171
«Біреуден, біреу артылса», «Білімдіден шыққан сӛз», «Ӛлең – сӛздің патша-
сы», «Біреудің кісісі ӛлсе, қаралы – ол», «Мен жазбаймын ӛлеңді ермек
үшін», «Ӛзгеге кӛңілім тоярсың», «Кӛңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»,
«Құр айқай бақырған», «Құлақтан кіріп, бойды алар» сияқты ӛлеңдерінде
оқу-білім, ӛнер тақырыбын тереңнен қозғады.
Абай кӛптеген шығармаларында ғылымның мәнін ашып кӛрсетеді, яғни
«Ғылымсыз дүние жоқтығын», ғылымның «дүние де ӛзі, мал да ӛзі» екендігін
баса айта отырып, оған жетудің жолдарын да ұсынады. Ғылымға жетудің бір
жолы — талап,
еңбек екендігін
«Еждиһатсыз, михнатсыз,
Табылмас ғылым сарасы» немесе:
«Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге» — деп баса айта отырып, мақсатқа бағыт-
талған еңбектің ғана жеміс беретінін айқындай түседі. Ғылымға жетудегі
мақсат — алған білімді ӛзіңе ғана жарату емес, сол үйренгеніңді басқаға да
үйрету, яғни Абай сӛзімен айтқанда: «Біреу білмей, сен білсең, Білгеніңнің
бәрі — тұл» — немесе — «Ӛзің үшін еңбек қылсаң, ӛзі үшін оттаған хайуан-
ның бірі боласың...», «Әкесінің баласы — адамның дұшпаны, адамның
баласы — бауырың» деп ӛнер, білімді үйренудің қоғамдық мәнін ашып, оны
келешек ұрпақ мүддесі тұрғысынан түсіндіреді. «Ғылымды ақиқат мақсатпен
білмек үшін үренбек керектігін» баса айтады. Абай «Ғылым таппай
мақтанба» ӛлеңінде адамгершілік қасиеттерді:
«Ӛсек, ӛтірік,
мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ —
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой —
Бес асыл іс, кӛнсеңіз» — деп екі жікке бӛле отырып, саралап
кӛрсетеді. Бұлар адамшылықтың екі жағы, адам қасиеттерінің екі қыры
іспетті. «Адамшылықтың алды — махаббат, ғаділет, сезім. Бұл ғаділет,
махаббат, сезім кімде кӛбірек болса, ол кісі — ғалым»— деп, ақын ғылым
жолында да адамшылықтың жетекші екендігін аңғартады.
Адам жаратылысында жақсылықтың да жамандықтың да дәні бар.
Адамның ӛзін сынға алуы, бойын билеуі — жақсылыққа жетудің де кепілі.
Сондықтан да Абай:
«Ақыл, қайрат, жүректі
бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бӛлек» – дейді. Ақын үшін ар, иман, әділет
маңызды. Абай оқу-білім, ӛнер үйрену ӛмір атты құрылыста «кетігін тауып
қаланудың» бірден-бір жолы деп біледі.
Түбінде
баянды еңбек егін салған,
Жасынан
оқу оқып, білім алған.
Би болған, болыс болған ӛнер емес,
Еңбектің бұдан ӛзге бәрі жалған, – деп, жастарға ӛнегелі жол сілтейді.
Абай ӛнер түрлерінің ішінде сӛз ӛнерін ерекше қастерлейді.