Дәм ақауы. Жемшӛп дәмі – сүрлем, қышабас, жусан дәмі малдың осы жемшӛппен қоректенгенде пайда болады. Май ароматты заттардың жинақтауышы болып табылады, сондықтан әлсіз жемшӛп дәмі сүттен кілегей алғанда асқынып кетеді. Тұщы дәм сүтқышқылды бактериялардың әлсіз дамуынан болады.
Ащы дәм жемшӛптің немесе тоңазытқышта ұзақ сақтағаннан ақуыздың ыдырауынан болады. Қышқыл дәм – жоғары температурада сақтағаннан болады. Металды дәм – металды флягадарда дұрыс сақталмағандықтан болады. Кӛгерген дәм – қаймақтың кӛгеріп, майдың ыдрауынан пайда болады. Ақаулар санитарлы талаптарға сай жасалмағандықтан болады.
Тұзды дәм тараның дұрыс жуылмағандығынан немесе жоғары температура және жарық әсерінен туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |