116
Егер сұлба бірнеше парақтарда орындалатын болса, онда сұлба үшін
толығымен алғандағы жалпы техниқалық шарттарды сұлбаның бірінші
парағының негізгі жазуының үстіне немесе бос сызба өрісіне орналастыру
қажет.
Сұлбаның әртүрлі элементтеріне қатысты техникалық шарттарды тиісті
элементтің кескінінің жанына немесе бұл техникалық шарттар сұлбаны оқу
үшін неғұрлым пайдалы болып табылатын сұлба парағының бос сызба
өрісінде орналастырылуы тиіс.
9.3.6 Элементтер тізімі.
Элементтер тізімін жеке құжат түрінде орындайды немесе оны
сұлбаның бірінші парағына орналастырады. Элементтер тізімі электронды
құжат ретінде орындалса, онда ол тек жеке құжат түрінде орындалуы тиіс.
Егер ГОСТ 2.053 сәйкес бұйымның элетрондық құрылымы жобаланса
онда элементтер тізімін ГОСТ 2.701-2011 талаптарына сай жинақталған есеп
түрінде осы электрондық құрылымнан алу ұсынылады. Элементтер тізімі
жоғарыдан төмен қарай толтырылатын кесте (9.4 сурет) түрінде болуы тиіс.
Кестенің графаларына төменде көрсетілген берілгендер енгізіледі:
а) «Поз. белгілеулер» - элементтердің, құрылғылардың және
атқарушылық топтардың позициялық белгілеулері;
б) «Атауы» - элемент немесе құрылғы үшін – құжаты көрсетілген атау
және оған сәйкес қолданылған бұл элемент немесе құрылғы (бұл не негізгі
констукторлық құжат, не ГОСТ, не ҚР стандарты, не фирманың стандарты, не
техникалық шарттар); - атқарушылық топ үшін – топ атауы;
в) «Ескертпе» - мұнда элементтің немесе құрылғының атауларында
көрсетілмеген техникалық берілгендерді ғана көрсету қажет.
Элементтер тізімі сұлбаның бірінші парағында орындалатын жағдайда
оны негізгі жазудың үстіне орналастыру ұсынылады.Мұндай кезде элементтер
тізімі мен негізгі жазу арасында биіктігі 12 мм болатын бос сызба өрісі
қалдырылуы тиіс. Элементтер тізімі жалғасуы мүмкін; кестенің жалғасын
оның басын қайталап негізгі жазудың сол жағына орналастырады. Егер
элементтер тізімі жеке құжат түрінде шығарылса, онда бұл құжаттың
кодының құрамында «П» (перечень) әріпі және осы тізім шығарылатын
сұлбаның коды болулары тиіс, мысалы, жылулық принциптік сұлбаға
элементтер тізімінің коды – ПРЗ. Элементтер тізімінің негізгі жазуындағы 1
графада (2.5 сурет) бұйымның атауы, сондай-ақ құжат атауы «Элементтер
фронталь-
ной изомет-
рии
9.4 сурет
фронталь-
ной изомет-
рии
117
9.5 сурет
фронталь-
ной изомет-
рии
тізімі» жазылады.
Элементтер тізімі жеке құжат түрінде А4 пішімде орындалуы тиіс.
Элементтер тізімінің негізгі жазуын және негізгі жазуға қатысты графаларды
ГОСТ 2.104-2006 (2.5 және 2.6 суреттердегі 2 және 2а формалары) бойынша
орындайды.
Егер сұлбаның сызба өрісі аймақтарға бөлінсе, онда элементтер тізіміне
«Аймақ» қосымша графасы енгізіледі және онда берілген элементтің немесе
құрылғының қай аймақта орналасқандығы көрсетіледі. Атап кетелік, кейбір
жағдайларда сұлбада орналастырылатын элементтер туралы мәліметтер толық
болмауы мүмкін, мысалы, эскиздік жоба кезеңдерінде.
Тізімге элементтерді топ тобымен алфавиттік тәртіпте әріптік
позициялық белгілеулеріне сәйкес жазады.
Бірдей позициялық белгілеулері бар әрбір топтың ішінде элементтерді
нөмірлерінің ұлғаюлары бойынша орналастырады (9.5 сурет).
Егер сұлбада элементтердің сандық белгілеулері көрсетілсе, онда олар
тізімге ұлғаю тәртібі бойынша жазылады. Сұлбаға өзгертулер мен
толықтыруларды енгізу жеңіл болуы үшін элементтердің жекелеген
топтарының арасында толтырылмаған бірнеше жол қалтыруға, ал топ ішінде
элементтер саны көп болған жағдайда – бұл элементтердің өздерінің арасынан
да толтырылмаған жолдар қалтыруға болады.
Элементтер тізімінің бір
жолына
бір-бірінен
айнымайтын параметрлері бар бір типтегі элементтерді, егер олардың сұлбада
тізбектелген реттік нөмірі бар болса жазуға рұқсат етіледі. Мұндай жағдайда
«Поз.белгілеулер» графасына ең кіші және ең үлкен позициялық белгілеулерді
118
жазады, мысалы, L6…..L9, ал «Саны» графасына бұл элементтердің жалпы
саны жазылады.Егер мұндай элементтер екеу ғана болса,онда олардың
белгілеулерін «Поз.белгілеулер» графасына үтір арқылы жазады.
Құрылғының немесе атқарушылық топтың атауларының астынан бір бос
жол,ал үстінен бір немесе одан көп бос жол қалдырып отыру қажет.
Келесіні атап кетейік: егер бұйымда жеке конструкция болып
табылмайтын элементтер бар болса, онда оларды тізімге жазған кезде
«Атауы» графасы толтырылмайды, ал «Ескертпе» графасына түсіндерме
жазбаны немесе сұлбаның сызба өрісіндегі түсіндірме жазбаға сілтемені
орналастырады (9.6 сурет).
9.4 Электрлік принциптік сұлбаларды орындау
Э3 коды бар электрлік принциптік сұлба бұйымның элементтер
құрамын толығымен суреттейді және бұйымның жұмыс істеу принциптері
туралы толық түсінік береді. Мұндай сұлба бұйымға арналған өзгеде
конструкторлық құжаттарды - сызбаларды, орналасу мен жалғау сұлбаларын
жасау кезінде пайдаланылады.
Электрлік принциптік сұлбалар қатаң мемлекет аралық [20,21,24-34]
стандарттарға сәйкес орындалулары тиіс.
Электрлік принциптік сұлбада бұйымдағы электрлік процесстерді және
элементтер мен құрылғылар арасындағы барлық электрлік байланыстарды
іске асыру мен бақылау үшін қажет болатын барлық электрлік элементтер мен
құрылғыларды кескіндейді; бұған қоса сұлбада бұйымның электрлік енулері
және шығуларымен аяқталатын элементтері (жалғағыштар, қысқыштар және
т.с.с.) кескінделулері тиіс.
Сұлбаларда бұйымдарды тоқ көзінен ажыратылған күйінде кескіндейді.
Әртүрлі коммутациялық құрылғылардың (реле, ажыратқыштар, батырмалар
және т.с.с.) контактыларын бұйымның барлық желілерінде тоқ жоқ болған
жағдайына сәйкес көрсетеді. Яғни, тұйықтаушы контактілерді ажыратылған
күйінде, ал тұйықсыздандырушы контактілерді тұйықталған күйлерінде
көрсетіп кескіндейді.
Сұлбада элементтерді КҚБЖ стандарттарына сәйкес тағайындалған
ШГБ түрінде кескіндейді. Электрлік принциптік сұлбаларда элементтер және
9.6 сурет
фронталь-
ной изомет-
рии
Достарыңызбен бөлісу: |