А. Б. НҦртаева, А. Ж. Бекқожин


Айран. Қаймағы алынған немесе алынбай пісірілген сүтке азырақ су қосып ұйытылады. Ол жеңіл және сусындық тамақ. Айран кӛже



жүктеу 1,46 Mb.
бет86/162
Дата04.01.2022
өлшемі1,46 Mb.
#31470
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   162
Зертханалық жұмыс

Айран. Қаймағы алынған немесе алынбай пісірілген сүтке азырақ су қосып ұйытылады. Ол жеңіл және сусындық тамақ.

Айран кӛже. Бидай, тары, арпа, күріш жармаларынан жасалған кӛжеге айран қосып ашытылады немесе сүт қосып ұйытылады.

Қойыртпақ. Қатыққа, айранға, қымызға, ішетін іркітке сүт немесе су қосып, торсыққа құйып, қанжығаға байлап жүріп далада ішетін ақ, сұйық айран.

Айран-шалап. Айранға суы су қосып сапырып, шӛлдегенде ішетін сусын. Айран-шалап деп кейде жалпы ақты да атаған.

Боза. Ашыған сүт, айраннан әзірлеген сусын. Боза тары, бидай жармаларынан да ашытылады.

Іркіт. Құрт қайнату, кейде майын алып, іркітін сусынға ішу үшін сабаға, күбіге жинап ашытқан айран-қатық, шикі сүт. Іркіттің басын піскен сүтпен ұйытып алып, сабаға құяды да, үстіне шикі сүт құйып жинай береді. Содан кейін оны пісіріп, майын алып,қалған іркітіне құрт қайнатады, кейде іркітті пісіп,сапырып,сусын орнына да пісіреді. Іркіт ӛте тоқ сусын. Іркіттің қойдың іркіті,сиырдың іркіті, пісірген іркіт,пісірілмеген іркіт, сабаның іркіт, күбінің іркіті дейтін түрлері бар.

Қаймақ. Бұл тағамның бірнеше түрлері бар: піскен қаймақ, шикі қаймақ, кілегей қаймақ, бал қаймақ, тағы басқалары. Олар май айыру, шайға қату, талқан былғау және әр түрлі тамақтарға қосу үшін, кейде қаймақ күйінде пайдалану немесе басқа тамақтарға (нанға, бидайға, тарыға т. б.) жағып жеу үшін әзірленеді. Піскен қаймақ пісірілген сүттің бетінен алынады, ол кӛбінесе сүтпен бірге шайға қатылады, бидай мен

талқанды былғап жейді. Шикі қаймақ шикідей тұндырып қойған сүттің бетінен немесе сепаратор машинасына тартылған сүттен алынады. Одан сары май алынады. Кілегей қаймақтан да сары май алынып, жүдеу адамдарды оңалтуға пайдаланылады немесе басқа тамақтарға қосып дәмі келтіріледі. Бал қосып қоюландырған тәтті бал қаймақ сырқат адамдарға шипаға, қарттарды сыйлауға жұмсалады. Сірне немесе шырынды қаймақ деп беті бір рет алынған сүтті пісіргенде тұратын жұқа, майы аз қаймақты айтады. Қатықтың қаймағы деп ұйыған айран, қатықтың бетіне тұрған қаймақтарды атаған.



Қаспақ. Пісірілген сүттің қазанға жабысқан тұнбасы. Оны балалар сүйсініп жейді.

Уыз. Жаңа тӛлдеген малдың тӛлі емгеннен кейінгі алғашқы сүтінен пісіріледі. Ӛте дәмді ақірімшік болады. Тӛл емгеннен кейінгі сары уыз бүйенге, ішекке кұйылып, етпен бірге пісіріледі. Бұл уыз қазақ халқының мал тӛлдейтін айлардағы ең бір сүйсініп жейтін тамағы.

Сҥт. Басқа нәрсе қоспай, пісіріп ыстықтай және салқындатып ішіледі, шайға, кӛжеге қатады, айран, қатық ұйытады, іркіт жинайды, қаймақ түсіріп, май шайқайды, нан илейді.


жүктеу 1,46 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау