97
кран тығынының жұмыс жағдайы деп атайды. Вентильдерді жабық
жағдайында кескіндейді;
ж) жылжымалар мен вентильдердің клапанды құрылғыларын басқару
үшін штурвалдар (маховиктер), ал тығынды крандар үшін - тұтқалар немесе
кілттер қолданылады. Штурвалдар, тұтқалар немесе кілттер қандайда бір
проекцияда өздерімен бұйымның конструктивтік ерекшеліктерін жабатын
болған жағдайда оларды сызбаның бос өрісіне түсіндірме жазбамен, мысалы
"А көрінісі, позиция №" бірге жеке сызады, ал бұйымның тиісті
проекциясының жанына (мұнда бөлшек шартты түрде кескінделмеген) мына
"№ бөлшек көрсетілмеген " жазбаны орындайды;
и) құрастыру сызбаларында
стандарт бойынша жеке бекіту
бөлшектерін немесе олардың
біріктірмелерін кескіндеу қажет
болмаған жағдайларда оларды
кескінделетін бұйым масштабы
мен сызбаның арналуына қарай
не қарапайымдандырып, немесе
шартты кескіндейді;
к)
егер
құрастыру
сызбасында кескінделген заттың
бірнеше бірдей біріктірулері
болса, онда көріністер мен
тіліктерде бұл біріктірулер әрбір
біріктірудің тек бір жерінде ғана
шартты
немесе
қарапайымдандырылып
орындалады, ал қалғандары -
өстік немесе центрлік сызықтар
түрінде кескінделеді (7.6 сурет);
л) бұрамалардың, шуруптардың және басқа бекіту бұйымдарының
бастарындағы ойма кілтектерді бір жуандатылған сызықпен (2 s): бір көріністе
- бекіту бөлшегінің өсі бойынша, басқасында - сызба рамкасына 45°
бұрышпен (7.5 сурет) кескіндейді.
7.7 және 7.8 суреттерде құрастыру сызбасымен оған арналған
сипаттізімді орындау мысалы көрсетілген.
соединений на чертеже
7.6 сурет - Сызбада бірдей біріктірулерді
кескіндеу
соединений на чертеже
98
7.7 сурет - Құрастыру сызбасының мысалы
99
100
7.8 сурет - 7.7 суреттегі құрастыру сызбасына арналған сипаттізім
101
8 Аксонометриялық проекциялар
Аксонометриялық проекция - кеңістік фигураларын жазықтыққа
кескіндеу әдістерінің бірі. Проекциялардың бұл түрі үлкен көрнекілікке ие
және қайтымды кескін болып табылады. "Аксонометрия " сөзі көне грек
тілінің сөздерінен алынған: "аксон" - өс және "метрио"- өлшеймін, яғни өстер
бойынша өлшеу дегенді білдіреді.
Аксонометриялық проекциялар әдісінің мәні 8.1 суретте көрсетілген:
геоме-триялық фигура кеңістікте өзі жатқызылған тікбұрышты координат
өстерімен бірге аксонометриялық проекция жазықтығы (сондай-ақ сурет
жазықтығы деп те аталатын) ретінде қабылданған, қайсыбір жазықтыққа
параллель проекцияланады. Мұнда нұсқамамен S көрсетілген проекциялау
бағыты кеңістіктік координаттық өстер бағытымен сәйкес келмейді.
Суретте келесі белгілеулер қолданылған:
П' - аксонометриялық проекция жазықтығы;
x, y, z - кеңістіктегі координат өстері;
А - кеңістік нүктесі;
А' - А нүктесінің П' проекция жазықтығындағы проекциясы;
S - проекциялау бағыты;
x', y', z' - координат өстерінің П' жазықтығындағы проекциялары болып
табылатын аксонометриялық өстер.
Жалпы жағдайда кеңістіктегі координат өстерінің кесінділерінің
ұзындықтары олардың проекцияларының ұзындықтарына тең емес. П'
жазықтығына проекциялау кезіндегі координат өстері кесінділерінің
бұрмалануы - бұрмалану көрсеткіштерімен мінезделеді.
О'x', О'y' және О'z' өстері бойынша бұрмалану көрсеткіштерін к, m, n
8.1 сурет
102
арқылы белгілеп, тиісінше мынаны табамыз: k = e
x
'/ e
x
, m = e
y
'/ e
y
, n = e
z
'/ e
z
.
Нүктенің аксонометриялық проекциясы - бұл кеңістікте берілген
нүктеден проекциялау бағытына параллель жүргізілген проекциялаушы
сәуленің аксонометриялық проекция жазықтығымен қиылысу нүктесі.
Берілген проекциялау бағыты кезінде кеңістіктің әрбір А нүктесіне проекция
жазықтығындағы белгілі бір аксонометриялық проекция А' сәйкес келеді.
Бірақ кері тұжырымдауға болмайды. П' жазықтығындағы А' проекциясына А'А
проекциялау сәулесінің кез келген нүктесі сәйкес келеді.
Аксонометриялық проекциялар негізінен екі белгісі бойынша жіктеледі:
а) проекциялау бағыты бойынша:
1) тікбұрыштық, егер проекциялау бағыты аксонометриялық проекция
жазықтығына перпендикуляр болса ( S
⊥ П');
2) қиғашбұрыштық, егер проекциялау бағыты аксонометриялық
проекция жазықтығына перпендикуляр болмаса ( S П');
б) бұрмалану көрсеткіштері бойынша:
1) изометрия-бұрмалану көрсеткіштері барлық үш өстер бойынша өзара
тең, k = m = n;
2) диметрия - бұрмалану көрсеткіштері екі өс бойынша тең, үшіншісі
оларға тең емес, мысалы, k = m ≠ n;
3) триметрия - бұрмалану көрсеткіштері барлық үш өс бойынша өзара
тең емес, k ≠ m, m ≠ n, n ≠ k.
Заттардың аксонометриялық кескіндері үшін ГОСТ 2.317-2011сәйкес
келесі аксонометриялық проекциялардың бес түрі қолданылады:
а) тікбұрыштық проекциялар:
1) изометриялық;
2) диметриялық;
б) қиғашбұрыштық проекциялар;
3) фронталь диметриялық;
4) фронталь изометриялық;
5) горизонталь изометриялық.
8.1 Тікбұрышты проекциялар
8.1.1 Изометриялық проекция.
Изометриялық проекциялардың бұл түрі
кескіндердің
көрнекілігі
мен
тұрғызу
қарапайымдылығының арқасында кең таралған.
Тікбұрыштық изометрияда аксонометриялық
өстер 0Х, 0Y, 0Z бір-біріне 120º бұрышпен
орналасқан (8.2 сурет).
Барлық
өстер
бойынша
бұрмалану
көрсеткіштері бірдей және 0,82 тең. Бұл
көрсеткіш
бойынша
өлшемдерді
есептеу
қолайсыз болғандықтан, оның орнына 1 тең
келтірілген көрсеткіш қабылданады. Мұндай
8.2 сурет
Достарыңызбен бөлісу: |