А. Д. Дінасылов, Э. А. Яхъяев, Е. М. Мажиев



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет30/35
Дата20.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#14609
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35

 
 
 
106 
суретте келтірілген.  
Қиғашбұрышты 
фронталь 
изометриялық 
проекция 
өткізгіш 
құбырлардың  аксонометриялық  сұлбаларын  сантехникалық  сызбаларда 
кескіндеу кезінде, сондай-ақ машина жасау сызбаларында фронталь проекция 
жазықтығына  параллель  орналасқан  көп  мөлшердегі  шеңберлері  бар 
бөлшектерді  (білікше  немесе  төлке  типті  бөлшектер)кескіндеу  кезінде 
қолданылады.  
 
Горизонталь  изометриялық  проекция  (зениттік  перспектива). 
Аксонометриялық  өстердің  орналасу  жағдайы  8.13  суретте  көрсетілген.   
және OY өстерінің арасындағы 90
º
 бұрышты сақтай 
отыра,  OY  өсінің  көлбеулік  бұрышы  45º  және  60
º
 
бұрышпен 
горизонталь 
изометриялық 
проекцияларды 
қолдануға 
рұқсат 
етіледі. 
Горизонталь  изометриялық  проекцияны  ,  OY 
және OZ өстері бойынша бұрмалаусыз орындайды. 
  
Горизонталь 
проекция 
жазықтығына 
параллель  жазықтықтарда  жатқан  шеңберлер 
аксонометриялық  проекция  жазықтығына  шеңбер 
болып проекцияланады, ал фронталь және профиль 
проекция  жазықтықтарына  параллель  жазықтықта 
жатқан шеңберлер эллипстер түрінде проекцияланады (8.14 сурет). Эллипстің 
үлкен өсінің 1 өлшемі 1,37d тең, ал кіші өсінікі - 0,37d тең. Эллипстің үлкен 
өсінің  3  өлшемі  1,22d  тең,  ал  кішісінікі  -  0,71d  тең,  мұнда  d  -  шеңбердің 
диаметрі.  
Горизонталь  изометриялық  проекцияның  мысалы  8.15  суретте 
келтірілген. 
8.13 сурет  
 
8.11сурет - Фронталь изометрияда 
        шеңберлерді  кескіндеу 
    8.12 сурет   
 
 
шшшшеңберлер
ді кескіндеу 
                         
фронтальной 
изометрии 


 
 
 
107 
Горизонталь  изометриялық  аксонометрия  -  инженерлік    құрылыс 
тәжірибесінде  кварталдар  құрылысының  көрнекі  кескінін  тұрғызу  кезінде 
және  тұрғын  аудандармен  архитектуралық  ансамбльдердің  кеңістік 
композицияларына қатысты сұрақтарды шешу кезінде қолайлы.  
8.3 Аксонометриялық проекцияның түрін таңдау  
Ана немесе мына бір бөлшектің аксонометриялық проекциясын тұрғызу 
қажеттілігі  туғанда,  неғұрлым  көрнекі  кескінді  алу  үшін  қандай 
аксонометрияның  түрін  таңдау  қажет  екендігі  туралы  сауалды  шешіп  алған 
дұрыс. Аксонометриялық проекциялардың ана немесе мына түрін таңдап алу 
үшін  қандайда  бір  жалпы  критерилер  жоқ.  Бірақ  ұсыныс  ретінде  келесі 
тұжырымдарды пайдалануға болады: 
а)  егер  бөлшек  шеңберлері  әртүрлі  проекция  жазықтықтарында 
орналасқан  саны  бірнеше  тесіктері  бар  болса,  онда  аксонометрияның  тиімді 
түрі  болып  изометрия  табылады,  өйткені  бұл  шеңберлер  изометрияда 
пішіндері бірдей болатын эллипстер болып кескінделеді;  
б)  егер  бөлшек  шеңберлерінің  көпшілігі  бір  жазықтықта  немесе 
параллель жазықтықтарда орналаскан саны бірнеше тесіктері бар болса, онда 
фронталь  диметриялық  проекцияны  пайдаланған  қолайырақ  ,  өйткені  бұл 
шеңберлер,  оларды    ОX  өсіне  бойлай  орналастыру  кезінде  берілген 
аксонометрияда бұрмаланбай кескінделеді; 
в) пішіні квадрат призма болып табылатын және бұған қоса табанының 
диагональдары проекциялардың ортогональ өстерімен беттесетін бөлшектерді 
диметрияда кескіндеу ұсынылады
г) барлық тең шарттар жағдайында, көзбен сезіну кезінде изометриялық 
проекцияға  қарағанда  диметриялық  проекциялар  неғұрлым  шынайы 
қабылданады. 
8.14 сурет - Горизонталь изометриядағы          
шеңберлердің кескіні 
 
 
         8.15сурет  
шшеңбңрлердің 
кескініндері 
                         
фронтальной 
изометрии 


 
 
 
108 
Осылайша,  аксонометриялық  проекция  түрін  таңдау  кезінде  бөлшектің 
пішінінің  ерекшеліктерін,  ондағы  әртүрлі  тесіктердің  бар  екендігін  ескеру 
және  графикалық  тұрғызулардың  жұмыс көлемін ойша салыстыру қажет. 
        
9. Сұлбалар және оларды орындау ережелері 
 
Сұлбаларды қолдану қажеттілігі – бұйымдардың геометриялық пішінін, 
олардағы жекелеген құрамдас бөліктердің орналасуы мен өзара іс әрекеттерін 
анықтауға,  егер  ондағы  күрделі  бұйымдар  оларда  жүріп  жатқан  процесстер  
туралы  қорытынды  жасауға  және  де  олардың  әрекет  ету  принциптерін 
түсіндіруге сызбаның жалпы түрі мүмкіндік бермейтін жағдайға негізделген. 
Осылай,  бу  генераторының,  компьютердің  және  осы  сияқты  басқа  да 
бұйымдардың  сызбалары  бойынша  олардың  жұмыс  істеу  принциптерін 
толығымен  түсіну  мүмкін  емес.  Сұлбалардың  болуы  (конструкторлық 
құжаттаманың  толық  комплектісінің  құрамдас  бөлігі  ретінде)  тек  жоғарыда 
аталған  кемшілікті  жойып  қана  қоймайды,  сондай-ақ  электротехника, 
радиоэлектроника  мен  байланыс  бұйымдарының  жасалуын,  жұмыс  істеу 
принциптерінің оқылуы мен түсінілуін айтарлықтай жеңілдетеді.  
Сұлбаларды  бұйымның  жұмыс  істеу  принциптерін  көрсету  үшін 
жобаларды  дайындау  кезінде  және  де  бұйымның  өзін  жасау,  жұмыс 
жағдайына  дайындау,  бақылау  және  жөндеу  ушін  қолданылады.  Сұлбалар 
белгілі бір символдар мен шартты белгілеулердің  көмегімен инженерлік ойды 
барынша  қарапайым  етіп  білдіруге  мумкіндік  береді.  Сұлбалар  бұйымның 
өндірісі үшін және оның одан ары қарай пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін 
қажетті мәліметтердің жеткілікті мөлшерінен тұруы тиіс. 
Әр  түрлі  бұйымдардың  сұлбаларын  жасау  мен  олардың  элементтерінің 
кескіндері  мен  белгілеулерінің  тағайындалған  қатарын  КҚБЖ  жетінші 
тобының  стандарттары  тағайындайды.  Төменде  олардың    кейбіреулерінің 
негізгі қағидалары баяндалады. 
9.1 Жалпы қағидалар  
Сұлба  -  бұл  бұйымның  құрамдас  бөліктерін  шартты  кескіндер  немесе 
белгілеулер  түрінде  және  де  олардың  арасындағы  байланыстары  көрсетілген 
конструкторлық құжат (ГОСТ 2.102-2013).  
Сұлбаларды орындау мен оқу кейбір терминдерді білуді талап  етеді: 
Сұлба элементі деп бұйымның құрамында белгілі бір қызмет атқаратын, 
және  жеке  атқарушылық  міндеті  бар  құрамдас  бөліктерге  (конденсатор, 
золотник , мойынтірек және т.с.с.) бөліне алмайтын сұлбаның бөлігін айтады.  
Құрылғы  деп  бір  конструкцияға  (автотрансформатор,  ұлғаю  платасы 
және  т.с.с.)  біріктірілген  элементтер  кешенін  айтады;  құрылғы  бұйымда 
барлық уақытта бірдей нақты атқарушылық міндет атқара бермейді . 
Атқарушылық  топ  деп  бұйымның  құрамында  қандайда  бір  қызмет 
атқаратын  және  бір  конструкцияға  біріктірілмеген  элементтер  кешенін 
айтады. 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау