаралық еңбек құқығының ұғымы мен субъектілерін атаңыз.

2 Халықаралық еңбек құқығының қайнар көздері

ТӘЖІРИБЕЛІК ТАПСЫРМАЛАР
Есеп №1
ЖШС «Восток» директоры қызметкерлерін кешкі сағат 21.00 дейін жұмыста ұстайтын. Егер де оның бұйрығын тыңдамағандар болса, жұмыстан шығарамын деп қорқытатын.


  1. Күнделікті жұмыс ұзақтығы неше сағаттан аспауы тиіс

  2. Жауапты Еңбек кодексі бойынша негіздеңіз.



Есеп 2

Кәсіпорын қызметінің тоқтатылуына байланысты инженер Флорова жұмыстан босатылды. Ол жұмыспен қамту орталығына оны жұмыссыз ретінде және жұмыс тауып беру мақсатында тіркеуге тұрды. Оған техник ретінде өзінің мамандығы бойынша жұмыс ұсынылды. Флорова ұсынылған жұмыстан тұрғылықты жерінен өте алыс болуына (бару жолы 2 сағат) байланысты бас тартады және жалақысы бұрынғы жалақысынан төмен.



Фроловаға ұсынылғын жұмысты лайықты жұмыс деп тануға бола ма?

Жұмыссыз ретінде тіркеу үшін қандай құжаттарды ұсынуы тиіс?
Есеп 3
Аудандық жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз Қапарованың жұмыссыз ретіндегі жәрдемақысын 20 % -ға, қоғамдық жұмыстан бас тартқаны үшін төмендеткен.

Жұмыспен қамту орталығының әрекеті заңды ма?

Қандай жағдайда жұмыссыздардың жәрдемақысы төмендетіледі?

Қапарова айдандық жұмыспен қамту орталығының әрекетіне қандай органға жүгінуге болады?
Есеп 4
10 ай бойы жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы алып отырған машинистка Князева дәрігердің анықтамасы негізінде жүктілігі және босануы бойынша демалысқа шығуы керек.

Бұл жағдайда жұмыссызға демалысты беру қалай жүзеге асырылады?
Есеп 5
Жоламанова 2000 жылдан қалалық кітапханаға жұмыс істеген. 2006 жылы басқа жұмысқа ауыстым. 2009 жылы 6 қаңтарда сол жұмысқа қайта орналастым.

Жоламанова кітапханада жылдық еңбек демалысымды қашан шығуына болады?
Есеп 6
ҚР Еңбек кодексінің 131 бабында: 1. Лауазымдарды қоса атқару 2. Қызмет аймағының кеңейуі деп көзделген. Осылардың бір бірінен қандай айырмашылығы бар және қалай түсінуге болады. Үкіметің 29.12.2007 жылғы № 1400 қаулысындағы №10 пункте осылай жазылған екен. Мысалы: мемлекет тарапынан қаржыландыратын Колледж қызметкерлері бас бухгатер және кадр бөлімінің қызметкері қосымша студенттерге сабақ берсе ол қызмет аймағының кеңейуі болады ма жоқ әлде лауазымды қоса атқару ма?

Осыны анықтаңыз.
Есеп 7
Азаматша Қалқаманова М.А. Қостанай қалысының №8 орта мектебінде 1990 жылдан мұғалім болып қызмет істейді. 2010 жылы оның зейнеткерлік жасқа толуына байланысты мектеп директоры онымен еңбек шартын тоқтатуды талап етеді.

Мектеп директорының талабы заңды ма?

Қызметкерге сол қызметте әрі қарай істей беруге бола ма, жоқ әлде

зейнеткер ұстаздардың сол еңбек ұжымында жұмыс істеуін шектейтін

қандай да бір заң нормасы бар ма?
Есеп 8
Экономист Сагидуллинды жұмысқа алу барысында жұмыс беруші одан келесі құжаттарды сұрайды: төлқұжат, тиісті білімін растайтын құжат, үй кітапшасын, бұрыңғы жұмыс орнынан мінездеме, денсаулығы туралы құжат.

Жұмыс берушінің айтылған құжаттарды талап етуі заңды ма және Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне сәйкес, еңбек шартын жасасқан кезде қандай құжаттар талап етілуі тиіс?

Есеп 9
Төлеби атындағы мектеп интернатының тәрбиешісі Омарова, интернатқа келіп түскен балаларға арналған төсек бұйымдары мен басқа да керек-жарақ заттарды қабылдайды. Олардың бір бөлігін үйіне жеке пайдалануына алып кетіп, сол әрекеті үшін жұмыстан шығарылады.

Сот отырысында талапкер Омарова, «ол төсек бұйымдарын ұрлау туралы еш ой болған жоқ, тек оны пайдаланып, белгілі бір уақыттан кейін ол заттарды орнына қоямын деп ойладым» деп жауап береді.



Жұмыс берішінің оны жұмыстан шығаруы заңды ма?

Есептің жауабын Қазақстан Республикасының еңбек кодексінің нормаларына негіздеңіз.
Есеп 10
20 қазанда Сарбаев Қостанайдағы жылу беретін мекемесінде от жағушы болып жұмысқа қабылданды. 15 сәуірде жылу беретін маусымның бітуіне байланысты жұмыстан шығарылды. Сарбаев жұмыстан шағарылғандығына қарсылық білдірмеді, бірақ ол демалыс жәрдемақысы мен пайдаланылмаған жыл сайынғы еңбек демалысына өтемақы талап етті.

Сарбаев маусымдық қызметкер болып табыла ма?

Есеп 11
Қабдрашев пен Төлебаевты «Красный мак» АҚ әкімшілігі экономист және кассир ретінде жұмысқа қабылдау барысында келесі құжаттарды талап етті: жеке басын куәландыратын құжат; еңбек кітапшасын; Жоғары оқу орнын бітіргені туралы дипломын; мендициналық анықтамасын; бұрынғы жұмыс орнынынан мінездеме.

Әкімшіліктің Қабдрашев пен Төлебаевтан талап еткен құжаттары заңды ма?

Жауап беру барысында ҚР Еңбек кодексінің нормаларына сілтеме жасаңыз.
Есеп 12
Арманова А. аудандық 11 жылдық отра мектепте - 1989 жылдан аудандық оқу бөлімінің жіберуімен келіп, ауырғанша үзбей жұмыс істеді. Ауырған себебі - мектеп өте суық, кабинетінде қыста 5 - 8 градусқа дейін барады. Арманова жұмыстан босатыңыз деп өтініш жазбаған, бірнеше ай ауырып ІІ топ мүгедегі тағайындалды. Оны дәлелдейтін МӘС -тің анықтамасы бар. Мектептің бұрынғы директорына мүгедектік анықтамасы берілген.

Осы ауру - аллергиялық бронх демікпесі – кәсіптік ауруға жата ма?

Мектеп директоры (басқа адам) оған қайта жұмысқа қабылдағандай қарап, жұмысқа алғысы келмейді. Осы заңға сәйкес пе?

Мәселені шешіңіз. Қандай органга жүгіну керек?
Есеп 13
Темір өңдеу зауытына жұмысқа тұруға мынадай азаматтар өтініш білдірді: 9 сынып бітірген 14 жасар жасөспірім, официер, бұрын колхозда істеген қызметкер, жоғары оқу орнын бітіріп, инженер-технолог лауазымына жіберілген жас маман. Олардың барлығы, бұған дейін жай жұмысшы болып қызмет атқармаған.

Жоғарыда аталған тұлғалар жұмысқа қабылдану барысында қандай құжаттар әкелуі тиіс.



Оларды жұмысқа қабылдау рәсімі қалай жүзеге асырылады?

Бірінші рет жұмысқа қабылданып отырған қызметкерге еңбек кітапшасы қанша күнде толтырылуы тиіс, және ол қайда сақталуы тиіс. Сонымен қатар, еңбек кітапшасында қандай мәліметтер жазылады?

Есеп 14
Арқалық қалалық Прокуратурасы ұйымдарды кезекті тексеру барысында мынадай фактілерді анықтады:

а) «Калибр» зауытында ерлі-зайыты Мамыровтар жұмыс істейді: ері -цехтың бастығы, зайыбы - медпункттің меңгерушісі;

б) «Қазақстан» концерт залында ерлі-зайыты Сарбаевтар жұмыс істейді: ері - дирежер, зайыбы – бас администратор;

в) дәріханада ерлі-зайыты Адамовтар жұмыс істейді: ері - басқарушы, зайыбы – дайын препараттар бөлімінің фармоцевті;

г) Университтің органикалық химия кафедрасында профессор Литвинов меңгерушілік етеді, осы кафеданың оның апасы Лимонова доцент ретінде қызмет істейді

Аталған жағдайларда, аталған тұлғалар арасында туыстық қатынас негізінде жұмыс істеуге жол беріледі ма?



Есеп 15
Маман болып қызмет істеп жүрген Арыкбаев 2009 жылы 20 маусымда Әскер қатарына шақырылады. Оның орнына Галымов жұмысқа қабылданады. Денсаулығының нашарлауына байланысты Арыкбаев 2009 жылы 10 тамызда қайтып келуіне байланысты, бұрынғы жұмыс орнына қайтып алуын талап етеді. Мекеме әкімшілігі Галымов өзіне жүктелген еңбек міндеттерін жақсы меңгеретіндігін басшылыққа алып, Арыкбаевты жұмысқа қайта алудан бас тартады. Арыкбаев бұрынғы жұмысына қайта алуын талап етіп, прокурорға жүгінеді.

Дауды шешіңіз.
Есеп 16
№ 5 автопаркіне Тимофеев жеңіл автокөліктің жүргізушісі болып жұмысқа қабылданады. Автопарктің бұйрығымен автобус жүргізушісі ретінде қызметке ауыстырылады. Тимофеев автобус жүргізушісі болудан бас тартады.

Тимофеевтің ұсынылған бас тартуы заңды ма?

Тимофеевті басқа жұмысқа ауыстыру заңды ма?
Есеп 17
Қалалық тұрмыстық қызмет көрсету орталығы директорының бұйрығымен 20 қаңтарда №29 шаштаразының ерлер жас үлгісінің мастері Омарова қаланың басқа ауданында орналасқан №15 шаштаразына ауыстырылды. Омарова басқа жұмысқа ауысудан бас тартып, қалалық сотқа бұрынғы жұмыс орнына қайта орналастыруды талап етіп сотқа жүгінеді. Талап арызында ол №15 шаштаразға баруға көп уақыт кететіндігімен түсіндіреді.

Басқа жұмысқа ауыстыру қаншалықты заңды?
Есеп 18
Елесеева қалалық көгалдандыру ұйымында аграном болып қызмет атқарады. Ұйым әкімшілігі өзінің бұйрығымен Елесееваны қалалық көгалдандырылған алаңды жинау жұмысына ауыстырады. Бұрақ, Елесеева ол жұмыстан бас тартқаны үшін, жұмыстан шығарылады.

Әкімшіліктің шешімімен келіспеген ол қалалық сотқа жұмысқа қайта алуын талап етіп жүгінеді?



Басқа жұмысқа ауыстыру заңда ма?

Сот қандай шешім шығаруы тиіс?
Есеп 19
Университеттің оқытушысы Скляров жұмыс орнында бір қызметкермен туындаған даудың салдарынан, жұмыстан босатуын талап етіп жұмыс әкімшілігіне жүгінеді. Сол күні Скляровті жұмыстан өз еркімен босату туралы бұйрық шығарады. Бұйрық шығарылғаннан кейін, 2 күннен кейін Скляров арызын қайтып алуын өтінеді. Бірақ оған университет әкімшілігі қарсы болады.

Кімнің әрекеті заңды?

Дауды шешіңіз.
Есеп 20
Жеке кәсіпорын жұмысқа ӘЖК, СТН-і, шетелдік паспорты бар, Қазақстан азаматтығына өтініш жазып тапсырған, Қазақстанға есептен шығып, көшіп келген азаматты жұмысқа қабылдай ала ма?

Жұмысқа қабылдау ресімі қалай жүзеге асырылады?

Шетел азаматтарын жұмысқа қабылдаудың қандай ерекшеліктері бар?

Есеп 21
Жарнамалық агенттікте жұмыс істеймін Анастасия Сидрованың еңбек шартында жұмысқа кешіккені үшін қаржылай тәртіптік жаза қолдану көзделген.

Осы норма қаншалықты заңды?

Жауабыңызды Қазақстан Республикасның еңбек кодексінің нормаларына сүйене отырып беріңіз.
Есеп 22
Койбагарова Ж. мектете программист болып жұмыс жасайтын. 2008 жылы туберкулездің ашық түрімен ауырып 9 ай ем алдып ауруанада жатады. Койбагарова Ж. жаңа оқу жылының басында қайтадан жұмысқа оралғысы келеді.

Оны жұмысқа алу заңды ма? Мектеп директорына мәселені шешуге көмектесіңіз.
Есеп 23
Анастасия Иванова негізгі жұмыстан басқа қоса атқаратын жұмыс істеуге өтініш береді, бұл жағдайда жұмыс уақытының ұзақтығы қандай болады және демалыс қалай беріледі?
Есеп 24
«Книппер» АҚ программисті Болатов наурыз айында қосымша ақы талап етті. Өзінің арызында ол кетсе бойынша 9 дан 18 ге дейін жұмыс істеу керек, ал шын мәнінде 9 дан 19 ға дейін жұмыс істеген. Жұмыстан шығар алдында барлық коммерциялық және қызметтік құпияны құрайтын құжаттарды сақтауға тапсырған. Сонымен қатар, 2 рет тапсырылған бағдарламаны уақытында тапсыру үшін жұмыс орнында сағат 23.00 ге дейін қалған. Қорыта келе, наурыз айында істеген қосымша қызметі 18 сағатты құраған. Болатовты сонымен қатар, дүйсенбі сайын жұмыс орнына 15 минутқа ерте келуін міндеттеген (жұмыстың басталуына дейін, қызметкерлерге инструкциялық жиналыс өткізу үшін).

Жұмыс әкімшілігі Болатовқа қосымша атқарған қызметі үшін ақы төлеуден бас тартады. Себебін, жалақысының онсызда жоғары көлемде екендігімен түсіндіреді. Дауды шешіңіз.


Есеп 25
Қостанай қаласының «Больщевичка» ұйымының ұжымдық шартының мазмұнында еңбек тәртібін бұзған, яғни жұмысқа кешігіп келген немесе жұмыс орнында 3 сағатқа дейін болмаған қызметкерлерге еш ақы төленбей үстеме жұмыстарға тартылады деп көзделген.

Ұжымдық шарттың талаптары заңды ма?
Есеп 26
Тоқыма фабрикасының қызметкері 2008 жылдың 20 маусымынан 28 күнге кесте бойынша жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демаласына шағады. Маусымның 29-ынан 2 аптаға денсаулығына байланысты қалалық ауруханада жатады.

Жыл сайынғы еңбек демалысын ары қарай жалғастыру қалай жүзеге асырылады? Дауды шешіңіз.




Есеп 27
«Васточное» ЖШС директоры шикізаттың бітуіне байланысты, қызметкерлерін 20 күнге созылатын ақы төленбейтін еңбек демалысына шығарылатындарын жариялады. Қызметкерлерінің көп бөлігі, оларға онсызда 2 айдың жалақысы төленбегенін айтып қарсылық білдірді. Басқа қызметкерлер егер сол уақытқа орташа жалақысы сақталатын болса, демалысқа шығуға келісті.

Директордың әрекеті заңды ма? Қызметкерлер, жұмыс берушіден жалықысы сақталмайтын демалысқа ақы төлеуді талап етуге құқығы бар ма?
Есеп 28
Маратова С-ның. «Жайлау» ЖШС 3 жыл істеген еңбек өтілі бар. Маратова жұмысқа кезекті бала күту демалысынан 2009 жылдың 4 мамырында шыққан, жұмысқа шықанына 6 айдан асты. Енді 9 қарашадан кезекті жыл сайынғы еңбек демалысымды алайын десем 15 күн ғана ала аласың деп 1 айға рұқсат бермеді.

Осы заңды ма? 6 айдан асқан соң жыл сайынғы еңбек демалысымды толық алуға болмай ма? Мәселені шешіңіз.
Есеп 29
«Амир» ЖШС қызметкері Балабаева А. баласының күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалысқа шыққан болатын. Бірақ, Балабаева баласы 1 жасқа толғаннан кейін жұмысқа шығуға ниет білдіріп отыр.

Жұмыс беруші оны баласы 3 жасқа толғанға дейін баласын күтіп бағуға арналған жалақысы сақталмайтын еңбек демалысна өтініш жазуына байланысты оны жұмысқа қабылдаудан бас тартып отыр.



Жұмыс берушінің әрекеті заңды ма? Мәселеі Еңбек кодексінің нормаларымен шешіңіз.
Есеп 30
Кәсіпорын қызметкері Аманбаев жұмыс берушінің келісімімен 1 апта өзінің өтініші негізінде жалақысы сақталмайтын демалыста болды. Демалыс уақыты біткеннен кейін денсаулығының науқастығына байланысты тағы да 1 апта еңбекке уақытша жарамсыздық парағы негізінде ауруханаға болады.

Содан кейін, Аманбаев жұмыс берушінің шақыртуымен еңбекке уақытша жарамсыздық парағының уақыты біткеннен күні (дүйсенбі күні) жұмыс орнына шақыртылады. Жұмысқа келген Аманбаевқа кәсіпорын директоры жұмысты себепсіз қалдырдың деп «қатаң сөгіс» жариялап қойыпты.



Жұмыс берушінің әрекеті заңды ма? Оған сөгіс жариялау үшін жұмыс берушіде қандай негіз болуы қажет?
Есеп 31
Турина А. 10 айдан астам уақыт жеке меншік оқу орнында филология кафедрасында лобарант болып қызмет істеген. Оқу орнының әкімшілігі оған жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына берілетін өтемақыны төлеуден бас тартып отыр. Әкімшіліктің айтуы бойынша: «бізде тек мұғалімдер ғана мұндай өтемақы алады» дейді. Маған мүлде мұндай өтемақы төлеуден бас тартып отыр. Және олар Туринаға өз еркімен жалақысы сақталмайтын еңбек демалысына шығуға өтініш жаз деп талап қойып отыр.

Жалақысы сақталмайтын еңбек демалысының мерзімі қандай?

Жұмыс берушінің талабы заңды ма?

Егер заңсыз болса, осы мәсенені шешу жолдарын қарастырыңыз.
Есеп 32
Арқалық қалысының орта оқу орнында (колледж) жұмыс істейтін кітапханашыға жыл сайын берілетін еңбек демалысы қанша күнге беріледі?

Сұрақты заңнама нормаларына сүйене отырып шешіңіз.

Есеп 33
Келісім комиссиясына мынадай арыз түсті: «Біз жүк тасушылар болып жұмыс істейміз. Жұма күні үзіліс уақытында кәсіпорын территориясында көлік жүргізушісіне спирт ішімдігін бердік, бірақ өзіміз оны ішуге қатысқанымыз жоқ. Көлік жүргізушісі жұмыстан шеттетілді, ал біз болсақ, жұмыс күнінің екішкі бөлігінде қызметке кіріспедік. Мәжбүрлі іркіліс салдарынан бізге жексенбі күні жұмыс істеуге тура келді. Іркіліс уақытына ақы төлеуді; жексенбі күнге демалыс беруді немесе оны жыл сайынғы ақылы демалысқа қосуын сұраймыз»

Дауды шешіңіз.
жүктеу 2,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау