203
ІІІ.4. ДРАМАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУ ЖОЛДАРЫ
1.Драмалық шығармалардың ӛзіндік ерекшелігі.
2.Драмалық шығармаларды оқытуға даярлық.
3.8-сыныпта Д.Исабековтің «Әпке» драмасын оқыту жолдары.
Драмалық шығармалардың өзіндік ерекшелігі. Орта білім бететін
мектептерде эпикалық, лирикалық шығармалармен қатар драмалық шығар-
малар да оқытылады. Драмалық шығармалар басқа жанрдағы шығармалар
сияқты әдебиет заңдылықтарына бағынады. Сондықтан драмалық шығарма-
ларды оқыту принциптері эпикалық, лирикалық шығармаларды оқыту әдіс-
тәсілдерімен сабақтас келеді. Дегенмен драмалық шығармаларды оқытудың
ӛзіндік ерекшеліктері де болады.
Драма — әдебиеттің үлкен бір жанры. Ол ӛзінің қоғамдағы орны мен
жазылу формасы арқылы эпостық және лирикалық шығармалардан
дараланады. Драма бір
жағынан әдебиет туындысы болса, екінші жағынан ол
театр ӛнеріне негіз болады. Мектепте драмалық шығарманы оқытқанда оның
осы екі жақтылығын ескеру керек.
Драма мазмұнына қарай үш түрге бӛлінеді: комедия, драма, трагедия.
Драмалық шығармаларда автор ӛмір болмыстарын кӛркем типтік жағдай-
ларда тартыс үстінде кӛрсетіп, белгілі бір идеяны ұсынады. Драманың басты
нысаны — адам, оның қоғамдағы орны, іс-әрекеті, жеке басының қасиеті,
ізгілікке ұмтылуы, күресі. Театр ӛнерінің дамуына байланысты драмалық
шығармалардың түрлері дами түсуде (оперетта, водовиль, либретто т.б.).
Драма мәтіні тек кейіпкерлердің сӛзінен тұрады. Диолог, монолог
түрінде жазылады. Драма шығармасы сахнаға ойналғанда «пьеса» немесе
«спектакль» деп аталады. Пьеса ӛз ретінде афишадан, акті, сурет, кӛрініс-
терден тұрады, уақытпен шектеледі. Мұнда авторлық баяндаулар, сурет-
теулер болмайды. Кейде автор ӛз тарапынан оқиғаға, не декорацияға, не
кейіпкерлерге қатысты сілтеме түсінік келтіреді. Бұл сілтемелер «ремарка»
делінеді және жақшаға алып жазылады.
Қазақ әдебиетінде драма кейіндеп дамыған саланың бірі. Сондықтан
қазақ әдебиетін оқытуда драманы оқыту әдістемесі дамымай келеді. Бұған
тағы бір себеп мектеп қабырғасында оқытылатын драмалық шығармалардың
аздығы және оны оқытудағы теориялық тіректің жоқтығына да байланысты.
Орта буын сыныптарда драмалық шығармалардан Д.Исабековтің «Әпке»
драмасы оқытылады. Жалпы білім беретін мектептердің орта буынында тек
бір ғана шығарма оқытылып келеді. Оның ӛзі 8-сыныпта.
Шолу жасай келе анықталғаны – 8-сыныптағы драмалық шығарма
алмастырылып отырған. 1997 жылы жасалған 5-9 сыныптарға арналған қазақ
әдебиеті бағдарламасының жобасында, кейінірек 1999 жылы жоба негізінде
жасалған бағдарламасы бойынша Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» драмасы
оқытылып келген. 2010 жылғы бағдарламада бұл шығарма Д.Исабековтың
«Әпке» драмасымен алмастырылған. Екі шығарманың да танымдық-тәрбие-
лік жағынан оқушыға берері кӛп. Дегенмен, бір мәтін кӛлемінде драмалық
шығарма табиғатын еркін таныту мүмкіндігі аз.